Есту қабілеті зақымдалған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



бет6/8
Дата04.10.2022
өлшемі0.91 Mb.
#461912
1   2   3   4   5   6   7   8
Дүйсенбі Ақмарал

B) ойлау ерекшеліктері Саңырау балалар еститін балаларға қарағанда сөйлеу тілін өтекеш меңгеретіндіктен және оны өзгеше сенсорлық жолмен игеретіндіктен ойлау дамуында басқа танымдық процестермен салыстырғанда анағұрлым көп спецификалық ерекшеліктер байқалады.


Саңырау балада еститін баладағыдай практикалық тапсырмаларды орындаубарысында бір ситуациялық мәселенің шешімін екінші бір ситуациялық мәселеге көшіру қажеттілігі туындайды. Бұл тиісті көрнекі-әрекеттік қорытындыларды қалыптастырады(А.В. Запорожец). Қандай да бір затты бір жағынан ғана қабылдағанбала, егер сыртқы жағдайлар көмекке келмесе сол пікірінен ажырай алмайды.

Көрнекі-бейнелік ойлау.

Мұнда негізгі рольді сөйлеу атқарады.Заттың өзіндік белгілерін меңгерген бала осы бейнелер арқылы ойлауәрекетіне көше алады.саңырау балалар сөйлеу тілін меңгергенге дейінжәне меңгергеннен кейін де ұзақ уақытқа дейін көрнекі-бейнелікойлау сатысында қала береді. Мұнда олардың психикалықдамуындағы диспропорция - ойлаудың көрнекі түрінің мағыналықтүрінен басымдығы байқалады.Жоғары сыныпта оқитын саңырау балалар көрнекі-бейнелік ойлауы күрделі мәселелерді шешуде анық байқалады. Бұл олардың мәселе немесе тапсырма негізінде жаткан накты белгілер мен қатынастарды толық және нақты қабылдай алмауымен түсіндіріледі.

Толыққанды көрнекі-бейнелік ойлау сөздік-логикалық ойлаудыңіргетасы болып қаланады. Жақсы дамыған көрнекі бейнелік ойлаубалаларды логика сатысына бастап әкеледі, жалпыланған, қорытындыланған модельдік мағлұматтардың пайда болуына мүмкіндікжасайды, демек ұғымдар қалыптасады. Көрнекі-бейнелік ойлау саты-сының және сөйлеу тілінің кеш қалыптасуына байланысты саңыраубалалар сөздік-логикалық ойлау сатысына ұзақ уақытқа дейін көтерілеалмайды, бұл процесс тек 17 жас шамасында ғана аяқталады(Т.В. Розанова). Бастауыш сыныптарда «сонша артық», «сонша кем»,«сонша есе» деген ұғымдар, ұғымдармен түрлі операциялар жасау,шамалар арасындағы қатынастарды анықтау мен өзара кері материалдарды меңгеруде бұл балалар үшін қиын меңгерілетін материал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет