Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері


Кинестетикалық сезім арқылы қабылдау



бет2/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Кинестетикалық сезім арқылы қабылдау.


Есту қабілеті бұзылған балалардың көпшілігі қимыл-қозғалыс дамуында өздерінің сау құрбыларынан кейіндеп қалады.
А.А. Венгер, Г.Л. Выгодская және Э.И. Леонгардтың зерттеулерінде, бұл категориядағы балалардың 70 %-да нәресте кезіндегі басын ұстау, отыру, тұру сияқты қимыл-қозғалыс дағдылары кеш қалыптасады.
Өздігінен жүру балалардың 50 %-да тежеледі. Тепе-теңдікті сақтай алмайды, қимыл-қозғалыс координациялары жеткіліксіз.
Саусақ икемділігі мен артикуляциялық аппараттың жетілмеуі сияқты құбылыстар кездеседі.Статикалық және динамикалық тепе-теңдікті сақтай алмау, тіптімектеп жасындағы балаларда да жиі кезігеді.
Көзі ашық күйде олар сау балалар сияқты жүре алады. Көзін жұмып жүргенде саңырау балалардың 45 % тепе-теңдікті сақтай алмайды, қозғалыс координациясын жоғалтады.
Бұл құбылыс 12-14 жасқа дейін байқалады да, одан кейін біртіндеп жойылады. Әдетте мұндай балалар қимыл-қозғалыс машықтарын кеш меңгереді. Оған себеп, есту қабілетінің жоқтығы қимыл-қозғалыс сезімталдығының дамуына кері әсерін тигізеді.

Тері арқылы сезіну мүмкіндіктері. Тері арқылы түйсіну заттың теріге жанасуынан пайда болады. Тері арқылы түйсінулердің ішінде вибрациялық сезіну-есту бұзылуының орнын толтыруда өте маңыздысезім. Вибрация ауада, қатты немесе сұйық денеде беріледі. Адамныңөзі вибрация шығаратын затка жанаспаған жағдайда оны коршаған ортадағы басқа заттардың жеткізуі арқылы қабылдай алады,вибрациялық сезімдер адамнан алыс тұрған заттар мен құбылыстартуралы білуге мүмкіндік береді. Есту кемістігінде бұл өте маңызды.Себебі, саңырау адам ең маңызды қабылдаушы аппарат - естуқабілетінен айрылған.


Сипап сезу арқылы қабылдау. Сипап сезудің көмегімен танымдық процесс жүзеге асады, сонымен бірге оған тері және қимылтүйсіктері қатысады. Есту қабілеті бұзылған балалардың сипап сезуқабілеттерінің дамуында да кәдімгі еститін балалардағыдай тенденция байқалады, бірақ сипап сезудің күрделі түрлерінде анагұрлымкейіндеу бар екендігі өзге түседі.Осылайша, саңырау балалардың түйсік пен қабылдаупроцестерінің ерекшеліктеріне анализ жасау мынаған көз жеткізеді,бұл категориядағы балаларда жоғарыда аталған процестердіңдамуында дефицитарлық дизонтогенияға тән даму заңдылықтарыбайқалады. Айталық, қабылдау жүйелерінің біріндегі жетілмеуіқимыл-қозғалыс сезімі мен сипап сезуде) мен басқа түрлерінің (көруарқылы қабылдау вибрациялық түйсік) жоғары деңгейде жетілуіненкөрінетін асинхрония. Яғни, қабылдаудың бір жүйесінің кемістігібасқа сезімдер дамуының бұзылуына әкеп соғады. Бұл дефицитарлықдизонтогенез сипаттарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет