Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


Жазушының пейзаж жасау шеберлігі



Pdf көрінісі
бет26/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

Жазушының пейзаж жасау шеберлігі. 
Романның көркемдік ерекшелігінің бір қыры – жазушының 
пейзаж суреттері. Қартқожаның әкесі Жұманның аяқ астынан қайтыс 
болуының алдындағы қыстың басталуы-ақ бір сұмдыққа бастағандай 
сыңай танытады. Табиғат... 
«Жаз өтті. Жауындатып, қара желдетіп, шөпті қуратып, жапы-
рақты сарғайтып, елді әбігер қылып, ала сапырандатып күз өтті. Үсті-
басы қырауытып, қылышын сүйретіп шықыр-шықыр етіп қыс келді. 
Биылғы қыс қатал болды. Боқырау болды, боқ қатты. Қарашаның қа-
рын қаңтарға қосты. Ұдайымен алай-түлей ақтүтек боран соқты. 


87
Боран ашылса, шартылдаған саршұнақ аяз қысты. Жер сіреу қар. Жер 
көк сең,... малдың аяғын қызыл жосын қылып қиып тастады. Күн 
құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей 
ақ дидарын көрсетпеді.» Жыл мезгілдерінің суреті бір ырғақпен, бір 
әуезбен, теңеу, эпитет, ассонанс, аллитерациялық өрнектермен жып-
жинақы, әрі шымыр жасалған сурет жазушының шын дарын иесі 
екендігін тағы бір көрсетеді. Көтеріліс алдындағы түнді жазушы: 
«Ай, қараңғы. Бұлт. Желтең қолды күпінің ішіне алын, бұйығып, кү-
зетшілер тәтті ұйықтайтын жақсы түн. Қартқожа да ескі күпісін айқа-
ра жамылып, басын тұйықтап қорылдап жатыр еді.» - деп сипат-
тайды. Шырт ұйқыда жатқан жұрттың ойламаған жерден көтеріліске 
кісісуі де адам өмірінің табиғатпен етене үндестігін бейнелейді. 
Табиғат адам баласының өмір сүру ортасы десек, жазушының пейзаж 
жасау ерекшелігі халықтық сипатында жатыр. Қазақ халқы – таби-
ғатқа өте жақын, оны тез түсінетін, табиғатпен тығыз байланыста 
өмір кешкен халық. Жазушы да сол табиғатты халық тілімен сипат-
тап, халықтың ойымен талдап, табиғат құбылыстарына халықтың 
көзімен қарайды. 
Жүсіпбек Аймауытов жан-жақты зерделі адам ретінде, романда 
қазақ халқының жұлдызшылық, есепшілік қасиеттерін де ретімен 
бейнелеген. Жазушы жұттың боларын алдын-ала болжайтын, халық-
тың көнекөз білгірлерінің, түс жорығыш сәуегейлерінің сөзімен на-
нымды етіп баяндайды. «Қас қараяр-қараймаста, күнбатыста шатына-
ған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз 
шығады, күннен-күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып
Темірқазықтан таймай ызғырады да тұрады. 
Енді жұт болмаған несі қалды?
Биыл жұт болады деп, күні бұрын есепшілер де айтқан: шөптің 
шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бидай бас, көде, боз 
қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін тап-
тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеуінің ортасы шұқырайып 
кетіпті. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. 
Жылқы ақырайып, тыраңдап жатпайды. «Малдың ындыны құрып ба-
рады, атау кересін» жеуге ассыққан немеше. Адал құс «ерте» қайт-
ты... Биылғы жыл «Қоян» екенін де білді.» 
Ала жаздай алаңсыз болып, қысқа дайындық жасамаған ел 
жұтқа ұшырайды. Табиғаттың осы тосын мінезі Қартқожаның да ба-
сына қара күн тудырып, әкесіз қалдыратындығын күні бұрын сездір-
ген хабаршыдай болды. Оқиға желісі нанымды, ешбір боямасыз 


88
суреттерге, кейіпкердің басынан кешкен оқиғалардың шынайылы-
ғына шүбә келтірмейсің. Халықтың зердесі, бақылампаздығы, алғыр-
лығы, дүние танымы оқырманға да ой салады. 
Қазақ әдебиетінде пейзаждың классикалық үлгісін жасаған ұлы 
Абайдың әсері, өзіміз талдап отырған романда да «кездесіп», ел 
өмірінің суреттерін көз алдыңа әкеледі. ... «Шілде. Шағала көлдің ин 
тірескен ауыл, бықырлаған мал, жердің жүзін, көктің түрін сары, 
қызыл алтынға бояп, жаздың нұрлы қызыл күні белеңнен асыа, шеті 
қылтиып барады. Шаңдатып, топырлатып, жылқы шауып суға түсті. 
Жамыраған қой, азынаған сиыр, өкірген бұқа, айқайлаған бала, ауқау-
лаған қатындардың дауысы қосылып, көлдің басы ың-жың, у-шу, 
ауыл –ауылдың түтіні ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман 
басып тұр. 
Жадыраған жаз елді де жаңғыртты. Ел мужыраған. Елде ес 
жоқ.» Ауыл өмірі, ауыл суреті үнемі қозғалыста, тіршілік қозғалы-
сында. 
Көшпелі тұрмыстың, еркіндіктің қазақ жұртының өтіп кеткен 
өркениетінің үздік бір суретін жазушы осылай сипаттайды. 
«Батыстан шыққан шекпендей қара бұтл желді ішіне тартып, 
уілдей бастайды. 
Торғай ұясына, тышқан ініне тығылып, жан-жануар бас сауғалау 
қамында... Жаулығы басына тірелген қатындардың айғайын дауыл 
жұлып әкетеді... Қозылар айрылып, бұзаулар бұға бастады. Иттер 
арба астында, ашамайдың панасына кірді... Жауын сабап тұр. 
Қартқожаның үйі жайрап жатыр... Төгілген айран, жарылған қарынды 
иттер жеп жатыр...» Осы үзіндіде жасаққа қосылған жігіттердің де 
басына қара күн туып, майданға қара жұмысқа алынатынын, қазақ-
тың басына да қара бұлт үйіріліп келе жатқанын табиғаттың дүлей 
құбылысымен қатар алады. 
«Қартқожа» романындағы сәтті жасалған деталь – жазушының 
портрет жасау шеберлігі. 
«... Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс, 
бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің бұлшығы да тазармайды. Сол 
баланың қақ-соқпен шаруасы жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, 
аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді 
бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне 
сай бола кетер ме? Қартқожа...» 


89
Сол бала Қартқожа айналасын да бағдарлай біледі, көкейге әр 
нәрсені тоқи да біледі. Жазушының сипаттап отырған кейіпкері 
Әбілда перуатшік Қартқожаның көзімен баяндалады. 
«Үсті басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған. Аяғында 
әмірқан етік. Нашалніктің алдында аузы-аузына жұқпай судыратқан-
да, кісілер таң қалмаушы ма еді?! Әбілда перуатшіктің стражникті 
жеңіп кеткеніне Қартқожа қатты сүйсінген. Қазақта да мұндай жетік, 
орысшаға судай жетік кісі болады екен ау! – деп таңданған... Оның 
таза көрпе, жастықтың үстінде шынтақтап жатқаны, шылымын 
бұрқыратып, шай ішкені де бір керемет болып көрінген. Оның аты 
жоқ қолындағы алтын жүзігі де, ақ желеткесінің омырауындағы саға-
тының күміс бауы да, омырау қалтасынан қылтиып көрініп тұрған 
қара тарағы да бір түрлі жат болып көрініп, есінде қалған» -деп, ар-
маншыл Қартқожаны Әбілда перуатшікке қаратып, қызықтыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет