Есту анализаторлары


Есту теориялары. Есту теориялары



бет5/6
Дата15.04.2023
өлшемі1.64 Mb.
#472291
1   2   3   4   5   6
физиология кулак

Есту теориялары.

Есту теориялары.

Сол гипотезалардың біреуі Гельмгольцтың (1863ж.) есту (-дің) резонанстық теориясы. Бұл келісілген теория бойынша, ұлуда әртүрлі жиіліктегі дыбыстар тербелістеріне қатысты механикалық резонанс құбылысы байқалады. Шекті музыкалық аспаптармен ұқсастығына қарай жоғарғы (басым) жиіліктегі дыбыстар ұлудың негізіндегі негізгі перденің қысқа талшықты участкесін тербеліс қозғалысына, ал төменгі (бәсең) жиіліктегі дыбыстар - ұлудың ұшындағы негізгі перденің ұзын талшықты учаскесін тербеліс қозғалысына әкеледі. Гельмгольцтың зерттеу теориясы бойынша үш қорытынды шығаруға болады:

1. Ұлуда дыбыстарға біріншілік талдау жүргізіледі.

2. Әрбір жәй дыбыстың негізгі пердеде өзіне тиісті белгілі участкесі бар.

3. Төменгі (бәсең) дыбыстар ұлудың ұшында орналасқан негізгі перде участкелерін тербеліс қозғалысына, ал жоғарғы (басым) дыбыстар - оның негізінде орналасқан негізгі перде участкелерін тербеліс қозғалысына алып келеді.

Сөйтіп, кортиев ағза сыртқы дыбыс энергиясының тек белгілі бір түріне ғана жауап беретін детектор және дыбыс энергиясын нервтік қозу процесіне өзгертетін трансформатор ретінде жұмыс істейді. Есту анализаторының шеткі бөлігі -сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау және бұл тітіркендіргіштерді арнаулы нерв қозуына өткізу қызметін атқарады.

Өткізгіш бөлік - бұл пайда болған нерв қоздырғыштарын (дыбыс импульстарын) одан әрі нерв өткізгіштері арқылы өзінен жоғары орналасқан мидың орталық бөлігіне жеткізу қызметін орындайды.

Орталық бөлім - келген нерв тітіркендіргіштеріне талдау және оны сұрыптау (ұғыну) қызметін атқарады.

Есту талдауышының өткізгіш жолдары

Есту талдауышы - сыртқы қашықтық (дистантық) талдауыштар топтарына қарайды. Есту талдауышы 4-нейроннан тұрады.

І-нейрон екі бөліктен тұрады. Біріншісі - рецепторлық бөлік кортиев ағзасы немесе шиыршықты ағза (1). Екінші бөлік - есту нервісі немесе Кохлеарлық нерв (2), бұл есту нервісі шиыршықты түйін немесе ұлу түйіні арқылы өтіп - сопақша мидың 2 ядросына барады: (4)-дорсальды және (5)-вентральды. Сөйтіп сопақша мидың 2 ядросында есту нервісінің І-нейроны аяқталады және ІІ-нейрон басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет