Әубәкір Зәмзәгүл Молдыраманқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ



Pdf көрінісі
бет23/49
Дата31.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497101
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
tleubekova bt omartai e moldiramanakizi az xx gasir basindagi kazak adebieti

Романның көркемдігі. 
«Шығарманың шұрайлы тілі – жазушы шеберлігінің айқын көрі-
нісі. Ондағы суреттер ел өмірін, дала тіршілігін, ондағы адамдар 
ұғым-түсінігін оқырманның көз алдына жайып салып отырады» [11, 
13 б.]. 
Жазушы жұт болардағы халықтық жорамал, ұғымдарды келтіре 
кетеді: «Биыл жұт болады деп күн бұрын есепшілер де айтқан: шөп-


80
тің шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бұйдай бас, көде, 
боз қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін 
тап-тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеу ортасы шұқырайып ке-
тіпті. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. 
Жылқы аңырайып, тыраңдап, жатпайды. Малдың ындыны құрып ба-
рады, «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты» 
[11
, 42 б.]. 
Жүсіпбек ел іші жағдайымен таныстығын, ауылда өскендігін 
білдіреді. Оқу-тоқуы болмаса да халық тәжірибеге сүйеніп, жыл мез-
гілдерін алдын-ала болжап отыратын болған. 
Жазушы көбіне ауылда көріп өскендерін басқа нәрсені сипат-
тарда ұқсата қояды: «Қарашолақ азаматтарының ащы тері шықты. 
Шешендердің шеке тамыры білеудей болып, жыққан сиыр көзденіп, 
сөзге қонақ беріспеді» [11, 113 б.]. 
Қызыл кеңірдек боп, мәселені шеше алмай жатқан адамдардың 
сиыр көзденіп кетуі – сенімді. Жай сиыр емес, жыққан сиырдың көзі 
аларатыны рас. Мұнда әзіл, мысқыл да байқалады. 
«Дауыл үдеді. Құтырған құйын шеттегі қараша лашықтарды 
доптай ұшырды. Үлкен үйлер де алдына таман итініп, ұйықтап тұрған 
қатынның жаулығы құсап, қисайып қалды» [11, 91 б.]. 
Мұнда қисайып қалған үйді айтып отырса да, жаулығымен 
ұйықтай салатын еріншек әйелдерді де қоса қағытып отырған тәрізді. 
Жүсіпбек Бейімбет секілді ауыл әйелдерінің әр түрлі мінездерін 
көргіш. Қартқожаның жеңгесінің ашулы жүргенін былай көрсетеді: 
«Бір жұмаға шейін теріс қарап жатып, қыран жапқандай қылып 
балаларын жылатып, отты өртеп жағып, сүтті суалтып, қыр көрсетіп 
жүрді» [11, 118 б.]. 
Ашулы әйел өшін балаларынан алатынын, істеген шаруасынан 
білінетінін жазушы дөп басқан. 
Жұт болған жылғы қыстың суреті де жанды: 
«Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түс-
кен келіндей-ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күн-
батыстан шатынаған шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман 
жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел 
қасарып, Темірқазықтан таймай ызғырады да тұрады. Енді жұт бол-
мағанда несі қалды?» [11, 42 б.]. 
Күннің жаңа түскен келіндей ақ пердеге жасырынуы күнде ақ 
түтек соғып, борандатуын, аяздың қатты болуын білдіреді. 


81
Пейзаж да дала суретін, тіршілігін көз алдымызға жайып са-
лады: 
«Мидай жазық, кең дала, жел жоқ. Күн шуақ. Аспанда ақ сабын-
ның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар. Деген шеке қызып, ми қай-
нар уақыт. Инелік, шегіртке, бөгелек, масаның қалың шөптің арасы-
нан ұшып, әуені қаптап, шарықтап, олай-былай жүйткіп, шыр-шыр 
етіп, қанаттары дырылдап, ызылдағанынан басқа, екі аттың пыс-
қырып, құйрығы суылдап, аяғын тебініп, бөгелек жасқағанынан бас-
қа, анда-санда шық-шық еткен торғайдың даусынан басқа жаңғы-
рыққан ешбір тықыр не бір үн естілмейді.» [11,40 б.]. 
Көзге ыстық көрінетін, далада өскен әрбір қазақтың жүрегін 
елжірететін сурет. Бізге шегіркелердің ұшқаны, аттың пысқырғаны, 
торғайдың шықылы – бәрі құлағымызға естіліп тұрғандай әсер ала-
мыз. 
Кешкі ауылдың суреті Қартқожа көзімен суреттеледі, мұнда 
лиризм қоса беріледі: 
«Кісі-місі көрінер ме екен деп, Қартқожа төбеге шықты. Көрін-
бейді. Құдық басында жылқы су ішіп жатыр. Желтен қара мал 
тырағайлап жайылып жатыр. Оты қанған бөдес тайлар бірін-бірі қуа-
лап, шапқыласып, секірісіп, тістелесіп жүр. Кенже торы құлыны құй-
рығын тігіп алып, енесін айнала зырқырап шабады. Енесі қасында, 
тамағы тоқ, ойнамай қайтсін! Ойында түк жоқ! Менен де торы құлын 
ырысты-ау! Қарашы, бұлталаңдап, асыр салып жүргенін… Қандай 
жақсы! Бір күнде осыларды көруге де зар болармыз-ау! деп ойлап тұр 
Қартқожа» [11,58 б.]. 
Қартқожа өзін құлынмен салыстырып, өмірінің алаңсыз, шат-
шадыман болмағанына қамығады. Ауылдың сәні малымен екені, 
ауыл баласы үшін мал мінездері де ыстық екені аңғарылады. 
Қорыта айтқанда, «Қартқожа» романы келелі тақырып, таным-
дық деңгейінің жоғарылығымен, толыққанды кейіпкерлер, бай тілі-
мен жазушының шебер жазушы екенін айғақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет