Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет4/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

Ә) зейін ерекшеліктері


Мектеп жасына дейінгі саңырау балаларда олардың сау құрбылары сияқты зейіннің негізгі түрі - ырықсық зейін жақсы дамиды. Зейіннің тұрақтылығы баланың жасына сай өзгереді.Саңырау бала жыл басында 3 минуттан артық бір іспен айналысаалмаса, жыл соңында жұмысқа қабілеттілік уақыты 10-12 минутқакөбейеді. Тапсырманың түрі өзгерсе тұрақты зейін уақыты 30-40минутка дейін ұлғаяды.
Мектеп жасындағы балаларда ырықты зейін түрі біртіндепқалыптаса бастайды. Ол саналы және бақылауға көнетін болабастайды, тұрақтылық, ауысу және таралу сапалары қалыптасады.Саңырау баланың зейінінің ауысуы қиындықпен жүзеге асады. Бұл іс-әрекет өнімділігінің төмендеуіне, қателердің көбеюіне алып келеді. Алзейін тұрақтылығы мен ауыспалылығы қабылданатын материалдыңкөрнекілігіне байланысты болады. Материал қаншалықты айқын,көрнекі болса, бала ақпаратты соншалықты жақсы қабылдайды.Сондықтан бұл балаларды оқытуда көрнекі құралдарды кеңіненқолдану қажет. Мысалы, суреттер немесе айқын нәрселер ырықсыззейінді аударса, кестелер мен сызбалар ырықты зейінді аударады.Ырықты зейіннің қалыптасуы сау құрбыларына қарағанда 3-4 жылкеш, яғни кейін қалыптасады.Есту қабілеті бұзылған балалар үшін көру тітіркендіргіштері саубалалардағыдай емес, маңызды болып есептеледі, демек, түсетінақпаратты қорытуда көру анализаторына негізгі күш түседі. Мысалы,сөйлеу тілін қабылдау сөйлеуші адамның бетіне мұқият қарап, оныңерін қимылын ұғынумен жүзеге асалы Бет мимикасының секундсайын өзгеруі зейіннің шоғырлануын кажет етеді, бұл өз кезегінде тыңдаушыны шаршатады
Ал зейіннің жоғарғы түрлері олардың тіл дамуының кемістіктеріне байланысты кешірек дамиды. Алғашқы кезде ерікті зейін ересек адамдардың ықпалыменқ алыптасады. Ересек адамның сілтеу белгісі мен сөйлеу тілімен берілетін нұсқауы қоршаған ортадағы заттардың ішінен қажеттісіне баланың назарын аударады. Бала біртіндеп өзіндік нұсқаулар негізінде өз әрекетін басқара бастайды.

Б) ес ерекшеліктері

Есту кабілеті бұзылған балалардың есте сақтау немесе жады қабілеттерін зерттеу психологияда өзіндік маңызға ие, себебі ол есту қабілетінің зақымдану дәрежесі (бірінші кемістік) мен сөйлеу тілінің дамуы (екінші кемістік) есте сақтау мүмкіндігіне қалай әсерететіндігін анықтауға жағдай жасайды.


Бейнелі есте сақтау процесі саңырау балалардың қабылдаған объектілерді талдау әрекетімен және оны жаңадан қабылданған ақпаратты бұрынғы қабылданған мағлұматпен сәйкестендіру жолымен жүзеге асады. Саңыраулардың көру арқылы қабылдауының спецификалық ерекшеліктері олардың бейнелі есте сақтауының тиімділігіне әсер етеді. Кейде олар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қажетсіз көмекші белгілер ретінде есте сақтайды.Т.В. Розанованың зерттеулері бойынша көрнекі материалды ырықтыесте сақтау қабілеттері сау балаларға қарағанда анағұрлым қалыңқы.Мектеп жасына дейінгі балалар заттардың орналасу орындарын шатастырады. Мектеп жасындағы балалар сырт бейнесі ұқсас немесе қызметтері ұқсас заттарды, олардың орналасу нүктесін шатастырады.Ал схемалық фигураларды есте сақтауда дифференциацияның жетіспеушілігі байқалады. Мысалы, қандай да бір нақты фигураныбейнелеп салудың орнына бірнеше фигураның белгілерінен топталғанфигураны бейнелеген. Әр фигураға тән белгілерді жинақтап нақты бірфигура шығарады (Т.В. Розанова, 1978). Мұнда олар сөздікнұсқауларды есте сақтау құралы ретінде пайдаланбаған, пайдаланғанкүнде де объектіні нақты сипаттай алмаған, сондықтан заттарды ойшасинтездеу мен салыстыру өте қиын орындалған.Есте сақтаудың ырықты және ырықсыз түрлері есте сақтаудыңтұрақтылығына, саналылығына және ойда ұзақ сақталуына өз әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет