68
жаңа өмірді жасауға ұмтылған жаңа қаһармандар. Қартқожа – жасы-
нан қағажу көріп өскен, теңсіздіктегі
ортадан шыққан қарапайым
қазақ ұлы» деп жазады академик С.С. Қирабаев.
«Мен мұндай шешен, сөзге бай, ұшқұр жазушыны ешқашан көр-
ген емеспін... Өз басым қазақта мұндай білімді. Жан-жақты дарынды
жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек тамаша жазушы,
тұңғыш роман жазған драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші,
музыкант, ғалым, сынның негізін салған дарын» деп бағалайды Б.
Майлин.
Жүсіпбек Аймауытов
- шығармашылық
еркіндікті жақтаған
қаламгер еді. Сонымен қатар жазушының өмір сүрген дәуірі- тар жол,
тайғақ кешкен қатерлі кезең, алмағайып, аласапыран уақыт еді.
Сол себепті Ж. Аймауытов та саяси қуғын құрбаны болды, онда-
ған жылдардан кейін, қайта құру
идеясы нәтижесінде ақталған
болатын.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романының көркемдік
ерекшеліктері туралы талдамас бұрын, роман жанры туралы әдебиет
зерттеуші ғалым, Алаштың ардақтысы, ұлт көсемі А.Байтұрсыновтың
сөзіне жүгінелік. «Ұлы әңгіме, яки роман деп, тұрмыс сарынын түп-
теп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығарма-
ларды айтамыз. Ұлы әңгіме
жазушы көркем сөздің әуезі, толғау,
айтыс – барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік
керек -деп айқындайды ғалым.
Достарыңызбен бөлісу: