Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Кесте Тауарлардың жеке түрлері бойынша өндіру көлемдері, 2002–2005 жылдар



Pdf көрінісі
бет146/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   195
kazakhstanII.KAZ

8.1 Кесте Тауарлардың жеке түрлері бойынша өндіру көлемдері, 2002–2005 жылдар
 
мың тонна
2002
2003
2004
2005
Темір кені
17,68
19,28
20,30
19,47
Мыс кені
36,70
34,89
30,38
34,07
Цинк кені
6,16
6,37
6,33
6,62
Аллюминий кені
4,38
4,74
4,71
4,82
Марганец кені
1,84
2,37
2,32
2,23
Хром
2,37
2,93
3,29
3,58
Дерек көзі: Қазақстанның статистикалық жылдық есебі, 2006ж. 
Ашық жəне жерасты шахталары, сондай-ақ, шикізат өңдеу зауыттары түрлі бизнес топтардың 
иелігіне беріліп, өзара топтастырылған. Саладағы ең ірі кəсіпорындар: «Қазақалтын» тобы, 
«Қазақхром» АҚ, «Алюминиум Қазақстан» АҚ, «Шымкент мұнай өңдеу зауыты», 
«Балқашмыс» АҚ жəне «Қазақмыс» корпорациясы.


166
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
Минералды отын шығару
 
Мұнай жəне газ секторы
Қазақстандағы мұнай қорларының көлемі 9-17,6 миллиард баррель шамасында, ал, газ 
конденсатының қорлары шамамен 700 миллион тоннаға тең мөлшерде бағаланады. Бұл 
құрылықтағы жəне теңіздегі кен орындардың бəрін қоса есептегендегі көрсеткіштер. 
Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігінің мəліметтеріне сəйкес, 2007-ші жылы 
елдегі мұнай өндірісінің жалпы көлемі 64,8 миллион тонна болды (бұл 2006-шы жылғы 
көрсеткішпен салыстырғанда 8 миллион тонна артық). Ал 2007-жылғы газ өндірісі 32 
миллиард м

болған (бұл 2006-шы жылмен салыстырғанда шамамен 4 миллиард м

көп). Бүгінгі 
күні Қазақстан əлемдегі ең ірі мұнай өндірушілер тізімінде 18-ші орынға ие. Өндірісі 2015-ші 
жылы толыққанды басталады деп көзделіп отырған тағы бір жаңа кен орны іске қосылғаннан 
кейін елдің дүниежүзілік нарықтағы ролі одан сайын артады деп күтілуде. Өндірілген мұнай 
жəне газдың басым бөлігі экспортқа шығарылады. Елдің жыл сайынғы ішкі қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға 3 мұнай өңдеу зауытына тасымалданатын 10 миллион метрикалық тонна 
шикі мұнай жəне шетелден əкелінетін мұнай өнімдерінің шағын көлемі жетеді. Мұнай елдің 
бес аймағында өндіріледі: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау жəне Батыс Қазақстан 
облыстарында. Қазақстандағы ең ірі мұнай мен газ кен көздері – Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған 
жəне Құрманғазы кеніштері.
Теңіз кен орны 1979 жылы Атырау облысында ашылды. Ол əлемдегі ең үлкен кен 
орындарының қатарында 6-шы орында. Осындағы өндірістік қорлар 6 – 9 миллиард баррельге 
тең деп бағалануда. Ал жуырда өткізілген сейсмикалық зерттеуге сəйкес, бұл көрсеткіш тіпті 9 
- 13,5 миллиард баррель шамасында болуы мүмкін. Теңіздегі мұнай өндірісі 1994-ші жылғы 2 
миллион тоннадан 2006-шы жылғы 14 миллион тоннаға дейін өсті. Ашылуы 2009-шы жылға 
көзделіп отырған жаңа мұнай өңдеу орны іске косылғаннан кейін кен орнындағы мұнай 
өндірісі екі есе өседі деп күтілуде.
1979-ші жылы ашылған Қарашығанақ кен орны Батыс Қазақстан облысында, Ресей 
шекарасымен іргелес орналасқан. Мұнда мұнай, газ кондесаты жəне табиғи газ шоғырланған. 
Мұнай қорларының көлемі 1,2 миллиард тонна, газ конденсатының қорлары 8,8 миллиард 
баррель жəне табиғи газ қорларының көлемі 500 миллиард м

деп бағалануда. Осы есептеулер 
жасалған кезде Қарашығанақтың тереңде жатқан геологиялық құрылымдарының кейбірі 
есепке алынбағандықтан, бұл кен орны болашақта өсуі мүмкін деген болжам бар.
Жуырда ашылған көмірсутек кен орындардың ішінен ең көп үміт күттіретіні – ол теңіз асты 
Қашаған кен орны. Қашағандағы қорлардың көлемі Теңіздегі қорлардан үш есе көп деген 
болжам бар, ол Таяу Шығыс өңірінен тыс жатқан мұнай кен орындарының ең үлкені болуы 
ықтимал. Каспий теңізінің бетінен 4500 метр тереңдіктегі 5000 км
2
-лік осы көмірсутек блогын 
игеріп жатқан консорциумның құрамына жеті халықаралық мұнай компаниясы кіреді. Игеру 
жұмыстары күрт қиындап кетуінің салдарынан, жұмсалып жатқан шығындар көлемі де 
шамадан тыс ұлғая түсті. 2008-ші жылы өңдіріс басталып, мұнай өңдіру көлемі күніне 75000 
миллиард баррельге жетеді деп күтілгенімен, 2007-ші жылдың ақпан айында өндірістің 2010-
шы жылдың үшінші тоқсанына дейін басталмайтыны туралы жарияланды.
Құрманғазы кен орны Қазақстанның Ресей Федерациясымен Каспий теңізіндегі шекарасы 
бойында орналасқан. 1998-шіжылғы келісім мен 2002-ші жылғы хаттама бойынша, Қазақстан 
Құрманғазы кен орнын иеленуге құқық алып, Ресей Федерациясы жақын жердегі тағы екі кен 
орнын өз иелігіне алды. Оның үшеуі де өнімді жартылай бөлу қағидаты бойынша игеріледі. 
Кен орындарындағы мұнай қорларының көлемі 1 миллиард тоннамен бағаланады. Сондай-ақ, 
жуық арада Қытаймен шекаралас Шығыс Қазақстан облысында Қарабұлақ жəне Сарыбұлақ 
атты екі кен орны табылды.


8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
167 
 
«Қазмұнайгаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы АҚ – Қазақстанның ұлттық мұнай компаниясы 
болып табылады. Ол Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілері қатарында үшінші болып келеді 
жəне оған 2000-шы жылдан бері жасалған жобалардың барлығының дерлік бақылау пакеттері 
тиесілі. Қалғандарындағы меншіктік үлесі əлдеқайда аз. Компания жəне оның бөлімшелерінде 
34 мыңнан аса адам жұмыс істейді. 2005-ші жылы ҚМГ өзінің коммерциялық 
операцияларынан түскен табысының көлемін 4,8 миллиард доллар деп хабарлады.
Қазақстанда қазіргі жəне алда жоспарланып отырған мұнай-газ өндірісіне қажет құбырлар 
жүйесі жетіспейді. Сондықтан да, Қазақстан Атырау-Саранск-Самара құбыры, Каспий Құбыры 
Консорциумы, Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры сияқты жаңа экспорттық маршруттарды 
дамыту ұйғарылды. Қытайға тікелей мұнай таситын құбыр салынып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет