Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет9/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Қасиетті Одақтың құрылуы. Халықтың Наполеонға қарсы күресі 
француз империясының күйреуімен аяқталды. Наполеонның жеңілісін 
монархиялық, феодалдық- абсолюттік мемлекеттер коалициясы өз мүддесіне 
пайдаланды. Наполеон империясының жойылуы Еуропадағы дворияндық-
монархиялық реакцияның салтанат құруына әкелді. 
Франциямен 
бейбіт
келісім,
Төрттік 
Одақ 
туралы жаңғыртылған келісім және Вена конгресінің Қорытынды актісі 
тарихқа «веналық жүйе» атауымен енген Наполеоннан кейінгі дәуірдегі 
халықаралық қатынастардың негізі болды. Жеңімпаз – державалардың 
мүдделері қарама – қайшылықты еді. Бірақ Вена конгресінің қорытынды 
сатысында антинаполеондық коалиция мүшелері өзара қайшылықтарды 
жойып, ымыры шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. 1814 ж. Бірінші 
қыркүйегімен 1815 ж. Тоғыз шілдесі аралығында жиналған Вена конгресінің 
қабылдаған шешімдері Еуропадағы дворяндық монархия реакцияның 
күшеюіне ықпал етті. Революциялық және ұлт – азаттық қозғалыстармен күрес 
жүргізуді күшейте түсу үшін еуропалық мемлекеттердің реакциялық 
үкіметтері өзара Қасиетті Одақ құрды.


38 
Еуропалық дипломатия тарихына Қасиетті Одақ революциялық рухты, 
саяси және діни бостандық сүйгіштікті, қай жерде бой көтерсе де, басып 
жаншу идеясы негізінде құрылған, айқын клерикалдық – монархиялық 
идеологиясы бар біріккен ұйым ретінде енді. Жеңімпаз – елдердің Қасиетті 
Одағы Вена конгресі бекіткен жаңа халықаралық саяси жүйенің тірегіне 
айналды. Бұл Одақтың Ресей императоры I Александр жасаған актысына 1815 
жылдың 26 қыркүйегінде Австрия императоры І Франц, Пруссия королі ІІІ 
Фредрих Вильгельм қол қойып, бұл акті олардың атынан басқа еуропалық 
державаларға таратылды. Қасиетті (Киелі) Одақ актысына Англиядан басқа 
еуропалық мемлекеттердің барлығы да қосылды. Ал Англия формалды түрде 
Қасиетті Одаққа кірмегенмен оның үкіметі өз саясатын Қасиетті Одақтың 
жалпы желісімен көбінде үйлестріп отыратын еді. 
Рим Папасы алуан елдердегі католиктердің наразылық бүлдіруінен 
қауіптеніп, актыға қол қоюдан бас тартты. Құжаттың мәтінінде шынайы 
туыстық дәнекерлікке және христиан діні принциптеріне сүйене отырып, 
олардың бір-біріне көмек көрсетуді міндеттеріне алатындығы айтылған 
болатын. Қатысушылардың мақсаты 1815 ж. Вена конгресі бекіткен 
еуропалық шекараларды сақтау және «революциялық рухтың» қандай да бой 
көтеруімен күрес еді. 
1815-1830 жж. еуропалық дипломатия. Қасиетті Одақ құрылғаннан 
кейінгі алғашқы жылдары оған қатысушылардың түрлі көзқарасына 
қарамастан еуропалық мемлекеттер еркін ойлаушылыққа қарсы бірыңғай 
майданда болды. 
Қасиетті Одақтың 3 конгресі болды. Оның бірінші конгресі 1818 ж. 
Батыс Германиядағы Аахен қаласында өтті. Оған Ресей, Австрия, Пруссия, 
Ұлыбритания, Франция қатысты. Конгресс Францияны Қасиетті Одаққа тең 
құқықты мүше ретінде қабылдады. 1818 жылғы 30 қарашаға дейін оның 
аумағынан оккупациялық әскерлерді шығару туралы шешім қабылданды. 
1820 ж. аяғы қазан-желтоқсан айлары Троппауда, 1821 жылы қаңтар-
наурызда Лайбахта Қасиетті Одақтың «қосарланған» екінші конгресі болды. 
Лайбахта Троппау конгресінің жалғасы өтті. Оған Ресей, Австрия, Англия, 
Франция өкілдері, Неаполь королі және т.б. қатысты. Итальан монархтары, 
Рим папасымен келіссөздер жүргізді.
Қасиетті Одақтың үшінші конгресі 1822 ж. 20 қазаны - 14 желтоқсан 
аралығында Италиядағы Верона қаласында өтті. Верона конгресінде 
Ұлыбританияның өкілі – герцог Веллингтон қатысты. Конгресс Испаниядағы 
революция, Грециядағы көтеріліс, орыс-түрік жанжалына байланысты туған 
ауыр сыртқы саяси жағдайларда өтті.
1820 жылы Испания, Португалия, Неаполь мен Пьемонттегі 
революциялардың ықпалымен 1821 ж. түрік-осман езгісінде болған гректер 
азаттық күреске көтерілді. Ең алдымен Ресейдің оңтүстігінде өмір сүрген 
гректер қолдарына қару алды.1821 ж.наурызда олардың отрядторы түрік 
сұлтанына тәуелді Молдавияға кіріп, осман үстемдігіне қарсы Жалпы 
көтеріліс жасауды мақсат етті. 1822 ж. көтеріліс Грецияның өзінде де 


39 
басталды. 1821-1822 жж. түріктер грек көтерісшілердең үлкен шығынға 
ұшырады. 
Қасиетті одақтың Верона конгресінде грек көтерілісі туралы мәселе
талқыланды. Европалық монархтың көпшілігі, оның ішінде ресей императоры 
да грек көтерілісшілерін легитимді тәртіпті бұзушылар, өз заңды монархы-
түрік сұлтанына қарсы шыққан бүлікшіліктер деп айыптады.
Тек қана Ұлыбританияның өкілі Каннинг 1823 жылы 25-ші наурызда 
соғысушы 2 жақты (грек-түрік) тең құқықты деп, грек көтерілісін заңды деп, 
гректерді қолдады, екеуінің арасында делдал болды. Бұл шешім Қасиетті 
одаққа соққы болды, себебі ол Ұлыбританияның Қасиетті Одақ 
принциптерінен кете бастағанын көрсетті. Верона конгресі Қасиетті Одаққа 
қатысытын елдердің Еуропадағы революциялық қозғалыстарды басуға 
араласуы керек деп шешті.
Верон конгресінде Қасиетті Одақтың Латын Америкасына әскери 
интервенциясы да талқыланды. Испания Латын Америкадағы испан отарлық 
үстемдігін қалпына келтіруі тиіс болды. Бірақ Латын Америкасына 
интервенция жасауға Ұлыбритания қарсы болды, себебі оның бұл ауданда өз 
сауда мүддесі болды. Ағылшын шетел істері бойынша статс секретары 
Джордж Каннинг 1823 жылы Испандық Америкамен іскерлік және сауда 
қатынастарын жүргізетіндігін жариялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет