Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі



бет40/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі

      1. Ауыл шаруашылығы өнімі, аңшылық кәсіпшілік өнімі, аңшылыққа, жабайы құс кәсіпшілігі мен оны өсіруге байланысты тірі жануарлардан, өнімдерден және көрсетілетін қызметтерден, сондай-ақ аңшылық өнімі мен жабайы құс кәсіпшілігінен басқа, ауыл шаруашылығы мен аңшылықтағы көрсетілетін қызметтер.*


      2. Орман шаруашылығы және ағаш дайындау өнімдері, орман өсіру және ағаш дайындау үшін көрсетілетін қызметтер.
      3. Балық аулау, балық питомниктері мен балық фермаларының өнімдері, балық аулауға байланысты көрсетілетін қызметтер.*
      4. Таскөмір және лигнит, торф.
      5. Шикі мұнай және табиғи газ, іздестіру жұмыстарынан басқа, оларды өндіру жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      6. Металл кендері.
      7. Тас, саз, құм және минералды шикізаттың басқа да түрлері.
      8. Тамақ өнімдері және сусындар.*
      9. Тоқыма және тоқыма бұйымдары.
      10. Бала киімдерін қоспағанда, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар.
      11. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар, қайыс-ер бұйымдары, аяқ киім.
      12. Жиһаздан басқа, сүрек, сүректен жасалған бұйымдар, тығындар, шығыр және өрімдер.
      13. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан жасалатын бұйымдар.
      14. Жарнама материалдарынан, суреттерден, сызбалардан, басып шығарылған фотосуреттерден, кәдесый және сыйлық жиындарынан (қойын дәптер және жазба кітапшалары), сайлаулар мен референдумдарда дауыс беруге арналған бюллетеньдерден басқа полиграфиялық және баспа өнімдері.
      15. Кокс пештерінің өнімдері.
      16. Органикалық және бейорганикалық синтез өнімдері.
      17. Резеңке және полимер бұйымдары.
      18. Шыны шаруашылық-тұрмыстық бұйымдары мен интерьерге арналған бұйымдардан, сондай-ақ керамикалық құрылыстық емес отқа төзімсіз бұйымдардан басқа, металл емес минералдық өнімдер.
      19. Металлургия өнеркәсібінің өнімі.
      20. Машиналардан, жабдықтардан, ядролық реакторлар мен ядролық реакторлардың бөліктерінен, зарядталған бөлшектерді жеделдеткіштерден басқа, металды қайта өңдеу өнімдері.
      21. Қару-жарақтан, оқ-дәрі мен олардың детальдарынан, халықтық-шаруашылық мақсаттағы жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттардан басқа, өзге топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар.
      22. Офистік және есептеу техникасы.
      23. Басқа топтамаларға енгізілмеген электр қозғалтқыштары мен электртехникалық аппаратура (оның ішінде, электр жабдықтар).
      24. Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аппаратура.
      25. Медициналық жабдық және аппаратура, өлшеу құралдары, фото- және киноаппаратура (мүше мемлекеттің сатып алу туралы заңнамасында айқындалған медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда).
      26. Автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автомобильдерге арналған шанақтар, автомобильдерге арналған детальдар мен керек-жарақтар, гараж жабдығы.
      27. Сауда және жолаушылар кемелерінен, әскери корабльдерден, әуе және ғарыштық ұшу аппараттарынан, ұшу аппараттарының жабдықтары мен детальдарынан басқа, өзге көлік құралдары.
      28. Зергерлік бұйымдар мен олармен аралас тауарлардан, музыкалық аспаптардан, ойындар мен ойыншықтардан, еңбек процесін оқытуға арналған жабдықтан, мектеп оқу құралдары мен жабдықтарынан, көркем кәсіпшілік бұйымдарынан, өнер туындылары мен коллекциялау заттарынан, экспозицияланған кинопленкалардан, адам шашынан, жануарлар қылынан, синтетикалық материалдардан жасалған шаштардан және одан жасалатын бұйымдардан басқа, дайын бұйымдар.
      29. Жаңа шикізат ретінде пайдалану үшін жарамды нысандағы қалдықтар мен сынықтар.
      30. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін көрсетілетін қызметтер.
      31. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтері.
      32. Теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерінен, метрополитеннің көрсетілетін қызметтерінен, құбыржолдар арқылы тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерінен басқа, құрлықтағы көліктің көрсетілетін қызметтері.
      33. Су көлігінің көрсетілетін қызметтері.
      34. Көліктік көмекші және қосымша көрсетілетін қызметтер, саяхат бюросы мен туристік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерінен, туристерге көмек көрсету жөніндегі басқа да көрсетілетін қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы көрсетілетін қызметтер.
      35. Ұлттық поштаның көрсетілетін қызметтерін, электр байланысының көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, курьерлік көрсетілетін қызметтерден басқа байланыс.
      36. Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздар шығаруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтер
      37. Бағалау қызметтерін қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын көрсетілетін қызметтер.
      38. Офистерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бірлесіп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      39. Ғимаратты жинау жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      40. Орау жөнінде көрсетілетін қызметтер.
      41. Қоқыстарды жою, санитариялық өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер және осыған ұқсас қызметтер.
_____________________
      * Балалар үшін тәрбиелік, білім беру процестерін жүзеге асыратын ұйымдарда, медициналық ұйымдарда, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері мен балалардың демалыс ұйымдарында, көрсетілген мекемелер мен ұйымдар үшін қоғамдық тамақтану қызметтерін сатып алудан басқа.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 26 ҚОСЫМША     

Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы


ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XXIII бөліміне сәйкес әзірленген және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау саласындағы қатынастарды реттейді.
      2. Зияткерлік меншік объектілері деп ғылым, әдебиет және өнер туындылары, электрондық есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар), фонограммалар, орындаулар, тауар белгілері және қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқаулықтар, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралды микросхемалар топологиясы, өндірістің құпиялары (ноу-хау), сондай-ақ халықаралық шарттарға, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құқықтық қорғау берілетін басқа да зияткерлік меншік объектілері түсініледі.

II. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар



      3. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Туынды авторына, атап айтқанда, мынадай құқықтар тиесілі:
      1) туындыға айрықша құқық;
      2) авторлық құқық;
      3) есім құқығы;
      4) туындыға қолсұғылмаушылық құқығы;
      5) туындыны жариялау құқығы;
      6) мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленгеннен өзге де құқықтар.
      4. Мүше мемлекеттер автор туындысының айрықша құқық қорғау мерзімдерін, серіктес авторлықта жасалған туындыға айрықша құқықты, автор қайтыс болғаннан кейін жарияланған туындыға айрықша құқықты қамтамасыз етуге міндетті, оның мерзімі 1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясында (1971 жылғы редакция), 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімінде белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.
      Бастапқы мәтін мен объектілік кодты қоса алғанда, электронды есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар (компьютерлік бағдарламалар) 1886 жылғы 9 қыркүйектегі Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына сәйкес (1971 жылғы редакция) әдеби туындылар ретінде қорғалады.
      Материалдардың іріктелуі мен орналасуына қарай шығармашылық нәтижесі болып табылатын құрамдас туындылар (энциклопедиялар, жинақтар және өзге де туындылар) құрамдас туындының бір бөлігін құрайтын туындылардың әрбір авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен қорғалады. Құрамдас туындының авторына құрастырушылыққа авторлық құқық (материалды таңдау және орналастыру) беріледі. Бұл ретте, құрамдас туындылар, олар негізделген немесе олар қамтитын туындының авторлық құқық объектісі болуына не болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
      Туынды шығармалар (аудармалар, бейімдеулер, музыкалық өңдеулер және басқа да әдеби немесе көркем шығарманың қайта түзетіліп өзгеруі) түпнұсқалық туынды авторының құқықтарына нұқсан келтірілместен, түпнұсқалық туындылармен тең қорғалады. Туынды шығарма авторы жасалған аударманың және басқа (түпнұсқалық) шығарманың өзге де өңделуіне авторлық құқығына ие.
      5. Мүше мемлекеттер құқық иелеріне кинематографиялық туындыларға қатысты авторлық құқықпен қорғалған туындыларының түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін басқа мүше мемлекеттердің аумағында коммерциялық түрде көпшілікке прокаттауға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын береді.
      6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген орындаушылық қызметтің (орындаушылықтың) нәтижесінде, фонограммаларға және өзге де құқықтарға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар авторлық құқықпен сабақтас (сабақтас құқықтар) болып табылады.
      Шығармашылық еңбегі мен туындыны орындаған жеке тұлға орындаушы деп танылады, орындаушы әртіс (актер, әнші, музыкант, биші немесе рөл сомдайтын, оқитын, көркемдеп оқитын, ән айтатын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет, өнер немесе халық шығармашылығы туындыларын, соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірін орындауға қатысатын басқа тұлға), сондай-ақ қойылымның қоюшы режиссері (театр, цирк, қуыршақ, эстрада қойылымын немесе басқа театр-ойын-сауық көрінісін қойған адам) және дирижер.
      Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде мүше мемлекеттердің орындаушыларына мынадай құқықтарды береді:
      орындауға айрықша құқық;
      есім құқығы - фонограмма даналарында өз есімін немесе бүркеншік атын көрсету құқығы және орындауды пайдаланудың өзге де жағдайларында, туындыны пайдалану сипаты орындаушының есімін немесе орындаушылар ұжымының атауын көрсетуге мүмкіндікті болғызбаған жағдайды қоспағанда, орындаушылар ұжымының атауын көрсету құқығы;
      мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтар.
      7. Орындаушылар өз құқықтарын орындалатын туындылар авторларының құқықтарын сақтай отырып жүзеге асырады.
      Орындаушының құқықтары орындалатын туындыға авторлық құқықтардың болуына не болмауына қарамастан, танылады және қолданылады.
      8. Фонограмманы жасаушы (өндіруші) деп орындау дыбыстарының немесе басқа дыбыстардың не осы дыбыстар кейпінің алғаш жазбасы үшін бастаманы және жауапкершілікті өз мойнына алған адам танылады. Дәлелдер болмаған кезде, фонограмманың өзге жасаушысы (өндірушісі) деп есімі немесе атауы қарапайым түрде фонограмманың данасында және (немесе) оның қаптамасында көрсетілген адам танылады.
      Мүше мемлекеттердің фонограммалар жасаушыларына (өндірушілеріне) мүше мемлекеттер мынадай құқықтар береді:
      фонограммаларға айрықша құқық;
      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар.
      9. Мүше мемлекеттер орындауға айрықша құқықты, фонограммаға айрықша құқықты қорғау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді, олар 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісіміне және 1961 жылғы 26 қазандағы Орындаушылардың, фонограммаларды жасаушылар мен хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияға белгіленген мерзімдерден төмен болмайды. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көрсетілген құқықтарды қорғаудың ұзақ мерзімдері бекітілуі мүмкін.
      10. Құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы, егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмеген болса, авторлардан, орындаушылардан, фонограммаларды дайындаушылардан (өндірушілерден) және авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың басқа да иеленушілерінен алынған өкілеттіктер, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің сыйақы алуын қамтамасыз ету мақсатында, ұжымдық негізде, тиісті құқықтарды басқару саласында құқықтарды ұжымдық басқару бойынша басқа да ұйымдардан алынған өкілеттіктер негізінде жұмыс істейтін ұйым болып табылады.
      Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқыққа сыйымды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.

III. Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері

      11. Тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісі (бұдан әрі - тауар белгісі) - мүше мемлекеттің заңнамасына және мүше мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын және бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларын және (немесе) көрсетілетін қызметтерін басқа бір азаматтық айналым қатысушыларының тауарларынан және (немесе) көрсетілетін қызметтерінен жеке-дара ету үшін қызмет ететін белгілеу болып табылады.
      Мүше мемлекеттердің заңнамалық актілеріне сәйкес тауар белгісі ретінде сөзбен көрсетілетін, бейнелі, көлемдік және басқа да белгілеулер мен олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін. Тауар белгісі кез келген түсте немесе түс үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
      12. Тауар белгісінің құқық иеленушісі мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауар белгісін қолданудың айрықша құқығына және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді пайдалануға тыйым салу құқығына ие.
      13. Тауар белгісін бастапқы тіркеудің қолданылу мерзімі 10 жылды құрайды. Көрсетілген мерзім тауар белгісінің құқық иеленушісінің өтініш жасауы бойынша кемінде 10 жыл мерзімге шексіз рет ұзартыла алады.
      Құқық иеленушіге байланысты емес мән-жайлар бойынша тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайларды қоспағанда, осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тауар белгісі тіркелгеннен кейін кез келген үш жыл ішінде үзіліссіз пайдаланылмауы салдарынан осы мүше мемлекеттің аумағында, жеке-дара ету үшін тауар белгісі тіркелген барлық тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге немесе тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің бір бөлігіне қатысты мүше мемлекеттің аумағында тауар белгісін құқықтық қорғау мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      Аумағында осы тауар белгісі тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруге қарсы дауласуға және оны жарамсыз деп тануға болады.

IV. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері және


Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгілері

      14. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін және Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет көрсету белгісін (бұдан әрі - Одақтың тауар белгісі) тіркейді. Одақтың тауар белгісіне барлық мүше мемлекеттердің аумағында құқықтық қорғау беріледі.


      Одақтың тауар белгісі ретінде графикалық түрде ұсынылған белгілеулер тіркелуі мүмкін.
      Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға айрықша құқыққа және осы айрықша құқыққа иелік ету құқығына ие, сондай-ақ басқа тұлғаларға Одақтың тауар белгісін немесе біртектес тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты айырғысыз ұқсас белгілеуді пайдалануға тыйым салуға құқығына ие.
      15. Мүше мемлекеттер аумағында Одақтың тауар белгісін тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберінде халықаралық шартпен реттеледі.

V. Тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылу қағидаты

      16. Мүше мемлекеттердің аумақтарында тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың мынадай тоқтатылу қағидаты қолданылады, оған сәйкес тауар белгісінің және (немесе) Одақтың тауар белгісінің тікелей құқық иеленушісі немесе оның келісімімен басқа да адамдар кез келген мүше мемлекеттің аумағына азаматтық айналымға құқыққа сай енгізген адамдарға қатысты осы тауар белгісін, Одақтың тауар белгісін пайдалану тауар белгісіне, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзу болып табылмайды.

VI. Географиялық нұсқаулар

      17. Егер тауар сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде оның географиялық шығу тегіне байланысты болса, географиялық нұсқау деп - мүше мемлекеттің аумағынан, өңірінен немесе осы аумақ жерінен шыққан тауар сәйкестендіріледі.
      18. Егер құқықтық қорғау осы бір мүше мемлекеттің заңнамасында немесе өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделсе, мүше мемлекет аумағында географиялық нұсқауға құқықтық қорғау берілуі мүмкін.

VII. Тауардың шығарылған жерінің атауы

      19. Құқықтық қорғау берілген тауардың шығарылған жерінің атауы - қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, елдің, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жергілікті жердің немесе басқа географиялық объектінің толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын белгілеу, сондай-ақ осындай атаудан туындаған және оны ерекше қасиеттері айрықша немесе басты түрде осы географиялық объектіге тән табиғи шарттармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарларға қатысты пайдалану нәтижесінде танымал болған белгілеу болып табылады.
      Көрсетілген ережелер белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шығарылатын тауарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және дегенмен, осы объектінің атауы жазылмаса да, тауарға қатысты осы белгілеуді пайдалану нәтижесінде белгілі болған, ерекше қасиеттері осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сай келетін белгілеуге қолданылады.
      20. Географиялық объект атауын білдіретін немесе қамтитын, бірақ жалпы қолданысқа оның өндірілген жеріне байланысы жоқ белгілі бір тауар түрін белгілеу ретінде енген белгілеу тауардың шығарылған жерінің атауы деп танылмайды.
      Тауардың шығарылған жерлердің атауларына құқықтық қорғауды беру мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздемелер бойынша дау болуы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      21. Тауардың шығарылған жерлердің атауларына қатысты мүше мемлекеттер мүдделі тараптарға мыналардың:
      1) осы тауардың шын мәнінде шығарылған жерінен бөлек географиялық ауданда шығарылды деп көрсететін немесе ассоциация туғызатын, осылайша тауардың шығарылған жері мен ерекше қасиеттеріне байланысты тұтынушыны шатастыратын, тауарды белгілеу немесе таныстыру кезінде кез келген құралдарды пайдаланудың;
      2) 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis бабының мағынасы бойынша жосықсыз бәсекелестік актісін білдіретін кез келген пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық шараларды көздейді.

VIII. Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылатын жердің атауы

      22. Мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың тауары шығарылған жерлердің атауларын (бұдан әрі - Одақ тауарының шығарылған жерінің атауы) тіркеуді жүзеге асырады. Одақ тауарының шығарылған жерінің атауына құқықтық қорғау барлық мүше мемлекеттердің аумағында бір мезгілде ұсынылады.
      23. Тіркеуге, құқықтық қорғауға және мүше мемлекет аумағында Одақ тауарының шығарылған жерінің атауын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар Одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен реттеледі.

IX. Патенттік құқықтар

      24. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқық, мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалады және ол өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
      25. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
      1) өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқық;
      2) авторлық құқық.
      26. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, қызметтік өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      27. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқықты қолдану мерзімі:
      1) өнертабыстар үшін - кемінде 20 жылды;
      2) пайдалы модельдер үшін - кемінде 5 жылды;
      3) өнеркәсіптік үлгілер үшін - кемінде 5 жылды құрайды.
      28. Өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгіге патент - патент иесіне мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін кез келген тәсілмен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға айрықша құқық береді, сондай-ақ басқа адамдардың көрсетілген объектілерді пайдалануына тыйым салу құқығын береді.
      29. Мүше мемлекеттер патентпен берілетін құқықтық шектеулерді көздеуге құқылы, бұл ретте, мұндай шектеулер өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні қалыпты пайдалануға ақталмайтын залал келтірмеуі және үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін ескере отырып, патент иесінің заңды мүдделеріне негізсіз түрде нұқсан келтірмеуі тиіс.

X. Селекциялық жетістіктер

      30. Өсімдік сорттарына және жануарлар тұқымдарына (селекциялық жетістіктерге) құқықтарды қорғау мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      31. Селекциялық жетістіктердің авторына мынадай құқықтар тиесілі:
      1) селекциялық жетістіктерге айрықша құқық;
      2) авторлық құқық.
      32. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда селекциялық жетістіктердің авторына басқа да құқықтар, оның ішінде патент алу құқығы, селекциялық жетістікті атау құқығы, қызметтік селекциялық жетістікті пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      33. Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өсімдіктер сорттары, жануарлар тұқымы үшін 25 жылдан кем емес мерзімді құрайды.

XI. Интегралды микросхемалар топологиясы

      34. Интегралды микросхемалар топологиясы материалды жеткізгіште тіркелген интегралды микросхема элементтерінің және олардың арасындағы байланыстар жиынтығының кеңістік-геометриялық орналастырылуы болып табылады.
      35. Интегралды микросхема топологиясына зияткерлік меншік құқығы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалады.
      36. Интегралды микросхема топологиясының авторына мынадай құқықтар тиесілі;
      1) интегралды микросхема топологиясына айрықша құқық;
      2) авторлық құқық.
      37. Мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, интегралды микросхема топологиясының авторына басқа да құқықтар, оның ішінде қызметтік топологияны пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы тиесілі.
      38. Интегралды микросхема топологиясының айрықша құқығының қолдану мерзімі 10 жылды құрайды.

XII. Өндірістік құпия (ноу-хау)

      39.  Өндірістік құпия (ноу-хау) деп кез келген сипаттағы (өндірістік, техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да) мәліметтер, оның ішінде ғылыми-техникалық саладағы зияткерлік қызмет нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ үшінші тұлғалар заңды негізде еркін қол жеткізе алмайтын мәліметтердің үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты шынайы және әлеуетті коммерциялық құндылығы бар және оларды білетіндерге қатысты коммерциялық құпия режимі енгізілген кәсіптік қызметті жүзеге асыру тәсілдері туралы мәліметтер танылады.
      40. Өндірістік құпияны (ноу-хау) құқықтық қорғау мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұсынылады.

XIII. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет