Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


табылмайтын өзіндік ерекшелікті субсидиялар



бет42/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

табылмайтын өзіндік ерекшелікті субсидиялар

      78. Шаруашылық субъектілері, сондай-ақ шаруашылық субъектілерімен келісімшарт негізінде жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жүзеге асыратын зерттеу қызметіне арналған көмек, мұндай көмек өнеркәсіптік зерттеулер құнының 75 пайызынан аспайтын немесе бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер құнының 50 пайызынан аспайтын көлемін өтейтін жағдайда және ол тек:


      1) персоналға (зерттеушілер, техниктер және тек қана зерттеу қызметімен айналысатын басқа көмекші персонал) арналған шығыстарды;
      2) тек қана және тұрақты түрде зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын (коммерциялық негізде сатуды қоспағанда) аспаптарға, жабдыққа, жерге және құрылғыларға арналған шығыстарды;
      3) тек қана зерттеу қызметі үшін пайдаланылатын
консультациялық және балама қызметтерге арналған шығыстарды (ғылыми зерттеу нәтижелерін, техникалық білімді, патенттерді және т.б. сатып алуды қосқанда);
      4) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған қосымша үстеме шығыстарды;
      5) тікелей зерттеу қызметі нәтижесінде жұмсалған өзге де ағымдық шығыстарды (материалдарға, қамтамасыз етуге және т.б.) өтеу үшін ұсынылған жағдайда ғана, осындай көмек ретінде өзіндік ерекшелікті субсидияларды беру өтемақы шараларын қабылдау үшін негіз болып табылмайды.
      79. Осы бөлім мақсаттары үшін өнеркәсіптік зерттеулер жаңа тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді әзірлеуде, сондай-ақ қолданыстағы тауарларды, процестерді немесе көрсетілетін қызметтерді едәуір жақсарту үшін пайдалы болуы мүмкін деген
есеппен жаңа білімдерді ашуға бағытталған жоспарланған зерттеулерді немесе маңызды зерттеулерді білдіреді.
      Бәсекеге дейінгі кезеңдегі әзірлемелер өнеркәсіптік зерттеу нәтижелерін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз бірінші прототип жасауды қосқанда, сатуға немесе пайдалануға арналған жаңа, түрлендірілген немесе жақсартылған тауарлардың, технологиялық процестердің немесе көрсетілетін қызметтердің жоспарына, сызбасына немесе макетіне ауыстыруды білдіреді. Ол сондай-ақ тұжырымдаманың анықтамасын және балама тауарлардың, тәсілдердің немесе көрсетілетін қызметтердің дизайнын, сондай-ақ олар өнеркәсіптік қолдануға немесе коммерциялық пайдалануға арналмаған немесе сол үшін пайдаланылмаған жағдайда алғашқы демонстрациялық немесе пилоттық жобаларды қамтуы мүмкін. Ол қолданыстағы тауарлардағы, өндірістік желілердегі, өңдеу процестеріндегі, көрсетілетін қызметтердегі және өзге қарапайым операциялардағы ағымдық және мерзімдік өзгерістерге, мұндай өзгерістер жақсартуға әкелетін болса да, қолданылмайды.
      80. Өтем шараларын қабылдау үшін негіздер бермейтін осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген көмектің жол берілетін деңгейі белгілі бір жобаны жүзеге асыру кезеңінде шеккен тиісті шығыстардың жалпы сомасына қатысты белгіленеді.
      Өнеркәсіптік зерттеулерді біріктіретін бағдарламалар іске асырылған бәсекелестік сатысында әзірленген жағдайда шаралар қабылдау үшін негіз болмайтын көмектің рұқсат берілген деңгейі осы екі санат үшін рұқсат етілген деңгейдің осы Хаттаманың 78-тармағында көрсетілген барлық шығыстар ескеріле отырып есептелген орташа арифметикалық мәнінен жоғары болмауға тиіс.
      81. Осы Хаттаманың ережелері жоғары оқу орындары немесе ғылыми мекемелер тәуелсіз жүргізетін іргелі ғылыми зерттеулерге қатысты қолданылмайды. Іргелі зерттеулер өнеркәсіптік немесе коммерциялық мақсаттармен байланысты емес жалпы ғылыми және техникалық білімді кеңейтуді білдіреді.
      82. Мүше мемлекеттің аумағындағы қолайсыз өңірлерге жалпы өңірлік даму шеңберінде ұсынылатын көмек ерекше емес болып табылады (осы Хаттаманың I бөлімінің мағынасында) және:
      1) әрбір қолайсыз өңір нақты белгіленген тұтас әкімшілік және экономикалық аймақ болып табылса;
      2) мұндай өңір оның қиындықтары тек уақытша жағдайларға ғана байланысты туындамайтынын көрсететін бейтарап және объективті критерийлердің негізінде қолайсыз өңір ретінде қаралса (мұндай критерийлер оларды тексеру мүмкін болу үшін заңдарда, қағидаларда немесе өзге ресми құжаттарда нақты айқындалуы тиіс);
      3) критерийлер үш жылдық кезеңде өлшенген мынадай көрсеткіштердің кемінде біреуіне:
      халықтың жан басына шаққандағы табыс немесе үй шаруашылығына шаққандағы табыс немесе осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің 85 пайызынан аспауы тиіс халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлеміне;
      осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің кемінде 110 пайызын құрауы тиіс жұмыссыздық деңгейіне негізделген экономикалық даму өлшемін қамтиды (мұндай өлшем кешенді болуы және басқа да көрсеткіштерді қамтуы мүмкін).
      83. Осы бөлім түсінігінде өңірлік дамудың жалпы шеңберлері өңірлік субсидиялау бағдарламалары ішкі реттік және әмбебап қолданылатын өңірлік даму саясатының бөлігі болып табылатынын және өңірлік дамуға арналған субсидиялар өңірдің дамуына әсер етпейтін немесе көп әсер етпейтін жекелеген географиялық пункттерге берілмейтінін білдіреді.
      Бейтарап және объективті критерийлер белгілі бір өңірлерге өңірлік даму саясаты шеңберінде өңірлер арасындағы айырмашылықтарды жою немесе қысқарту үшін қажетті жеңілдіктерден басқа жеңілдіктер бермейтін критерийлерді білдіреді. Осы тұрғыда өңірлік субсидиялау бағдарламалары әрбір субсидияланатын жоба бойынша ұсынылуы мүмкін көмектің ең жоғары сомаларын қамтуы тиіс. Мұндай ең жоғары сомалар көмек көрсетілетін өңірлердің даму деңгейіне байланысты сараланған болуы және инвестицияларға арналған шығыстар немесе жұмыс орындарын құруға арналған шығыстар түрінде көрсетілуі тиіс. Осы сомалардың шеңберінде көмек осы Хаттаманың II бөлімінде көзделгендей субсидиялардың басым қолданылуына немесе белгілі бір кәсіпорындарға үлкен сомалардың тең көлемде ұсынылмауына жол бермеу үшін кеңінен таратылады.
      84. Жәрдемдесу:
      1) бір жолғы, қайталанбайтын шара болып табылса;
      2) бейімделу бойынша шығыстардың 20 пайызынан аспайтын көлемін құраса;
      3) кәсіпорынға жүктелуі тиіс субсидияланатын жабдықты ауыстыруға және пайдалануға арналған шығыстарды өтемесе;
      4) фирманың пропорционалды жоспарланған ластауды қысқартуымен тікелей байланысты болса және қол жеткізілуі мүмкін өндірістік шығыстарға арналған үнемдеуді өтемесе;
      5) жаңа жабдыққа және (немесе) өндірістік процестерге ауысуы мүмкін барлық фирмалар үшін қолжетімді болса, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтардың қосымша шектеулерге және фирмалар үшін қаржылық ауыртпалықтарды күшейтуге әкелетін заңнамамен және (немесе) нормативтік актілермен қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты жаңа талаптарға бейімделуіне жәрдемдесу қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарды (қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа талаптар енгізілгенге дейін кемінде екі жыл пайдаланылған өндірістік қуаттылықтарды) білдіреді.

VIII. Өтем шараларын және қарымта шараларды енгізу және қолдану



      85. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органы өзге мүше мемлекеттердің аумағында ұсынылатын субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі туралы зерттеуді немесе өзге мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шараларды қолдануын айқындау үшін осы Хаттаманың V бөлімінде белгіленген тәртіппен зерттеу жүргізуге құқылы. Зерттеуге бастама жасаған құзыретті орган мүше мемлекеттерге зерттеудің басталатыны туралы хабарлайды. Құзыретті органдар зерттеудің жүргізілу барысы туралы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
      86. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органы жүргізілген тексеру нәтижесінде өзге мүше мемлекеттің субсидиялаушы органы арнайы субсидия ұсынатынын және осы арнайы субсидия құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтіретінін анықтаған жағдайда мұндай құзыретті орган осы мүше мемлекетке өтем шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Көрсетілген өтініште субсидиялардың осы Хаттама ережелеріне сәйкес келмеуі туралы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
      87. Осы Хаттаманың 6-тармағына сәйкес жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүше мемлекеттердің біреуінің ұлттық экономика саласына залал келтірілгенін растаған жағдайда мұндай мүше мемлекеттің құзыретті органы субсидиялаушы мүше мемлекетке өтем шараларын енгізу туралы өтініш беруі мүмкін. Өтем шараларын енгізу туралы өтініште Шарттың 96-бабы 6-тармағының 3-тармақшасына сәйкес субсидияларға жол бермеу туралы дәлелдемелер келтірілуі тиіс.
      Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағына сәйкес Комиссиямен келісілген субсидияларға өтем шараларын қолданбайды.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану осы Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      88. Өтем шараларын қолдану туралы өтінішті оны алған мүше мемлекет 2 айдан аспайтын мерзімде не дауларды шешу нәтижелері бойынша ерікті түрде қанағаттандыруы мүмкін.
      89. Заңдылығын мұндай мүше мемлекет ерікті түрде немесе дауларды шешу нәтижелері бойынша таныған өтем шараларын қолдану туралы өтінішті алған мүше мемлекет немесе Шарттың 93-бабына сәйкес дауларды шешу нәтижесі бойынша өтем шарасын өтінішке сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде енгізеді.
      90. Осы Хаттаманың 89-тармағына сәйкес енгізілген өтем шарасы ұсынылған субсидияға өтем шарасын қолдану туралы өтініште көрсетілген сомадан және осы ақшалай қаражатты (мүлікті) пайдаланудың барлық кезеңі ішіндегі осы сомаға есептелген пайыздан құралады.
      Субсидия сомасы осы Қосымшаға сәйкес есептеледі.
      Пайыз мөлшерлемесі субсидия ұсынылған сәтте қолданыста болған және субсидиялаушы орган субсидия берген мүше мемлекеттің Ұлттық (Орталық) банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің бір жарым мөлшеріне тең. Бұл ретте пайыздық мөлшерлеме субсидия ұсынылған күннен бастап өтем шарасы орындалған күнге дейінгі барлық кезеңге қатысты күрделі пайызды қолдану арқылы есептеледі.
      Күрделі пайыз алдыңғы жылы есептелген пайыздары бар сомаға жыл сайын есептелетін пайызды білдіреді.
      91. Өтем шарасы тиісті пайызы есепке алынған субсидия сомасы субсидияны алушыдан алынғаннан кейін және субсидиялаушы органы субсидия ұсынған мүше мемлекеттің бюджетіне аударылғаннан кейін орындалған болып табылады.
      92. Өтем шарасы ол осы Хаттаманың 91-тармағында көрсетілген көздерден басқа кез келген көздерден алынса, орындалған болып табылмайды.
      Өтем шарасының алу көздері субсидияны алушының өтем шарасын құрайтын қаражатты төлеуден жалтаруға жол бермеу үшін ғана талапкер мемлекеттің және жауапкер мемлекеттің өзара келісімі бойынша өзгеруі мүмкін.
      93. Өтем шарасының орындалуы өтем шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтініш орындалған болып табылуы үшін жеткілікті негіз болып табылады. Бұл ретте, мүше мемлекет өтем шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті мұндай өтініш қанағаттандырылған күннен бастап күнтізбелік 1 жылдан аспайтын мерзімде орындайды.
      94. Егер мүше мемлекет өтем шарасын қолдану туралы қанағаттандырылған өтінішті белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда өтініш берген мүше мемлекет өтем шарасы көлеміне шамамен тең келуі тиіс қарымта шараларды қолдану мақсатында дауларды шешу жөніндегі шараға бастама жасауға құқылы.
      Осы Хаттама мақсаттары үшін қарымта шаралар ретінде қарымта шараны енгізетін мүше мемлекеттің қарымта шарасы енгізілетін мүше мемлекетке қатысты (мұнай және газ салаларына қатысты шараларды қоспағанда) олардың арасында жасалған сауда-экономикалық сипаттағы қолданыстағы шарттардан туындайтын өз міндеттемелерін орындауын уақытша тоқтата тұру ұғынылады.
      Қарымта шаралар уақытша сипатқа ие және оларды талапкер мүше мемлекет осы Шарттың ережелерін бұзатын шара жойылғанға дейін немесе Шарттың ережелеріне сәйкес келетіндей етіп өзгертілгенге дейін немесе мүше мемлекеттер өзгеше келісімге қол жеткізгенге дейін ғана қолданады.

IX. Хабарламалар



      95. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға кезекті жылы федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейлерде ұсыну жоспарланып отырған барлық субсидиялар туралы хабарлайды.
      Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 76-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсынылатын субсидиялар туралы ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызбайды.
      96. Осы Хаттаманың 95-тармағына сәйкес хабарламаларға арналған ақпарат көзі федералды/республикалық бюджет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер бюджеттері жобаларының шығыс бөлігі болып табылады.
      97. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде есепті тоқсан ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарлама жібереді.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану осы Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      98. Мүше мемлекеттер (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары) біріне-бірі және Комиссияға федералдық (республикалық) және өңірлік (муниципалдық, жергілікті) деңгейде мүше мемлекеттің аумағында есепті жыл ішінде ұсынылған субсидиялар туралы белгіленген нысан бойынша хабарламаны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жібереді. Хабарламада өзге мүше мемлекеттің уәкілетті органы және Комиссия ұсынылған субсидиялардың сомасын және олардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігін бағалай алуы үшін жеткілікті ақпарат қамтылуы тиіс.
      99. Осы бөлімде көзделген мүше мемлекеттердің (мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының) субсидиялар туралы хабарламаларының нысаны, сондай-ақ оларды толтыру тәртібін мүше мемлекеттермен келісу бойынша Комиссия бекітеді.
      100. Хабарламаларда мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) субсидиялау бағдарламасының атауы (ол болған жағдайда), субсидияның қысқаша сипатталуы немесе белгіленуі (мысалы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту»);
      2) хабарлама ұсынылатын есепті кезең;
      3) субсидияның негізгі нысанасы және (немесе) мақсаты (субсидияны ұсыну мақсаттары бойынша деректерді әдетте субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актіден табуға болады);
      4) субсидияны ұсыну үшін негіз (оған сәйкес субсидия ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің атауы, сондай-ақ осы актінің қысқаша сипаттамасы);
      5) субсидия нысаны (грант, қарыз, салық жеңілдігі және т.б.);
      6) субъект (өндіруші, экспорттаушы немесе басқа тұлға) және субсидия беру тәсілі (субсидия кімге және қалай ұсынылады (тауар бірлігіне белгіленген немесе ауыспалы сомамен) (екінші нұсқада соманы айқындау тетігі көрсетіледі), сондай-ақ субсидияны ұсыну тетігі және оны беру шарттары;
      7) субсидия мөлшері (субсидияға қаржыландырылған жылдық немесе жалпы сома, мүмкіндігінше, өнім бірлігіне арналған субсидия);
      8) субсидия қолданысының мерзімі және (немесе) субсидияға қатысты қолданылатын кез келген басқа уақытша шектеу (субсидияның ашылу (жабылу) күнін қоса алғанда);
      9) саудаға әсері жөніндегі деректер (субсидиялардың саудалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер).
      101. Осы Хаттаманың 100-тармағында көрсетілген ақпарат, мүмкіндігінше, субсидияланатын тауарларды немесе секторларды өндіру, тұтыну, олардың импорты мен экспорты бойынша:
      1) статистикалық мәліметтер бар соңғы үш жылдағы;
      2) алдыңғы жылдағы - субсидияны енгізу алдындағы немесе субсидияның соңғы маңызды өзгерісінің алдындағы соңғы жыл
ішіндегі статистикалық мәліметтерді қамтуы тиіс.

Өнеркәсіптік субсидиялар берудің


бірыңғай қағидалары туралы хаттамаға
қосымша           

Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы


хаттаманың ережелері қолданылмайтын шаралар
тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.




Шараның сипаттамасы

Шараға қатысты өтпелі кезең

I. Беларусь Республикасы

Беларусь Республикасы Президентінің «Жеңіл автомобильдерді дамыту жөніндегі шаралар туралы» 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 175 Жарлығына және «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне* сәйкес жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар

егер Беларусь Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада өзгеше көзделмесе, 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін

II. Қазақстан Республикасы

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына сәйкес экспортқа бағдарланған өндірістердің банктер кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау

2011 жылғы 1 шілдеге дейін кредиттік ұйымдар берген кредиттер бойынша 2016 жылғы 1 шілдеге дейін

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 99-IV Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына және 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін қойма аумағынан әкету кезінде кеден баждары мен салықтардан жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес қазақстандық деп танылған тауарларды босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін

3. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне еркін қойма аумағынан әкету кезінде кеден баждары мен салықтардан жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес қазақстандық деп танылған тауарларды босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына және Кеден одағы комиссиясының «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне* сәйкес жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар

егер Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада өзгеше көзделмесе, 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін

5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттардағы жергілікті қамтым

егер Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада өзгеше көзделмесе, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін

6. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Қазақстан Республикасының Заңына және «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) және дауыс беру акцияларының 50 %-ын және одан көбін (қатысу үлесін) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей және жанама иеленетін ұйымдарда, сондай-ақ мемлекетке тікелей және жанама тиесілі компанияларда сатып алудағы жергілікті қамтым мемлекеттің үлесі 50 %-ын және одан көбін құрайтын)

егер Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада өзгеше көзделмесе, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін

ІІІ. Ресей Федерациясы

1. Ресей Федерациясы Президентінің «Отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін инвестициялар тарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1998 жылғы 5 ақпандағы № 135 Жарлығының, Ресей Федерациясы Үкіметінің «Ресей Федерациясының Кеден тарифіне өнеркәсіптік алымдар үшін алынатын автокомпоненттерге қатысты өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 29 наурыздағы № 166 қаулысының және Кеден Одағы комиссиясының «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» 2009 жылғы 29 қарашадағы № 130 шешімінің ережелерін қамтитын 2011 жылғы 28 ақпанға дейін жасалған инвестициялық келісімдерге қатысты шаралар*

өтпелі кезең оларға қол қою кезінде белгіленген келісімдердің қолданылу мерзіміне сәйкес келеді және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Ресей Федерациясы мен Марракеш келісіміне қосылу туралы 2011 жылғы 16 желтоқсандағы Хаттамада көзделген күнтізбелік 2 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін

2. «Калининград облысындағы ерекше экономикалық аймақ туралы және Ресей Федерациясының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 16-ФЗ Федералдық Заңға сәйкес қолданылатын шаралар

2016 жылғы 1 сәуірге дейін

IV. Армения Республикасы


Жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес армяндық деп танылған тауарларды «Еркін экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 18 маусымдағы Армения Республикасының Заңына, Армения Республикасы Үкіметінің «Шығарылған елдің сертификаттарын беру және сараптама жүргізу тәртібін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1772-Н қаулысына, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге, 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге сәйкес еркін экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қомалар аумағынан Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар мен салықтардан босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін».

______________
      * Жоғары кеңес бекітетін, мүше мемлекеттердің аумақтарында «моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру» ұғымын қолданудың шарттарын ескере отырып қолданылады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа 
№ 29 ҚОСЫМША   

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы


ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы


шарттың 94 және 95-баптарына сәйкес әзірленген және осы
Хаттаманың II бөлімінде көрсетілген тауарларға қатысты (бұдан әрі -
ауыл шаруашылығы тауарлары) қолданылады.
      2. Осы Хаттамада қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «әкімшілік-аумақтық бірліктер» – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының (Минск қаласын қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының (Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда) әкімшілік-аумақтық бірліктері, Ресей Федерациясының субъектілері мен муниципалдық құрылымдары;
      «ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау» - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүддесінде тікелей немесе олардың өкілетті агенті арқылы мүше мемлекеттің үкіметі немесе өзге мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары көрсететін қаржылай көмек;
      «субсидиялаушы орган» - ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды көрсету саласында шешімдер қабылдауды іске асыратын мүше мемлекеттердің бір немесе бірнеше мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары. Субсидиялаушы орган мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілетті агентке (кез келген ұйымға) ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ұсынуға жататын, өзіне жүктелген бір немесе бірнеше қызметті орындауға жазбаша нұсқама беруі немесе тапсыруы мүмкін. Өкілетті агенттің (кез келген ұйымның) мұндай іс-қимылы субсидияланатын органның іс-қимылы ретінде қаралады.
      Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бағытталған мүше мемлекет басшысының іс-қимылы субсидиялаушы органның іс-қимылы ретінде қаралады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V  Заңымен.

I. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары



      3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мыналарға бөлінеді:
      1) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар (бұдан әрі - саудаға бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шаралар);
      2) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі - саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар);
      3) мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарымен өзара
саудасына бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар (бұдан әрі — саудаға
бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар).
      4. Осы Хаттаманың III бөлімінде көрсетілген шаралар саудаға
бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шараларға жатады. Саудаға
бұрмалаушы әсерін тигізбейтін шараларды мүше мемлекеттер
шектеусіз қолдануы мүмкін.
      5. Саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін
шараларға мыналар жатады:
      берілуі осы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін мүше мемлекеттің аумағынан кез келген басқа мүше мемлекеттің аумағына ауыл шаруашылығы тауарын шығару нәтижелерімен жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде байланысқан, іске асырылған немесе келешекте іске асырылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;
      нақты тауарлар, олардың көлемі, құны, отандық тауарларды өндіру немесе пайдалану құнының немесе көлемі үлесінің, отандық тауарларды пайдаланатын өндірісті оқшаулау деңгейінің айқындалуына қарамастан, берілуі бұл мүше мемлекеттің аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру кезінде мұндай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды көрсететін мүше мемлекет аумағында шығарылатын ауыл шаруашылығы тауарларын пайдалану мен бірнеше шарттардың ішінен бір немесе жеке шарт ретіне байланысты ұсынылатын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары;
      Үлкен дәрежеде сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі осы Хаттаманың IV бөлімінде көрсетілген.
      6. Мүше мемлекеттер саудаға үлкен дәрежеде бұрмалаушы
әсерін тигізетін шараларды қолданбайды.
      7. Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға осы
Хаттаманың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген саудаға үлкен
дәрежеде бұрмалаушы әсерін тигізетін шараларға қатысы болмайтын
шаралар жатқызылады.
      8. Рұқсат етілген көлем секілді айқындалатын, ауыл
шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемінің жалпы өндірілген ауыл
шаруашылығы тауарларының жалпы құнына пайыздық қатынасы
ретінде есептелетін, саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралардың
деңгейі осы тармақтың үшінші абзацына сәйкес міндеттемелер
күшіне енгенге дейін 10 пайыздан артық болмауға тиіс.
      Саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралардың рұқсат етілген деңгейін есептеу әдіснамасын мүше мемлекеттер халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірлейді және оны Комиссия Кеңесі бекітеді.
      Мүше мемлекеттердің саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері көрсетілген әдіснамаға сәйкес белгіленеді және оны Жоғары кеңес бекітеді.
      Осы тармақтың ережелерін қолдану Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 106-бабында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      9. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекет кіргеннен кейін
аталған мүше мемлекеттің ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылдаған саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралар бойынша міндеттемелері оның Одақ шеңберіндегі міндеттемелері болады.
      10. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемдерін
есептеу осы Хаттаманың 8-тармағында көзделген, саудаға
бұрмалаушы әсерін тигізетін шаралардың рұқсат етілген деңгейін
есептеу әдіснамасы ескеріле отырып, осы Хаттаманың V бөліміне
сәйкес жүзеге асырылады.

II. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бірыңғай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет