Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Қазақстанның шығыс облыстарындағы муниципалды жəне өндірістік



Pdf көрінісі
бет172/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Тарау
Қазақстанның шығыс облыстарындағы муниципалды жəне өндірістік 
қалдықтар менеджменті
 
5.1 ұсыныс: 
Қазіргі заманғы қалдықтар-менеджменті жүйесін құрудың, соның ішінде аймақтық жəне 
жергілікті деңгейлерде əлеуетті ұлғайту шараларының алғы шарты ретінде қалдықтар 


206 
туралы заңды қабылдау керек. Заң қабылданғаннан кейін соған бағынышты заң актілері 
дайындалып, қолданысқа енгізілуі қажет. 1.1 ұсынысты қараңыз.
2004-жылы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістер өндірістік жəне 
тұрмыстық қалдықтар бойынша қазіргі заманғы менеджмент жүйесін есепке алады. Жеті түрлі 
заң актілері қабылданды. Заң талаптарына сай, қалдықтарды сақтайтын полигондар жұмысы 
басталды. 2007-жылы қабылданған Экологиялық кодекске халықаралық стандарттарға 
негізделген қалдықтар менеджменті туралы қағидалар енгізілген. Базель конвенциясы жəне 
Еуропа Одағы нұсқауларына сəйкес, қалдықтарды сыныптау жүйесі Қазақстан үшін бейімделіп 
алынған.
5.2 ұсыныс: 
Түрлі əкімшіліктік деңгейлердегі қалдықтар менеджментін үйлестіру жұмыстары 
қалдықтар-менеджменті бағдарлмасын даярлау арқылы жүзеге асырылу керек. Аталмыш 
бағдарлама қоршаған орта жағдайына қатысты аймақтар арасындағы келеңсіз 
айырмашылықтарды жоюға бағытталуы тиіс. Бұған қоса, қалдықтар туралы кешенді 
стратегия толығымен дайындалғанға дейін мына мəселелерді реттеп алған жөн: 
- Кен өндірісі жəне металлургиялық өндірістен қалған қалдықтардан құнды 
компоненттерді бөліп шығарып, қайта өңдеуден өткізу дəрежесін көтеру керек 
- Жағдайы ең қиын дейтін ірі қалалардан бастап, елдің барлық аумағында муниципалды 
тұрмыс қалдықтарын жинап, іріктеп, орталықтандырылған түрде кəдеге жарату 
жүйесін енгізу. Бақылауға алынбаған қалдық төгу орындарын біртіндеп жою
- Барлық ірі қалаларда тұрмыс қалдықтарын жеке түрде жинап, тасымалдауды жəне, 
қайта өңдеуді жолға қою. Осыны қалдықтардан энергия өндіру үшін де қолдануға болар 
еді 
- Медициналық қалдықтарды қауіпсіз кəдеге жарату үшін қажетті жағдайлар жасау 
- Қалдықты кəдеге жарату орындардың барлығын тексеретін мониторинг жүйесін құрып, 
қаржыландыру 
9.2 ұсынысты қараңыз. 
Экологиялық кодекс қалдықтарды иелену құқықтарын анықтайтын нормаларға сүйеніп, иесі 
жоқ қалдықты əкімшіліктің немесе мемлекеттің меншігі деп атайды. Қоршаған ортаны қорғау 
министрлігі қалдықтарды төгудін жəне сақтаудың нормативті жүйесін жасау үшін жауапты 
болып табылады. 2006-жылдан бастап облыстық деңгейдегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 
бағдарламалардың барлығында қалдықтар менеджментіне арналған тараулар болуы тиіс. 
Бақылауға алынбаған кездейсоқ қалдық полигондарын жабу процесі басталды. Муниципалды 
қалдықты жинау жүйесі ірі қалаларда жұмыс істеп жатыр. Муниципалды қалдықтарды жинау 
жəне тасымалдау міндеті əлі толығымен қалалық əкімшіліктерге жүктеледі. Сондықтан 
қиыншылықтар жоқ емес. Медициналық қалдықтар қауіпсіз жолмен қалдық полигондарында 
орналастырылған арнайы пештерде отқа жағылып жойылады. Алайда, жалпы алғанда, 
қалдықтар менеджменті саласында əлі де болса түбегейлі жетілдіру жұмыстарын жүргізу 
керек.
5.3 ұсыныс: 
Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігі Табиғи ресурстар жəне қоршаған ортаны 
қорғау министрлігі, сондай-ақ, жергілікті əкімшіліктермен бірлесіп,өндірістік жəне 
муниципалды қалдықтарды өндіру, сақтау жəне кəдеге асыру туралы статистикалық 
мəліметті жинап, есеп беру жүйесін əрі қарай жетілдіру керек. Зақымданған орындар жəне 
қалдықтар төгілетін барлық полигондар, соның ішінде жұмыс істейтін жəне жабылып 
қалған қалдық орындарының тізімдері ұдайы даярланып отыруы тиіс.
2006-жылы Статистикалық агенттік тұрмыстық қалдықтар туралы мəлімет жинайтын екі түрлі 
жаңа статистикалық нысанды қолданысқа енгізді. Оның нəтижесін бағалау əзірше мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет