Есту анализаторлары


Есту анализаторының физиологиясы (есту ағзасы)



бет4/6
Дата15.04.2023
өлшемі1.64 Mb.
#472291
1   2   3   4   5   6
физиология кулак

Есту анализаторының физиологиясы (есту ағзасы) Есту анализаторының (талдауышының) бірден-бір (адекватты; сәйкес) тітіркендіргіштері дыбыс (серпінді толқын) болып саналады. Дыбыстарды қабылдау ішкі құлақтың ұлу рецепторлы бөлігі - шиыршықты (кортиев) ағзада басталады, содан кейін импульстар нерв өткізгіштері арқылы самай қыртысының ми бөлігіне жеткізіледі (орталық есту аймағы). Сөйтіп, есту талдауышы бір тұтас жүйе, басталуын сыртқы құлақтан алады және бас мидың қыртысында бітеді. Есту ағзасының негізгі қасиеттеріне оның дыбыстың биіктігін, қаттылығын және тембірін (бояуын) айыра білу қабілеттілігі жатады. Есту талдауышы анатомиялық тұрғыдан қарағанда үш бөліктен тұрады. 1. Шеткері бөлік немесе рецепторлар 2. Нерв өткізгіштік бөлігі 3. Орталық бөлік - бас ми қатпарлары Есту талдауышының шеткері бөлігі екі негізгі қызмет атқарады: 1. Дыбыс өткізгіш, яғни дыбыс энергиясын рецепторлық аппаратқа жеткізу, бұл көбінесе механикалық (физикалық) қызмет. 2. Дыбыс қабылдағыш – шеткері рецепторда - шиыршықты (кортиева) ағзада дыбыс тербелістерінің физикалық энергиясын нерв қозуына (электрлік потенциалға) айналдыру (трансформациялық), содан кейін ми қыртысына жіберу қызметі. Бұл қызметтеріне сәйкес дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш аппараттарына бөледі.

Дыбыс өткізгіш (дыбысты өткізу).

Дыбыс өткізгіш (дыбысты өткізу).

Дыбыстарды өткізу механизмі. Дыбыс толқыны ортаның қос тербелісі болады, бұнда қысымның жоғарлау фазасына және қысымның бесеңдеу фазасына бөлінеді. Дыбыс тербелісі сыртқы есту жолына кіріп, дабыл жарғағына жетеді, және оның тербелісін шақырады. Қысымның жоғарлауы (қоюлану) фазасында дабыл жарғағы балғашаның сабымен бірге ішке қарай қозғалады. Бұл кезде балғашаның басымен байланысқан төсшенің денесі көтеріп тұратын байламдардың арқасында сыртқа, ал төсшенің ұзын өскіні ішке жылжиды, сөйтіп үзеңгішені ішке жылжытады. Үзеңгіше кіреберіс терезесіне қысыла енгізіліп, кіреберістің перилимфасын соққы түрдегі жылжуына әкеледі. Толқындардың одан ары таралуы кіреберіс баспалдағы бойымен тербеліс қозғалысын Рейсснера пердесіне жеткізеді, ал ол өз кезегінде эндолимфаны және негізгі перде арқылы - дабыл баспалдағының перилимфасын қозғалысқа әкеледі. Перилимфаның осындай қозғалысы нәтижесінде негізгі және рейсснерлік мембрананың қозғалысы пайда болады. Үзіңгішенің кіреберіс жаққа әрбір қозғалысы ақыр аяғында перилимфа ұлу терезесі пердесінің дабыл қуысы жағына жылжуына алып келеді. Қысымның бәсеңдеу фазасында (ауаны сұйылту) жеткізуші жүйенің бастапқы қалпына қайта кайтуы болады. Ішкі құлаққа дыбыстарды ауа жолымен жеткізу - негізгі жол болып табылады. Шиыршықты ағзаға дыбыстарды жеткізудің басқа жолы сүйектік (тіндік) өткізу. Егер құлақтарын тығындап жабқанда да, қатты дыбыстарды қабылдауы сақталынады. Бұл жағдайда механизм әрекетке кіріседі, бұл кезде дыбыстың ауадағы тербелісі бассүйектің сүйегіне барады, онда таралып ұлуға дейін жетеді. Сүйек тіндері арқылы өткізу компресиялық және инерциялық механизм түрлеріне бөлінеді. Демек, дыбысты сүйек арқылы өткізуде негізгі және Рейсснер перделерінің тербелісі болады және шиыршықты ағзаны әдеттегі жолмен қоздырады. Бассүйектің сүйектер тербелісін оған дыбыс шығаратын камертонды немесе телефонды тигізіп шақыруға болады. Сондықтан, дыбыстың ауа арқылы өткізілуінің бұзылуы кезінде сүйек арқылы өткізу жолы үлкен маңызға ие болады. Есту ағзасының жекелеген элементтерінің қызметі әр түрлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет