Мұқаш, Балташ, Ақбала бейнелері.
Ақбілекті орыстарға көрсетуші – Мұқаш. Ол да өзін былай та-
ныстырады: «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар
қабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз
59
бесте. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа
жарыған емес» [11, 153 б.].
Өмірі жарып көрмеген Мұқаш кейін әр түрлі кәсіп істеп, орыс-
тармен араласып, тіл үйренеді. Кеңес өкіметі орнағанда мылтық асы-
нып, яшейкенің жұмысын істейді. Өзіне пайда түсіріп, кегі бар кісі-
лерден өшін алады. Болыс болмақ боп жүргенде Мамырбайдың
Төлегені үстінен арыз түсіріп, сайлатпай қояды. Қашып жүрген ақ-
тармен араласып, оларға Ақбілекті көрсетіп кегін алады. Жолда келе
жатып: «Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам өз қаныма неден
мұнша өшіктім? Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді? Тегі, мен
өлерімді білмейтін, ақымақ шығармын. Әйтпесе, елді осынша шап-
қыншылыққа ұшыратып, осынша қан қақсатып, зарлатып, қарғыс
алып, жексұрын болғанда, қайда сиям, қалай тіршілік етем деп ой-
ладым екен», – деп ойлайды» [11, 161 б.]. Істегенін таразыға салып
сараптайды. Біресе мен болмасам да, басқа біреу істер еді, байларды
аямау керек деп құбылады.
Осы ойлармен үйіне келгенде ұлына жақындағысы келмейді.
«Күнәға батпаған періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам
ернін тигізуге батылы бармады. Молдадан да, ұйықтап жатқан нәрес-
теден, нәресте емес өзінен ұялғаны күштірек тәрізденді» [11, 163 б.].
Жамандық істесе де, жүрек түкпірінен ұят, өзінен жирену сезімдері
қылт етіп бой көрсетіп қалады. Достоевскийдің «Ағайынды
Карамазовтар» романында да кісі өлтірген бір кейіпкер балаларынан
қысылып, былай дейді: «Оларды сүюге, оқытуға, тәрбиелеуге қалай
ғана дәтім шыдайды, оларға ізгілік жайында қалай айтпақпын: мен
кісі өлтірдім ғой» [13, 382 б.].
Адамның ішкі психологиясын суреттеу жағынан Жүсіпбек пен
Достоевский арасынан ұқсастық көруге болады. Достоевский өзінің
шығармашылық мақсаты туралы былай деген болатын: «При полном
реализме найти в человеке человека» [14, 400 б.]. Адамның ішіндегі
адамды тауып, тану үшін жазушыда ерекше қабілет болуы керек. Он-
дай қабілет Жүсіпбекте ерекше дамыған.
«Жалшыдан көтерілмек болған Мұқаш біресе қызыл, біресе ақ
жағында жүріп, Ақбілек трагедиясына жол ашып берді. Жеке басы-
ның араздығы үшін елінің намысын таптады. Ақбілек үшін өкінуі көп
талықысынан сескену ғана. Мұқаш қызмет таңдайды, әліне қарамай
болыстыққа жүгіреді. Төңкеріс Мұқаш тәрізді түйсіксіз шолақ бел-
сенділердің мансабына бола жасалып па еді? Мұқаш солай ұғынады.
60
Талай кедей байлықтың көзі айла, аярлық тіпті ақыл-сана биіктігімен
сабақтас екенін біле қойды ма екен?» [12, 41 б.].
Сондай аласапыран кезде талай Мұқаш секілділердің мансапқа
ұмтылып, ебін тауып біреуге жағынып беделді орынға ие болмаққа
жанталасқандарын жазушы әдейі көрсетіп отыр. Мұқаш секілді қай
бейне болмасын, бәрі де заман сырын аңғартатын типтік тұлғалар.
Сол Мұқаш ақтарды қызылдарға ұстап беріп, жақсы атты боп,
болыстыққа сайланғысы келгенмен жаман істері ашылып, елге жек-
сұрын болып, өкіметтен жақсы ат ала алмай, пұшайман болып еліне
қайтады.
Балташ бейнесі көбіне Ақбаламен салыстырыла беріледі.
Ақбаланың қасында ол онша көзге ілінбейді. Бірақ Бекболаттан жоға-
ры. Романда Балташ былай суреттеледі: «… енді бірі келбетті де,
киімі де қоңырлау, жүріс-тұрысы да солапаттау Балташ деген жігіт
еді;» [11, 217 б.]. Оның түсінігі таптық тұрғыда. Әбен деген бай
туралы: «Бай неліктен бай болады дейсің? Елді жеумен, нашардың
қанын сорумен, солардың еңбегімен бай болады. Матайдың Әбені,
меніңше, елді құртқан, барып тұрған сыболыш кісі, ең зиянды эле-
мент. Меніңше, оның көзін жою керек», – дейді [11, 221 б.] Өзін ке-
дейшіл етіп көрсетеді. Айтысу жағына келгенде Ақбаладан білімі
кем. Балташ, Ақбала, Төлегендер саяси-әлеуметтік жағынан, жаңа
өкімет талаптарына көзқарастары жағынан көбірек бейнеленеді.
Қазақ оқығандары арасында үш ағым болады. Үшінші ағымның айта-
тыны: бізде тап жоқ, тап тартысы деген орысқа еліктегендік. Біздің
кейіпкерлер бұл ағымда жоқ. Мұнда Жорғабек пен Тыпаң бар. Тыпаң
сол үшін Әбен байдың елге жасаған жақсылықтарын айтып, жақтаған
болатын. Балташ қолдайтын бірінші ағым: «қазаққа төңкеріс жасау
керек: байдың жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына
шейін кедейлерге тартып әперу керек; пышақ үстінен бөліп беру
керек, бай, кедей деген айырманы жойып, қолма-қол теңгеру керек»
[11
, 228 б.].
Кеңес өкіметі орнаған соң осы ағым іске асырылды. Көпшілік
Балташ секілді кедейшіл боп, осы ағымды жақтады. Жазушы романда
қазақ ұлтының тағдыры осылайшы көкпарға тартылған серкедей бол-
ғанын алдымызға жайып салады.
Ақбілектің айтуынша: «Балташ көп сөйлемейді. Ақбаладан гөрі
қоңырлау, бұйығылау, білімі де Ақбаладан төменірек пе деп ойла-
дым» [11, 296 б.]. «Балташ менің ойлағанымдай емес, недәуір білетін,
артық желігі жоқ, сыпайы, есті жігіт көрінді» [11, 298 б.].
61
Ақбаламен салыстырғанда Балташтың Ақбілекке деген махаб-
баты күшті боп шығады. Қыздың басынан өткерген оқиғасын естіген-
де Ақбала тайқып шыға келсе, Балташ Ақбілекті сүйетінін айтып:
–
Сенің өткен күндегің маған керек емес, адамшылығың керек.
Өткенге сен жазалы емессің. Сен тисең, мен сені аламын, – деді [11,
313 б.].
Балташ бастапқыдай емес, бірте-бірте өсе береді. «Өйткені ол
Ақмола, Семей, Орал, Бөкей губернелерінің бәрінде қызмет етіп, жал-
пы қазақ жайымен, әр алуан жағдайымен, оқығандарымен әбден та-
нысып, ақыл ауданы, дүние тануы кеңейген еді. Ол өзінше әркімге
сын беруге жарайтын, біреудің атағына, беделіне, сөзіне сатылмай-
тын, өзінше жол тұтынған жігіт еді» [11, 314 б.].
Ақбілектің жары осындай болуға тиіс қой.
Ақбала да оқыған, үлкен қызметкер, сөйлесе жұртты аузына
қаратады. Оның саяси көзқарасы екінші ағым бойынша: ондай төңке-
рістен мін шықпайды, онымен кедей теңелмейді дейді. Осы күнде
байдың малын тала десе, бұзақылар талап кететін, кедейлер байдың
малын пайдаға асыра алмай, жау малындай ішіп-жеп қоюы; сөйтіп
жалпы мемлекеттің байлығы кемуі, байды кедей қыламыз деп жүріп,
кедейді бай қылып алу қаупі, кедей оңай олжаға қызығып еңбекке
үйренбей кетуі, кедей ақыл-ой, сана-саңылау жағынан теңелмей
тұрып, жалаң малмен теңеле алмайтыны [11, 228 б.].
Қайсы ағым болсын сол кезде қазаққа зияннан басқа пайдасы
болмады. Конфискация, ашаршылық, колхоздастыру, т.б. саяси нау-
қандар қазақ жерінің ойран-ботқасын шығарды.
Ақбаланың сипатталуы: «Бұ келген төрт жігіттің бірі: қошқар
туған қозыдай келбетті, бітімді Ақбала еді» [11, 216 б.].
Ақбілекке де Ақбаланың білімі, сөйлегені, жүріс-тұрысы ұнаған
болатын. Ақбаладай жары бар кісінің арманы бар ма деп жүретін.
Ақбілектің бағалауынша: «Балалар шешен, білгіш деп мақтайтын.
Орта бойлы, маңдайлы, аққұба жігіт еді. Көзқарасы, сөйлесі сабырлы
жігітке ұқсайды» [11, 296 б.].
Ақбаланы Ақбілектен бас тартқаны үшін жазғыруға да бол-
майды. Себебі уақыт ыңғайына қарай қазақ психологиясы әлі өзгер-
ген жоқ. Абыройы жоқ қызға үйлену ол кезде үйреніспеген нәрсе,
сұмдық боп есептелінді. Ақбала үшін махаббаттан ар-намыс жоғары
тұрады. Махаббат үшін құрбандыққа бармайды. «Қыз тарихын білген
Ақбаланың кешірім сұрап, бастапқы райынан қайтуы – алдамшылық
62
емес, адамшылық. Оның тарапынан кінәлау, қорлау да, табалау да
жоқ» [12, 48 б.].
Бұл пікірдің дұрыс жағы да бар, бірақ жар таптым деп, жүрегі
алып-ұшып жүрген Ақбілек үшін оның бас тартуы – ауыр соққы.
Достарыңызбен бөлісу: |