Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ


«Қартқожа» романындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі



Pdf көрінісі
бет24/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

«Қартқожа» романындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. 
«Қартқожа» романының басты тақырыбы, көтерген мәселесі – 
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған әлеуметтік, саяси 
төңкерістер, екі дәуірдің тоғысындағы қазақтың басынан кешкен сан 
қилы тағдыры. Жазушы өз романын: «жалынды жастарға арнаймын» 
деген эпиграфпен бастайды. Он бір жасар бала ауыл молдасынан хат 
танып, сауатын ашады. Жасына қарамай соншалық ұстамдылығына 


82
автордың өзі де қызыға қарайтындай. «Қартқожа» аты да жас балаға 
лайық та емес қой.» (11,25 б.). Қартқожаның үй-іші, отбасымен, әкесі 
Жұманның шыққан тегімен таныстырады. Есін біліп, көзін ашқаннан-
ақ бала әлеуметтік теңсіздікті көріп, тұрмыс тауқыметін тартып, ерте 
есейеді. Еріккен бай балалары реті келсе болды, Қартқожаға 
әлімжеттік жасайды. «Әттең менің кедейлігім-ау? Әйтпесе солардың 
менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса малы артық. 
Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ма екен?» деп, ішінен 
зығыры қайнап жүрді. Балаға жаны ашып отырған жазушыны осы 
жерде айқын танисың. Автордың өз кейіпкеріне деген сенімі де зор. 
Ол дүниеге де сол кейіпкер көзімен қарайды, соған арқа сүйейді, 
соны тірек ететін секілді. Сол Қартқожамен бірге мұңайып, бірге 
қуанады. Қартқожа аз ғана оқуын тамамдап, үлгілі ауыл молдасы 
атанады, құдайға барынша сеніп, дін уағыздарын да қатаң сақтайды. 
Бірақ қанша тырысқанымен әкесін де, өзін де кедейліктен құтқара 
алмады. Баяндаушы өз кейіпкерімен әлеуметтік бір сатыда тұрғандай. 
Бірақ біз романды оқи отырып Қартқожаның жаны таза, арманшыл
өзгеге де, өзіне де адал екендігіне сенеміз, жазушы бізді сендіреді. 
«Ол былтыр крестьянский нашалнктің перуатшігін көрген. Ол қандай 
еді? Үсті-басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған».(11,28 б.) 
Бұл - көз алдымызда есейіп, өсіп келе жатқан сергек, еті тірі баланың 
сөзі. Қартқожа өз жолының айқындығын, дұрыстығын тағы бір 
дәлелдеп, өмірлік мақсаты – орысша хат тануды арман қалай арман-
дайтынын көрсетеді. «Қартқожа» романы – классикалық үлгідегі тәр-
биелік мәні бар романның тамаша үлгісін еске түсіреді. Мәселен 
ондай туындыларға С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Л. Толстойдың 
«Детство», «Отрочество», «Юность» сияқты роман үлгілерін айтуы-
мызға болады.
Бұл романдардың ерекшелігі сол, адамның тиянақты түрде ер 
жетуінің, саналы азамат ретінде қалыптасуының эволюциялық даму 
жолын көрсетеді. Көпшілік романдарда кейіпкерді жетілген, дайын, 
қалыптасқан шақтағы басты қаһарман етіп көрсетіді. Ал Жүсіпбек 
Аймауытовтың басты кейіпкері - аяқ астынан әкесіз қалған ауыл ке-
дейінің өмірін, отбасын асырау үшін підияға қатысқан он үш жасар 
баланың басына түскен ауыртпашылықтарды, кедейлер көтерілісі 
сияқты аумалы-төкпелі жағдайларды бастан кешеді. Роман оқиғалары 
оның тағдырын да өзгертеді, қоғамдағы орнын да өзгертеді. Кейіпкер 
үнемі өсу, өзгеру үстінде. Қартқожоның сана-сезімі өзгеріп, іс әрекет 
үстінде есейеді. Уақыт пен заман Қартқожа өмірі мен тағдырында 


83
бетбұрыстар жасайды. Бұл - адамның қалыптасуы туралы роман. 
Ж.Аймауытов дүние мен адам өмірінің үндесуін, кейіпкердің өмір тә-
жірбиесінен үйренуін, сол өмірдің қатал мектебінен қалай шыңдал-
ғанын, суреттейді. Бәрі де сол заманның, сол уақыттың шындығынан 
өрбиді. Жүсіпбек Аймауытов романының ерекшелігі қошаған өмір 
кейіпкердің сол заманға сәйкес бейімделуін, өмір заңын, өмірді тану 
мәселесін жан-жақты қамти алғандығында. Кейіпкердің есюімен қа-
тар, қоршаған өмірі де өзгеріп отырады. Қартқожа өмірдің өзімен бет-
пе-бет қалыптасады, сол өмірдің де салтанат құруына игі әсер етеді. 
Роман кейіпкері де, автор да - екі дәуірдің тоғысында, яғни бірінен-
екіншісіне өту дәуірінде өмір сүрген жандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет