Есту анализаторлары



бет3/6
Дата15.04.2023
өлшемі1.64 Mb.
#472291
1   2   3   4   5   6
физиология кулак

Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады.
Балаларда жиі кездесетін сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. түрі –
Есту гигиенасы
Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып түру керек. Әдетте, құлақтың сырткы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып калуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауың-ауың тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.
Дыбыс жайлы таңғаларлық дерек
1. Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120–130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден өліп кетеді.
Қарапайым әңгіме – бұл шамамен 45–55 дБ.
Офистегі дыбыс — 55–65 дБ.
Көшедегі шу — 70–80 дБ.
Басқышы бар мотоцикл — 85 дБ-ден жоғары.
Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.
Ал ракета — 145 дБ-ден жоғары.
2. Дауысымыздың таспада өзгеше болып шығуы, ол біздің «өзге құлақпен» тыңдайтынымыздан. Бұл біртүрлі естілгенімен, бірақ дәл солай. Біз сөйлеген кезде дауысымызды екі жолмен қабылдаймыз – сыртқы (есту каналы, дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақ) және ішкі (дыбыстың төменгі жиілігін күшейтетін бас тіндері арқылы).
Ал сырттан тыңдаған кезде тек сыртқы канал жұмыс істейді.
3. Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен қатар тынысын естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы қалыптыдан аса жоғары екенін білдіреді.
4. Теңіз қабыршағы арқылы біз тыңдап жүрген теңіз шуы, шын мәнінде біздің қан тамырларымыз арқылы ағып жатқан қанның дыбысы. Құлағымызға қарапайым шынаяқты қойып та осындай дыбысты ести алуға болады. Жасап көріңіз!
5. Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен, білетініміздей, керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша? Ол... тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау болатын.
6. Дыбыс жарыққа айнала алады. Бұл құбылыс «сонолюминесценция» деп аталады. Сфералық ультрадыбыстық толқын тудыратын резонаторды суға салу арқылы осындай құбылысты байқауға болады. Толқынның сейілу фазасында өте төмен қысымның әсерінен кавитациялық көпіршік пайда болады, ал кейін қысылу фазасында тез жарылады. Бұл сәтте көпіршіктің дәл ортасында көк жарық пайда болады.
7. «А» — әлемде ең жиі айтылатын дыбыс. Ол планетамыздың барлық тілінде кездеседі. Ал жалпы әлемде шамамен 6,7-7 мың тіл бар. Адамдар көбіне қытай, испан, хинди, ағылшын, орыс, португал және араб тілдерінде сөйлейді.
8. Адам қалыпты үнмен айтылып жатқан ауызша әңгімені 5-6 метр қашықтықтан ести алатын болса, қалыпты саналады. Немесе жоғары үнмен айтылып жатқан әңгімені 20 метр қашықтықтан есту де қалыпты. Егер 2-3 метр қашықтықта айтылып жатқан әңгімені нашар еститін болсаңыз, онда сурдолгқа қаралған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет