8.2 Кесте: Қазақстанда мұнай, газ жəне көмір өндіру, 2002–2005 жж.
2002
2003
2004
2005
Көмір (мың тонна)
73,7
84,9
86,9
86,6
Мұнай (мың тонна)
42,1
45,4
50,7
50,9
Газ конденсаты (мың тонна)
5,2
6,1
8,0
10,6
Табиғи газ (мың тонна)
14,1
16,6
22,1
25,0
Дерек көзі: Қазақстанның статистикалық жылдық есебі, 2006ж.
Көмір
Қазақстанда Орталық Азиядағы өндіріске қолайлы ең үлкен көмір қорлары шоғырланған.
Негізінен антрациттік жəне тас көмірден тұратын осы қорлардың көлемі 37,5 миллиард тоннаға
тең. 2005-ші жылы Қазақстан 86,6 миллион тонна көмір өндірді. Бұл 2002-ші жылмен
салыстырғанда 15 пайызға артық. Көмір өндіру көлемі бойынша Қазақстан əлем елдері
арасынан сегізінші орында келе жатыр. Елде табылған 40-тан астам көмір депозиті ашылды.
Көмір секторы негізінен елдің солтүстік-шығыс аймағындағы Қарағанды жəне Екібастұз
бассейндерінде шоғырланған (Карта 8.1). Қарағанды бассейні көбіне жоғары сапалы коксті
таскөмір өндіретін жерасты көмір шахталарынан құралған. Сондағы күлдің құрамы 10-35
пайызға тең. Бассейн газдың көптігімен ерекшеленіп, кезінде мұнда метан көптеп шығарылған
болатын. Елдегі ең ірі көмір өндіруші - «Арселор Миттал» халықаралық металлургиялық
компаниясы. «Арселор Миттал» көмірді өзінің болат өндіретін зауытына пайдаланады.
1990-ші жылдан бері Қарағанды бассейніндегі кейбір шахталар жабылып, оларды мемлекеттік
«Қарағандыликвидшахт» компаниясы басқаруға алды. Бұл компания жойылған шахталардағы
метан қорларының көлемін өлшеп, шахталарды қауіпсіз жабу ісімен жəне мүмкін болған
жағдайда метанды шығарумен белсенді айналысады. Екібастұз бассейні Астанадан солтүстік-
батыстағы Павлодар облысында орналасқан. Мұнда Қазақстандағы метанға бай көмірдің ашық
карьерлері шоғырланған. Екібастұз бассейнінің еншісіне Қазақстандағы өндірілетін көмірдің
ең үлкен үлесі тиеді. Карьерлерді басқаруға алған мемлекеттік компания («Богатырь-Акцесс»)
елде өндірілетін көмірдің 35 пайызын шығарады. Екібастұз көміріндегі күлдің құрамы жоғары,
35-50 пайыз аралығында болады. Мұндай көмір көбіне үй шаруашылығында жəне жылу электр
станцияларында қолданылады (7-ші бөлімді қараңыз).
Уран
Қазақстан табылған уран қорларының көлемі жағынан əлемде екінші орында тұр. Мұнда
дүниежүзіндегі уран ресурстарының 20 пайызы шоғырланған. Қазақстандық қорларды алты
аймаққа бөліп топтастыруға болады: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан, Каспий
теңізі, Балқаш көлі жəне Іле өзені өңірі. Мемлекет иелігіндегі «Қазатомөнеркəсіп» ядролық
холдингтік компаниясы əлемдегі ең ірі уран өндірушілерінің қатарында төртінші орынға ие.
2006-шы жылы Қазақстандағы уран өндірісі 5300 тонна болса, соның 3000 тоннасын
«Қазатомөнеркəсіп» өндірген. 2007-жылғы өндіріс көлемі 6937 тоннаға жетуі тиіс.
168
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
Достарыңызбен бөлісу: |