Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН (СӘДУАҚАС)



Pdf көрінісі
бет32/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

СЕЙФУЛЛИН СӘКЕН (СӘДУАҚАС)
(1894-1938) 
 
Сейфуллин Сәкен қазақтың атақты ақыны, жалынды жазу-
шысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, 
Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ 
КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. 
Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік 
қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бас-
тауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. 
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш 
өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының 
«Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда 
мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас 
қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты 
пьесасының беташар қойылымын көрсеткен. Ақтар көтеріліс жасап, 
Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен Сейфуллин атаман 
Анненковтың «азап вагонынан», 1919 жылғы сәуірдің 3-де адмирал 
Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. 1920 жылғы ма-
мырдың 7-де Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының 
орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған. Осы 
жылғы қазанның 4-де Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жа-
риялаған Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезі делегаты болып қатыс-
қан, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сай-
ланған. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне бас-
шылық жасаған. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту 
комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР Халық Комиссарлары Кеңе-
сінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым 


103
Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциа-
циясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия 
тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институ-
тының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, 
«Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақ-
тың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журна-
лының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институты-
ның профессоры қызметтерін атқарған. Осы кезде жаңа өмір жолын-
да күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолы-
на», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», 
«Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. 
Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. 
Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқы-
ның поэтикалық дәстүрін дамытты. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиет-
те де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастанда-
рында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдар-
дың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған 
асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік», «Аққудың айры-
луы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім 
күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, 
әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - 
Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. 
«Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында заман-
дастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық 
езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық 
романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан 
еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерт-
теу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың 
ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», 
«Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әде-
биеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. 
Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерт-
теуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идея-
лық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен 
мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадр-
ларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қалам-
герлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары 
С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы 
кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының 


104
шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы 
қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне 
қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту 
орденімен марапатталған. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары 
туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың 
«Кездеспей кеткен бір бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, 
Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары, Е.Ысмаиылов, 
С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, 
естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 
Алматыда атылды. 1958 жылы ақталған. С.Сейфуллин есімімен көп-
теген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 
1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) 
С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет