Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет2/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

тарихының бірінші кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі оқиғалары: халықаралық 
қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы, XVII – XVIII ғғ. алғашқы 
буржуазиялық революциялар: Ағылшын буржуазиялық революциясы, 
өнеркәсіп төңкерісі, солтүстікамерикандық революция және Америка Құрама 
Штаттарының (АҚШ-ның) құрылуы, Ұлы француз буржуазиялық 
революциясы, Франциядағы Консулдық пен Бірінші империя, наполеондық 
соғыстар, 1815 ж. Вена конгресі және Еуропаның саяси картасының қайта 
құрылуы, халықаралық қатынастардың Веналық жүйесінің құрылуы, АҚШ-ғы 
Азаматтық соғыс, Италия мен Германияның бірігуі, халықаралық жұмысшы 
қозғалысының пайда болуы, марксизм ілімінің қалыптасуы және 
Халықаралық Жұмысшылар Серіктігінің – I Интернационалдың пайда болуы. 
2. 1870 жж.- 1914 жж. қамтитын Еуропа және Америка елдерінің жаңа 
 тарихының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі оқиғалары: Франция - Пруссия 
соғысы және Германияның бірігуінің аяқталып Герман империясының 
құрылуы, 1870-1890 жж. жетекші еуропалық және Америка мемлекеттерінің 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
саяси 
дамуының 
ерекшеліктері, 
капитализмнің өзінің жоғарғы сатысы -империализмге аяқ басуы және оның 
белгілерінің жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси 
дамуында көрініс табуы, социлисттік қозғалыстың пайда болуы және дамуы, 
имериализм дәуіріндегі мемлекеттердің бөлінген әлемді қайта бөліске салу 
үшін күресі және 1914-1918 жж. Бірінші дүниежүзілік соғыстың туындауы. 
Еуропа мен Америка елдерінің саяси-экономикалық дамуының қазіргі 
заман тарихындағы бірінші бөлігінің өзін саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға байланысты төрт кезең шеңберінде қарастырамыз. 
Бірінші кезең барысында (1918–1920 жылдардың аяғы) халықаралық 
қатынастардың Версаль-Вашингтондық жүйесі құрылды, мандаттық жүйе 
қалыптасты. 
1924-1929 жж. қамтитын екінші кезеңде, капитализмнің салыстырмалы 
тұрақты даму кезеңінде, Еуропа және Америка елдері Бірінші дүниежүзілік 
соғыстан кейінгі қирап қалған экономикаларын қалпына келтірді
капиталисттік елдер мен тарихтағы алғашқы социалисттік мемлекет- КСРО 
арасында бейбіт өмір сүру дәуірі басталды, пацифисттік идеялар таралды.



1929-1933 жж., әлемдік экономикалық дағдарысы жылдарын қамтитын
үшінші кезеңде, барлық мемлекеттер бұл дағдарыстан шығу жолдарын 
іздестіре бастады, фашизм туындады, жекелеген елдерде авторитарлық, 
тоталитарлық режимдер орнады. 
1933-1939 жж. қамтитын төртінші кезеңде Еуропа мен Азияда соғыс 
ошақтары пайда болды, Италия, Германия, Жапонияда билік басына келген 
фашисттік режимдер дүниені қайта бөлісу үшін соғысқа дайындық жүргізе 
бастады, соның нәтижесінде 1939-1945 жж. Екінші дүниежүзілік соғыстың 
алғышарттары қалыптаса бастады.  
Еуропа мен Америка елдерінің саяси-экономикалық дамуының қазіргі заман 
тарихындағы екінші бөлігінің өзін саяси және әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларға байланысты төрт кезең шеңберінде қарастырамыз. 
Бірінші кезең барысында (1945–1950 жылдардың аяғы) ғылыми-
техникалық революцияның алғашқы қадамдарын, капиталистік елдердегі 
мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы, Орталық және Оңтүстік-Шығыс 
Еуропадағы халықтық-демократиялық революциялар және Кеңестер 
Одағының басшылығымен әлемдік социалистік жүйенің қалыптасуы, отарлық 
жүйенің ыдырауының басталуы және ірі екі держава АҚШ пен КСРО 
арасындағы «қырғи-қабақ соғысының» тұтануы жаңа халықаралық 
қатынастар жүйесінде «қосполярлы әлемді» құрды. 
Екінші кезеңінде (50-жылдардың аяғы – 70-жылдардың ортасы) 
капиталистік елдерде индустриалды қоғамның қалыптасуы, интеграциялық 
үрдістердің өрістеуі, отарлық жүйенің күйреуі және әлемдік саясатқа бұрынғы 
отарлық «шет аймақтардағы» жас тәуелсіз мемлекеттердің араласа бастауы 
көрініс тапты. 
Үшінші кезең (70-жылдардың ортасы – 80-жылдардың аяғы) әлемдік 
капиталистік шаруашылықтың құрылымдық дағдарысымен сипатталса, 
социалистік елдер үшін ҒТР-дің жаңа кезеңіне бейімделе алмағандықтан, бұл 
кезең тоқырау мен дағдарыс үрдісінің шиеленісуіне әкелді, ақыр аяғында 
Еуропадағы, оның ішінде КСРО-дағы социалистік жүйе құлады, бұл 
«қырғиқабақ» соғысының аяқталуына және халықаралық қатынастардағы 
«қосполярлы әлемнің» жойылуына әкелді. 
Төртінші кезең (ХХ ғасырдың 90-жылдары) ақпараттық және 
технологиялық революция ретінде ҒТР-дің одан әрі дамуымен сипатталады, 
жетекші капиталистік елдерде ақпараттық қоғамның қалыптасуымен, ал 
Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдері мен КСРО 
аумағында пайда болған жаңа тәуелсіз елдер үшін нарықтық экономикаға
демократиялық тәртіпке өтуімен сипатталады. 
Әлем елдерінің қазіргі заман тарихының екінші бөлігін оқып білу ХХ 
ғасырдың ортасынан бүгінгі күнге дейін Жер шарында қандай ұлы 
өзгерістердің болғанын түсінуге, саяси жүйелердің ауыспалы екендігін 
ұғынуға мүмкіндік туғызады. 



Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы кезеңін қарастыру 
барысында 
адамзаттың 
тарихи 
даму 
заңдылығы 
бір 
орында 
тұрмайтындығына, жаңа өзгерістерге толы екендігіне көз жеткіземіз. 
Қазіргі заман тарихы кезеңіндегі жаңа еуропалық өркениетке мынадай 
белгілер тән болды
- плюрализм, төзімділік және жеке тұлғаның басымдықтарын, оның 
бостандықтарын; меншік пен кәсіпкерліктің құқықтарын, мүдделерін жалпыға 
бірдей тану;
- тап күресін, қоғамның капиталисттерге (өндіріс құралдары мен меншік 
иелеріне) мен жалдамалы жұмысшыларға бөлінуін мойындау; 
- мемлекеттілігі мен өнеркәсіптік өндірісі бар сыныптар мен 
сословиялардың симбиозы ретінде ұлттардың пайда болуын қабылдау; 
- адамдардың табиғатқа қатысты басымдылығы оның ресурстарын 
барынша пайдалану болды, бұл антропогендік және техногенді бұзылудың 
бастауы болды; 
- ғылымның дамуы қоғам дамуының органикалық бөлігіне айналды 
(ҒТР - ғылыми-техникалық революция); 
- әлсіз халықтардың бағынуы және олардың табиғи байлықтары мен 
адами ресурстарын пайдалану, бұл бірте-бірте отаршылдық пен империализм 
идеологиясында орнығуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет