Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР



бет8/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

XXVII БӨЛІМ


ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

99-бап


Жалпы өтпелі ережелер

      1. Осы Шарт күшіне енген күні қолданыста болған Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар ретінде Одақтың құқығына кіреді және осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.


      2. Осы Шарт күшіне енген күні қолданыста болған, мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, үкімет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері өзінің заңдық күшін сақтайды және осы Шартқа қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      3. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап:
      2011 жылғы 18 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа сәйкес әрекет еткен мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және үкімет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің функциялары мен өкілеттерін осы Шартқа сәйкес әрекет ететін тиісінше Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес жүзеге асырады;
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа сәйкес құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия өз қызметін осы Шартқа сәйкес жүзеге асырады;
      осы Шарт күшіне енгенге дейін тағайындалған Комиссия Алқасының мүшелері өздері тағайындалған өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін өз функцияларын орындауды жалғастырады;
      осы Шарт күшіне енгенге дейін өздерімен еңбек шарттары жасалған департамент директорлары мен директорларының орынбасарлары еңбек шарттарында көзделген мерзімдер аяқталғанға дейін өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады;
      Комиссияның құрылымдық бөлімшелеріндегі бос лауазымдарға орналасу осы Шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Одақ шеңберінде осы Шартқа № 31 қосымшада көрсетілген халықаралық шарттар да қолданылады.

100-бап


VII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Одақ шеңберінде дәрілік заттардың ортақ нарығының жұмыс істеуі 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей мүше мемлекеттер жасасуға тиіс, дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайтын Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.


      2. Медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) ортақ нарығының жұмыс істеуі 2015 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей мүше мемлекеттер жасасуға тиіс, медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын айқындайтын Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

101-бап


VIII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі күшіне енгенге дейін Одақтағы кедендік реттеу, осы баптың ережелері ескеріле отырып, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа және мүше мемлекеттердің Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін және осы Шарттың 99-бабына сәйкес Одақтың құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшін оларда пайдаланылатын ұғымдар ретінде мыналар түсіндіріледі:
      «Кеден одағына мүше мемлекеттер» - осы Шартта айқындалған мағынадағы мүше мемлекеттер;
      «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы (Кеден одағының кедендік аумағы)» - Одақтың кедендік аумағы;
      «Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы)» - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
      «Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифі» - Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі;
      «Кеден одағы комиссиясы» - Еуразиялық экономикалық комиссия;
      «Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары» - Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар, оның ішінде мүше мемлекеттердің осы Шарттың 99-бабына сәйкес Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттары;
      «Кеден одағының кедендік шекарасы (кедендік шекара)» - Еуразия экономикалық одақтың кедендік шекарасы;
      «Кеден одағының тауары» - Еуразиялық экономикалық одақ тауары.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарды қолдану мақсаты үшін тыйым салулар мен шектеулерге Одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты қолданылатын тарифтік емес реттеу шаралары (оның ішінде жалпы ерекшеліктер, сыртқы қаржылық жағдайларды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін біржақты тәртіппен қамтамасыз ету негізге алынып енгізілетіндер), техникалық реттеу шаралары, экспорттық бақылау шаралары және әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты шаралар, сондай-ақ санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптар жатады.
      Бұл ретте, тарифтік емес реттеу шараларына, оның ішінде жалпы ерекшеліктер, сыртқы қаржылық жағдайларды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін біржақты тәртіппен қамтамасыз ету негізге алынып енгізілетін шараларға осы Шарттың 46 және 47-баптарында айқындалған шаралар жатады.
      Кеден одағы Кеден кодексінің 3-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттардың тыйым салулар мен шектеулерді айқындауға және қолдануға (қолданбауға) қатысты ережелері қолданылмайды.
      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды, оның ішінде жеке қолдануға арналған тауарларды өткізу және (немесе) тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы Комиссия белгілеген немесе осы Шартқа сәйкес мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген жағдайларда және тәртіппен, тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну арқылы расталады.
      Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық, радиациялық және басқа да түрлері осы Шартқа сәйкес немесе Комиссияның оған сәйкес қабылданған актілеріне немесе мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне не мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және ресімделеді.
      4. Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабы кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын жүргізу бөлігінде осы Шарттың 45-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      5. Кеден одағы Кеден кодексінің 7-тарауы осы Шарттың 37-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      6. Кеден одағы Кеден кодексінің 70-бабының 2-тармағы қолданылмайды.
      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары осы Шарттың ережелеріне сәйкес белгіленеді және осы Шарттың 48 және 49-баптарының ережелерін, сондай-ақ төмендегілерді ескере отырып, кедендік әкелу бажын алу үшін кеден одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен алынады.
      Талаптары осы баптың 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттарға сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын көздейтін арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары кедендік рәсімдермен тауарларды орналастыру кезінде төленуге жатады.
      Арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есептеу, осы баждарды төлеу міндетінің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімдері мен тәртібін айқындау осы Шартта белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, кедендік әкелу баждары үшін кеден одағының Кеден кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (осы Шартқа № 8 қосымша) 104 және 169-тармақтарына сәйкес демпингке қарсы немесе өтемақы бажын қолдану кезінде демпингке қарсы, өтемақы баждары Комиссияның демпингке қарсы немесе өтемақы бажын қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге, сондай-ақ көрсетілген Хаттамаға қосымшада айқындалған тәртіппен есепке жатқызылуға және бөлінуге жатады.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдерін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту нысанында өзгерту жүргізілмейді.
      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда оларды өндіріп алу кеден органы өсімпұл есептей отырып кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасында кедендік әкелу баждары үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте өсімпұлдарды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі кедендік әкелу баждарының төленбеуіне немесе толық төленбеуіне байланысты төленетін, өндіріп алынатын өсімпұл үшін белгіленген тәртіпке ұқсас болады.
      Осы тармақтың ережелері алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеуге, төлеуге және өндіріп алуға қолданылады.
      7. Кеден одағы Кеден кодексінің 74-бабы тарифтік жеңілдіктер бөлігінде осы Шарттың 43-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
      8. Кеден одағы Кеден кодексінің 77-бабы 2-тармағының екінші бөлігі қолданылмайды.
      Кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін, егер Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылатын не аумағында тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактілері анықталған мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.

102-бап


IX бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Шарттың 35-бабының ережелеріне қарамастан, мүше мемлекеттер осы мүше мемлекеттің үшінші тараппен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған халықаралық шарты немесе барлық мүше мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар негізінде мұндай үшінші тараппен саудада біржақты тәртіппен преференциялар беруге құқылы.


      Мүше мемлекеттер өздерінің негізінде преференциялар берілетін шарттарды біріздендіруді жүзеге асырады.
      2. Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қайта қарау арқылы қабылданатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары Комиссияның тиісті шешімімен белгіленген көрсетілген шаралардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және осы Шарттың IX бөлімінің ережелеріне және оған № 8 қосымшаға сәйкес қайта қарауға жатқызылуы мүмкін.
      3. Осы Шарттың 36-бабының ережелерін іске асыру мақсаттары үшін Одақтың дамушы елдерден және (немесе) неғұрлым төмен дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты Одақтың бірыңғай тарифтік преференциялары жүйесін қолданудың шарттары мен тәртібін белгілейтін Комиссия шешімі күшіне енгенге дейін Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы 2008 жылғы 12 желтоқсандағы хаттама қолданылады.
      4. Осы Шарттың 37-бабының 2-тармағында көзделген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын белгілейтін Комиссия шешімі күшіне енгенге дейін 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім қолданылады.
      5. Осы Шарттың 37-бабының 3-тармағында көзделген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын белгілейтін Комиссия шешімі күшіне енгенге дейін 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және төмен дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім қолданылады.

103-бап


XVI бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Осы Шарттың 70-бабының 1-тармағында айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер 2025 жылға қарай қаржы нарығы саласындағы өз заңнамасын Одақ шеңберіндегі халықаралық шартқа және Қаржы қызметтері жөніндегі хаттамаға (осы Шартқа № 17 қосымша) сәйкес үйлестіруді жүзеге асырады.


      2. Мүше мемлекеттер қаржы нарықтары саласындағы заңнаманы үйлестіруді аяқтағаннан кейін қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлттықтан жоғары органның өкілеттіктері мен функциялары туралы шешім қабылдайды және оны 2025 жылы Алматы қаласында орналастыра отырып құрады.

104-бап


XX бөліміне қатысты өтпелі ережелер

      1. Одақтың жиынтық энергетикалық әлеуетті тиімді пайдалануға және отын-энергетикалық ресурстарды мемлекетаралық жеткізуді оңтайландыруға ықпал ететін газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын қалыптастырудың әдіснамасын әзірлейді және бекітеді.


      2. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мақсатында Жоғары кеңес 2015 жылғы 1 шілдеге дейін тұжырымдаманы, ал іс-шаралардың орындалу мерзімін 2018 жылғы 1 шілдеге дейін деп көздей отырып, Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасын 2016 жылғы 1 шілдеге дейін бекітеді.
      3. Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындауды аяқтағаннан кейін мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы, оның ішінде электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын халықаралық шарт жасасады және оның 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      4. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру мақсатында Жоғары кеңес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін - тұжырымдаманы, ал іс-шаралардың орындалу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін деп көздей отырып, Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітеді.
      5. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындау аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде Одақтың жалпы газ нарығын қалыптастыру туралы, оның ішінде мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын халықаралық шарт жасасады және оның 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      6. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мақсатында Жоғары кеңес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін - тұжырымдаманы, ал бағдарлама іс-шараларының орындалу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін деп көздей отырып, Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітеді.
      7. Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасының іс-шараларын орындау аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттер Одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы, оның ішінде мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын қамтитын халықаралық шарт жасасады және оның 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енуін қамтамасыз етеді.
      8. Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласында табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттама (осы Шартқа № 21 қосымша) осы баптың 3-тармағында көзделген халықаралық шарт күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      9. Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйесі бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидалары туралы хаттама (осы Шартқа № 22 қосымша) осы баптың 5-тармағында көзделген халықаралық шарт күшіне енгенге дейін қолданыста болады.
      10. Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, жұмыс істеу және дамыту туралы хаттама (осы Шартқа № 22 қосымша) осы баптың 7-тармағында көзделген халықаралық шарт күшіне енгенге дейін қолданыста болады.

105-бап


XXIV бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Мүше мемлекеттер Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (осы шартқа № 28 қосымша) 7-тармағында көзделген Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуін қамтамасыз етеді.


      Көрсетілген халықаралық шарт күшіне енген күнінен бастап осы Шарттың 93-бабының 6-тармағы 3) және 4) тармақшаларының және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 28 қосымша) 6, 15, 20, 87 және 97-тармақтарының ережелері күшіне енеді.
      2. Осы Шарттың 93-бабының және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 28 қосымша) ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мүше мемлекеттер аумақтарында берілген субсидияларға қолданылмайды.

106-бап


XXV бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      1. Беларусь Республикасы үшін Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 29 қосымша) 8-тармағы бірінші абзацының ережесіне қатысты 2016 жылға дейінгі өтпелі кезең белгіленеді, ол кезеңде Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың рұқсат етілген көлемін былайша:


      2015 жылы - 12 пайыз;
      2016 жылы - 10 пайыз төмендетуге міндеттенеді.
      2. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 29 қосымша) 8-тармағының екінші абзацында көзделген, саудаға бұрмалаушы әсер ететін шаралардың рұқсат етілген деңгейін есептеу әдіснамасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірленеді және бекітіледі.
      3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (осы Шартқа № 29 қосымша) 8-тармағының үшінші абзацында көзделген міндеттемелер Беларусь Республикасы үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енеді.

XXVIII БӨЛІМ


ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

107-бап


Әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер

      Одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында Комиссия Кеңесінің және Комиссия Алқасының мүшелері, Одақ Сотының судьялары, Комиссияның және Одақ Сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлері өздеріне жүктелген өкілеттіктер мен лауазымдық (қызметтік) міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік кепілдіктерді, артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады. Көрсетілген әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі осы Шартқа № 32 қосымшаға сәйкес айқындалады.

108-бап
Одаққа кіру

      1. Одақ оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін кез келген мемлекеттің мүше мемлекеттермен келісілген шарттарда кіруі үшін ашық.


      2. Одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін алу үшін мүдделі мемлекет Жоғары кеңес Төрағасының атына тиісті өтініш жолдайды.
      3. Мемлекетке Одаққа кіруге кандидат мемлекет мәртебесін беру туралы шешімді Жоғары кеңес консенсуспен қабылдайды.
      4. Жоғары кеңестің шешімі негізінде кандидат мемлекеттің Одақ құқығынан туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайындығы дәрежесін зерделеу, кандидат мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеу, сондай-ақ кандидат мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің көлемі, сондай-ақ оның Одақ органдарының жұмысына қатысу форматы айқындалатын тиісті мемлекеттің Одаққа кіруі туралы халықаралық шарт жобасын әзірлеу үшін кандидат мемлекеттің, мүше мемлекеттердің және Одақ органдарының өкілдерінен жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылады.
      5. Кандидат мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын Жоғары кеңес бекітеді.
      6. Жұмыс тобы кандидат мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын кандидат мемлекеттің орындау барысы туралы баяндаманы Жоғары кеңестің қарауына тұрақты негізде ұсынады. Одақтың құқығынан туындайтын міндеттемелерді кандидат мемлекеттің толық көлемде орындағаны туралы жұмыс тобының тұжырымы негізінде Жоғары кеңес кандидат мемлекетпен Одаққа кіру туралы халықаралық шартқа қол қою туралы шешім қабылдайды. Көрсетілген халықаралық шарт ратификациялануға жатады.

109-бап


Байқаушы мемлекеттер

      1. Кез келген мемлекет Жоғары кеңес Төрағасына өзіне Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы өтініш жасауға құқылы.


      2. Жоғары кеңес Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру не мұндай мәртебе беруден бас тарту туралы шешімді интеграцияны дамыту және осы Шарттың мақсаттарына қол жеткізу мүдделерін ескере отырып қабылдайды.
      3. Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттің уәкілетті өкілдері шақыру бойынша Одақ органдарының отырыстарына қатыса алады, Одақ органдары қабылдайтын құпия сипаттағы құжат болып табылмайтын құжаттарды ала алады.
      4. Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесі Одақ органдарында шешім қабылдауға қатысуға құқық бермейді.
      5. Одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алушы мемлекет Одақтың және мүше мемлекеттердің мүдделеріне, осы Шарттың объектісі мен мақсаттарына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттен тартынуға міндетті.

110-бап


Одақ органдарының жұмыс тілі.
Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар мен
Комиссия шешімдерінің тілі

      1. Одақ органдарының жұмыс тілі - орыс тілі.


      2. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар және мүше мемлекеттер үшін міндетті сипаты бар Комиссия шешімдері орыс тілінде қабылданады, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, Комиссия айқындайтын тәртіппен кейіннен олардың мемлекеттік тіліне аударылады.
      Мүше мемлекеттердің мемлекеттік тіліне аудару Одақ бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      3. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық шарттар мен шешімдерді түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.

111-бап


Қол жеткізу және жариялау

      1. Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар, үшінші тараппен халықаралық шарттар және Одақ органдарының шешімдері Үкіметаралық кеңес белгілеген тәртіппен Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында ресми жариялануға жатады.


      Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында Одақ органының шешімі жарияланған күн осы шешімнің ресми жарияланған күні болып танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешімнің ешқайсысы ол ресми жарияланғанға дейін күшіне енбейді.
      3. Одақ органдарының шешімдері шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірілмей мүше мемлекеттерге жіберіледі.
      4. Одақ органдары аталған шешім қабылдануы жоспарланып отырған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын шешім жобаларының Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтында алдын ала жариялануын қамтамасыз етеді. Одақ органдарының жедел ден қоюды талап ететін айрықша жағдайларда қабылданатын шешімдерінің жобалары өзге мерзімдерде жариялануы мүмкін.
      Мүдделі тұлғалар осы органға өз түсіндірмелері мен ұсыныстарын бере алады.
      Осындай түсіндірмелер мен ұсыныстарды жинау, талдау және есепке алу тәртібі Одақтың тиісті органының жұмыс регламентінде айқындалады.
      5. Одақ органдарының таратылуы шектелген ақпаратты қамтитын шешімдері мен осындай шешімдерінің жобалары ресми жариялануға жатпайды.
      6. Осы баптың ережелері - күшіне ену және жариялану тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың Сот Статуты айқындайтын (осы Шартқа № 2 қосымша) Одақ Сотының шешімдеріне қатысты қолданылмайды.
      7. Осы баптың 4-тармағының ережелері осындай шешімдердің жобаларын алдын ала жариялау олардың орындалуына кедергі келтіруі мүмкін немесе қоғамдық мүдделерге өзгеше түрде қайшы келетін жағдайларда Одақ органдарының шешімдеріне қатысты қолданылмайды.

112-бап



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет