Қолшатырды тек үйде кептіру керек. Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек
4. Қолшатырды тек үйде кептіру керек. Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек.
5. Сөмкенің орны.
5. Сөмкенің орны.
Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.
6. Ер адам әйел сөмкесін ұстап жүрмеуі керек. Еріне сөмкелерін ұстатып қоятын әйелдерді жиі кездестіреміз. Егер сөмкеңіз сіз үшін ауыр болса, үйден шығармаңыз. Ер адам тек пакет, дорба көтеріп жүреді. Ал әйел сөмкесін өз иесі тағып жүргені жөн. Сонымен қатар әйелдердің пальто, күртесі де өз қолында жүруі керек. Ал ер адам оны тек гардеробқа апару үшін қолға алады.
7. Үй киімі ыңғайлы әрі өңді болуы керек. «Үйде жүрмін» деп жыртылған, тозған киімді киюге болмайды. Бұл этикаға жат, әрі өзіңіздің рухани тазалығыңызды кірлетеді. Өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам жыртық, жамау (әрине трендтегі киім бір бөлек) киіммен жүрмейді. Сонымен қатар пижаманы да киіп жүру этикаға қарсы әрекет саналады. Пижаманы тек түнгі уақытта киіп жату керек.
8. Баланың бөлмесіне кірмес бұрын, есікті қағу. Егер сіз балаға «кішкентай» деп қарап, есікті қақпай кіріп, заттарын сұраусыз алатын болсаңыз, ол да сізге сондай қарым-қатынас танытады. Баланы жастайынан әдептілікке, сыйластыққа үйретіңіз. Ал ол үшін ең алдымен өзіңіз үлгі болатыныңызды ұмытпағайсыз.
Іскерлік этикет – мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді.
Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.
Accountability
• Телефон шырылдағанда үшінші-төртінші қоңырауға дейін көтеру керек;
• Визуалды байланыс жоқ болғандықтан, екпін, сөйлеу жылдамдығы сияқты факторлар маңызды рөл ойнайды;
• Үй телефонына қоңырау шалғанда кешірім сұрауды ұмытпаңыз;
• Телефонмен қысқа әрі нақты айту керек;
• Үй телефонына хабарласу: таңғы сағ. 9,00-ден кешкі 22,00 аралығында ғана;
• Бейтаныс адамға телефон соққанда нөмірін кімнен алғанын айтуды ұмытпаңыз;
• Аз танитын тұлғамен 3-5 минут көлемінде ғана сөйлескен жөн;
• Телефон шалған бойда амандасқаннан кейін өзіңіздің кім екеніңізді атаңыз;
• Талқыланатын мәселелер тізімін дайындау артық етпейді;
• Телефон соғушыға керек адам болмай қалса, хабарласқан адамға “Бұл кім” деп сұрамай, “Кім телефон соқты деп айтайын” дегеніңіз дұрыс;
• “Білмеймін” деудің орнына “анықтайын” дегеніңіз жөн;
• Асықпай, нақты, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз;
• Кедергі жасамағаныңызды анықтап алыңыз;
• Телефон арқылы бос әңгімеге жол бермеңіз. Ішкі дүниеңізді ақтарғыңыз келсе, көзбе-көз кездескен артық;
• Біреу қателесіп сізді терген жағдайда, бас салып айғайламай, “кешіріңіз, сіз нөмірмен қателестіңіз” – деп сыпайы жауап беруге де болады;
• Танысыңызға қонаққа келетініңізді алдын ала ескертуде телефонды пайдаланыңыз.
• Үй телефонына хабарласып: «Үйдесің бе?» деп сұрамаңыздар