жөніндегі құқық қолдану шаралары
41. Одақ шеңберінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі мүше мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 27 ҚОСЫМША
Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА
1. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«экономикалық қызметтің басым түрлері» - өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға арналған басымдықтар ретінде барлық мүше мемлекеттер айқындайтын қызмет түрлері;
«өнеркәсіптік кооперация» - мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өнеркәсіп саласындағы өзара тиімді орнықты ынтымақтастығы;
«Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясат» - мүше мемлекеттердің дербес және Комиссияның консультациялық қолдауымен және үйлестіруімен жүзеге асыратын, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметі;
«өнеркәсіп» - экономикалық қызмет түрлерінің ұлттық сыныптауыштарына сәйкес тағамды қайта өңдеуді қоспағанда, өндірілетін және өңделетін өнеркәсіпке жататын қызметтің экономикалық түрлерінің жиынтығы. Өнеркәсіптік қызметтің басқа түрлері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың тиісті бөліктеріне сәйкес реттеледі;
«өнеркәсіптік кластер» - өзара байланысты өнеркәсіптік және бірін-бірі өзара толықтыратын және соның есебінен өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтатын онымен байланысты ұйымдардың тобы;
«технологиялық тұғырнама» - тиімді коммуникацияны қамтамасыз етуге және барлық мүдделі тараптардың (бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдар) қатысуы негізінде перспективалық коммерциялық технологияларды, жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін инновациялық инфрақұрылым объектісі.
2. Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттердің қызметін консультациялық қолдау және үйлестіру шеңберіндегі Комиссияның өкілеттіктері:
1) мыналарға:
ақпарат алмасуға, консультациялар жүргізуге, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде инновациялық қызметтің перспективалық бағыттарын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылау үшін бірлескен алаңдар қалыптастыруға;
Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асыруда мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге;
өнеркәсіптегі реформаларды және құрылымдық қайта құруды жүргізуге, инновациялық қызметті ынталандыруға, өнеркәсіпті дамытуға байланысты мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға;
бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен іске асыруға;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендері үшін тәжірибе алмасу бағдарламаларын әзірлеуге;
мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік кооперацияға тартуға;
ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға;
мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы жаһандық экономикалық дағдарыстардың салдарына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларын әзірлеуге және іске асыруға;
еуразиялық технологиялық тұғырнамаларды қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге жәрдемдесу;
2) мыналарды:
мүше мемлекеттердің оған қатысушылардың әрқайсысының мүдделерін ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдарын қарауға енгізуді;
Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыруға мониторинг жүргізуді және талдауды;
мүше мемлекеттер үшін өзекті өнеркәсіпті дамыту әдістерін айқындау мақсатында өнеркәсіптік дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеуді жүзеге асыруды;
3) Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша мыналарды:
бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережелердің жобаларын дайындауды;
Одақ шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту жолындағы әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтауды және оларды кейіннен жою бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
бірлескен өнім өндірудің кооперациялық тізбегін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
Одақ шеңберінде өнеркәсіп өнімінің нарығына, сондай-ақ үшінші елдердің экспорттық нарықтарына мониторинг жүргізуді;
мүше мемлекеттердің өнеркәсібін дамытуды талдауды;
мүше мемлекеттермен бірлесіп, Одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік саясатты іске асырудың қағидалары, тәртібі мен тетіктері сияқты өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзге де (қосымша) құжаттарды, сондай-ақ ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісімдер әзірлеуді жүргізу болып табылады.
Көрсетілген функциялар тізбесі толық болып табылмайды және ол Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша кеңейтілуі мүмкін.
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 28 ҚОСЫМША
Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы
ХАТТАМА
I. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 93-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидиялар беруді реттейтін, оның ішінде өнеркәсіптк тауарларды өндірумен, өткізумен (сақтауды, мүше мемлекеттің аумағынан әкетуді және тасымалдауды қоса алғанда) және (немесе) тұтынумен тікелей байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе алу кезіндегі бірыңғай қағидаларды белгілейді.
2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Армения Республикасының, Беларусь Республикасының (Минск қаласын қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының (Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда) әкімшілік-аумақтық бірліктері, Ресей Федерациясының субъектілері мен муниципалдық құрылымдары;
«ұқсас тауар» - тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылатын тауарға толығымен сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмағанда тауарды өндіру, мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылатын тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
«өтемақы шарасы» - осы шараны енгізуге өтініш берген мүше мемлекеттің экономика саласына субсидиялаушы мүше мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидияларының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
«құзыретті орган» - мүше мемлекеттің тергеп-тексеру жүргізуге жауапты мемлекеттік билік органы;
«ұлттық экономика саласына материалдық залал» - тауарды өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкелу салдарынан болған және мүше мемлекеттік аумағында ұқсас тауарды өндіру мен өткізу көлемінің қысқаруынан, осындай тауарды өндіру рентабельділігінің төмендеуінен, тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейіне және осы салаға салынатын инвестициялардың деңгейіне теріс әсер етуден көрінетін ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдермен расталған нашарлауы;
«ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер» - тергеп-тексеру жүргізетін мүше мемлекеттегі ұқсас тауарды өндірушілер;
«ұлттық экономика саласы» - мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірушілердің барлығы не олардың мүше мемлекеттегі ұқсас тауар өндірудің жалпы көлемінде үлесі кемінде 25 пайызды құрайтындары;
«субсидия алушы» - субсидиядан пайда табушы болып табылатын өнеркәсіптік тауарды өндіруші;
«субсидияланатын тауарды өндірушілер» - өзіндік ерекшелікті субсидияны берген мүше мемлекеттің субсидияланатын тауарын өндірушілер;
«өнеркәсіптік тауарлар» - 25 - 97 ЕАЭО СЭҚ ТН топтарында сыныпталатын тауарлар, сондай-ақ 2905 43 000 0, 2905 44 қосымша позицияларында, 3301, 3501 - 3505 позицияларында, 3809 10 және 3824 60 қосымша позицияларында, 4101 - 4103, 4301, 5001 00 000 0 - 5003 00 000 0, 5101 - 5103, 5201 00 - 5203 00 000 0, 5301, 5302 позицияларында (2905 43 000 0 қосымша позициясы - маннит, 2905 44 қосымша позициясы - сорбит, 3301 позициясы - эфир майлары, 3501 - 3505 позициялары - альбуминоидтық заттар, түрлендірілген крахмалдар, желімдер, 3809 10 қосымша позициясы - сыртқы қабатын өңдеуге арналған заттар, 3824 60 қосымша позициясы - сорбитол, басқа да өнімдер, 4101 - 4103 позициялары - терілер мен былғары шикізаты, 4301 позициясы - өңделмеген аң терісі, 5001 00 000 0 - 5003 00 000 0 позициялары - жібек-тазартылмаған жібек және жібек қалдықтары, 5101 - 5103 позициялары - жүн және жануарлар қылы, 5201 00 - 5203 00 000 0 қосымша позициялары - шитті мақта, мақта қалдықтары, түтілген мақта талшықтары, 5301 позициясы - аршылмаған зығыр, 5302 позициясы - аршылмаған кендір) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес сыныпталатын тауарларды қоспағанда, балық және балық өнімдері. Тауарлардың келтірілген сипаттамасының толық болуы міндетті емес.
ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодтарының тізбесіне өзгерісті Комиссия Кеңесі енгізеді;
«субсидияланатын тауар» - өндіру, тасымалдау, сақтау немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылған өнеркәсіптік тауар;
«субсидиялаушы мүше мемлекет» - субсидиялаушы орган субсидиялар беретін мүше мемлекет;
«субсидиялаушы орган» - мүше мемлекеттердің субсидия беру саласында шешімдер қабылдайтын бір немесе бірнеше органы не жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
«субсидия»:
а) нәтижесінде артықшылық берілетін (қамтамасыз етілетін) және:
ақша қаражаттарын тікелей аудару (мысалы, қайтарылмайтын несие, кредиттер түрінде) немесе жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу немесе оны ұлғайту немесе осындай қаражаттарды аудару жөніндегі міндеттеме (мысалы, кредиттер бойынша кепілдік);
мүше мемлекеттің кірісіне түсуі тиіс болған төлемдерді алудан толық немесе ішінара бас тарту (мысалы, салықтық жеңілдіктер, борышты есептен шығару) арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялаушы органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу. Бұл ретте, ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын баждар мен салықтардан экспортталатын өнеркәсіптік тауарды босату не осындай баждар мен салықтарды азайту не іс жүзінде есепке жазылған сомадан аспайтын мөлшерде осындай баждар мен салықтарды қайтару субсидия ретінде қарастырылмайды;
тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсыну (жалпы инфрақұрылымды қолдау және дамыту үшін арналған өнеркәсіптік тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді қоспағанда);
өнеркәсіптік тауарларды сатып алу арқылы жүзеге асырылатын, субсидиялаушы органдарға көрсетілетін (немесе мүше мемлекет уәкілеттік берген құрылымға) қаржылық жәрдемдесу;
б) кез келген мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауардың әкелінуін қысқартуға немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауардың әкетілуін ұлғайтуға қолданылатын (тікелей немесе жанама), соның нәтижесінде артықшылық берілетін, кірістер мен бағаларды қолдаудың кез келген басқа нысаны;
«ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері» - ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған болмай қоймайтындығы;
«ұлттық экономика саласына залал» - ұлттық экономика саласына материалдық залал, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қатері немесе ұлттық экономика саласын құруды едәуір баяулату.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.
II. Өзіндік ерекшелікті субсидиялар
3. Субсидиялаушы органның өкілеттілігі қолданылатын аумақтың шегінде субсидия өнеркәсіп кәсіпорны немесе өнеркәсіп саласы немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар топтары немесе өнеркәсіп салалары (бұдан әрі - белгілі бір кәсіпорындар) үшін ерекше болып табылатынын айқындау үшін мынадай қағидаттар қолданылады:
1) егер субсидиялаушы орган немесе оған сәйкес субсидиялаушы орган әрекет ететін құқықтық акт белгілі бір кәсіпорындар үшін ғана субсидияларға қол жеткізуді айқын шектесе, мұндай субсидия - өнеркәсіптік кәсіпорындар тобына немесе өнеркәсіп салаларының тобына субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағындағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе өнеркәсіп салалары кірмейтін жағдайда, ерекше ретінде қаралады;
2) егер субсидиялаушы орган немесе оған сәйкес субсидиялаушы орган әрекет ететін құқықтық акт субсидияны алуға және оның мөлшеріне құқықты айқындайтын объективті критерий немесе шарттар (бейтарап болып табылатын, кейбір кәсіпорындар үшін басқа кәсіпорындармен салыстырғанда артықшылықтар бермейтін, сипаты жағынан экономикалық және қолдану тәсіліне қарай деңгейлес болып табылатын критерийлер, мысалы, жұмыспен қамтылғандар саны немесе кәсіпорындардың мөлшері сияқты) белгілесе, мұндай субсидия - оны алу құқығы автоматты болған кезде және осындай критерийлер мен шарттар қатаң түрде орындалған кезде ерекше ретінде қаралмайды. Критерийлер мен шарттар заңда, нұсқаулықта, құқықтық актіде немесе басқа да ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай анықталуы тиіс;
3) егер, осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген
қағидаттарды қолданудан туындайтын ерекшелік болмаудың көрінуіне қарамастан, субсидия шын мәнінде ерекше болуы мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мынадай факторлар назарға алынуы мүмкін (бұл ретте, субсидиялаушы органның өкілеттігі қолданылатын аумақ шегіндегі экономикалық қызметті әртараптандыру дәрежесі, сондай-ақ осындай субсидия қолданылатын уақыт ұзақтығы ескерілгені жөн):
белгілі бір кәсіпорындардың шектеулі санының субсидияны пайдалануы;
белгілі бір кәсіпорындардың субсидияны артықшылықпен пайдалануы;
кейбір кәсіпорындарға субсидиялардың қомақты сомасының пропорционалды емес бөлінуі;
субсидия беру туралы шешім қабылдау кезінде субсидиялаушы орган ие дискреттілікті пайдалану тәсілі (осы тұрғыдан, көбінесе, субсидиялауға өтінімдерден бас тарту немесе оны мақұлдау жиілігі туралы ақпарат және тиісті шешімдердің уәжі назарға алынады).
4. Субсидиялаушы органның өкілеттілігі қолданылатын
аумақтың бір бөлігі болып табылатын, белгіленген географиялық
өңірде орналасқан белгілі бір кәсіпорындардың пайдалануы шектелген субсидия ерекше болып табылады. Мүше мемлекеттің мемлекеттік органының өзінің өкілеттігі қолданылатын бүкіл аумақ шегінде қолданылатын салықтық мөлшерлемелерді енгізуі немесе өзгертуі өзіндік ерекшелікті субсидия ретінде қаралмайды.
5. Осы хаттаманың III бөлімінің ережесіне сәйкес келетін кез
келген субсидия ерекше ретінде қаралады.
Осы бөлімге сәйкес субсидияның өзіндік ерекшелікті болып табылу фактісін анықтау субсидия ерекшелігі болуының дәлелдемелеріне негізделеді.
6. Мүше мемлекет өзіндік ерекшелікті субсидия беруін келісу мақсатында Комиссияға өтініш білдіруге құқылы.
Мүше мемлекеттер Комиссиямен келісілген мерзімде, шарттарда және көлемдерде берілетін субсидияларға өтемақы шараларын қолданбайды.
Мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта белгіленген мерзімде міндетті хабар беру тәртібімен өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруді көздейтін нормативтік құқықтық актілерді Комиссияға жолдайды.
Егер өзіндік ерекшелікті субсидияны басқа мүше мемлекеттің беруі мүше мемлекеттердің біреуінің ұлттық экономика саласына залал келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіз болса, онда мұндай мүше мемлекет Комиссияның тиісті талқылау жүргізуіне бастамашылық етуге құқылы.
Талқылау қорытындылары бойынша ұлттық экономика саласына залал келтірілгені расталған жағдайда, онда Комиссия мұндай өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекет, егер талқылауға тартылған мүше мемлекеттер осы Хаттаманың 7-тармағында көзделген, Одақ шеңберінде халықаралық шартта белгіленген мерзім ішінде өзгеше уағдаласпаса, залалға әкеп соқтырған жағдайларды жоюға міндетті деп шешім қабылдайды.
Комиссия осындай шешімді орындау үшін ақылға қонымды мерзім белгілейді.
Егер өзіне қатысты көрсетілген шешім қабылданған мүше мемлекет Комиссияның осы шешімін белгіленген мерзімде орындамаса, басқа мүше мемлекеттер Одақ Сотына жүгіне алады.
Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7. Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде халықаралық шартпен мыналарды:
өзіндік ерекшелікті субсидияны Комиссиямен ерікті келісу және Комиссияның тиісті шешімдер қабылдау тәртібін;
Комиссияның талқылауды (оның ішінде, осы Хаттамада белгіленген өзіндік ерекшелікті субсидияларды беру және пайдаланудың шарттарын, тәртібін бұзу фактілері бойынша) жүргізу тәртібін;
Комиссия соның негізінде өзіндік ерекшелікті субсидияларға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы шешім қабылдайтын критерийлер (оның ішінде, мүше мемлекеттердің өндірушілері арасындағы қалыптасқан және жаңа кооперациялық байланыстарды дамыту ескеріле отырып);
Комиссияның берілетін субсидиялар туралы ақпаратты сұрату тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Көрсетілген халықаралық шарттың күшіне ену мерзімі Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген.
8. Егер өзіндік ерекшелікті субсидиялар алу үшін мүше мемлекет субсидияны алушыға (өндірушіге) қатысты белгілі бір тауарды өндіру кезінде технологиялық операцияларды жүзеге асыру қажеттігі туралы талап белгілесе, онда басқа мүше мемлекет өндірушісінің басқа мүше мемлекеттерде мұндай операцияларды жүзеге асыруы Жоғары кеңес айқындаған тәртіпке сәйкес осындай талапты тиісінше орындау деп танылады.
III. Тыйым салынған субсидиялар
9. Субсидиялардың мынадай түрлеріне тыйым салынған:
әкетілетін субсидиялар - берілуі осы субсидияны беретін мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерімен жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде байланысқан субсидиялар;
алмастырушы субсидиялар - субсидияны беретін мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалана отырып, берілуі жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде байланысқан субсидиялар.
Байланысқан деп субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкету нәтижелерімен немесе осындай мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарды пайдаланумен заңдық тұрғыдан байланысты емес, шын мәнінде іс жүзіндегі немесе күтілетін экспортпен (әкетумен) немесе экспорттық түсіммен (әкету кезіндегі түсіммен) немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды пайдалану жөніндегі талаптармен байланысты, субсидияларды беру туралы куәландыратын фактілердің болуы түсініледі.
Субсидияның әкетілуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу субъектілеріне берілетіні туралы факт өз-өзінен оны әкетілетін субсидия деп есептеуге негіз болмайды.
10. Егер бір мүше мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидияны
беру нәтижесі басқа мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына
задал келтіру болып табылса, онда мұндай субсидия тыйым салынған
субсидия болып табылады.
Ұлттық экономика саласына залал келтіру осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес дәлелденуге тиіс.
11. Мүше мемлекеттер сақталуы өзіндік ерекшелікті
субсидиялар алуға қажетті, субсидиялаушы органының нормативтік
құқықтық актісінің немесе құқықтық актісінің негізінде
қолданылатын және мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін
шараларды сақтамайды және енгізбейді:
1) мынадай:
шаруашылық жүргізу субъектілерінің шараны енгізетін мүше мемлекеттің аумағынан немесе (нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны не олардың жергілікті өндіріс көлемінің немесе құнының үлесін айқындайтынына қарамастан) кез-келген көрсетілген субсидиялаушы органның жергілікті өндіру көзінен шығарылатын өнеркәсіптік тауарларды сатып алу немесе пайдалану;
шараны енгізген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарлардың осы шаруашылық жүргізуші субъекті әкететін көлемімен немесе құнымен байланысты мөлшерде шаруашылық жүргізуші субъектінің кез келген мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін өнеркәсіптік тауарларды сатып алуын немесе пайдалануын шектеу талабы қамтылатын;
2) мыналарды:
шаруашылық жүргізуші субъектінің кез келген мүше мемлекеттің аумағынан жергілікті өндірісте пайдаланылатын немесе осындай өндіріске қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды әкелуін (оның ішінде, шараны енгізетін мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын және басқа мүше мемлекеттің аумағына осы шаруашылық жүргізуші субъект әкететін тауарлардың көлеміне немесе құнына байланысты);
шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпорынға тиесілі осы валютаның түсім көлемінде кез келген мүше мемлекеттің валютасына қолжетімділікті шектеу арқылы жергілікті өндірісте пайдаланылатын немесе осыған қатысы бар өнеркәсіптік тауарларды кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шаруашылық жүргізуші субъектінің әкелуін;
шаруашылық жүргізуші субъектінің кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарларды әкетуін немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің (тауардың нақтылығына, олардың көлеміне немесе құнына не осы шаруашылық жүргізу субъектісі жүзеге асыратын олардың жергілікті өндіріс көлемінің немесе құнының үлесіне байланысты) кез келген мүше мемлекеттің аумағында өнеркәсіптік тауарларды сатуын шектейтін.
12. Берілуі кез келген мүше мемлекеттің мүдделеріне елеулі
нұқсан келтіруге әкеп соғатын өзіндік ерекшелікті субсидияларға
тыйым салынады. Мүше мемлекеттің мүдделеріне елеулі нұқсан
келтіру өзіндік ерекшелікті субсидия беру нәтижелері төмендегіше
болғанда туындайды:
1) ұқсас тауарды субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан
ығыстыру немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағынан
шығарылатын ұқсас тауардың субсидиялаушы мүше мемлекеттің
нарығына әкелінуінің өсуін тежеу;
2) үшінші мүше мемлекеттің нарығынан кез келген мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауарды ығыстыру немесе осындай ұқсас тауардың үшінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілуінің өсуін тежеу;
3) өндіру, тасымалдау немесе өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланған субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан әкету кезінде өнеркәсіптік тауардың бағасын басқа мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын ұқсас тауардың кез келген мүше мемлекеттің нарығындағы бағасына қатысты едәуір төмендету не бағалардың өсуін немесе бағалардың құлдырауын елеулі тежеу немесе сол бір нарықтағы жіберіп алынған сатулар.
13. Осы Хаттаманың 12-тармағында көрсетілген мүдделерге елеулі нұқсан келтіру осы бөлімге сәйкес айқындалады, осы Хаттаманың V бөліміне сәйкес дәлелденеді.
14. Мүше мемлекеттердің аумақтарында осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шаралар, сондай-ақ тыйым салынған субсидиялар, оның ішінде мыналар сақталмайды және берілмейді (бұл ретте тауарлар экспорты деп субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкету ұғынылады):
1) экспорттаушыны мүше мемлекетке валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сатудан босататын немесе ұлттық валютаның ішінара құнсыздануы арқылы валютаның көптеген бағамын қолдануға жол беретін бағдарламалар, осыған байланысты, экспорттаушы бағамдық айырмашылық есебінен басымдыққа ие болады;
2) ішкі нарықтағы тасымалдармен салыстырғанда анағұрлым жеңілдікті жағдайларда мүше мемлекет белгілейтін немесе алатын экспорттық тиелімдер үшін ішкі көлік немесе кеме тарифтері;
3) экспортталатын тауарлар өндірісінде пайдаланылатын
тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізілетін ұқсас
тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарларға қарағанда
анағұрлым жеңілдікті жағдайларда ұсыну;
4) экспорт нәтижелерімен немесе көрсетілген жеңілдіктерді ұсынатын мүше мемлекет аумағындағы тауарларды пайдаланумен байланысты шаруашылық субъектілері төлейтін немесе төлеуге тиіс салықтарды немесе кез келген басқа аударымдарды төлеуден толық немесе ішінара босату, төлеуді кейінге қалдыруды немесе азайтуды ұсыну. Бұл ретте салықтарды төлемегені үшін төленуі тиіс өсімпұл алынса, кейінге қалдыру міндетті түрде тыйым салынған субсидия болып табылмайды. Экспортталатын тауардан нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын алу тыйым салынған субсидия белгісі болып табылмайды;
5) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлармен салыстырғанда үлкен көлемде тауарларға салық салу базасын қысқартатын
экспорттың нәтижелерімен байланысты арнайы шегерулер;
6) ішкі нарықта өткізілетін ұқсас тауарлар өндірісінде
пайдаланылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге салық салу
базасын есептеу үшін қолданылатын салықтарды немесе арнайы
шегерулерді төлеуден босатуға, азайтуға, кейінге қалдыруға
қарағанда экспорттық тауарлар өндірісінде пайдаланылатын тауарлар
мен көрсетілетін қызметтерге салық салу базасын есептеу үшін
қолданылатын салықтарды немесе арнайы шегерулерді үлкен көлемде
төлеуден босату, азайту, кейінге қалдыру;
7) ішкі нарықта тұтынуға арналған ұқсас өнім өндірісінде
пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда
экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен
материалдарға анағұрлым төмен мөлшерлеме бойынша кедендік
төлемдерді алу не ішкі нарықта өткізілетін ұқсас өнім өндірісінде
пайдаланылатын дәл осындай шикізат пен материалдарға қарағанда
үлкен көлемде экспорттық өнім өндірісінде пайдаланылатын шикізат
пен материалдарға арналған кедендік төлемдерді қайтару;
8) өндірілген өнім құрамында отандық материалдардың немесе
шикізаттың болуы міндетті болып табылса, өнім өндірісінде
пайдаланылған импорттық шикізат пен материалдардан алынатын
импорт баждарын азайту немесе қайтару (нақты тауарлар, олардың көлемі немесе құны не үлесі олардың жергілікті өндіріс көлеміне немесе құнына байланысты айқындалатынына қарамастан);
9) экспорттық кредиттерді кепілдендіру немесе сақтандыру,
экспорттық тауарлар құнының өсуінен немесе валюталық
тәуекелдерден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламалары
бойынша ұзақ мерзімді операциялық шығыстарды немесе залалдарды
өтеу үшін жеткіліксіз сыйақыларды алып қою;
10) нарықтық жағдайларда мұндай кредиттерді алушылар салыстырмалы кредитті пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиіс (кредитті өтеу мерзімі бірдей, кредит валютасы және т.б.) мөлшерлемелерден төмен мөлшерлемелер бойынша экспорттық кредиттерді беру не экспорттаушылар немесе қаржы мекемелері кредитті алумен байланысты жұмсаған шығыстардың барлығын немесе бір бөлігін төлеу. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына Ресми экспорттық кредиттер бойынша уағдаластықтардың пайыздық мөлшерлемелері туралы ережелерге сай келетін экспорттық кредиттеу практикасы тыйым салынған субсидия ретінде қаралмайды;
11) мұндай субсидиялау экспорт нәтижелерімен немесе импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен байланысты болған жағдайда кәсіпорынға босатылатын электр энергиясына немесе электр жеткізгіштерге арналған тарифтерді төмендету.
15. Комиссия осы Хаттаманы басшылыққа ала отырып, тыйым салынған субсидияларды жол берілгендер ретінде келіспейді.
Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
16. Егер бір мүше мемлекетте екінші мүше мемлекеттің субсидиялаушы органы тыйым салынған субсидияларды берген және (немесе) сақталуы осы Хаттамаға сәйкес өзіндік ерекшелікті субсидиялар алу үшін қажетті шараларды енгізген деп есептеуге негіз болған жағдайда, бірінші мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекетке осындай тыйым салынған субсидияларды немесе шараларды алып тастау туралы консультациялар өткізу жөніндегі өтінішпен жүгінуге құқығы бар.
17. Ресми дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың 16-тармағында көрсетілген консультациялар өткізу туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 айдың ішінде мүше мемлекеттер өзара келісімге қол жеткізбесе, онда орын алып отырған келіспеушіліктер Шарттың 93-бабына сәйкес шешіледі.
Егер дауларды шешу рәсімінің нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің бірі осы Хаттаманың 9 және 12-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған субсидияларды бергендігі және (немесе) осы Хаттаманың 11-тармағында көрсетілген шараларды қолданатыны туралы шешім қабылданса, онда осы мүше мемлекет осындай тыйым салынған субсидиялар мен шаралар нәтижесі басқа да мүше мемлекеттердің ұлттық экономикасына залал келтіру болғанына-болмағанына қарамастан, осындай тыйым салынған субсидияларды немесе шараларды дереу тоқтатады және осы Хаттаманың 89 - 94-тармақтарына сәйкес осындай тыйым салынған субсидияларға қатысты өтемақы шарасын енгізеді.
18.Субсидиялаушы органдар осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес шараларды қолдану арқылы субсидияларды белгіленген өтпелі кезең ішінде беруге құқылы.
IV. Рұқсат етілетін субсидиялар
19. Осы Хаттамаға сәйкес тыйым салынған және ерекше болып табылмайтын субсидиялар, берілуі мүше мемлекеттердің өзара саудасын бұрмаламайтын рұқсат етілетін субсидиялар ретінде танылады.
Мүше мемлекеттер осындай субсидияларды шектеусіз беруге құқылы және осындай субсидияларға қатысты осы Хаттаманың өтеу және қарсы шараларын қолдануға немесе субсидияларды беруге тыйым салуға қатысты ережелері қолданылмайды.
20. Мүше мемлекеттер осы бөлімде көзделген рұқсат етілген
субсидияларды Комиссиямен келіспей беруге құқылы.
Осы тармақтың ережелерін қолдану Шарттың 105-бабының 1-тармағында көзделген өтпелі ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
21. Осы Хаттаманың VII бөлімінде көрсетілген, осы Хаттаманың
II бөліміне сәйкес ерекше болып табылатын, бірақ мүше мемлекеттер
өзара сауданы бұрмаламайды деп таныған субсидиялар осы Хаттаманың VIII бөліміне сәйкес өтемақы шараларын қабылдауға негіз болмайды.
V. Тексерулерді жүргізу тәртібі
22. Мүше мемлекеттің аумағында берілетін субсидиялардың осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келуін талдау, сондай-ақ өзіндік ерекшелікті субсидия ұсынған мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланатын тауарды әкелу не субсидиялаушы мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына келетін залалдың бар-жоғын анықтау мақсатындағы тексеруді осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген ұлттық ұқсас тауар өндірушілердің осы Хаттамаға сәйкес жазбаша нысанда берген өтініші (бұдан әрі - өтініш) негізінде мүше мемлекеттің құзыретті органы жүргізеді не құзыретті органның өз бастамасы бойынша жүргізіледі.
23. Өтінішті ұлттық ұқсас тауар өндіруші немесе қатысушыларының қатарына ұлттық экономика саласын құраушы өндірушілер кіретін осындай өндірушілер бірлестігі, сондай-ақ, аумағында осы өкілдер тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті дәрежеде ресімделген өкілеттіктері бар осы тұлғалардың өкілдері (бұдан әрі - өтініш беруші) береді.
24. Өтініште мыналар қамтылуы тиіс:
1) өтініш беруші туралы мәліметтер;
2) тауар сипаттамасы (өндіруші ел және ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетілген);
3) өзіндік ерекшелікті субсидияның болуы, сипаты мен көлемі туралы мәліметтер;
4) субсидияланатын тауар өндірушілер туралы мәліметтер;
5) ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер туралы мәліметтер;
6) құзыретті органға өтініш беру алдында 3 күнтізбелік жыл бұрын өтініш берілетін мүше мемлекеттің аумағына субсидияланатын тауарды әкелу көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;
7) құзыретті органына өтініш берілетін мүше мемлекеттің аумағынан ұқсас тауарды басқа мүше мемлекеттер аумағына әкету көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;
8) субсидияланатын тауарды әкелудің не субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстырудың салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалдың бар екендігінің дәлелдемелері. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залалдың болуы және материалдық залал келтіру қатерлерінің болу дәлелдемелері объективті факторларға негізделеді, олар ұлттық экономика саласының экономикалық ахуалын сипаттайды және сандық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндірісінің көлемі және оны сату көлемі, мүше мемлекет нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірудің өзіндік құны, тауар бағасы, өндіріс қуаттарының жүктемесі, еңбек өнімділігі, пайда көлемдері, өндіріс пен тауарлар сату рентабельділігі туралы, ұлттық экономика саласындағы инвестициялар көлемі туралы деректер) көрсетілуі мүмкін;
9) өтініш берудің алдындағы 3 күнтізбелік жылда Одақтың бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;
10) өтініш берудің алдындағы 3 күнтізбелік жылда Одақтың кедендік аумағынан ұқсас тауар экспорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;
11) талданатын кезеңде ұлттық экономика саласына әсер етуі мүмкін басқа да факторларды талдау.
25. Өтініште бар құндық көрсеткіштерді көрсету кезінде салыстыру мақсатында сыртқы сауда статистикасын жүргізу үшін Комиссия белгілейтін ақша бірлігі пайдаланылады.
26. Өтініш, оның құпия емес нұсқадағы қосымшасымен қоса (егер өтініште құпия ақпарат болса) құзыретті органға ұсынылады және осы органға өтініш түскен күннен бастап тіркелуге жатады.
27. Өтініш мынадай негіздер бойынша қабылданбайды:
өтініш берушінің осы Хаттаманың 23-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетілген мәліметтердің ұсынылмауы;
өтініш беруші берген мәліметтердің анық болмауы.
Басқа негіздер бойынша өтініштерді қабылдамауға жол берілмейді.
28. Тексерудің басталуы туралы шешім қабылдағанға дейін құзыретті орган жазбаша нысанда, қарастырылып отырған өзіндік ерекшелікті субсидия аумағында берілген мүше мемлекеттің уәкілетті органына өтініш түскені туралы хабарлайды.
29. Құзыретті орган тексеруді бастау туралы шешім қабылдау мақсатында осы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, осы Хаттаманың 24-тармағына сәйкес осы өтініште қамтылған мәліметтер мен дәлелдемелердің анықтығын және жеткіліктілігін зерделейді. Көрсетілген мерзім құзыретті орган өтініш берушіден қосымша мәліметтер алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 40 күннен аспауға тиіс.
30. Өтінішті оны тексеру барысында немесе басталғанға дейін өтініш беруші қайтарып ала алады.
Егер өтініш тексеру басталғанға дейін қайтарып алынған жағдайда, мұндай өтініш берілмеген болып есептеледі.
Егер өтініш тексеру жүргізу барысында қайтарылып алынған жағдайда, құзыретті органның шешімі бойынша ол не тоқтатылады не жалғаса береді.
31. Өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін құзыретті орган өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекеттің уәкілетті органына өзіндік ерекшелікті субсидиялардың болуына, мөлшері және пайдаланылуына, сондай-ақ оны берудің салдарын және өзара қолайлы шешімге қол жеткізуге қатысты жағдайды нақтылау мақсатында консультациялар жүргізуді ұсынады. Мұндай консультациялар тексеру барысында да жүргізілуі мүмкін.
32. Өзіндік ерекшелікті субсидиялардың болуы, мөлшері және қолданылуына, сондай-ақ өзіндік ерекшелікті субсидия беру салдарына қатысты консультациялар жүргізу құзыретті органның тексеруді бастау туралы шешім қабылдауына, сондай-ақ осындай тексерулер қорытындылары бойынша басқа мүше мемлекет аумағында берілген өзіндік ерекшелікті субсидияның осы Хаттаманың ережелеріне сәйкестігі және (немесе) өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекет аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекет нарығынан немесе үшінші мүше мемлекет нарығынан ұқсас тауарды ығыстыруы салдарынан және аумағында өзіндік ерекшелікті субсидиялауды қарау ұсынылып отырған мүше мемлекетке өтемақы шарасын енгізу туралы өтініш беру салдарынан зиян келтірілгені туралы қорытынды дайындауына кедергі жасамайды.
33. Құзыретті орган осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіні тексеруді жүргізуден бас тартудың себебі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тексеруді бастау туралы шешім қабылданған кезде құзыретті орган ерекше өнеркәсіптік субсидия берген мүше мемлекеттің құзыретті органын, сондай-ақ оған белгілі мүдделі тұлғаларды қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді және тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексеруді бастау туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді. Тексеруді бастау туралы хабарландыру жарияланған күн тексеру басталған күн болып танылады.
34. Құзыретті орган, егер осы органда осы Хаттама бөлімдері ережелерінің бұзылу фактісі және (немесе) осы мүше мемлекеттің аумағынан субсидияланған тауарды әкелу салдарынан немесе өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекеттің нарығынан немесе үшінші мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды субсидияланған тауардың ығыстыруы салдарынан ұлттық экономика саласына зиян келуі дәлелдері болған жағдайда, тексеруді бастау туралы шешімді өз бастамасымен де қабылдай алады.
Тексеруді бастау үшін осындай дәлелдер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тексеруді бастауға болмайды.
35. Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін құзыретті орган оған белгілі ұқсас тауардың ұлттық өндірушілеріне және тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды өндірушілерге осы тексеруді жүргізу мақсатында жауап қайтарулары тиіс сұрақтар тізбесін оларға жолдайды.
Сұрақтар тізбесі оны поштамен жіберген күннен бастап күнтізбелік 7 күннен кейін немесе оны ұқсас тауарды ұлттық өндірушінің немесе субсидияланатын тауарды өндірушінің өкіліне тікелей берілген күннен бастап алынған болып есептеледі.
Ұқсас тауардың ұлттық өндірушілері мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды өндірушілер өздері осындай тізбені алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уәкілетті органға өздерінің жауаптарын береді. Ұқсас тауардың ұлттық өндірушілері мен сұрақтар тізбесі жолданған тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауарды өндірушілердің дәлелді және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша көрсетілген мерзімді құзыретті орган күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
36. Жүргізіліп жатқан тексеруге байланысты қосымша мәліметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру мақсатында құзыретті орган тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың тиісті өндірушісінің осыған келісімі болған жағдайда, сондай-ақ тиісті мемлекет үкіметінің өкілдері алдын ала хабардар етілген және осы мемлекет тарапынан тексеруді оның аумағында жүргізуге қатысты қарсылықтары болмаған жағдайда, тексеруді өзіндік ерекшелікті субсидия берген мүше мемлекеттің аумағында жүргізуі мүмкін.
Жүргізіліп жатқан тексеруге байланысты, қосымша мәліметтер алу немесе тексеру барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру мақсатында құзыретті орган өз өкілдерін ұқсас тауардың ұлттық өндірушілері орналасқан жерге жіберуге, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың үлгілерімен танысуға және басқа да тексеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекетінің заңнамасына қайшы келмейтін, тексеруге қажетті басқа да іс-қимылдар жасауға құқылы.
37. Құзыретті орган тексеру жүргізу барысында өнеркәсіптік субсидия берген немесе беруші қаралып жатқан өнеркәсіптік субсидияны ұсынушы мүше мемлекеттерінің уәкілетті органдарына, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға жүргізіліп отырған тексеруге қатысы бар ақпарат беру туралы сауал жолдай алады.
38. Мүдделі тұлғалар тексерудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген күннен кешіктірмей тексеру жүргізу мақсаты үшін қажетті мәліметтерді, осындай мәліметтер алу көздерін көрсете отырып, (оның ішінде құпия ақпаратты) ұсынуға құқылы. Құзыретті орган мүдделі тұлғалардан қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
39. Тексеруге қатысы бар дәлелдер және мәліметтер, құзыретті
органға тексеру жүргізіліп жатқан мүше мемлекетте мемлекеттік
болып табылатын тілде ұсынылуы, ал шетел тілінде жасалған
құжаттардың түпнұсқасы белгіленген тәртіппен куәландырылған
аудармамен қоса берілуге тиіс.
40. Құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып
құзыретті орган осы Хаттамаға сәйкес тексеру барысында мүдделі
тұлғаларға олардың жазбаша өтініштері бойынша, тексеру мәніне
қатысты, дәлелдер ретінде кез келген мүдделі тұлға жазбаша нысанда
ұсынған мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді. Құзыретті орган
барлық тексеруге қатысушыларға тексеруге қатысы бар және тексеру барысында өздері пайдаланатын, алайда осы Хаттамаға сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын басқа да мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.
41. Кеден ісі, мемлекеттік статистиканы жүргізу саласындағы уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік (басқару) органдары, мүше мемлекеттердің басқа да мемлекеттік билік (басқару) органдары мен аумақтық (жергілікті) мемлекеттік билік (басқару) органдары тексеру жүргізуге көмек көрсетуі және мәліметтерді (оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын) тексеру жүргізу мақсатында қажетті құзыретті органның сұрау салуы бойынша ұсынуы тиіс.
42. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру басталған күннен бастап 6 айдан аспауы тиіс.
Тексеру, құзыретті орган тексеру нәтижелерін өз мемлекеті үкіметінің қарауына жіберген күні аяқталды деп есептеледі.
43. Тексеру нәтижелері бойынша құзыретті орган басқа мүше
мемлекеттің аумағында ұсынылған субсидиялардың осы Хаттаманың
ережелеріне сәйкестігі туралы қорытынды әзірлейді.
44. Егер тексеру нәтижелері бойынша осы Хаттаманың бұзылғаны және (немесе) мүше мемлекеттің ұлттық экономика саласына залал келтірілгені дәлелденген жағдайда, тексеру жүргізген құзыретті орган аумағында өзіндік ерекшелікті субсидия қаралып жатқан мүше мемлекетке өтем шарасы туралы өтініш беріледі.
45. Тексеру жүргізетін құзыретті орган ұлттық экономика саласын анықтаған кезде, мүше мемлекеттің аумағы екі немесе одан да көп бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал ұлттық өндірушілер, егер, мұндай өндірушілер осындай нарықта өздері шығаратын ұқсас тауардың кемінде 80 пайызын сатса және осындай нарықта ұқсас тауарға сұраныс тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің қалған аумағында орналасқан аталған өнімнің ұлттық өндірушілерін айтарлықтай қанағаттандырмаса, ұқсас тауардың ұлттық өндірушілері осындай нарықтың бірінің шегінде ұлттық экономиканың жеке саласы ретінде қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, зиянның болуы, ұлттық экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, субсидияланатын тауарды сату көрсетілген бәсекелес нарықтардың біріне бағытталған жағдай кезінде зиян келтірілмесе де және субсидияланатын тауарды әкелу ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне осындай бір нарықтың шегінде кемінде 80 пайыз зиян келтірсе де белгіленуі мүмкін.
46. Өзіндік ерекшелікті субсидия мөлшері осындай субсидия алушы алатын пайда көлемінің негізінде айқындалады. Өзіндік ерекшелікті субсидияның пайдасын есептеу кезінде құзыретті орган:
1) субсидиялаушы органның ұйым капиталына қатысуы, егер мұндай қатысу тиісті мүше мемлекеттің аумағында қарапайым инвестициялық жобаға сәйкес келмейтін (қауіп капиталын ұсынуды қоса алғанда) ретінде бағаланбаса өзіндік ерекшелікті субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды;
2) субсидиялаушы органдарға ұсынылған кредит, егер кредитті алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін соманың және аталған ұйым тиісті мүше мемлекеттің кредит нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса өзіндік ерекшелікті субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда осы сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;
3) субсидиялаушы органның кредитке кепілдік беруі егер, кепілдік алған ұйым субсидиялаушы орган кепілдік берген кредит үшін төлейтін соманың және ол мемлекеттік кепілдіксіз салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлеуі мүмкін соманың арасында айырмашылық болмаса өзіндік ерекшелікті субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Олай болмаған жағдайда комиссиялық айырмашылыққа түзетуі бар осы сомалардың арасындағы айырмашылық пайда болып есептеледі;
4) субсидиялаушы органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы егер, тауарлар немесе қызметтер дұрыс ақы төлеуден кемге жеткізілсе не сатып алу дұрыс ақы төлеуден артыққа жүзеге асырылмаса өзіндік ерекшелікті субсидияны ұсыну ретінде қаралмайды. Ақы төлеудің дұрыстығы тиісті мүше мемлекеттердің нарығында мынадай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен сатудың қолданыстағы нарықтық шартына байланысты айқындалады (бағасын, сапасын, қолжетімділігін, таратылуын, тасымалдануын және тауарларды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда).
47. Субсидия мөлшерін есептеу құзыретті орган тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің аумағына әкелінген не аумағына өзіндік ерекшелікті субсидия ұсынылатын мүше мемлекеттің нарығында немесе басқа мүше мемлекеттің нарығында сатылатын тауардың бірлігіне (тоннасына, текше метріне, данасына және басқаларына) есептеледі.
48. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде егер, инфляция қарқыны алынған нәтижелерді бұрмалайтындай жоғары болған жағдайда тиісті мүше мемлекеттің инфляция көрсеткіштері ескерілуі тиіс.
49. Тауар бірлігіне субсидия мөлшері осы мақсаттарға өзіндік ерекшелікті субсидияларын ұсынған тиісті мүше мемлекеттер шығыстарының мөлшеріне байланысты белгіленеді.
50. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу кезінде мұндай тауардың құны мұның алдында субсидия алынған және қажетті деректері бар субсидия алушының 12 айдағы жалпы сату құны ретінде айқындалады.
51. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде субсидияның жалпы сомасынан кез келген тіркеу алымының сомасын немесе субсидия алу үшін жұмсалған басқа да шығыстарды алып тастау қажет.
52. Егер субсидия өндірілген, әкетілген немесе тасымалданған тауардың белгілі бір санына қатысты берілмесе, онда тауар бірлігіне арналған субсидия мөлшерін есептеу субсидияның жалпы сомасын қажеттілігіне қарай субсидияланатын әкелінетін тауардың үлесін тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің жалпы көлемінде ескере отырып субсидия берілген кезеңге осындай тауарды өндірудің, сатудың немесе әкетудің көлеміне бөлу арқылы жүзеге асырылады.
53. Егер субсидия негізгі қорларды дамытуға немесе сатып алуға байланысты берілсе, онда субсидия мөлшерінің есебі субсидияларды өзіндік ерекшелікті субсидияны ұсынған тиісті мүше мемлекеттердің қаралатын экономика саласындағы осындай негізгі қорлар амортизациясының орташа мерзіміне бөлу жолымен жүзеге асырылады. Тауар бірлігіне субсидия мөлшерін есептеу тексерумен қамтылған кезең басталғанға дейін негізгі қорларды сатып алу үшін ұсынылған, бірақ амортизация мерзімі әлі күнге дейін аяқталмаған субсидияларды да қамтиды.
54. Субсидия мөлшерін есептеу кезінде, егер уақыттың әртүрлі
кезеңдеріне немесе бір сол тауар үшін әртүрлі мақсаттарға ұсынылған
субсидиялардың ауқымы әртүрлі болса, тауар өндірісінің,
сатылуының немесе әкетілуінің көлеміне қарай субсидия көлемінің
орташа өлшемді көрсеткіштері қолданылады.
55. Егер субсидия салық жеңілдіктері нысанында берілсе,
тауардың құны салық жеңілдіктері қолданылған соңғы 12 ай ішінде
оны сатудың жалпы құны есебінен айқындалады.
56. Әртүрлі субсидиялаушы органдар күнтізбелік жыл ішінде және (немесе) әртүрлі бағдарламаларды орындау үшін берген субсидиялар жинақталуы тиіс.
57. Егер субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығында не басқа мүше мемлекеттің нарығында субсидияланатын тауарға қатысты ұқсас тауардың үлесінің қолайсыз өзгеруі орын алғаны дәлелденген жағдайда, субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығынан не басқа мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру немесе субсидиялаушы мүше мемлекеттің аумағына ұқсас тауарды әкелудің өсуін кідірту не басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкелудің өсуін кідірту фактісі белгіленеді. Аталған факт қалыпты жағдайларда кемінде 1 жылды құрауға тиіс осы тауардың нарығын дамытудағы нақты үрдістерді дәлелдеу үшін жеткілікті кезеңде белгіленеді.
58. Субсидиялаушы мүше мемлекеттің нарығында не басқа мүше мемлекеттің нарығында үлестің қолайсыз өзгеруі мына жағдайлардың біреуін қамтиды:
1) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі артады;
2) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі өзіндік
ерекшелікті субсидия болмаған кезде ол азаюы тиіс жағдайларда
өзгеріссіз қалады;
3) субсидияланатын тауардың нарықтық үлесі төмендейді, бірақ
өзіндік ерекшелікті субсидия болмаған жағдайда орын алатынға
қарағанда неғұрлым баяу қарқынмен төмендейді.
59. Бағаны төмендету тиісті нарықтағы субсидияланатын
тауардың бағасын өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылмаған
мүше мемлекеттердің ішінде кез келгенінің аумағында өндіру,
тасымалдау немесе әкету кезінде тауардың бағасымен салғастыру
негізінде белгіленеді. Салыстыру сауданың бір сол деңгейінде және
уақыттың салыстыру кезеңінде жүргізіледі. Салыстыру барысында
бағаны салыстыруға әсер ететін кез келген фактор қолданылады. Егер
аталған салыстыруды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, бағаны
төмендету орташа экспорттық бағаның негізінде белгіленуі мүмкін.
60. Егер екі мүше мемлекет Шарттың 93-бабына сәйкес үшінші
мүше мемлекеттің нарығында осы Хаттаманың 12, 57-59, 61 және
62-тармақтарына сәйкес мүдделеріне елеулі қысым көрсетушіліктің болуы туралы даулар жүргізген жағдайда осындай мүше мемлекет дауласушы тараптар болып отырған мүше мемлекеттерге осындай басқа мүше мемлекеттің нарығындағы дау жүргізетін мүше мемлекеттердің аумағында болатын тауарлардың үлесін өзгертуге қатысты өзінде бар статистикалық ақпаратты, сондай-ақ тиісті тауарлардың бағалары бойынша статистикалық ақпаратты ұсынады. Бұл ретте, осындай мүше мемлекет нарықтың немесе бағаның арнайы талдауын жүргізбеуге, сондай-ақ ол коммерциялық немесе мемлекеттік құпия деп санайтын ақпаратты ұсынбауға құқылы.
61. Мүдделерге елеулі қысым көрсетушіліктің болу фактісі уақыттың тиісті кезеңінде мына жағдайлардың бірі болған кезде белгілене алмайды:
1) мүддеге елеулі қысым көрсетушілік фактісін белгілейтін мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкетуге тыйым салудың немесе шектеудің не басқа мүше мемлекеттің нарығына осындай мүше мемлекеттің аумағынан тауарды әкелуге тыйым салудың немесе шектеудің болуы;
2) ұқсас тауарды әкелетін және осы тауарлардың монополиясын немесе мемлекеттік саудасын қолданатын мүше мемлекеттің уәкілетті органының коммерциялық емес себептер бойынша, мүдделерге елеулі қысым көрсетушілік фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкелуді басқа мүше мемлекеттен әкелуге қайта бағыттау туралы шешім қабылдайды;
3) мүдделерге елеулі қысым көрсетушілік фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуге арналған тауарды өндіруге, сапасына, нысанына немесе бағасына елеулі кері әсер ететін табиғи апаттар, ереуілдер, көліктегі бөгелістер немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар;
4) мүдделерге елеулі қысым көрсетушілік фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен әкетуді шектейтін уағдаластықтардың болуы;
5) мүдделерге елеулі қысым көрсетушілік фактісін белгілейтін мүше мемлекеттен осы тауарды әкету мүмкіндігін өз еркімен қысқарту (осы мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізетін субъектілері осы ұқсас тауардың экспортын жаңа нарыққа дербес қайта бағыттаған жағдайды қоса алғанда);
6) аумағына тауар әкелетін мүше мемлекетте стандарттарға және (немесе) басқа әкімшілік талаптарға сәйкес болмау.
62. Осы Хаттаманың 61-тармағында көрсетілген жағдайлар болмаған кезде, мүдделерге елеулі қысым көрсетушіліктің болуы Одақтың Сотына ұсынылған ақпараттың немесе Одақтың Соты өздігінен алған ақпараттың негізінде айқындалады.
63. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілген залал субсидияланатын тауарды әкелу көлемін, тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына және ұқсас тауардың ұлттық өндірушілеріне осындай тауардың әсерін талдау нәтижелерінің негізіне белгіленеді.
64. Субсидияланатын тауарды әкелу көлемін талдау кезінде құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу арттырылғанын не арттырылмағанын айқындайды (абсолютті көрсеткіштерде не тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты).
65. Тексеру жүргізетін құзыретті орган мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасына әкелінген субсидияланатын тауардың әсерін талдау кезінде құзыретті орган мыналарды:
1) субсидияланатын тауардың бағасы осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасынан төмен болғанын не болмағанын;
2) субсидияланатын тауарды әкелу осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасын төмендетуге әкелгенін не әкелмегенін;
3) субсидияланатын тауарды әкелу осындай тауар болмаған жағдайда, осы мүше мемлекеттің нарығына ұқсас тауардың бағасының өсуіне кедергі келтіргенін не келтірмегенін белгілейді.
66. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсерін талдау ұлттық экономика саласының жағдайына, оның ішінде:
1) болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқартуларына, ұқсас тауарды сатуға, құзыретті органы еңбектің кірісіне, өнімділігіне, тартылған инвестициялардан немесе өндірістік күшті пайдаланудан болған кірістерге тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы үлесіне;
2) құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің нарықтағы ұқсас тауарлардың бағасына әсер ететін факторларға;
3) ақша ағындарының қозғалысына, ұқсас тауарлардың
қорларына, жұмыспен қамтылу деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне болған немесе болашақта болуы мүмкін теріс әсерге қатысы бар экономикалық факторларды бағалау болып табылады.
67. Ұлттық экономика саласына субсидияланатын тауарды әкелу әсері, егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өнідірісін өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы және кіріс сияқты критерийлердің негізінде бөлуге мүмкіндік беретін болса, тексеру жүргізетін мүше мемлекетте ұқсас тауарды өндіруге сәйкес бағаланады. Егер қолда бар деректер ұқсас тауардың өндірісін бөлуге мүмкіндік бермейтін болған жағдайда, субсидияланатын тауарды ұлттық экономика саласына әкелу әсері барынша аз топты өндіруге немесе ұқсас тауарды қамтитын және олар туралы қажетті деректер бар тауарлардың номенклатурасына сәйкес бағаланады.
68. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау барлық іске қатысты және құзыретті органның қарамағындағы дәлелдемелер мен мәліметтерді талдауға негізделуі тиіс. Оның ішінде құзыретті орган ұқсас тауардың Одақтың аумағына жеткізілу, басқа мүше мемлекеттерден жеткізілу динамикасын және ықпалын талдайды. Бұл ретте субсидияланатын тауарды әкелу көлемін және осындай әкелудің ұлттық экономика саласына ықпалын талдау нәтижесінде белгіленген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды. Құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелудің басқа, салдарынан сол кезеңде ұлттық экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды. Көрсетілген ұлттық экономика саласына келтірілетін залалды құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан болатын ұлттық экономика саласына келтірілетін залалға жатқызбауы тиіс.
69. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеген кезде құзыретті орган барлық қолда бар факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
1) субсидияның немесе субсидиялардың сипатын, көлемін және олардың саудаға мүмкін болатын әсерін;
2) осындай әкелудің одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндіктерін көрсететін субсидияланатын тауарды әкелудің өсу қарқынын;
3) субсидия берген мүше мемлекеттегі субсидияланатын тауарды өндірушілерде субсидияланатын тауарды әкелуді ұлғайтудың жеткілікті мүмкіндіктерінің болуы немесе олардың өсуінің нақты мүмкіндіктерінің айқын болмай қалмайтындығын;
4) егер бағаның осындай деңгейі құзыретті орган субсидияланатын тауарға тексеру жүргізетін мүше мемлекет нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе тежелуіне және субсидияланатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне де әкеп соғуы мүмкін болса, субсидияланатын тауар бағасының деңгейін;
5) субсидияланатын тауар өндірушісіндегі қорларды ескереді.
70. Бұл ретте осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторлардың ішінде бір не бірнеше фактор субсидияланатын тауардың әкеліну салдарынан ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірілу қаупін анықтау мақсатында шешуші мәнге ие болмайды.
71. Егер осы Хаттаманың 69-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тексеру барысында құзыретті орган субсидияланатын тауарды әкелуді жалғастырудың және осындай әкелумен өтем шаралары қабылданбаған жағдайда ұлттық экономика саласына материалдық залал келтірудің болмай қалмайтындығы туралы қорытындыға келсе, ұлттық экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім қабылданады.
72. Тексеру жүргізу кезінде:
1) ұқсас тауардың ұлттық өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын ұлттық өндірушілер бірлестігі;
2) тексеру объектісі болып табылатын субсидияланатын тауардың өндірушісі, қатысушыларының көбі ұқсас тауарды өндірушілер болып табылатын, осындай субсидияланатын тауарды өндірушілер бірлестігі;
3) субсидия беретін мүше мемлекет және (немесе) субсидия беретін мүше мемлекеттің уәкілетті органы;
4) тексеру объектісі болатын, субсидияланатын тауарды көбінесе жеке тұлғалар тұтынатын болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері;
5) тексеру объектісі болатын, субсидияланатын тауарды тұтынушылар және осындай тұтынушылардың бірлестіктері (егер олар өнім өндіру кезінде осы тауарда пайдаланған жағдайда) мүдделі тұлғалар болады.
73. Осы Хаттаманың 72-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалар тексеру барысында дербес немесе құзыретті органы тексеру жүргізетін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тиісті үлгіде ресімделген өкілеттіктері бар өздерінің өкілдері арқылы әрекет етеді.
Егер мүдделі тұлға тексеру барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет еткен жағдайда, құзыретті орган мүдделі тұлғаға тек осы өкіл арқылы ғана тексеру нысанасы туралы барлық мәліметтерді жеткізеді.
74. Мүдделі тұлға ақпараттың ашылуы бәсекелестік жағдайларында үшінші тұлғаға басымдық беретінін немесе мұндай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осы тұлға мұндай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкелетінін куәландыратын негіздемелерді ұсынған кезде осы тұлғаның құзыретті органға ұсынатын ақпараты құпия ақпарат ретінде қаралады. Құпия ақпарат мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны ұсынған мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбауы тиіс.
Құзыретті орган құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлғадан оның құпия емес нұсқасын ұсынуды талап етуге құқылы. Құпия емес нұсқада ұсынылған құпия ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті мәліметтер қамтылуы тиіс. Мүдделі тұлға құзыретті органның құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсыну туралы талабына жауап ретінде құпия ақпарат мұндай түрде ұсынылуы мүмкін емес деген жағдайларда бұл тұлға құпия ақпараттың мұндай түрде ұсынылуы мүмкін еместігі туралы дәлелдемелер ұсынуы тиіс.
Егер құзыретті орган мүдделі тұлға ұсынған негіздемелер ұсынылған ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға мүмкіндік бермейді деп белгілесе немесе құпия ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынбаған мүдделі тұлға құпия ақпаратты мұндай түрде ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесін де ұсынбаса немесе құпия ақпаратты ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болып табылмайтын мәліметтерді ұсынса, құзыретті орган бұл ақпаратты ескермеуі мүмкін.
75. Құзыретті орган құпия ақпаратты таратқаны үшін өзінің мүше мемлекетінің заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
VI. Жалпы ерекшеліктер
76. Осы Хаттамада ешқайсысы:
1) қандай да бір мүше мемлекетке ол ашылуы оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделеріне қарама-қайшы келеді деп санайтын ақпаратты ұсыну талабы ретінде;
2) кез келген мүше мемлекетке ол оның қауіпсіздігінің маңызды мүдделерін қорғау үшін қажет деп санайтын мынадай іс-қимылды:
жарылғыш материалдарға немесе олар өндірілетін материалдарға қатысты іс-қимылды;
қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және әскери материалдарды, сондай-ақ қарулы күштерді жарақтандыру мақсатында тікелей немесе жанама жүзеге асырылатын өзге де тауарлар мен материалдарды әзірлеуге, өндіруге және саудасына қатысты іс-қимылды;
соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастарда басқа да төтенше жағдайларда қабылданатын іс-қимылды қабылдауға кедергі ретінде;
3) кез келген мүше мемлекетке әлемде бейбіт өмірді сақтау және халықаралық қауіпсіздік үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша оның міндеттемелерін орындау үшін кез келген әрекеттерді қабылдауға кедергі ретінде ұғынылмауы тиіс.
77. Егер мұндай субсидиялар ерекше жағдайларда енгізілсе және егер олардың енгізілуі:
1) қоғамдық моральды, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті;
2) адамдардың өмірін немесе денсаулығын, жануарларды және өсімдіктерді;
3) көркем, тарихи немесе археологиялық құндылық қазынасын;
4) зияткерлік меншік құқығын;
5) осы шаралардың мақсаты тауарларды басқа мүше мемлекеттер аумағынан әкелуді шектеу болып табылмаған және мұндай шаралар (егер мұндай шаралар ішкі өндіруді немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілсе), кемсітушілік сипатқа ие болмаған жағдайда қорғау қажеттілігімен түсіндірілсе, осы Хаттаманың ережелері мүше мемлекеттерге сауданы бұрмалайтын арнайы субсидияларды пайдалануға кедергі келтірмейді.
VII. Ұсынылуы өтем шараларын қабылдау үшін негіз болып
Достарыңызбен бөлісу: |