Еуразиялық экономикалық комиссия


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылатын вирустар



бет5/12
Дата30.09.2024
өлшемі0.89 Mb.
#504138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
clco 31122015 188 doc 2

Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылатын вирустар
ТІЗБЕСІ

І. Пайдалы «модельдік» вирустар


Физикалық-химиялық құрылымдардың ауқымды жиынтығына ие ерекше емес «модельді» вирустар ретінде:


SV40 (макакалардың полиомавирусы 1), адам полиомиелитінің вирусы
1 (Сэбина), жануарлардың парвовирусы немесе кейбір басқа да қабықшасыз вирустар;
тұмау және паратұмау вирустары, Синдбис вирусы немесе орташадан ірі көлемдегі қабықшасыз басқа да РНК-вирустары;
ұшық вирусы (мысалы, ВПГ-1 немесе жалған құтыру вирусы) немесе орташадан ірі көлемдегі кейбір басқа да ДНК-вирустары пайдаланылады.
Көрсетілген вирустар тек қана мысал болып табылады, оларды пайдалану міндетті емес.
Кеміргіштердің жасушалық желісіне қатысты ерекше «модельдік» вирустар ретінде тышқандардың ретровирусы пайдаланылады.

II. Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылатын вирустар


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылатын кейбір вирустар А-1 кестесінде тізбеленген. Бұл тек қана үлгі тізбе болғандықтан және осы кестедегі қандай да бір вирусты пайдалану міндетті емес болғандықтан, өндірушілер басқа вирустарды, әсіресе, егер олар жекелеген өндіріс процесі үшін жақсы сай келетін болса, ұсынуға құқылы. Процестің, әдетте, өнімді әртүрлі сипаттамалары бар кем дегенде үш түрлі вирустан тазарту қабілетін талдау қажет.


A-1-кесте


Вирустардан тазарту жөніндегі зерттеулерде пайдаланылатын вирустар

Вирус

Тұқымдастығы

Тегі

Табиғи иесі

Геном

Қабықша

Өлшем
(нм)

Нысан

Резистенттілік

Везикулярлы стоматит вирусы

рабдовирустар

везикуловирус

жылқы,
сиыр

РНК

бар

70x150

оқ

төмен

Паратұмау вирусы

парамиксовирустар

парамиксовирус

әртүрлі

РНК

бар

100 – 200

плеосфера

төмен

Тышқандар лейкемиясы вирусы (MuLV)

ретровирустар

с типінің онковирусы

тышқан

РНК

бар

80 – 110



сфералық

төмен

Синдбис вирусы

тогавирустар

альфавирус

адам

РНК

бар

60 – 70

сфералық

төмен

Сиырлардың вирустық диареясы вирусы (BVDV)

флавивирустар

пестивирус

сиыр

РНК

бар

50 – 70

плеосфера

төмен

Жалған құтыру вирусы

ұшық вирустары




шошқа

ДНК

бар

120 – 200

сфералық

орташа

1 типті полиомиелит вирусы

пикорнавирустар

энтеровирус

адам

РНК

жоқ

25 – 30

икосаэдриялық

орташа

Энцефаломиокардит вирусы (EMC)

пикорнавирустар

кардиовирус

тышқан

РНК

жоқ

25 – 30

икосаэдриялық

орташа

Реовирус 3

реовирустар

ортореовирус

әртүрлі

РНК

жоқ

60 – 80

сфералық

орташа

SV40

паповавирустар

полиомавирус

маймыл

ДНК

жоқ

40 – 50

икосаэдриялық

өте жоғары

Парвовирустар (иттердің, шошқалардың)

парвовирустар

парвовирус

ит, шошқа

ДНК

жоқ

18 – 24

икосаэдриялық

өте жоғары

________________________
* Физикалық-химиялық әсерлерге резистенттілік өндіріс процестерін зерттеуге негізделген. Резистенттілік ерекше әсерге қатысты және вирус биологиясы мен өндіріс процесінің сипатын түсіну үшін пайдаланылады. Нақты нәтижелері әсер ету түріне байланысты болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарына биологиялық зерттеулер
жүргізу қағидаларының 2-тарауына
№ 3 ҚОСЫМША


Вирустарға сынау нәтижелерін интерпретациялаудың статистикалық
тәсілдеріне қойылатын
ТАЛАПТАР


  1. Вирустар титрін айқындау кезінде талдаулардың биологиялық әдістерінің бәріндегідей проблемалар туындайды. Зерттеудің дұрыстығын айқындау үшін вирустық титрлерді және олардың негізінде алынған вирустық жүктемелерді төмендету факторларын (коэффициенттерін) айқындау дұрыстығын (accuracy) болжау және әдістемелер валидациясын жүргізу қажет. Статистикалық талдаудың мақсаты вирусологиялық деректерге қатысты құзыреттілік деңгейіне қолдануға қолайлы зерттеулер жүргізуді растау болып табылады.

  2. Талдамалық әдістемелер сапалы және сандық болуы мүмкін. Сапалық әдістемелерге жануарларға инфекциялаушы қабілеттерді айқындау әдістемелері мен инфекцияланған және инфекцияланбаған жануарлардың немесе жасушалардың сандары тізбеленетін тін өсіндісіндегі инфекциялық дозалардың (TCID) әдістемесі жаталы. Одан кейін инфекцияланған жануарлардың немесе жасушалардың бойымен инфекцияланған титрлер айқындалады. Сандық әдістемелерде айқындалатын инфекциялық вирустық жүктемеге байланысты болады. Сандық әдістерге әрбір түйін бір инфекциялық бірлікке, ПТР нақты уақыт режимінде қолданылатын түйін қалыптасу әдістемесіне жатады. Қолдану нәтижелері сапалық та, сандық та талдамалық әдістемелер ретінде статистикалық өңдеуге жатады.

  3. Әдістемелер нәтижелерінің вариабельділігі араластыру кезіндегі қателіктермен, статистикалық (кездейсоқ) әсерлермен және не белгісіз, не бақылауға көне қоймайтын талдамалық жүйелердегі айырмашылықтармен байланысты болуы мүмкін. Әртүрлі циклдердің нәтижелерін салыстырған кезде (циклдер арасындағы вариациялар (between-assay variation)) мұндай әсерлердің шамасы бір цикл ішіндегі нәтижелерден (цикл ішіндегі вариация (within-assay variation)) жоғары болады.

  4. Бір цикл ішіндегі нәтижелердің сенімгерлік аралықтарының 95 % шегі әдеттегідей орташадан ± 0,5 lg аралыққа сыюға тиіс. Цикл ішіндегі түрленгіштік стандартты статистикалық тестілердің көмегімен бағаланады. Циклдер арасындағы түрленгіштікті салыстыру препаратын қосу әдістеме қолайлы болуы үшін зертханада белгіленген орташа мәннен ± 0,5 lg сыюға тиіс белсенділіктің (potency) мәнін қосу арқылы айқындауға болады. Тиісінше негіздеген кезде дәлме-дәлдігі нашар әдістемені пайдалануға жол беріледі.

  5. Мүмкіндігіне қарай «релеванттық» және ерекше «модельдік» вирустарды пайдалана отырып, тазарту жөніндегі зерттеулерде вирустық жүктемені төмендетудің белгіленген факторы (коэффициенті) үшін сенімгерлік аралықтарының 95 % шегін есептеу қажет. Егер сенімгерлік аралықтарының 95 % шегі шығыс материалдарын зерделеудің вирусологиялық әдістемелері үшін ± s, ал өңдеудің келесі кезеңінде материалдарды зерделеудің вирусологиялық әдістемелер үшін ± a тең болса, онда төмендету факторы (коэффициенті) үшін сенімгерлік аралықтарының 95 % шегі мынаған тең:



Вирустарды төмен концентрацияда табу ықтималдылығы

5. Вирус концентрациясы төмен болған кезде (мысалы, бір литрге
10 – 1000 инфекциялық бөлшектер) бірнеше миллилитр көлемдегі сынаманың құрамында инфекциялық бөлшектердің болмауы да мүмкін екені белгілі. Мұндай сынаманың құрамында инфекциялық вирустардың болмау ықтималдылығы (р) мынаған тең:

p = ( )n,


мұнда:
V – сынауға жататын материалдың жалпы көлемі (л);
v – сынама көлемі (л);
n – V көлемінде статистикалық бөлінген инфекциялық бөлшектердің абсолютті көлемі.
Егер V » v болса, онда теңдеу шамамен Пуассон бөлінісінде сипатталады:
p = e –cv,
мұнда c – бір литрге шаққандағы инфекциялық бөлшектердің концентрациясы, онда с шамасы мына формула бойынша айқындалады:

с = ln( )




Мысал: Егер сыналатын сынаманың көлемі 1 мл болса, нақты концентрациясы бір литрге 10 – 1000 инфекциялық бөлшектер диапазонында болатын вирустың болмауы ықтималдылығы (p) мынаған тең:

c

10

100

1000

p

0,99

0,90

0,37

Яғни, бір литрге 1000 вирус концентрацияланса, көлемі 1 миллилитр сынамалардың 37 %-ының құрамында вирустық бөлшектер болмайды.

  1. Егер сынамалардың бөлігі ғана вирусқа сыналса және нәтижелері теріс болса, нәтижелердің оң болуы үшін жалпы сынамалардың құрамында болуға тиіс вирустардың санын есептеу қажет. Алынған мәнді вирустық жүктемені төмендету факторын есептеу кезінде ескеру қажет.
    95 % сенімгерлік аралықты есептеу ұсынылады. Алайда, кейбір жағдайларда, материалдардың жеткілікті көлемінің болмауы салдарынан оларды есептеу мүмкін емес.

Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарына биологиялық


зерттеулер жүргізу қағидаларының
2-тарауына
№ 4 ҚОСЫМША




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет