Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім


 Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету



бет9/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
clco 31122015 187 doc

4.7. Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету


Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық профильдің, анықталған жағымсыз реакциялардың және (немесе) дәрілік препараттың көлік құралдарын басқаруға, жол қозғалысы қауіпсіздігіне және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуін белгілеуге бағытталған сәйкес популяцияда жүргізілген арнайы зерттеулер негізінде дәрілік препарат:
ықпал етпейтінін немесе елеусіз ықпал ететінін;
әлсіз ықпал ететінің;
орташа ықпал ететінін;
көзге көрінетін ықпал ететінін көрсету керек.
Егер осындайлар туралы мәліметтер бар болса, дәрілік препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуінің басқа да маңызды аспектілерін қарастыру қажет, мысалы, дәрілік препаратты ұзақ қолдану кезінде бұзушылық ықпал етуінің ұзақтығы және төзімділіктің немесе жағымсыз реакциялардың дамуы.
Егер дәрілік препарат орташа немесе көзге көрінетін ықпал ететін жағдайларда қолдану кезіндегі айрықша нұсқауларды және (немесе) сақтандыру шараларын (сондай-ақ, егер дәрілік препарат көзге көрінетін ықпал ететін болса, ДПЖС 4.4-тарауда).

4.8. Жағымсыз реакциялар


Осы тарауға клиникалық зерттеулер, қауіпсіздікті тіркеуден кейінгі зерттеулер барысында және өздігінен келіп түскен хабарламалар нәтижелері бойынша анықталған, мұқият бағалау жүргізгеннен кейін дәрілік препарат пен жағмсыз құбылыстар арасындағы себептік байланыстар негізделген ықтималдылыққа ие болатын және, мысалы, клиникалық зерттеулерде немесе эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесінде және (немесе) жекелеген жағдайлар бойынша хабарламалар негізінде даму себебін бағалауда олардың туындауының салыстырмалы жиілігі расталатын барлық жағымсыз реакциялар қосылады. Аз деңгейде себепті байланысқа күдігі жоқ жағымсыз құбылыстарды ДПЖС-да көрсету керек емес.
Осы тараудың мазмұнын анықталған жағымсыз құбылыстарға және себеп-салдарлық байланысты, ауырлықты және жиілікті бағалау үшін маңызды фактілерге қатысты барынша сенімді деректерді бағалауға сүйене отырып, тіркеу құжаттамасының клиникалық шолуында негіздеу керек. Осы тарауды тұрақты түрде қайта қарап отыру және қажет болған жағдайда препараттың қауіпсіздігі профиліне қатысты медициналық қызметкерлерді тиісінше хабардар ету мақсатында жаңарту керек. Бұдан басқа, препараттардың басым бөлігінің қауіпсіздік профилі, көбіне, жақсы зерделенген және одан әрі әрбір қауіпсіздік бойынша кезеңдік есепті (ҚБКЕ) тапсыру кезінде бүкіл тарау тіркеуді (қайта тіркеуді) растау кезінде қайта қаралуы мүмкін.
Ақпаратты арнайы терминологияны пайдалана отырып, қысқаша мазмұндау керек, ол белгілі бір жағымсыз реакциялардың болмауын, төменде көрсетілгендерді қоспағанда салыстырмалы жиілік туралы деректерді, сондай-ақ «төзімділікке жақсы», «жағымсыз реакциялар, әдетте, сирек» және т.б. секілді дәрілік препараттың жалпы жақсы төзімділік нұсқауын көрсететін мәліметтерді қамтымауы тиіс. Себептік байланысты растаудың жоқ екенін көрсетуді қосуға жол берілмейді.
Анық және түсінікті ақпаратты ұсыну мақсатында ДПЖС 4.8-тарауы мынадай құрылымда болуы тиіс:
қауіпсіздік профилінің түйіндемесі;
жағымсыз реакциялар кестесі нысанындағы түйіндеме;
жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы;
балалар;
өзге де айрықша популяциялар.
4.8.1. Қауіпсіздік профилінің түйіндемесі.
Қауіпсіздік профилінің түйіндемесі барынша қауіпті және (немесе) жиі туындайтын жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Көрсетілген мәліметтер болған жағдайда жағымсыз реакциялардың туындау мерзімдері беріледі. Мысалы, терапияны ерте тоқтатудың алдын алу мақсатында терапияның басында жиі туындайтын, бірақ емдеуді жалғастыруға қарай шешілуі мүмкін қауіпсіз жағымсыз реакцияларды сипаттау немесе ұзақ қолдануға арналған жағымсыз реакцияларды сипаттау талап етілуі мүмкін. Жүргізілетін жағымсыз реакциялардың жиілігін мүмкіндігінше барынша нақты көрсету керек. Қауіпсіздік профилінің түйіндемесі қауіптерді басқару жоспарының қауіпсіздік бойынша ерекшелігінде сипатталған анықталған маңызды қауіптерге сәйкес келуі тиіс. Мәліметтер жағымсыз реакциялар кестесі нысанындағы түйіндемеге қарама қайшы келмеуі тиіс. Егер ДПЖС 4.4-тарауында қауіптерді азайту бойынша маңызды шаралар келтірілген болса, осы тарауға сілтеме берілуі тиіс.
Төменде ықтимал нұсқаудың үлгісі ұсынылған:
«Емдеудің басында эпигастральді ауыру, жүрек айну, іш өту, бас ауруы немесе бас айналу туындауы мүмкін; бұл реакциялар, әдетте, тіпті, терапияны жаллғастыру кезінде бірнеше күн ішінде өтеді. Емдеу кезінде өте жиі туындайтын жағымсыз реакцияларға бас айналу және бас ауруы жатады, олардың әрқайсысы пациенттердің шамамен 6 %-да туындады. Өткір бауыр жеткіліксіздігі және агранулоцитоз сирек туындауы мүмкін (1000 емделушіге 1-ден сирек жағдай).»
4.8.2. Жағымсыз реакциялар кестесі нысанындағы түйіндеме.
Жағымсыз реакцияларды олардың сәйкес жиілік санатымен бір кестеге (немесе құрылымдалған тізбеге) енгізу керек. Кейбір жағдайларда жиі және өте жиі реакцияларға қатысты және ақпаратты барынша айқын беру қажет болған кезде кестеде жиіліктің нақты мәндерін келтіруге жол беріледі.
Препаратты қабылдауға қарай жағымсыз реакциялар профилінің көзге көрінетін айырмашылықтары болған кезде (мысалы, онкологияда және онкологиялық емес көрсетілім бойынша) немесе ерекше жағдайларда дозалаудың әртүрлі режимдері кезінде жеке кестелерге жол беріледі.
Кесте алдында деректер базасының дереккөзі туралы мәліметтер ұсыну қажет (мысалы, клиникалық зерттеулерден, қауіпсіздікті тіркеуден кейінгі зерттеулерден немесе өздігінен келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша).
Кестені осы Талаптардың № 4 қосымшасында ұсынылған MedDRA жүйелік-органдық сыныптауышқа сәйкес не МКБ-10 (қолданылатын бөлігінде) сыныптарын басшылыққа ала отырып құрастыру керек. Жүйелік-органдық сыныптарды ұсыну бірізділігі осы Талаптардың № 4 қосымшасында берілген тәртіпке сәйкес болуы тиіс. Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы MedDRA барынша қолайлы терминіне не МКБ-10 (қолданылатын бөлігінде) негізделуі тиіс. Ол, әдетте, аса қолайлы термин деңгейіне сәйкес келеді, алайда кейбір жағдайларда төмен деңгейдегі терминді немесе ерекше жағдайларда жоғары деңгей термині секілді осындай терминдер топтарын көрсету орынды. Жалпы қағида бойынша барлық жағымсыз реакцияларды сәйкес нысана-органның барынша қолайлы жүйелік-органдық сыныбына жатқызу керек. Мысалы, «бауырдың функционалдық сынамаларының бұзылуы» аса қолайлы терминін «зертханалық және аспаптық деректер» жүйелік-органдық сыныбына емес, «бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзушылық» жүйелік-органдық сыныбына жатқызу керек.
Жағымсыз реакцияларды әрбір жүйелік-органдық сынып ішінде олардың туындауы жиілігін көрсете отырып олардың қауіптілігінің азаюы тәртібінде орналастыру керек (бір жиілік градациясы шеңберінде). Әрбір жиілік санаты үшін пайдаланылатын атаулар мынадай қағидаға сәйкес стандартты терминдерге сәйкес келуі тиіс: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1 000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000).
Ерекше жағдайларда, егер қолда бар деректер негізінде жиілікті анықтау мүмкін болмаса, жиіліктің қосымша санатын пайдалануға жол беріледі – «жиілік белгісіз». Егер «жиілік белгісіз» түсінігі пайдаланылатын болса, жиіліктің санатын түсіндіру тізбесіне «жиілік белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)» мәтінін қосу керек. Жекелеген хабарламалардан түсініктерді пайдаланбау керек (бірен-саран жағдайларда).
Егер жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасында қосымша мәліметтер берілетін болса, мұндай реакцияны бөліп көрсету қажет, мысалы, жұлдызшаның көмегімен, ал ескертуде сәйкес тарауға сілтеме көрсету керек.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау бойынша ұсынымдар осы Талаптардың 4.8.6-тармақшасында беріледі.
4.8.3. Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы.
Осы кіші тарауға клиникалық практикада туындаған жағымсыз реакцияны болдырмау, бағалау немесе басу үшін пайдалы болуы мүмкін айрықша жағымсыз реакцияларды сипаттайтын мәліметтерді қосу керек.
Жекелеген қауіпті және (немесе) жиі туындайтын жағымсыз реакцияларды сипаттайтын немесе олардың айрықша ағымы туралы хабарлама келіп түскендеріне қатысты мәліметтер көрсетіледі. Дәрілік препараттың дозасына, әсер ету ұзақтығына және қауіп факторларына қарай жиілігі (қажет болған жағдайда қайтымдылығын сипаттаумен), басталу уақыты, ауырлығы, ұзақтығы, даму механизмі (егер ол клиникалық маңызды болса) туралы мәліметтерді ұсыну керек. Дамуына жол бермеуге бағытталған немесе белгілі бір жағымсыз реакциялардың дамуы кезінде қолданылатын шараларды осы тарауға сілтеме көрсете отырып, ДПЖС 4.4-тарауында сипаттау керек.
«Тоқтату» синдромы реакцияларының туындауы туралы мәліметтерді осы кіші тарауда ДПЖС 4.2-тарауына сілтемемен бірге ұсынуға жол беріледі (дәрілік препараттың дозасын бірте-бірте төмендету немесе тоқтату бойынша ұсынымдар қажет болған жағдайда).
Жағымсыз реакциялар профилінде әртүрлі дәрілік нысандар арасындағы барлық айырмашылықтарды сипаттау керек.
Сонымен қатар, әсер етуші заттардың белгілі бір фармацевтикалық комбинацияциямен шарттастырылған жағымсыз реакцияларды сипаттайтын біріктірілген препараттар туралы мәліметтерді қосу керек (бар болған жағдайда).
Өзара әрекеттесумен тікелей шарттастырылған барлық жағымсыз реакцияларды осы кіші тарауда ДПЖС 4.5-тарауына сілтемемен ұсыну керек.
Сонымен қатар, туындауы өте төмен жиіліктегі немесе симптомдардың кешігуі манифестациясымен жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді, препаратпен болмауы мүмкін, бірақ сол бір терапиялық, химиялық немесе фармакологиялық сыныптың дәрілік препараттарына тән сипатты байланыстар туралы мәліметтерді ұсыну қажет. Бұл сыныптың сипаттамасы екенін көрсету қажет.
Қосалқы заттармен және өндірістік қоспалармен шарттастырылған барлық жағымсыз реакцияларды сипаттау қажет.
4.8.4. Балалар.
Барлық жағдайларда балалар жөніндегі кіші тарауды көздеу қажет (егер ол мағынасыз болып табылмайтын болса ғана).
Балаларда қауіпсіздік бойынша деректер базасының көлемін және жас ерекшелігі сипаттамасын сипаттау қажет (мысалы, клиникалық зерттеулердің деректерді немесе фармакологиялық қадағалау деректері). Олардың шектеулігі салдарынан қолда бар деректердің белгісіздігін көрсету қажет.
Егер балаларда және ересектерде қауіпсіздікдің анықталған профилі сәйкес келетін болса, мынадай мәтінді келтіруге жол беріледі: «Балаларда және ересектерде жағымсыз реакциялардың жиілігі, түрі және ауырлығы [бірдей, бірдей болады деп күтілуде]». Балалардың әртүрлі жас ерекшелігі топтарында қауіпсіздік профильдерінде айырмашылықтар болса, осыған ұқсас көрсету керек.
Ересектер мен балаларда қауіпсіздік профиліндегі, сондай-ақ балалардың әртүрлі жас ерекшелігі топтары арасындағы барлық клиникалық маңызды айырмашылықтарды (яғни, жағымсыз реакциялардың сипаты, жиілігі, қауіптілігі және қайтарымдылығы бойынша) әрбір жас ерекшелігі тобы бойынша сипаттау және ұсыныу қажет. Арнайы мониторинг қажет болған жағдайда ДПЖС 4.4-тарауына сілтеме беру керек. Клиникалық маңызды айырмашылықтар үшін сәйкес келетін мән-жайлардың сәйкес жас ерекшелігі топтары бойынша жағымсыз реакциялардың жиілігі бойынша кесте нысанында жеке түйіндеме ұсынуға болады. Егер балаларда кейбір жағымсыз реакцялар жиі (≥1/100, бірақ <1/10) немесе өте жиі (≥1/10) болып табылатын болса, жақшаларда жиілікті көрсету қажет. Қауіпсіздік профилінде ересектермен салыстырғанда үлкен айырмашылықтар болған жағдайда ақпараттың оқуға жеңілдігі мақсатында балалардағы қауіпсіздік профилі түйіндемесін келтіруге жол беріледі. Сонымен қатар, егер қолданылатын болса, ДПЖС 5.1-тарауына сілтемемен балалардағы ұзақ мерзімді қауіпсіздік туралы барлық сенімді ғылыми дереккөздерінен қолда бар мәліметтерді жинақтау қажет (мысалы, бойға, ақыл-естің дамуына және жыныстық жетілуге қатысты). Қауіптің барлық факторларын баяндау қажет (мысалы, терапияный ұзақтығы немесе қауіптің туындау кезеңі).
Жаңа туған сәбилерде (егер маңызды болса) «тоқтату» синдромының симптомдарын ДПЖС 4.6-тарауына сілтемемен жеке абзацта тізіп беру керек.
4.8.5. Өзге де айрықша популяциялар.
Осы тарау басқа айрықша топтарда анықталған (мысалы, ересектер ретінде, бүйрек жетіспеушілігі бар пациенттер, бауыр жетіспеушілігі бар пациенттер, басқа аурулару немесе белгілі бір генотипті пациенттер) қандайда бір клиникалық маңызды айырмашылықтар туралы мәліметтерді (мысалы, жағымсыз реакциялардың сипаты, жиілігі, қауіптілігі және қайтарымсыздығы бойынша, сондай-ақ мониторингтің қажеттілігі туралы) қамтуы мүмкін. Қажет болған жағдайда ДПЖС басқа тарауларына, мысалы, 4.3, 4.4 немесе 4.5-тарауға сілтемелер келтіруге жол беріледі.
Жағымсыз реакциялардың туындау себебі сонымен бірге препараттың генетикалық шарттастырылған метаболизмі болуы мүмкін. Белгілі бір фермент тапшылығы бар субъектілерде және пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігі және ауырлығы басқаша болуы мүмкін. Бұны көрсету және, егер маңызды болса, клиникалық зерттеулер деректеріне сәйкестендіру қажет.
4.8.6. Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау бойынша қосымша нұсқаулықтар.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін бағалау деректердің дереккөзіне (мысалы, клиникалық зерттеу, қауіпсіздікті тіркеуден кейінгі зерттеу немесе өздігінен келіп түскен хабарлама), деректерді жинау сапасына және себеп-салдарлық байланысты бағалауға байланысты. Егер жиілік санатын таңдау әртүрлі дереккөздерге негізделетін болса, егер тек барынша ерекше әдіс пайдаланылмаса, аса жоғары туындау жиілігін көрсететін санаты таңдау керек, осыған байланысты алынған бағалау айқын аса жоғары валидтілікке ие болады, мысалы, ыңғайлы зерттеулерді біріктіріп талдау.
Дозаларда дәрілік препараттың ықпалына және ДПЖС ұсынған емдеу ұзақтығына ұшыраған популяция деректердің дереккөздеріне қызмет етуі тиіс.
Хабарламаларда әртүрлі терминдермен белгіленген, бірақ белгілі бір құбылысты ұсынатын (мысалы, әлсіздік, ұйқышылдық, қалғып-мүлгу) реакцияларды, әдетте, құбылыстың шынайы мағынасын «шаю» әсерін болдырмау үшін бір жағымсыз реакцияға біріктіру керек. Осы секілді синдромдық-кешенді ұсынатын реакцияларды, әдетте, оның симптомдарының көптүрлі құрамдас бөлігі салдарынан оның мағынасын «шаю» болдырмау үшін сәйкес тақырыппен топтастыру керек.
4.8.7. Клиникалық зерттеулерде анықталған жағымсыз реакциялар.
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін белгілеу кезінде нақтылықты арттыру мақсатында жүйелік қателерді енгізбей бірнеше зерттеулердің қауіпсіздік бойынша деректерін біріктіру қажет (мысалы, популяциялар немесе экспозиция сипаттамалары арасындағы елеулі айырмашылықтар).
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігін плацебо-бақыланатын зерттеулер деректерін біріктіріп анықтау керек (осындай деректер болған жағдайда), бұл ретте деректер базасы ақпараттық болуы үшін жеткілікті көлемді болуы тиіс. Мұндай деректер болмаған немесе жиілікті бағалау үшін олардың хабардарлығы жеткіліксіз болған жағдайда белсенді-бақыланатын немесе салыстырмалы емес немесе қосымша (add-on) зерттеулердің деректер базасын пайдалануға болады.
Жиілік туындаудың жалпы жиілігін көрсетуі тиіс (плацебоға немесе басқа бақылауға қатысы бойынша айырмашылықты немесе салыстырмалы қауіпті емес).
Егер жиі, өте жиі немесе қауіпті жағымсыз реакция (мысалы, суицид) да маңызды жиілігі бар плацебо тобында туындайтын болса, қауіпті жақсы сипаттау үшін (мысалы, жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасымен кіші тарауда) туындаудың екі жиілігін көрсетуге жол беріледі.
4.8.8. Қауіпсіздік бойынша зерттеулер жүргізу кезінде анықталған жағымсыз реакциялар.
Әрбір жағымсыз реакцияға берілетін туындау жиілігінің санатын таңдау бақылаудың берілген кезеңінде пациенттерде туындайтын жекелеген жағымсыз құбылыстар анықталатындай және дәрілік препаратты қолдануға жатқызылатындай етіп жоспарланған зерттеудің нәтижелері бойынша есептелген туындаудың жалпы жиілігін нүктелі бағалауға негізделеді. Мұндай жағдайда стандартты статистикалық әдістерді пайдалана отырып туындаудың жалпы жиілігін нүктелі бағалауды есептеуге жол беріледі. Егер бастапқы ақпарат туындау жиілігінің тығыздығы түрінде көрінетін болса (бөлгіш «адам – уақыт» бірлігінде көрсетілген, мысалы, «пациент – жас», «пациент – күн»), туындау жиілігінің санатын таңдау үшін туындау жиілігіне қатысты (пропорция) тиісті түрленуді жүргізу қажет. Туындау жиілігінің санатын анықтауға арналған нормада дәрілік препараттың әсер етуінің неғұрлым репрезентативті кезеңінің туындау жиілігіне қатысты пайдалану керек (мысалы, 1 апта, 3 ай, 1 жыл). Алайда, егер дәрілік препаратты қолдану зияндылығы уақыт өте артатын болса, бұл мүмкін емес. Бұл жағдайда жағымсыз реакцияны және оның туныдау жиілігінің сипатын, егер олар клиникалық маңызды болса, жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасымен тарауда тиісінше сипаттау керек.
Әрбір жағымсыз реакцияға берілетін туындау жиілігінің санаты бақылаумен айырмашылыққа негізделуі тиіс. Егер деректер дәрілік препараттың әсер етуіне ұшырамаған топтың қатысуымен зерттеуден алынса, ал дәрілік препаратты қолдануға жатқызылған туындау жиілігіндегі айырмашылық туындаудың бастапқы немесе фондық жиіліктің аз болса, бұл ретте жағымсыз реакция маңызды болып табылады, туындаудың фондық жиілігін көрсетуге жол беріледі (мысалы, тарауда жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасымен).
4.8.9. Өздігінен келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша жағымсыз реакциялар.
Өздігінен келіп түскен хабарламалардың санын көрсетпеу керек, себебі бұл деректер тез ескіруі мүмкін. Өздігінен келіп түскен хабарламалар жиынтығы жүйесінен алынған хабарламалар санына негізделген туындау жиілігін туындау жиілігінің санатын анықтау үшін пайдаланбау керек. Егер өздігінен келіп түскен хабарламалардың көмегімен күтпеген жағымсыз реакция анықталған болса, туындау жиілігінің санатын анықтау мақсатында осы реакция анықталуы мүмкін әрбір тиісті тәсілмен жоспарланған зерттеуді талдау қажет. Егер жағымсыз реакция клиникалық зерттеулерде ешқашан туындамаған болса, онда 95-пайыздық интервалдың жоғарғы шекарасы 3/Х аспайды, мұндағы Х – барлық маңызды клникалық зерттеулердегі іріктеудің жалпы мөлшері (мысалы, осы жағымсыз реакцияны анықтау үшін жеткілікті келесі бақылаудың ұзақ кезеңімен). Мысалы, егер клиникалық зерттеулерде дәрілік препараттың әсер етуіне ұшырамаған 3600 субъектіде анықталған жағымсыз реакция анықталмаса, нүктелі бағалау үшін 95-пайыздық сенім білдірілген интервалдың жоғарғы шекарасы 1/1 200, бұл «сирек» санатына сәйкес келеді – нүктелі бағалаудың ең нашар мәнін қабылдау кезінде. Мұндай реакцияның жиілік санатын таңдау негіздемесін жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасымен тарауда келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет