126
өткізіліп, тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысын нәтижелі ететін мұғалімдерге
арналған «Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста
қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-әдістемелік
семинар бағдарламасы,
бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің» құпиясы атты
факультативтік курс бағдарламасы, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесінен
тұратын әдістемелік кешен әзірленді.
5. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қалыптастырушы кезеңінде
алынған нәтижелер оқушылардың пәнаралық байланыс тұрғыда оқу
қажеттілігін түсініп, ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруға арналған жаттығулар
мен тапсырмаларына деген қызығушылықтарының артқанын, танымдық және
пәнаралық
тапсырмалардың мәнін, қызметін ұғынғанын, пәнаралық білім,
біліктерінің артқандығын көрсетті.
Зерттеу нәтижесі бойынша мына төмендегідей ұсыныстар жасауға
болады:
- зерттеу жұмысымыздың негізінде дайындалған «Бастауыш мектепте
ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты
ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мазмұны еліміздегі бастауыш сынып
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсына дайындалатын білім беру
бағдарламаларының құрамына енгізілсе;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған авторлық мектептердің жұмыс
бағдарламасы дайындалып, тәжірибеге ендірілсе;
- ЖОО-дағы бастауыш білім беру бағдарламсы бойынша дайындалған
дипломдық жоба өнімдерінде «Пәнаралық байланыста бастауыш сынып
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» мәселесі
қарастырылса.
Зерттеу мәселесі көкейкестілігімен қоса күрделі болғандықтан, оны
толықтай қамтыдық деуге болмайды. Сондықтан диссертацияда келтірілген
нәтижелер мен қорытындылар қарастырылып отырған мәселені шешудің
тек бір
ғана жолы деп есептеп, осы мәселеге қатысты арнайы дағдыларды
қалыптастыру мәселелерін зерттеу болашақтың еншісінде деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: