Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Су ресурстарының менеджменті мен сапасы



Pdf көрінісі
бет174/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау
Су ресурстарының менеджменті мен сапасы
 
7.1 ұсыныс: 
Су кодексі тезірек қайта қаралуы тиіс. Жаңа заң суды тиімді пайдалану жəне судың 
ластануын азайту мəселелеріне басты көңіл бөлуі керек. Бұл құжатта су сапасының 
нормалары, қалдық суларын төгу стандарттары жəне алға қойылған мақсаттарға жетуге 
жол ашатын экономикалық жəне басқару құралдары анықталуы қажет. 1.1 жəне 14.1 
ұсныстарды қараңыз. 
Жаңа Су кодексі 2003-жылы қабылданды. Кодекс су ресурстарын басқару саласында қазіргі 
заманғы тəсілдерге көшуге негіз береді. Су бұрынғысынша мемлекеттің меншігі болып, түрлі 
үкіметтік органдардың жауапкершіліктері шамалы бірін-бірі қайталап жатқанымен, жалпы 
алғанда, үкіметтің ролі бұрынғымен салыстырғанда біршама анығырақ айқындалып, 
экономикалық өзге тараптардан бөлек сипат алды. Cу ресурстарының бірлескен менеджменті 
принципі заңнамаға кіргізілсе де, соған қажетті экономикалық құралдар мен мемлекеттік қаржы 


209 
 
жетіспейді. Нəтижесінде, бірлескен менеджментті жүзеге асыра алатын білімді əрі тəжірибелі 
адам ресурстары жоқ.
 
7.2 ұсыныс: 
Сумен қамтамасыз ету қызметтернің, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке меншік 
секторының жəне жергілікті қауымдастық топтардың басын қосатын институционалды 
құрылымдар жасалуы тиіс. Бұл аталмыш тараптардың сумен қамтамасыз ету жобалары 
жəне санитария мəселелері бойынша пікір алмасып, тəжірибелерін ортаға салып, шешім 
дайындауларына мүмкіндік берер еді. Түрлі құрылымдардың су саласындағы менеджментке 
қатысты тəсілдеріндегі айырмашылықты болдырмау мақсатында республика деңгейінде 
стандарт енгізу жауапкершілігі реттелеуі қажет. Институционалдық өзгерістердің басты 
мақсаты – бассейндер іс-жоспарларын (əсіресе жоғары тəуекелді бассейндер жəне солардың 
құрамындағы өзендер, көлдер, жер асты сулары) дайындау болып табылады.
 
Өзен бассейндері кеңестерін құруға негіз беретін заңнамалық тұғырнама 2003-жылы 
қабылданған Су кодексінде қаланды. Кейін БҰҰДБ-ның көмегімен Өзен бассейндерінің 
кеңестері құрыла бастады. Алайда қосымша жұмыс əлі де болса көп. Алдымен республикалық 
деңгейде заң реформаларын алға жылжытатын консультациялық механизм құрылу керек. 
Жергілікті деңгейде болса, сумен қамтамасыз ету жəне санитарлық тазалықты сақтау 
мəселелеріне қатысты халықты көбірек араластыру керек. Себебі ұсынылатын жаңа қызметтер 
ең алдымен халықтың мұқтаждарын есепке алып, тұтынушылардың төлеу қабілетіне негізделуі 
тиіс. Мониторинг жүргізу, стандарттарды анықтау жұмысын жолға қою үшін айқын деректер 
базасы мен сапа менеджменті қажет.
7.3 ұсыныс: 
Ауыз су жүйесінің қала жəне ауыл тұрғындары үшін ұзақ мерзімде қауіпсіз болып қалуын 
көздейтін шаралар жетіспейді. Бұл шаралардың қатарында жер асты су қорларын анықтап, 
соларды қорғау, сондай-ақ, тұтыну зонасындағы жер асты суларына қауіп төндіретін 
ластау көздерін тауып, түгендеп, мөлшерлеуге мүмкіндік беретін шұғыл бағалау 
процедураларын дамыту жəне қолдану сияқты іс-əрекеттер бар. 14.1 ұсынысты қараңыз. 
2002-2010 ж.ж. арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы қабылданып, мемлекет бюджетінен 
бөлінген 100 миллион АҚШ доллары есебінен қаржыландырылып келеді. Үкімет алғашқы кезде 
аймақаралық сумен қамтамасыз ету жəне үйлестіру жүйесін қалпына келтіруге біршама 
инвестициялар жасағанымен, су объектілеріне қажетті қаржы бəрібір жетіспейді. Нəтижесінде, 
объектілер ескіріп, инфақұрылымның нашарлануы салдарынан қалалардағы ауыз су сапасы 
төмендей түсуде. Ұлттық деңгейде сумен қамтамасыз ету объектілері үстінен мониторинг 
жасайтын жоғары тəжірибелі кадрлар жетіспесе, жергілікті деңгейде инвестициялар 
менеджментін жүзеге асыра алатын адамдар жоқ.
7.4 ұсыныс: 
Жан-жақты су стратегиясы жəне соны толықтыратын іс-жоспар бағдарламасы 
дайындалуы керек. Аталмыш стратегия сумен қамтамасыз ету мəселесіне ғана емес, қалдық 
суларды тазалаудың тиімділігі мəселесіне де назар аударуы тиіс. Келесі қадамдар жасауға 
болар еді:

Канализация жəне қалдық суларды тазалау мен кəдеге жарату жүйесіне салынатын 
инвестициялардың ең бастылары анықталуы керек. Соның ішінде жаңа қондырғыларды 
салып, ескі қондырғыларды қалпына келтіру жүмыстары да бар. Аталмыш инвестициялар 
алдын-ала жоспарланып, қаржыландыруға қатысты дайындық жұмыстары қолға алынуы 
керек.

Барлық тұтынушылар үшін есепші құралдар орнатылуы керек.

Суға баға тағайындау стратегиясын анықтап алу қажет. Судың бағасы су өндірісі 
мен қалдық суларды кəдеге жарату жүйелерін қолдауға кететін инвестицияларды, жөндеу 
жұмыстарын жəне пайдалану шығындарын толығымен ақтауы тиіс. Осының салдарынан 
ұзақ мерзімде пайда болатын əлеуметтік қиыншылықтарды су бағасының есебінен шешуге 


210 
болмайды. Бұл сумен қамтамасыз ету жəне кəдеге жарату мəселелерін одан сайын 
қиындатып жібереді.

Қалдық суларды тазалау объектілерінде жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнап
тренингтер өткізу керек. Зауыт қондырғыларын іске қосу, басқару жəне құралдарды 
пайдалану сияқты сауалдар қамтылуы керек.
Су менеджментіндегі ұзақ мерзімді мəселелерді шешуге бағытталған жан-жақты су 
стратегиясын дамытып, қабылдауға мүмкіндік беретін реформалар баяу жүргізіледі. Алайда су 
объектілерін басқарудың сапасы біртіндеп жақсарып келе жатыр. Бұған қоса судың 
пайдаланылуын өлшейтін құрал-жабдықтарды орнату жəне пайдалану ісінде де айтарлықтай 
жетістіктер бар. Бұл көптен күткен су тарифтерінің өзгертілуіне жол ашуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет