90
Жұманнан
бастасақ, «Жұман – аз, нашар атаның тұқымы, мо-
мын адам, бес уақыт намазын оқып, шүкіршілік етер, иманды адам...
Нұрмағамбет би – сезімтал, сабырлы, қара басын алыстан ойлайтын,
қу...»
Міне, осындай әркімге де өзіне лайық түр, сипат берілген.
«Қартқожа» романындағы психологизм.
Әдебиетте сыртқы форма, ішкі мазмұн секілді түсініктер бар.
Жүсіпбек Аймауытов романы - психологиялық роман. Романның
стильдік өзгешелігі адамның жан дүниесі, ішкі дүние құрылымы те-
реңнен қамтылғандығында. Драмалық шиеленіс ширыққан шығар-
мада кейіпкердің сезім толқындары қозғалыста, үнемі
өзгерісте,
дамуда, жетілуде беріледі.
Уфадан келе жатқан шәкіртке Шідербай оны-мұны ұсақ сұрақ-
тарды жаудырта кісімсіп отыр еді, Қартқожа: «Құдайдың құдіреті-ау»
Оған қалың берген , бермегені Шідербайға неге керек? Әншейін сөз
таба алмағандық-ау!» деп ойлап отыр. Себебі оған оқу, мектеп жайлы
сөздер жағымды еді, оның жетіле бастаған ой-санасы үнемі іс-әрекет
үстінде көрініс табады.
Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген
соң –ақ бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап:
«Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді... «таңдайды
бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап
жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма,
болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі кел-
мейді, үйді айнала барып жылайды...
Бұл – мінездің қалыптасу кезеңі, ерте есею, жанындағы жақын-
дарының осалдығын түсіну, сыйлау еді, яғни басқа адамның жан
дүниесін білуге сергек қарайтын, нәзік жанның ерекшелігі. Ол кездегі
прозада бұндай кейіпкер бола бермейтін.
Жазушы, яғни, баяндаушы романда өмірге өзінше бір жеке оқи-
ғаның куәгері ретінде Қартқожаның сөзімен, Қартқожаның көзімен
қарайды. «Ауыл маңы отта жүрген ерттеулі аттар. О жер,
бұ жерде
үйме-жүйме топтанысқан, бүкшеңдеп дәрет алысқан кісі... Дәуде
болса, Әлімбайдың кемпірі тырапай асқан болар. Айтамын ғой, әне-
ки, кемпірді арулап, сүйекті қатындар алып бара жатыр. Мінеки,
бақайына сүйінген шынжау ала жабағыны ала жіппен жетелеп, тоқты,
торпақ арық саулықтарын сүйретіп, міне, біреулер де киіз үйге таман
келе жатыр». (38) «Олардың артынан солбырайып,... бала мода жүрді.
91
Аяғын баспай, неден құты кетіп барады? Кемпірдің өлгені осыған
бата ма?... Ол не ойлап келеді? (38) Міне, сезімтал, мұсылманша білім
алған Қартқожа «підияға» қатысқысы келмейді. «Ол қазыр сексенге
келген кемпірдің күнәсін мойнына көтермек...
кемпір болғанда қай
бір жөні түзу, сүйкімді кемпір? Ауылды безер қылған бір қақпас.
Япыр-ау, шынымен осы мыстанның күнәсін арқалағаны ма?» Осын-
дай стильдік суреттер, кейіпкердің ішкі жан дауысын, оның өз-өзімен
іштей құрған диалогы да бар: «Підиясы» құрысын! – отырмай қойсам
қайтер еді? Онда бірақ үй-іші ұрсады-ау. әттең кедейлік-ай! Осы
күнгі оқырманға ой салар небір салттардан көріністер берілген.
«Кемпірдің серейген сүйектері білеуленіп, сорайған түрінен
шошып бала молда кіруін кірсе де, босағада қалшиып тұрып қалды...
Ала сақалдың нұсқаған орнына, кемпірден аулағырақ, қоқиып отыр-
ды. Көзі бажырайып кемпірге қарап шығып барады. Қартқожаның
балаң көңілі орнығып, енді өзінің молдалық міндетін мойындап,
өзіне-өзі сеніп, тек өзі ғана осы сәтте жауапты екенін сенеді.»
Жазушы оқырманын естен бір сәтте шығармайды,
оны баға-
лайды, оған сенеді. Кейде сол Қартқожа бастан кешкен дүние – әңгі-
мешінің де өз басынан өткені, өзінің күйінгені, сүйінгені Қартқожа
арқылы берілетін сияқты. Кейіпкер арқылы жаңа дәуірге белсене
араласа бастаған қазақ интеллегенциясының қалыптасуын, даму, же-
тілу жолдарын баяндайды. Оқырман да «ардақты оқушылар» ретінде
шындықтың көркем суреттерінің белсенді қатысуышысына айналып
отырады.
Жүсіпбек Аймауытов Жүніс мұғалім мен Шәмкештің түнгі
кездесуіне «көмек көрсетіп» екі жас үшін жанын «шүберекке» түй-
гендей болып «А-құдайлап!» Қартқожа отырғанын әрі сүйсіне, әрі
қалжыңдай суреттейді.
Қартқожаның жан дүние серпілісі де,
өмір құбылысын қабыл-
дауы да -өзінше бір дүние.
«Түнгі дауыс жаңғырып, қандай анық естіледі! Қартқожа құла-
ғын түрді. Анда-санда бір жерін естіп қалады «Патша жарлығы»,
«Ой, алла-ай!», «Бұ не деген сұмдық?» деген дауыстар естіледі.
«Айқай молайды» (43). Жазушы өзі баяндап қана қоймады, жанды
оқиға кейіпкерлерінің дауысымен сөйлейді. Майданға жігіттер алына
бастаған кезде: «Қартқажа ойланды, өңкей қылқан кескендей қыршын
жасты әкеткенде, бала-шаға, шал-кемпір неге тұлға болады?... 19-бен
31… Менің жасым кінегеде әлде нешеде жүр… 18… 19-ға таяу тұр-ау
өзі… Тұңғышбай екен ғой, ол 25-те. Ойпырым-ау, ол кетсе, не бол-
92
дық? Жоқ бірге туған бауыры, қуаты… ағасы өлмеу керек… Құда-
ай! Сақтай гөр! Жаман сұмдықты ойламайыншы…» (46) Біздің алды-
мызда жай ғана баяндау ғана емес, ізденгіш, ойшыл жанның жүрек
сөзі.
Жазушының шыншылдығы да сыршылдығы да осылай өрбиді.
Кейіпкердің іс-әрекеті мен ішкі жан тербелісі, ой - пікірлері қабысып
қатар өріледі.
Кейіпкер жақсылыққа шақырып, үміт отын сөндір-
мейді.
Достарыңызбен бөлісу: