129
КСРО мен АҚШ және Батыс елдерінің
арасындағы қатынастардың
біршама жақсаруы негізінде алдын-ала пікір алысу басталып, нәтижесінде 30-
шілдеде Хельсинкеде мемлекет басшылары деңгейінде Еуропадағы
бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңес ашылды, ал 1975 жылы 1 тамызда
Кеңестің Қорытынды актісіне қол қою салтанаты болып өтті.
Қорытынды акт шарт түріндегі міндетті құжат емес еді, дегенмен оның
аса зор моральдық-саяси маңызы болды, себебі ол халықаралық қатынастарға
жылпыеуропалық шеңбердегі жаңа прогрессивтік нормалар енгізді.
Қорытынды акт кездесулер мен келіссөздер процесі
жалпыеуропалық
немесе хельсинкилік аяда үздіксіз жалғастырыла беріледі деп көрсетті.
80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың
шиеленісуі. 70-80 жж. түйісінде КСРО мен АҚШ арасы қайтадан теке тіреске
бағыт алды. Мүның себептері әр түрлі еді. 70 жылдардағы энергетикалык.
дағдарыс «үшінші дүниеге» жататын
көптеген елдер мен дамыған
капиталистік елдер арасындағы қатынастарды шиеленістіре түсті. Әлемде
революциялық жаңару процестері өтіп жатты. Бүрынғы Португалия отарлары
Ангола мен Мозамбикте 1975 ж. революция, Никарагуадагы 1979 ж. Сомоса
режимінің құлатылуы, сол жылы Иранда орын алған шахка қарсы революция,
міне, осы оқигалардың барлығын АҚШ - тың билеуші топтары өздерінің
жеңілісі деп карастырса, аса оңшыл топтар үкіметтің «осалдығы» немесе
колынан іс келмейтіндігінің, тіпті «Мәскеудің қастандығының» нәтижесі деп
бағалады.
70-80 жж. халықаралық қатынастардағы текетіреске бүрылыс
Кеңес
Одағының Еуропадағы бейбітпіілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің
Қорытынды актісінің ережелеріне тікелей қарама-қарсы бірсыпыра
сыртқысаясат әрекеттеріне, оның ішінде ВШҮ елдерінде кеңестік орта
қашықтыктағы ракеталарды орналастыруына да байланысты болды.
Әсіресе
1979 ж. желтоксандағы кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі мен 1981 ж.
желтоқсандағы Полыпадағы соғыс жағдайының жариялануы әлем
жүртшылығының наразылығы мен ашу-ызасын келтірді. Нәтижесінде
дүниежүзінде КСРО-ға қарсы наукан басталды, жанталаса қаруланудың жаңа
дүмпуі орын алып, халықаралық жағдай бүрынғыдан да шиеленісе түсті.
80-ші жж. екі ел арасында карама-карсылық пен әскери-күшін
салыстырудан бүрынғыша бой көрсетулері көп жағдайларда екі жақтың да
өзгеріп отырған халықаралык. жағдайға сын көзімен карап,
әділ бағалауға
шамалары келмегендіктерін және мемлекеттердін өзара тәуелділік процестері
мең әлем тағдырының біртүтастығымен айшықталатын халықаралық өмірдің
жаңа талаптарына бейімделе алмағандығының көрінісі болды. Екі жүйенің
араларындағы қарым-қатынастарды олардың екеуі де бітіспес қарама-
карсылық жағдайында болу деп түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: