Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


«Қартқожа» романының тіл ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

«Қартқожа» романының тіл ерекшелігі. 
Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының жүгін өз дәрежесінде кө-
терген «Қартқожа» романы – тіл байлығы мол, көркем туынды. Шы-
ғарманың стильдік құрылымы, көркем сөз кесте-өрнектері ұлттық тіл 
байлығын барынша шеберлікпен пайдаланған. «Қартқожа» романы-
ның өзіндік ерекшеліктері мол. Бұған дейін жарық көрген М. 
Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын», Тайыр Жомартбаевтың «Қыз 
көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» 
сияқты шығармалардан Жүсіпбек Аймауытов романы мүлде өзгеше 
дүние. 
Өзгешелігі тек оқиға сюжетте емес, осы тіл байлығы мен баян-
дау стильінде, кейіпкерлерінің сөйлеу мәнерінде. 
Жазушы характерді ашу мақсатында көбінесе сөз бояуын кейіп-
кердің өз аузымен, өз сөзімен келтіреді. 
Жүсіпбек Аймауытов алғашқылардың бірі болып ұлттық сана-
ның оянуын осы романға арқау еткен. 
Өмір шындығын барынша көркемдеп жеткізуде жазушы да 
кейіпкерге өзіне лайық «сөз береді». Бозбала жігіттің сөзі баяндау-
шының, ересек адамның сөзінен айрықша. «Солдат алатын болыпты» 
деген суық хабарды естіген жігіттердің сөздері өздеріне лайық, жа-
нып тұр. «Жар қабақтау келген жаурынды қара сұр жігіт, көзі қасқыр-
дың көзіндей қып-қызыл, омырауын ашып, келдектей сары қамшы-
сын білеп:

Егер бермеді бар ғой, қамшының астына алыңдар! – деді… 
Жігіттер болыстан кінегені тартып алуға бел байласты, шу етіп 
ашулы,. Ал ел ағасы Нұрмағамбет би:

Он сегіз мың әлемді билеуші бір құдай. Дүниеде құдай күшті. 
Құдайдан соң патшаның әмірі күшті… Арыстан айға шабамын деп, 
аяғын сындырыпты»… Бұл бір көпке келген селебе. Азамат басына 
түскен ауыртпалық. Бәрің де тістің суындай, көздің қарашығындай, 


93
жаңа пісіп келе жатқан көк өрім азаматсыңдар, баламызсыңдар, іні-
мізсіңдер. Сендер кетсеңдер қабырғамыз қайысады, бүйіріміз бүгі-
леді… Саулық қойдың жасындай жасымыз бар, мына отырған бурыл 
сақалдар неге тұлға боламыз?» - деп келе жатқанда, манағы сары ала 
қамшылы қара сұр жігіт ұшып түре келді: 

Майда тілдің бізге бір тиынға керегі жоқ! Кінеге қайда? 
Спесік қайда? Қолымызға берсін! – деді.» 
Міне, желдей гулеген жігіттердің «аузына құм құйылған ақса-
қалдардың» сөздері оқиғаның драмалық тартысын ширата түседі. 
Қарап отырсақ, Нұрмағамбет бидің сөзі де орынды, нанымды, иман-
дылық сөзі, әрі көркем, мақалдап, небір теңеу, шендестірулермен 
бұлқынған боздақтарға басу айтады. Бірақ жүген-құрық тимеген асау 
мінез қырдың баласы «майда сөзге» құлақ аспайды, дүниені төңкеріп 
тастауға әзір, от-жалын боп шарпиды. 

Сабыр етіңдер! Болысқа айтайық,! Айтқандарыңды істейік, - 
деп, топты тоқтатып болыстың үйіне кетті. Жігіттер желдей гулейді, 
судай толқиды, ду-ду етеді.» Жазушының стильдік ерекшелігі: халық-
тың мінез-құлқы, тілі мен ділі, ұлттық рухани дүниесін көркем бей-
нелейді. Сөз саптау, сөйлем құрұлысында иірімдері дәлдігімен, өткір-
лігімен жинақылығымен ерекшеленеді. Қазақ тілінде жиі кездесетін 
«отыр, тұр, жүр, жатыр» деген көмекші етістіктер жағаласып көп 
қолданылмайды. Жүсіпбек Аймауытовтың эстетикалық талғамы, тілі-
нің байлығы қайнаған халықтың өз аузынан алынғандай, ара-тұра 
юмор, жеңіл сатираға да орын беріп қояды. Мысалы, Әлімбайдың 
«тырапай асқан кемпірі», «Оңбағанның саяғы түзде жүріп тебіседі» 
деген жолдар ауыл қазағының мінез-құлқын бейнелейді. 
Романда халықтың өмір салты да нанымды бейнеленген. Әрі 
әнші, әрі балуан Дәрменнің өнеріне ел қызығады, батылдығы, ер 
мінез өрлігі қазаққа тән қызулығы қайды жатыр! Сол сияқты сапарға 
аттанған жігіттерге бата беру, аруақтарға дұға арнау, тасаттық беру 
сияқты жоғарғылардың суреттері бар. Жазушы «Жауынды күні ит 
пен бала құтырады», «Ел құлағы елу», «»Көппен көрген ұлы той» деп 
тағы сол сияқты мақал-мәтелдерге де орын береді. Табиғат көрінісін 
сипаттаудың бұрынғы әдістері авторды қанағаттандырмайды. Сон-
дықтан жаңаша бір бояулар енгізеді, өрнектер-өреді. «Шағала көлдің 
беті айнадай. Сұлу құшқан жігіттей ай сәулесін құшақтап, көл жы-
мың-жымың етеді. Көлді біреу көшіріп кететіндей, әлсін-әлсін қиқыл-
дап, әлек болып қызғыш жүр. Кабинетінде отырып әмір еткен коми-


94
сарша маңғазданып, оқта-текте аққу сұңқ-сұңқ етеді. Кәдеге таласқан 
қатындарша ию-қию болып, бажылдасып қаздар жартыр.» 
Нәзік иронияға келгенде жазушының «ептілігі» байқалмай қой-
майды. «Бұрынғы Қартқожа емес. Сымдай орысша киім, аяқта қу 
табан, Әбілдә тілмәш тәрізденіп шашын қайырып қойыпты. Орысша 
тілді де біліпті. Көшеде өтіп бара жатқан орыстарға қалпағын алып 
«іздрәсти» деп амандасып жүр, танымал кісідей олар да Қартқожаға 
басын шұлғып барады.» Сол сияқты, «Қара тақтайсыз мұғалім – 
тебенсіз кемпір... Үшкөлдің қара тақтайы болушы еді… Соны мен 
қай үйден көрдім? – деп ойшылар ойға жүгіртті. 

Кәзибенің апасы үлкен қазанына қақпақ қылдырып алған… – 
деді бір бала. 
-
Бәсе, сол үйде көрдім! Кәзибенің апасының үлкен қазанның 
қақпағын қазынаға алуға тура келді», - деген жолдарын нағыз қазаққа 
тән қалжың деп түсіну керек. 
Қорыта келгенде Жүсіпбек Аймауытов роман арқылы халықтың 
жаны таза, арманшыл, «еңбекті сүйген, елі үшін күйген, ізгі тілек, ер 
жүрек» өкілдерінің бірі Қартқожа бейнесін жан-жақты, толымды етіп 
сомдаған. Сол Қартқожа арқылы әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы, 
надандыққа, жікшіл-рушылдыққа, қорлық пен зорлыққа қарсы тұра 
білген, қанша момын, төзімді болса да күні туғанда дүр сілкініп, сой-
қан мінез де көрсете білетін еркіндікті сүйген, сұлулықты бағалай-
тын, батыл, батыр, (Дәрмен сияқты) ақын жанды, тәңірі сиы деп біле-
тін әншілікті, серілікті серік еткен қазақтың бейнесін ашып көрсет-
кен. Роман авторы ән өнерін ерекше бағалап, тәңірінің сиы деп түсі-
неді. «Ол қазақтың еркін күнін, ескі дәстүрін жоқтады, бұрынғы өт-
кен ерлерді, батырларды, билерді жоқтады. Ол күндегі байлықты, 
берекені, бірлікті, ерлікті, серілікті өлеңге қосты.» (68) Жазушы ха-
лық тағдырына алаңдайдайды. Бір жағынан қазақтан шыққан жақ-
сылар елдің қамын ойламай, шенге, шекпенге мастанып, елді қанап, 
пара жиып, жауыздыққа салынғанына кектенеді». Әңгімешінің сөзі 
арқалы автор көкейіндегі небір мұң-шерімен бөліседі. Жүсіпбек 
Аймауытов ойлары бүгін де көкейтесті мәселе емес пе?!
Халықтың болашағы, елдің ертеңін ойлайтын кімдер? «Жұрт 
жер шұқып қалыпты... Аузын ашып, қалшиып, көзінен аққан жасы 
бетін жуып отыр.» Бұл – рухани тазарудың белгісі.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы – қазақ әдебие-
тіндегі роман жанрына қосылған үлкен үлес,өз заманының жүгін абы-


95
роймен көтере білген, уақыттың сынынан сүрінбей өтіп, халқымен 
қайта қауышқан асыл қазына. 
Ойымды түйіндей келсем, Ж. Аймауытов ХХ ғасырдағы қазақ 
әдебиетіндегі ерекше құбылыс – психологиялық роман жанрының 
негізін қалаған шебер суреткер. 
«Қартқожа» романы дәуірдің аумалы-төкпелі тарихының көркем 
көрінісі, әдемі жанры, тылсым сыры секілді. Басты кейіпкер 
Қартқожаның өмір жолы қарапайым қазақ баласының басынан кеш-
кен хал-ахуал, жаңа заман адамының қалыптасу жолы. Жазушы өз 
кейіпкерін үлгі ете отырып, оны қоршаған ортаның да сыр-сипатын 
барынша нанымды түрде танытады. Әр заманның өз геройы бар. Ха-
лықтың қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтындар кімдер? «Ел үшін 
күйген, еңбекті сүйген» Қартқожа, Дәрмен сияқты жаны таза, арман-
шыл, иманды, батыр, батыл жастар қалай қалыптасады? 
Азаттықты асыл деп бағалайтын, әншілікті тәңір сиы деп, сері-
лікті серік еткен сахараның еркін ұлдары қандай еді? Көшпелі өмір 
өркениетінде алаңсыз күн кешкен қазақтың жаны - ән, өнер. Сол ру-
хани өзектің жарқын сәулесі де осы «Қартқожа» романында жар-
қырап тұрғандай. 
«Екі» дәуір тоғысында есейіп, толысып, өз өміріне өзі басшы 
болып қалыптасқан жаңа заман адамы ретінде Қартқожа – үлгі-өнеге 
боларлық бейне. 
20-
30 жылдардағы қазақ интеллигенциясының өз халқына көр-
сеткен өлшеусіз еңбегі бар. Ж. Аймауытовтың басты табысы – қазақ 
жұртының тарихи кезеңдегі рухани тыныс-тіршілігін қаз-қалпында 
ешбір боямасыз мәндерінде көркем етіп суреттеуінде. «Әдебиетті 
өмір танытатын қуатты құрал» деп бағалаған А. Байтұрсынов сөзі 
осыған айқын дәлел болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет