Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының экономикалық дамуы 
туралы не білесіз? 
2. Англияның солтүстік американдық отарларында тәуелсіздік соғысы 
алдында пайда болған отарлардың үш түрін сипаттаңыз. 
3. Американ колонистерінің тәуелсіздік соғысының себептері? 
4. АҚШ мемлекеттігінің негізінде жатқан үш құжатты атаңыз? 
5. Тәуелсіздік соғысының маңызы? 
4-дәріс. 1789 – 1799 жж. Ұлы француз буржуазиялық 
революциясы 
 
1. Ұлы француз буржуазиялық революциясының себептері, негізгі 
кезеңдері және барысы.
2. 1791 ж. Конституция бойынша Францияның мемлекеттік құрылысы. 
3. Жирондисттік республика (Бірінші республика). 
4. Якобиндік республика. 
5. Консулдық және Бірінші империя кезіндегі Франция. 
 
Франциядағы феодалдық-абсолютисттік тәртіпке негізгі соққы берген 
1789-1794 жж. Француз революциясы. Ол елдегі конституциялық тәртіп және 
мемлекеттік билікті жаңа демократиялық принциптерде орнату үрдісінде 
маңызды рөль ойнады. XVIII ғ. француз революциясы барлық әлемдегі 
әлеуметтік прогреске серпіліс берді, әлемдік өркениет тарихында жаңа саты, 
өз заманы үшін алдыңғы қатарлы болған қоғамдық-саяси тәртіп – 
капитализмнің дамуына жол ашты. 
1789-1794 жж. революция Францияның одан әрі дамуына кедергі болған 
абсолюттық монархияның үзақ және үдеме дамуда болған дағдарысының 
заңды нәтижесі болды. явилась закономерным результатом длительного и 
прогрессировавшего кризиса изжившей себя и ставшей главной помехой на 


18 
пути дальнейшего развития Франции абсолютной монархии. Революцияның 
туындауы мынадай себептерге байланысты еді, себебі, абсолютизм: 
- Жалпы ұлттық мүдделерді қорғауды қойды; 
- ортағасырлық сословиелік артықшылықтарды қорғады; 
- жерге деген дворяндардың ерекше құқықтарын қорғады; 
- цехтік тәртіпті қолдап отырды: мауда және бөтен де монополияларды 
орнатты. 
XVIII ғ. 70-ші жылдарының аяғында сауда-өнеркәсіп дағдарысы және 
астықтың 
шықпай 
қалуына 
байланысты 
туындаған 
ашаршылық, 
жұмыссыздықтың өсуі мен шараулар мен қала тұрғындарының төменгі 
топтарының қайыршылануына әкелді. Бұндай жағдайда монархия кейін 
шегінуге мәжбүр болды, сондықтан монархия, 1614 жылдан бері 
шақырылмаған Бас штаттарын шақыруға келісті. Оның мәжілістері 1789 
жылдың 5 мамырында басталды. 
1789 жылдың 17 маусымында үшінші сословие депутаттарының 
жиналысы өзін Ұлттық жиналыс, ал 9 шілдеде Құрылтай жиналысы деп 
жариялады. Король сарайының Құрылтай жиналысын таратып жіберуге 
жасалған әрекеттер,і 1789 жылдың 13-14 шілдесінде Париждегі көтеріліске 
әкелді. 
178-1794 жж. Француз революциясының барысы шартты түрде мынадай 
кезеңдерге бөлінеді: 
- бірінші кезең - конституциялық монархиияның құрылуы (1789 ж. 14 
шілдесі - 1792 ж. 10 тамызы); 
- екінші кезең - Жирондисттік республиканың орнауы (10 тамыз 1792
ж. -2 маусым 1793 ж.); 
- үшінші кезең – Якобиншілер республикасының орнауы (2 маусым 
1793 ж. -27 шілде 1794 ж.); 
- төртінші кезең – Директорияның билеуі (27 шілде 1794 ж. – 18 брюмер 
1799 ж.); 
Революцияның бірінші кезеңінің бастамасы болып - 1789 ж. 14 
шілдесіндегі, көтерілске шыққан халықтың, абсолютизмнің символы болған 
корольдік қамал - Бастилияны штурммен алуы есептеледі. Әскердің көпшілігі 
көтерілісшілер жағына көшті, сондықтан барлық Париж олардың қолында 
болды. Одан кейінгі апталарда революция барлық елге таралды.
Халық королдік әкімшілікті ауыстырды және оның орнына, оның құрамына 
үшінші сословиенің ең беделді өкілдері кірген, жаңа сайланатын органдарды 
– муниципалитеттерді қойды. 
Париж және провинциалдық қалаларда буржуазия өзінің әскери 
күштері – Ұлттық гвардияны, территориялық жасақтарды құра бастады. Әр 
ұлттық гвардеец өзінің қаржысына қару-жарағы мен киім-кешегін алу керек 
еді, ал бұл жағдай ұлттық гвардияға қаржысы жоқ адамның кіруіне кедергі 
болды.
Революцияның бірінші кезеңі - ірі буржуазияның үстемдігі кезеңі болды. 
Бұл кезеңде билік, көне тәртіпті толық жоюға тырыспаған, әулетті буржуазия 


19 
мен либералық дворяндардың мүддесін қорғаған саяси топтың қолында 
болды. 
Олардың идеалы болған - конституциялық монархия, сондықтан 
Құрылтай жиналысында олар конституционалисттер деген атаққа ие болды.
Олардың саяси қызметінің негізінде, бірі-біріне жеңілдіктер жасау арқылы, 
дворяндармен ымыраға келу әрекеті жатты. 
1789 ж. 26 тамызында Құрылтай жиналысы революцияның 
бағдарламалық құжаты - Адам және азамат құқықтарының Декларациясын 
қабылдады. Декларация демократиялық және мемлекеттік-құқықтық
тәртіптің принциптерін – халық егемендігін адамдардың табиғи және 
ажырамас құқықтарын, биліктің салаларға бөлуін және бұл принциптердің 
өзара байланыстығын жариялады
Декларацияның 1-ші бабы «Адамдар тең болып туады және олар
құқықтары тең және еркін болып қала береді» деп жариялады. 
2-бабқа табиғи және ажырамас құқықтар ретінде: еркіндік; меншікке ие 
болу; қауіпсіздік; қанауға қарсылық көрсету жатқызылды. 
4 баб бойынша, еркіндік, бөтен адамға кесірі тимейтіннің бәрін жасауға 
болатын мүмкіндік ретінде белгіленді. 
Декларацияның 7,9,10 және 11 бабтары жеке тұлғаның бостандығын,
діни сенім, сөз және баспасөз бостандығын бекітті.
9 баб кінәсіздік презумпциясы принципін жариялады: айыпталушылар, 
және оның қатарында үсталғандар да бар, олардың кінәсі заңды түрде 
дәлелденбегенше айыпты болып есептелмейді. 
Егемендік идеясы Декларацияның 3-ші бабында бекітілді. Ол халық 
өкілдігі принципінің негізі болды. 6 баб, азаматтардың өздерінің немесе 
олардың өкілдері арқылы, адамдардың ортақ ерігінің көрінісі болатын 
заңдарды шығару ісіне қатысу құқын жариялады. 
13 және соңғ 14 бабтар салықтардың мөлшері мен оларды жинау 
тәртібін және оларды жинау мерзімін белгіледі. 
15-бап азаматтардың өзіне сеніп тапсырылған басқару бөлігі бойынша 
әр лауазымды тұлғадан есеп талап ету құқығын жариялады. 
Декларацияның 17 соңғы бабы қол сұғылмайтын және қасиетті меншік 
құқығын жариялады. 
Декларацияны құрастырумен қатар Құрылтай конституцияны жасауға 
кірісті. 
Конституцияның соңғы мәтіні, сословиелерге бөлінуді жою, шіркеу 
реформасы, елдің көне әкімшілігін жою, цехтерді тарату сияқты, 1789-1791 
жылдары қабылданған, конституциялық сипатқа ие көптеген декреттер мен 
шешімдердің негізінде жасалды. 
Конституцияда заң шығарушы биліктің жоғарғы органының, 
корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесінің статустарын бекітудің негізгі 
принциптері бекітілді.
Конституция билік бөлісі принципіне, монархияны шектеуге, үлттық 
егемендік және өкілдік басқаруға негізделген мемлекеттік құрылыс орнатты.


20 
Ол 1791 жылдың 3 қыркүйегінде бекітілді, ал бірнеше күннен кейін 
король Конституциға адалдығына ант берді. 
1791 ж. Конституция бойынша Францияның мемлекеттік құрылысы. 
1791 ж. Конституцияға сәйкес заң шығарушы биліктің жоғарғы органы 
болған – бір палаталық Ұлттық жиналыс. Ол екі жылға сайланатын еді және
король оны тарата алмайтын еді.  
Депутаттар қол сұғылмаушылық құқығына ие болды; жалпы қылмыстық 
қылмыстары үшін оларды қудалау үшін Ұлттық жиналыстың келісімі талап 
етілді. 
Корольдік вето тек шұғыл сипатқа ие болғанымен, Ұл король бекіту 
керек еді. 
Ұлттық жиналыстың құзыреттілігіне мынадай мәселелер жатты:
- финансттар саласында – жыл сайын бюджетті жасау және бекіту, 
салықтарды бекіту, мемлекеттік қаржылардың пайдалануын бақылау: 
- әкімшілік басқару саласында – мемлекеттік лауазымдарды ашу және 
жою; 
- юстиция саласында – заңды бұзған министрлер және бөтен де 
лауазымды тұлғаларды Жоғарғы соттың алдында қылмыстық міндетілікке 
тарту, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауып төндіреді деген адамдарға қарсы 
қылмыстық істерді бастау;
- әскери істер саласында – қарулы күштердің саны мен құрамы туралы
жыл сайын өкімдер басып отыру, оны қаржылау, соғысты жариялау; 
- сыртқы қатынастар саласында – шетелдік мемлекеттермен келісім – 
дерді ратификациялау. 
Атқару билікті король өзі тағайындаған министрлерімен бірігіп жасайтын 
болды, ол: 
- елдің ішкі істері және сыртқы қатынастарды басқарды; 
- жоғарғы шенеуніктерді тағайындады;
- әскердің жоғарғы басшылығының бір бөлігін тағайындап, елдің 
қарулы күштерін басқарды. 
Король, тек Ұлттық жиналыс қабылдаған заңдар шеңберінде қызмет ете 
алды; оның бұйрықтары тек салалық министрлер қол қойған жағдайда ғана 
заңды күшіне енетін болды. 
Жергілікті басқару сайланатын органдарға берілді, олардың қызметін 
король тағайындаған салалық министрлер бақылап отырды. Егерде жергілікті 
билеушілердің шешімдері үкіметтің заңдары мен өкімдеріне қарсы болса, 
король оларды жоя алды, ал олар бағынбаған жағдайда – Ұлттық жиналысты 
хабардар етіп, шенеунікті қызметтен босата алды. 
1789 ж. Конституция бойынша Францияның сот жүйесі: 
- мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қылмыстар мен министр- 
лердің заң бүзушылығын қарастыратын Жоғарғы сотттан; 
- қылмыстық істерді қарайтын алқабилер сотынан; 
- сотты жүргізу тәртібін бүзып, заңды бүзушылықпен қарастырылған


21 
төменгі соттың үкімін, істі қарастырмай-ақ жоя алатын, кассациялық соттан 
тұрды. Кассациялық сот шешімдерді дұрыс шығармаған соттарға шағымдарды 
және де сот ісіне қатысты бөтен де өтініштерді қабылдады. 
Судьялар белгілі мерзімге сайланатын еді және оларды тек қылмыс 
жасаған жағдайда ғана және белгілі тәртіп бойынша жұмыстан босатылатын 
болды. 
Жирондисттік республика (Бірінші республика). 1791 ж. француз 
Конституциясын қабылдауы елдегі саяси күресті тоқтатқан жоқ. Мемлекеттік 
органдардың жаңа жүйесі тек күштердің ара қатынасының уақытша тепе-
теңдігін бейнеледі. 1791 ж. жазына таман үшінші сословие жіктелді кейін 
олар.
Бұл уақытқа таман еуропалық монархиялардың революциялық 
Францияға қарсы интервенцияға дайындалуы ашық түрде жүріп жатты. 
1792 ж. Францияға қарсы соғысқа Австрия, Пруссия және Сардиния 
кірді, 1793 ж. – Ұлыбритания, Нидерланды, Испания және т.б. Француз 
армиясының көптеген генералдарының опасыздығы интервенттерге 
Францияның территориясына кіру және одан кейін Парижге шабуыл жасау 
ісін жеңілдетті, Интервенттердің құпия одақтастары - король және дворяндар 
өзінің келешекке деген үмітін шетелдік интервенциямен байланыстырды. 
Корольдің қастандығы туралы лақаптар халықты 1792 жылғы 10 
тамыздағы көтеріліске итермеледі. Қуатты көтеріліс монархияны күйретті 
және билік басында тұрған – ірі буржуазияның партиясы – фельяндарды 
биліктен ысырды. 
Франциядағы үшінші сословиенің жіктелуінің нәтижесінде мынадай 
негізгі үш саяси топ пайда болды:
- фельяндар (фейяндар) – консерваторлар, либералдық дворяндар және 
ірі конституциялық-монархиялық бағыттағы буржуазияның өкілдері;
- жирондисттер – центристттер, радикалдық сауда-өнеркәсіптік орта
буржуазияның өкілдері;
- якобиншілер – үсақ, орта буржуазияның, қолөнершілер мен шаруа – 
лардың мүддесін қорғайтын радикалдар. 
1792 жылдың 10 тамызынан - 1793 жылдың 2 маусымына дейін болған 
революцияның екінші кезеңінде, билік Заң шығарушы жиналысында ең 
ықпалды саяси күш болған жирондисттердің қолында болды. Олардың 
өкілдерінен Уақытша атқару кеңесі құрылды.
Заң шығарушы жиналысы арнайы декретпен мемлекеттік биліктің жаңа 
органы – Ұлттық Құрылтай конвентінің шақырылатыны туралы жариялады. 
Конвентке сайлау 1792 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Оған 783 депутат 
сайланды, оның 200 астамы жирондисттер және 100 якобиншілер болды. 
Депутаттардың көпшілігі ешқандай саяси топтарға жатпай саяси орталықты 
құрды. 
21 қыркүйегінде Конвент өзінің декретімен корольдік билік пен 1791 
жылғы Конституцияның жойылатынын және өзі жаңа Конституцияны 
дайындайтынын жариялады. 


22 
1792 жылдың 25 қыркүйегінде Франция біртүтас және бөлінбейтін 
республика болып жарияланды. 
Франциядағы бұдан кейінгі оқиғалар Конвенттегі жирондисттік үкімет 
пен якобиндік оппозиция арасындағы өткір күреспен белгіленді. 
Жирондисттік Конвенттің шешімсіздік центристтік саясаты республиканы 
құру шегіне әкелді. Елдің территориясының 1/3 бірі шетелдік әскерлер және 
контрреволюционерлердің қолында болды. Жирондисттердің, өздерінің 
позициялары күшті болған провинцияларды Парижге қарсы қою, сондай-ақ 
олардың ашық контрреволюциялық элементтермен жақындасу әрекеттері, 
1793 жылдың мамырының аяғы – маусым айының басындағы халық 
көтерілісіне әкелді.
Жирондисттердің беделінің түсу себептері: 
- билеуші партия ретінде фельяндары алмастырған, консервативтік по- 
зицияға көше бастаған жирондисттер, революцияны тоқтатуға тырыса 
бастады;
- Конституцияны жойғанымен, олар Францияға жаңа республикалық
конституциялық құжатты бере алмады; 
- ауылдардағы феодалдық қатынастарды түпкілікті және толық жою
мәселесін шешпеді; 
- соғысқа байланысты елдің экономикалық, әсіресе азық-түліктік жағ – 
дайы қатты нашарлап кетті. 
Якобиндік 
республика. 
Қарулы 
азаматтар 
және 
ұлттық 
гвардияшылардың көтерілісі 1793 жылдың 2 маусымында Конвенттен 
жирондисттердің қууылуы және биліктің якобиншілерге көшуімен аяқталды. 
Якобиндік республиканың орналуымен анықталған революцияның үшінші 
кезеңі басталды. Ол 1793 жылдың 2 маусымынан – 1794 жылдың 27 шілдесіне 
дейінгі уақытты қамтиді. 
1793 жылдың маусым-шілде айында, онда енді якобиншілердің көпші-
лігі болған Конвент, шаруаларға, қауымдық және контрреволюционерлерден 
тәркілеген жерлерді таратып берді (көбінесе тегін, кейде жеңілдетілген бағаға) 
және сонымен қатар қалған феодалдық құқықтар мен артықшылықтарды 
жойды. 
Бұл қабылданған шешімдер лезде жүзеге ендіріле бастады. Бұнымен 
қатар мемлекеттік құрылыста да қайта құрулар жүргізіле бастады. 
Жойылған 1791 жылғы ценздік Конституцияның орнына 1793 жылдың 
24 маусымында «Республиканың бірінші жылының Конституциясы» деп 
аталған жаңа демократиялық Конституция қабылданды. 
Ол бұған дейінгі Конституция сияқты, Адам және азамат құқықтарының 
Декларациясы мен Конституциялық акттен тұрды. 
Адам және азамат құқықтарының жаңа Декларациясы қоғамның негізгі 
мақсаты – азаматтарға «жалпы бақытты» қамтамасыз ету және үкімет 
адамдардың табиғи және ажырамас құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз 
етуге барлық жағдайлар жасау керек деп жариялады. 


23 
Бірінші Декларацияда табиғи және ажырамас құқықтарға: еркіндік; 
меншікке ие болу; қауіпсіздік; қанауға қарсылық көрсету жатқызылса, екінші 
Декларацияда оның қатарына теңдікті де жатқызылды (толық көлемдегі 
юридикалық теңдік). 
Декларацияда бірізділікпен заңдылық принципі бекітілді. Заң халықтың 
ортақ ерігінің көрінісі деп жарияланды. Заңның жоғарылығы «ұлттың 
егемендігі» деген түсініктің орнына «халықтың егемендігі» деген ұғыммен 
тікелей байланыстырылды.
Декларацияның демократиялық принциптері, мемлекеттік құрылысты 
бекіткен, 1793 ж., Конституциялық актпен нақтыланды.
Конституциялық актпен салтанатты түрде республиканың құрылуы 
жарияланды. Жоғарғы билік егеменді халықтың қолына беріледі деп 
жарияланды. Сайлау құқығы ценздік емес, бәріне бірдей болып жарияланды, 
бірақта оған тек ер адамдар қатысатын болды. Сайлау құқығы, бір орында 
алты айдан астам уақытта тұрақты қоныстану орны болған барлық азаматтарға 
берілді. Азаматтық құқыққа ие әрбір фанцуз республиканың барлық 
кеңістігінде сайлана алатын болды. 
Заң шығарушы биліктің органы болған – тұрақты қызмет ететін Заң 
шығарушы корпус (Ұлттық жиналыс). Ол бір палатадан тұрды және бір жылға 
сайланатын еді. Ұлттық жиналыс қабылдаған заң, департаменттерге 
таратылғаннан кейін, 40 күн ішінде оны жергілікті жиналыстардың 1/10 
бекіткеннен кейін ғана, заңды күшке ие болатын болды. Ұлттық жиналыс 
кейбір мәселелер бойынша, толық заңды күшке ие болатын декреттерді 
қабылдау құқына ие еді. 
Республиканың жоғарғы атқарушы органы – Атқару комитеті болды. 
Оған барлық ведомстволар (министрліктердің) жұмысын басқару ісі 
тапсырылды. Оның мүшелерін, жергілікті және департаменттік жиналыстар 
үсынған кандидаттар арасынан Ұлттық жиналыс сайлайтын болды. Атқару 
комитеті Ұлттық жиналысқа есепті болды. 
Республиканың ауыр ішкі және халықаралық жағдайы, Конвентке елде 
конституциялық билеуді енгізуге мүмкіндік бермеді және оның орнын, ерекше 
өкілеттілікке ие билеу жүйесі - диктатура режимімен алмастыруға 
мәжбүрледі.
Якобиндік республиканың билеуші құрылымы: 
- заңдарды қабылдап, оларға түсініктеме беретін Конвенттен: 
- үкіметтің негізгі органына арналған - Қоғамдық құтқару комитетінен; 
- Қоғамдық қауіпсіздік комитетінен тұрды. 
Жергілікті жерлерде жоғарыда аталған орталық органдар, барлық елде 
құрылған революциялық комитеттер және «халық қоғамдарына» сүйеніп 
жұмыс жүргізді. 
Қоғамдық құтқару комитетіне есеп беріп отыратын Конвент 
комиссарлары, төтенше өкілеттіліктерге ие болды. 
Жазалаудың бір-ақ түрі - өлім жазасына кесуді қолданатын 
Революциялық трибунал елдегі сот ісін жүргізетін болды. 


24 
Бір жылдың ішінде якобин диктатурасы, бұның алдындағы төрт жылда 
шешілмеген революцияның негізгі мәселелерін шешті. 
1793 жылдың қазан айына таман якобиндік үкімет әскери қимылдарда 
бетбұрысқа жетті, ал 1794 жылдың жазында революциялық армияның 
жеңісінің нәтижесінде, елге төніп тұрған әскери қауіп сейіліп, жаңа 
республикандық тәртіп саяси нақтылыққа айналып, өзінің өміршілдігін 
көрсетті. 
Республиканың бекуі бірліктің жойылуы мен якобиндік блок 
арасындағы ішкі қарама-қайшылықтардың өсуіне әкелді. Демократияның 
идеалдарын жүзеге асыру, контрреволюциямен күресу үшін құрылған режим, 
авторитарлық тәртіпке айнала бастады. 
Ол бойынша революцияның жаулары болып саналған адамдардың 
меншігін тәркілеп, оларды патриоттарға таратып беруді жариялаған 1794 
жылдың ақпан-науырыз айында қабылданған вантоздық декреттер, якобин 
диктатурасының аппаратындағы іріменшіктік элементтердің қарсылығына 
байланысты жүзеге асырылған жоқ. 
Бірқатар әлеуметтік талаптары орындалмағандықтан, якобиншілдерді 
қолдауды ауыл кедейлері және плебейлік элементтер тоқтатты.
Ауқатты шаруалар, олармен бірге орта қолды шаруалар және буржуазия 
реквизиция және якобин диктатурасы жариялаған шектеулер саясатымен 
санасқысы келмеді. 
М.Робеспьер басқарған үкіметке қарсы 1794 жылдың 27 шілдесінде
жасалған төңкеріс якобиндік республиканы құлатты. Францияда Директория 
тәртібі орнады. 
Консулдық және Бірінші империя кезіндегі Франция. 1799 ж. 9 
қарашасында Францияда әскери мемлекеттік төңкеріс болды. Әскерге сүйене 
отыра, генерал Наполеон Бонапарт заң шығыру билігінің жоғарғы органы - 
Заң шығару корпусын және атқару биліктің жоғарғы органы - Директорияны 
таратып жіберді. 
Атқару билігі үш консулдан тұратын Атқару комиссииясына берілді. 
Нақты билік бірінші консулдың қолында топтасты, ал ол постқа Бонапарт өзін 
тағайындады. 
Заң шығару корпусының орнын екі заң шығарушы комиссиясы басты, 
олардың негізгі мақсаты – жаңа конституцияны дайындау еді. Демократиялық 
күштер жаңа диктатураға қарсылық көрсете алмады. Жаңа режимге шаруалар
қолдау көрсетті, себебі жаңа режим шаруаларға басында жерге жеке меншігін 
сақтауға уәде берген еді және кейін олар өзінің уәдесін орындап, шаруалардың
жерге деген меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бұл мемлекеттік төңкерістің ерекшелігі мынада еді: ол тек саяси 
«басшылықтың» бүлігі нәтижесінде ғана емес, саяси тұрақсыздық және 
конституциялық органдарының дәрменсіздігі жағдайында, мемлекеттік 
биліктің тіреуі болған армияның тікелей қолдауымен өтті. 


25 
Консулдық биліктің орнауы заңды түрде 1799 ж. қабылданған 
Конституциямен бекітілді. Бұл құрылған мемлекеттік құрылыстың негізгі 
белгісі болған – үкіметтің басшылығы және плебисцит бойынша өкілеттілік.
Консулдықтың үкіметі, 10 жылға сайланатын үш консулдан тұрды. 1799 ж. 
қабылданған Конституция бірінші консул етіп Наполеон Бонапартты 
тағайындады. Бірінші консул ретінде оған мынадай ерекше өкілеттіктер 
берілді: 
- ол атқару билікті атқарды;
- ол министрлерді, Мемлекеттік кеңестің мүшелерін, елшілерді, гене – 
ралдарды, жергілікті биліктің жоғарғы шенеуніктерін, судьяларды тағайындау 
және орнынан алу құқына ие болды; 
- заң жобаларын үсыну құқығына ие болды. 
Екінші және үшінші консулдар тек бірінші консулға кеңес беру өкілет- 
тігіне ие болды. 
1799 ж. Конституция бойынша, Консулдық тәртіптің заң шығарушы 
билігі органдары болған: 
- заң жобаларының редакциясын жүргізетін Мемлекеттік кеңес; 
- бұл заң жобаларын талқылайтын Трибунат;
- бұл заң жобаларын толықтай қабылдайтын немесе жарыссөздерсіз 
оларды қабылдамайтын Заң шығарушы корпус; 
- бұл заң жобаларын бекітетін Қорғаушылық сенат. 
Заң жобаларын ұсынатын тек үкімет еді, яғни бірінші консул. Сондықтан, бұл 
органдар тәуелсіздік сипатқа ие болмады, олар тек бірінші консулдың дара 
билігінің бүркемесі болды. 
Әкімшілік-территориялық басқару елді департаменттер, дистрикттер, 
коммуналарға бөлу арқылы жүргізілді. Департаменттерді басқарған үкімет 
тағайындаған префект, ал дистрикттерді басқарған – супрефект; 
Мэрлерді, коммунналар және қалалар кеңесінің мүшелерін үкімет 
тағайындап отырды. Барлық лауазымды тұлғалардың бірінші консулға қатаң 
иерархиялық бағыныштылығы бекітілді. 
1802 жылы жүргізілген плебисцит нәтижесі бойынша, Наполеон 
Бонапарт, өзінің мүрагерін тағайындай алатын құқыққа ие, мәңгілік консул 
болып жарияланды, ал бұл шын мәнінде алғанда, монархияның жаңғыруы 
еді.
1804 ж. қолына барлық атқару және заң шығару билігін алған Бонапарт
француздардың императоры болып жарияланды. 
Бірінші империя кезінде «наполеондық кодекстер» деген атаққа ие 
болған Францияның Азаматтық, Коммерциялық және Қылмыстық кодекстері 
қабылданды. Олар Франциядағы капиталисттік тәртіппен азаматтық 
қоғамның бекіуне зор ықпалын тигізді.
Францияның империяға өтуіне байланысты, дамып келе жатқан 
капиталисттік қатынастарға негізделген азаматтық қоғам тұрақтылық және 
тәртіпке ие болды, бірақта революцияның негізгі демократиялық 
жаулауларынан айрылды.


26 
Бірінші империя уақытында еркін ойлаудың барлық көріністері 
жаншылып отырды: манифестациялар мен көпшілік жиналыстарға тиым 
салынды, баспасөзге қатаң цензура енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет