96
және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыз-
дарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.
[1]
Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы.
Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрыл-
ған.
Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл
молдасынан оқып сауат ашқан. 1911-1915 жылдар
аралығында
Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша
қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.1916-
1919
жылдары
мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастай-
ды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына
жазып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы»
болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған.
Алғаш мақалаларымен
қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған,
редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.1920-1922 жылдары
газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін
жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин
секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші
қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-
1923)
, Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).
1925-
1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ»
газетінде қызмет іс-
теп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП)
ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылда-
рында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газе-
тінде
бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі»,
«Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.
[2]
1938
жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын сая-
си репрессияның құрбаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: