Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже


Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету туралы



бет30/31
Дата19.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#148266
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету туралы

ХАТТАМА
1.  Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXVI бөліміне сәйкес әзірленді және мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету мәселесін реттейді.

2.  Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«тұрақты тұру мемлекеті» – пациент тұрақты тұратын, оған азаматтық берген мемлекет;

«медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі)» – ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензияның негізінде медициналық қызметті негізгі (жарғылық) қызмет түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қызметтің негізгі (жарғылық) түрімен қатар медициналық қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлға немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

«медициналық көшіру» – өмірді құтқару және денсаулық сақтау мақсатында мүше мемлекеттердің еңбекшілерін, сондай-ақ отбасы мүшелерін (оның ішінде, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, әйелдердің жүктілік, босану кезеңдерінде, босанғаннан кейінгі кезеңде және жаңа туған балаларға, төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардың нәтижесінен зардап шеккен тұлғаларға, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетіндерге қажетті медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) медициналық көмек көрсетілетін тұлғаларды) тасымалдау.

«пациент» – ауруының болуына және оның жағдайына қарамастан, медициналық көмек көрсетілетін немесе медициналық көмек көрсету үшін жүгінген мүше мемлекеттің еңбекшісі немесе отбасы мүшесі;

«медициналық көмек көрсетудің мамандандырылған жоспарлы нысаны» – профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін аурулар мен жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;

«жедел медициналық жәрдем (кезек күттірмейтін нысандағы)» – пациенттің өміріне қауіптің айқын белгілері жоқ, кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер кешені;

«жедел медициналық жәрдем (шұғыл нысандағы)» –жедел медициналық араласуды талап ететін аурулар, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар кезінде және пациенттің өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда көрсетілетін медициналық қызметтер кешені.

3. Жұмысқа орналастырушы мемлекет мүше мемлекеттердің заңнамасында, сондай-ақ халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен және жағдайларда мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне медициналық көмек, оның ішінде жоспарлы, жоғары технологиялық, жедел медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4. Мүше мемлекеттер өздерінің аумақтарында мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне өз мемлекетінің азаматтарына берілетін жағдайларда және тәртіппен тегін жедел медициналық көмек алуға тең құқық береді.

Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдары (денсаулық сақтау мекемелері) (медициналық сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне, сондай-ақ отбасы мүшелеріне жедел медициналық көмекті (шұғыл нысандағы), оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмекті тегін көрсетеді.

Медициналық ұйымның (денсаулық сақтау мекемесінің) мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне және отбасы мүшелеріне шұғыл түрдегі жедел, оның ішінде мамандандырылған жедел медициналық көмек көрсету шығындарын өтеу жұмысқа орналастырушы мемлекеттің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет есебінен жүзеге асырылады.

5. Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің пациентін медицина ұйымдарында (денсаулық сақтау мекемелерінде) емдеу жалғасқан жағдайда, оның өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына төнген тікелей қауіп жойылғаннан кейін көрсетілген қызметтердің нақты құнын төлеуді тарифтер немесе келісілген бағалар бойынша пациент тікелей өзі немесе оның мүддесін білдіретін заңды (жеке) тұлға жүзеге асырады.

6. Пациентті тұрақты тұратын мемлекетке медициналық көшіруді жүзеге асыру қажет болған жағдайда медициналық ұйым (денсаулық сақтау мекемесі) оның денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты елшілікке және (немесе) осы мүше мемлекеттің уәкілетті органына (ұйымына) жібереді

Пациентті медициналық көшіру мүмкіндігі, сондай-ақ осындай көшірудің тәртібі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады. медициналық көшіру медициналық көмекті, оның ішінде медициналық жабдықтарды қолдана отырып көрсету жөніндегі іс-шараларды тасымалдау кезінде жүргізе отырып, көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады.

Пациентті медициналық көшірумен байланысты шығыстарды өтеу тұрақты тұру мемлекетінің денсаулық сақтауды қаржыландырудың қолданыстағы жүйесіне сәйкес оның бюджеттік жүйесіне сай келетін бюджет немесе тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 31 ҚОСЫМША



Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«келу мемлекеті» – аумағына Одақтың органы орналасқан мүше мемлекет;

«Одақ органдарының үй-жайлары» – ресми мақсаттар үшін, сондай-ақ Комиссия Алқасы мүшелерінің, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің тұруы үшін пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бөліктері;

«мүше мемлекеттердің өкілдері» – мүше мемлекеттер Одақ органдарының отырыстарына және Одақ шеңберінде өткізілетін іс-шараларға жіберетін делегациялардың басшылары мен мүшелері;

«әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру)» – еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайына және ана болуға байланысты міндетті сақтандыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру;

«Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың отбасы мүшелері» - Комиссия Алқасы мүшелерімен, Одақ Соты судьяларымен, лауазымды тұлғалармен бірге тұрақты тұратын ері (зайыбы), кәмелетке толмаған балалар және олардың асырауындағы тұлғалар;

«қызметкерлердің отбасы мүшелері» – қызметкерлермен бірге тұрақты тұратын ері (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалар.

2. Комиссия Алқасы мүшелері, Одақ Соты судьялары, лауазымды тұлғалар және қызметкерлер халықаралық қызметшілер болып табылады. Өздерінің өкілеттіктерін орындау (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқару) кезінде олар мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ресми тұлғаларынан, сондай-ақ Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің биліктерінен нұсқаулар сұратуға немесе алуға тиіс емес. Олар өздерінің халықаралық қызметші мәртебесімен үйлеспейтін түрлі әркекеттерден тартынуға тиіс.

3. Әрбір мүше мемлекет Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің өкілеттіктерінің халықаралық сипатын мүлтіксіз құрметтеуге және өздерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оларға әсерін тигізбеуге міндеттенеді.
II. Одақтың артықшылықтары мен иммунитеттері
4. Одақ органдарының мүлкі мен активтері Одақ иммунитеттерден бас тартқан жағдайларды қоспағанда, әкімшілік немесе сот араласуының кез келген нысанындағы иммунитетті пайдаланады.

5.  Одақ органдарының үй-жайлары, сондай-ақ олардың мұрағаттары мен құжаттары, оның ішінде қызметтік хат-хабарлар орналасқан жеріне қарамастан, тінтуге, реквизицияға, тәркілеуге немесе осы органдардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттердің кез келген басқа да нысандарына жатпайды.

6. Келу мемлекетінің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарының өкілдері Одақ органдарының үй-жайларына Комиссия Алқасы Төрағасының, Одақ Соты төрағасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың келісуінсіз және өрт жағдайларын немесе шұғыл қорғану шараларын қажет ететін басқа да мән-жайларды қоспағанда, олар мақұлдаған жағдайлардан басқа кездерде кіре алмайды.

7. Келу мемлекетінің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімімен кез келген әрекеттерді орындау Комиссия Алқасы төрағасының, Одақ Соты төрағасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың келісуімен Одақ органдарының үй-жайларында орын алуы мүмкін.

8. Одақ органдарының үй-жайлары кез келген мүше мемлекеттің заңдары бойынша қудаланатын немесе мүше мемлекетке немесе Одақ мүшесі болып табылмайтын мемлекетке берілуге жататын тұлғалар үшін пана болмайды.

9. Одақ органдарының үй-жайларына қол сұқпаушылық оларды одақтың функцияларымен немесе міндеттерімен үйлеспейтін немесе мүше мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғаларының қауіпсіздігіне, мүдделеріне нұқсан келтіретін мақсаттарда пайдалануға құқық бермейді.

10. Келу мемлекеті Одақ үй-жайларын түрлі басып кіруден немесе нұқсан келтіруден қорғау үшін тиісті шаралар қабылдайды.

11. Одақ органдары осы Ереженің 44 және 45тармақтарына сәйкес төленетін қызмет көрсетудің (көрсетілетін қызметтердің) және төлемдердің (аударымдар мен жарналардың) нақты түрлері үшін төлеуді білдіретін төлемдерді қоспағанда, келу мемлекетінде алынатын салықтардан, алымдардан және басқа да төлемдерден босатылады.

12. Одақ органдарының ресми пайдалануына арналған заттар мен өзге де мүліктер мүше мемлекеттердің аумақтарында кеден баждарынан, салықтар мен кеден алымдарынан босатылады.

13. Одақ органдары өздерінің ресми байланыс құралдарына қатысты келу мемлекеті дипломатиялық өкілдіктерге көрсететін қолайлы шарттардан кем емес жағдайларды пайдаланады.

14. Одақ органдары өздері тұратын үй-жайларда және өздеріне тиесілі автокөлік құралдарында Одақтың туын, эмблемасын немесе басқа да рәмізін орналастыра алады.

15. Одақ органдары мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтау кезінде өздерінің мақсаттары мен функцияларына сәйкес баспа өнімін шығара алады және тарата алады, оларды жариялау Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарда көзделген.

16. Келу мемлекеті Одақ органдарының өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті үй-жайларды алуына немесе иеленуіне жәрдемдеседі.

17. Одақ сот төрелігін тиісінше жөнелтуді және құқық қорғау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Ережеде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерге байланысты кез келген теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік және басқару органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.


III. Комиссия Алқасы мүшелерінің,
Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің артықшылықтары мен иммунитеттері
18. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса, дипломатиялық агент үшін 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

Мұндай иммунитеттер мынадай жағдайларға:

келу мемлекетінің аумағындағы жекеменшік жылжымайтын мүлікке қатысты затқа қуынымға;

Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы немесе отбасы мүшесі Одақ органының атынан емес, өсиетті орындаушы, мүлік мұрагерініңң қамқоршысы, мұрагері немесе жеке тұлға ретінде бас тартуды алушы ретінде болатын мұрагерлікке қатысты қуынымға;

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген өкілеттіктер шегінен тыс кәсіптік қызметтерге қатысты қуынымдарға қолданылмайды.

Келу мемлекетінің азаматтары болып табылатын Комиссия Алқасы мүшелеріне және Одақ Соты судьяларына осы Ереженің


19-тармағының 1-тармақшасының ережелері қолданылады.

Комиссия Алқасы мүшелерінің және Одақ Соты судьяларының, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, егер осы отбасы мүшелері келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса, осы Ереженің


19-тармағының 3 – 5-тармақшаларының ережелері қолданылады.

Комиссия Алқасы мүшелерінің және Одақ Соты судьяларының отбасы мүшелеріне, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрса, осы отбасы мүшесіне тиесілі көлік құралынан болған жол-көлік оқиғасына байланысты осы отбасы мүшесіне не оны жүргізушіге келтірілген залалды өтеу туралы қуынымға қатысты келу мемлекетінің азаматтық юрисдикциясынан иммунитет қолданылмайды.

19. Лауазымды тұлғалар:

1) лауазымды тұлғалар ретінде олар айтқан немесе жазған және олар жасаған барлық әрекеттер үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды;

2) Одақ органдары төлейтін жалақыға және өзге де сыйақыларға салық салудан босатылады;

3) мемлекеттік айыптаудан босатылады;

4)  Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдік ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босатылады;

5) халықаралық дағдарыстар кезінде дипломатиялық өкілдер пайдаланатын репатриация бойынша жеңілдіктерді пайдаланады.

20. Лауазымды адамдарға, егер олар келу мемлекетінің азаматтары болып табылса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрса, осы Ереженің 19-тармағының 2 – 5-тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

21.  Лауазымды тұлғалардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, егер бұл отбасы мүшелері келу мемлекетінің азаматтары болып табылмаса және (немесе) оның аумағында тұрақты тұрмаса,


19-тармағының 3 – 5-тармақшаларының ережелері қолданылады.

22. Комиссия Алқасы мүшелерін, Одақ Соты судьяларын, лауазымды тұлғаларды және қызметкерлерді аккредиттеу мәселелері келу мемлекетінің аумағына Одақ органдарының келу шарттары туралы халықаралық шарттарда реттеледі.

23. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, лауазымды тұлғалар және қызметкерлер ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметті қоспағанда, жеке пайданың немесе өзге тұлғалардың пайдасының мүдделері үшін кәсіпкерлікпен және басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.

Ғылыми, шығармашылық және оқытушылық қызметтен алынған табыстарға халықаралық шарттарға және келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес салық салынуға жатады.

24. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьялары, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келу мемлекетінің кез келген көлік құралын пайдалануға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілуі мүмкін залалдан сақтандыруға қатысты заңнамасының талаптарын сақтауға тиіс.

25. Қызметкерлер мынадай:

1) қызметкерге тиесілі көлік құралынан болған жол-көлік оқиғасына байланысты не оны жүргізушіге келтірілген залалды өтеу туралы қуынымдарға;

2) қайтыс болуына немесе қызметкерлердің әрекеттерінен болған дене жарақатына байланысты қуынымдарға қатысты жағдайлардан басқа өздерінің қызметтік міндеттерін тікелей атқаруы кезінде жасаған әрекеттерге қатысты келу мемлекетінің сот немесе әкімшілік органдарының юрисдикциясына жатқызылмайды.

26. Қызметкерлер Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдік ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босатылады.

27.  Осы Ереженің 25 және 26-тармақтарының ережелері олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік билік және басқару органдарының және қызметкерлерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарға қолданылмайды.

28. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер оларға жеке пайдасы үшін берілмейді, олардың өз өкілеттіктерін Одақ мүддесіне орай тиімді және тәуелсіз орындауы (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін атқаруы) үшін беріледі.

29. Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері межелі жерге жол жүру кезінде келу мемлекетінің аумағына олар келген кезден бастап немесе егер Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер өздерінің өкілеттіктеріне (лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне) кіріскен кезде олар осы аумақта болса осы Ережеде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

30. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер өкілеттігін (лауазымдық (қызметтік) міндеттерін) тоқтатқан кезде олардың артықшылықтары мен иммунитеттері, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасылары мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері әдетте осы тұлғаның келу мемлекетінен кеткен кезінде немесе келу мемлекетінен кету үшін ақылға қонымды мерзім өткеннен кейін осы көрсетілген екі кездің қайсысының бұрын болуына қарай тоқтатылады. Отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері, Комиссия Алқасының мүшесінің, Одақ Соты судьясының, лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің отбасы мүшелері болу тоқтатылған кезде тоқтатылады. Бұл ретте, мұндай тұлғалар ақылға қонымды мерзім ішінде Келу мемлекетінен кетуге ниет білдірсе, онда артықшылықтар мен иммунитеттер олар кеткен кезге дейін сақталады.

31. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда олармен бірге тұратын отбасы мүшелері өздеріне берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді келу мемлекетінен олардың кету кезіне дейін немесе келу мемлекетінен олардың кету үшін ақылға қонымды мерзім өткенге дейін осы көрсетілген екі кездің қайсысының бұрын болуына қарай пайдалануды жалғастырады.

32. Комиссия Алқасының мүшесінің, Одақ Соты судьясының, лауазымды тұлғаның өздері Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға ретінде өздерінің функцияларын іске асыру шеңберінде барлық айтқан немесе жазған және жасаған бүкіл әрекеттеріне қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық юрисдикциядан иммунитеттері олардың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін де оларда сақталады. Осы тармақ Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының немесе лауазымды тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта немесе Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген жауаптылығы туындау жағдайлары үшін нұқсан келтірілместен қолданылады.

33. Осы Ережеге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын барлық тұлғалар олардың артықшылықтары мен иммунитеттеріне нұқсан келтірмей, келу мемлекетінің заңнамасын құрметтеуге міндетті. Олар осы мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға да міндетті.

34. Комиссия Алқасының мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға немесе қызметкер, егер иммунитет сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген жағдайда иммунитеттен айырылуы мүмкін және иммунитетті алу соған байланысты иммунитет берілген мақсаттарға нұқсан келтірмейді.

35. Иммунитеттерді алу:

1)  Комиссия Алқасының мүшесіне және Одақ Соты судьясына қатысты – Жоғары кеңес;

2) Комиссияның лауазымды тұлғасы мен қызметкеріне қатысты –Комиссия Кеңесі;

3) Одақ Сотының лауазымды тұлғасы мен қызметкеріне қатысты – Одақ Сотының төрағасы жүзеге асырады.

36. Иммунитеттен бас тарту жазбаша нысанда жүзеге асырылады және айқын болуға тиіс.


IV. Мүше мемлекеттер өкілдерінің

артықшылықтары мен иммунитеттері


37. Мүше мемлекеттердің өкілдері ресми функцияларын атқару кезінде және мүше мемлекеттердің аусмақтарында Одақ органдары ұйымдастыратын іс-шараларды өткізетін жерге бару кезінде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады:

1) жеке тұтқындау немесе ұстаудан, сондай-ақ осы ретте олар жасауы мүмкін барлық әрекеттерге қатысты сот және әкімшілік биліктер юрисдикциясынан иммунитет;

2) тұрғын үйге қол сұғылмаушылық;

3) бірге болатын багажды және қол жүгін егер оларда ресми немесе жеке қолдануға арналмаған заттар мен өзге де мүлік немесе әкелінуіне немесе әкетілуіне аумағында іс-шара өткізілетін мүше мемлекеттің заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген заттар мен өзге де мүлік бар деп пайымдауға байыпты негіз болмаса кедендік тексеріп қараудан босату;

4) Келу мемлекетіне келу және одан кету бойынша шектеулерден, шетелдіктер ретінде және уақытша тұруға рұқсат алуға тіркеуден босату.

38. Осы Ереженің 37-тармағының ережелері мүше мемлекеттің өкілдері мен азаматы немесе өкілі болып табылатын не болған мүше мемлекеттің биліктері арасындағы өзара қарым-қатынастарға қолданылмайды.

39. Мүше мемлекеттердің өкілдері пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер жеке пайдасы үшін берілмейді, олардың өздерінің ресми функцияларын өз мүше мемлекетінің мүддесіне қарай тиімді және тәуелсіз орындауы үшін беріледі.

40. Мүше мемлекеттердің өкілдері тұратын үй-жайлар, қажетті заттар және басқа да мүлік, сондай-ақ қызметтік қажеттілік үшін пайдаланылатын көлік құралдары тінтуден, реквизициядан, тұтқындаудан және атқарушылық әрекеттерден иммунитетті пайдаланады.

41. Мүше мемлекеттердің өкілдерінің мұрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта және ақпаратты жеткізгіштерге және олардың орналасқан жеріне қарамастан, қол сұғылмайды

42. Егер ол кіруге тыйым салынатын немесе мемлекеттік қауіпсіздік ұғымы бойынша реттелетін аймақтар туралы заңға және қағидаларға қайшы келмеген жағдайда Келу мемлекеті мүше мемлекеттердің барлық өкілдеріне оның аумағымен өздерінің ресми функцияларын атқаруы үшін қажетті шамада жүріп өтуді және жүруді қамтамасыз етеді.


V. Одақ органдарындағы еңбек қатынастары

мен әлеуметтік кепілдіктер


43. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің еңбек қатынастары осы Ереженің нормалары ескеріле отырып келу мемлекетінің заңнамасымен реттеледі.

44. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз етілуі олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің зейнетақымен қамтамасыз етілуіне міндетті аударуды аталған тұлғалар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттердің зейнетақы қорларына Одақ бюдеті қаражаты есебінен жалақыдан ұстамай тиісті мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде Одақтың органдары жүргізеді. Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге зейнетақы төлеу жөніндегі шығыстарды олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекет көтереді.

45. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің әлеуметтік сақтандырылуы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етілуі, зейнетақылық сақтандырудан басқа, әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес келу мемлекетінің азаматтарына қатысты шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің пайдасына төлемдерден зейнетақылық сақтандырудан басқа, әлеуметтік қамсыздандыруға (әлеуметтік сақтандыруға) сақтандыру жарналарын төлеу келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес Одақ бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақыларды төлеу шығыстарын басқа мүше мемлекеттермен өзара есеп айырыспай Келу мемлекеті жүзеге асырады.

46. Зейнетақы немесе әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды тағайындау кезінде сақтандыру немесе еңбек стажына олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Комиссия Алқасы мүшесі, Одақ Сотының судьясы, лауазымды тұлға және қызметкер ретінде жұмыс істеген кезең есептеледі.

Комиссия Алқасы мүшесі, Одақ Соты судьясы, лауазымды тұлға және қызметкер ретінде жұмыс істеген кезең зейнетақы тағайындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру немесе еңбек стажына, ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.

47. Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің өз өкілеттіктерін орындау кезінде алған еңбекақысы зейнетақы мөлшерін айқындау кезінде олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, ал ал әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жөніндегі жәрдемақылардың мөлшерін айқындау кезінде келу мемлекетінің заңнамасына сәйкес есептеледі.

48. Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мынадай әлеуметтік кепілдіктер беріледі:

1) ұзақтығы күнтізбелік 45 күнге жыл сайынғы ақы төленетін демалыс;

2) медициналық қызмет көрсету, оның ішінде олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Одақ бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын көліктің қызмет көрсету;

3) Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ Комиссия Алқасының мүшелеріне, Одақ Сотының судьяларына қызметтік тұрғын үй-жай беру (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып);

4) Комиссия Алқасының өкілеттіктерді орындау кезеңін ол азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер) үшін көзделген әлеуметтік кепілдіктерді беру кезінде мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) стажына, сондай-ақ Комиссия Алқасының мүшесі азаматы болып табылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес министр (федералдық министр) үшін көзделген зейнетақымен (әлеуметтік) қамсыздандыру (зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы) мөлшерін (құқығын) айқындау кезінде министр (федералдық министр) өкілеттіктерін атқарудың ұзақтығына қосу;

5) Одақ Сотының судьясы азаматы болып табылатын мүше мемлекетте судьялық стажына Одақ Соты судьясының өкілеттіктерін атқару кезеңін қосу.

49. Комиссия Алқасының мүшелеріне және Одақ Сотының судьяларына берілетін әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуімен (оның ішінде медициналық және көліктік қызмет көрсетумен) байланысты мәселелерді келу мемлекетінің құзыретті органы шешеді.

50. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, өз өкілеттіктерін атқарып жүрген Комиссия Алқасының мүшелері (Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде көзделген өкілеттіктердің мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайларын қоспағанда (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) қартаюы (мүгедектігі) бойынша сақтандыру зейнетақысына ай сайынғы үстемеақы белгілетуге құқығы бар. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық министр үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленеді. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы белгілеу туралы шешімді зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функциядарды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды. Зейнетақыға ай сайынғы үстемеақы федералдық бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

51. Лауазымды тұлғаларға, қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде Одақтың бюджеті қаражаты есебінен медициналық қызметтер көрсетіледі, Комиссия департаменттерінің директорларына және Одақ Сотының Хатшылығының жетекшісіне де Одақтың бюджеті қаражаты есебінен көліктік қызмет көрсетіледі.

52. Одақ бюджеті қаражаты есебінен Одақтың тиісті органы орналасқан қала аумағында тұрғын үй алаңы жоқ лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге өз лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде қызметтік тұрғын үй-жай беріледі (олардың отбасы мүшелерін ескере отырып).

53. Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда жұмыс істегенге дейін федералдық (мемлекеттік азаматтық) қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда атқаратын лауазымынан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және 15 жылдан кем емес мемлекеттік азаматтық қызмет стажы бар Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, егер Комиссиядан босатылудың алдында олар кемінде 12 ай сол лауазымды атқарса, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген тәртіппен федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін тағайындалатын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы белгілеу туралы ұсынысты (шешімді) Комиссия Алқасының өтініші бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функциядарды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақының мөлшері лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің орташа жалақысының негізінде есептеледі, оның шекті мөлшері Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының Ресей Федерациясының Үкіметі бекітетін Ресей Федерациясының Үкіметі Аппаратындағы федералдық мемлекеттік азаматтық лауазымдарға сәйкестігі тізбесіне сәйкес мемлекеттік азаматтық қызмет лауазымдарына теңестіру бойынша белгіленген лауазымдық жалақыға (ақшалай сыйақыға) қарай айқындалады.

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша федералдық бюджет қаражаты есебінен тағайындалады.

54. Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері лауазымдарының жұмыс істеген кезеңдері мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметті өткеру кезеңінде әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу үшін және мемлекеттік қызметшілердің (федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілердің) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау үшін олар азаматтары болып табылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік (мемлекеттік азаматтық) қызметі стажына қосылады.

55. Комиссия Алқасы мүшелеріне, Одақ Соты судьяларына, лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне медициналық және көліктің қызмет көрсету тәртібін Үкіметаралық кеңес айқындайды.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 32 ҚОСЫМША




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет