Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


 Тарау:  Табиғат жəне орман менеджменті



Pdf көрінісі
бет177/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   195
kazakhstanII.KAZ

10 Тарау
Табиғат жəне орман менеджменті
 
10.1 ұсыныс: 
Табиғатты пайдалану жəне биологиялық алуан түрлілікті консервациялауға бағытталған 
жан-жақты басқару жүйесін орындаған кезде келесі мақсаттарға ұмтылу керек: (а) заңнама 
негіздерін қалыптастыруды аяқтау (соның ішінде табиғат компоненттерін, əсіресе 
өсімдіктерді тұрақты пайдалану жəне қорғауды реттейтін заң инструменттерін дамыту), 
сонымен бірге жергілікті жəне аймақтық деңгейде басқару жауапкершілігін арттыру, (б) 
зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қаржыландыру, (в) халықтың арасында насихат 
жұмысын жүргізу арқылы қоғамның табиғатты дұрыс пайдалану дағдысын қалыптастыру. 
Елдегі барлық табиғи түрлер туралы, соларды пайдалану мүмкіндіктері, өсіп-өну жағдайы 


214 
жəне төнетін қауіп-қатерлер туралы мəлімет жинауды дамытудың арқасында ғана 
жоғарыда айтылған менеджмент жүйесін құруға болады. 1.4, 1.5, 8.3, 12.1 жəне 
12.3ұсыныстарды қараңыз. 
Биологиялық алуан түрлілікті консервациялау мақсаттары ұлттық саяси құжаттарға кіргізліген. 
Бұл орайдағы жұмыстың аясында сирек кездесетін жəне жойылуға жақын тұрған түрлерді 
сақтауды көздейтін іс-шаралар жоспарлары дайындалып, популяциялардың үстінен, соның 
ішінде миграцияға ұшырайтын түрлердің үстінен мониторинг жүргізіліп, заңнамалық негіздер 
жетілдіріліп жатыр. 2030-жылға дейінгі «Қорғалған аудандарды дамыту жəне басқару 
тұжырымдамасы» қорғалатын аудандардың аумағы 17,5 миллион га (ел аумағының 64%) болу 
керек деп анықтайды. Қорғалатын аумақтарды құру жөніндегі жұмыстар басталып та кетті. 
Алайда табиғатты пайдалану жəне биологиялық əр-түрлілікті консервациялау бойынша жан-
жақты басқару жүйесін құруға қатысты жұмыс əлі де жалғасып отыруы тиіс.
10.2 ұсыныс: 
Қорғалатын аумақтардың жүйесі елдегі барлық негізгі экожүйелерді есепке алып, жойылуға 
жақын түрлердің барлығына сенімді қорғанға айналуы тиіс. Қорғалған аудандар 
категориялары халықаралық деңгейде қалыптасып қойған категориялармен біркелкі болуы 
керек. Шөл жəне шөлейтті, сондай-ақ, батпақты жерлердің экожүйелері жəне басқа да 
акватикалық экожүйелер, сонда мекендейтін/өсетін түрлер ерекше қорғауды қажет етеді. 
Бөтен түрлердің акватикалық экожүйелерге əкелінуін қатал бақылау қажет. Олардың 
түрлері, мекен ету ортасы жəне биологиялық əр-түрлілікке қатысты білім дəрежесін көтеру 
мақсатында арнайы зерттеу шараларын қолға алу керек. 
 
2030-жылға дейінгі Қорғалған аудандарды дамыту жəне басқару туралы тұжырымдамаға 
сəйкес, халықаралық ұйымдардың көмегімен елде 13 жаңа ұлттық парк (жалпы территориясы 
2100 га-дан астам), 25 мемлекеттік табиғи қорық (2800 га-дан астам) жəне 6 биосфералық 
қорық ашылуы керек. Қорғалған аудандардың категориялары халықаралық ұғымдарға 
сəйкестендіріліп жатыр. Қазақстан елдің солтүстігіндегі Сары-Арқаны ЮНЕСКО-ның Əлемдік 
мұра тізіміне қосу жөнінде ұсыныс тапсырды. Ауылшаруашылығы министрлігіндегі балық 
шаруашылығы комитеті бөтен түрлердің акватикалық экожүйелерге кіруін жəне əкелінуін 
қадағалап, соның алдын алуға күш салып жатыр.
10.3 ұсыныс: 
Ормансыз жер аумақтарына жасыл желек егу мүмкіндігін қарастыру қажет. Коммерция 
мақсатында өсірілетін түрлердің генетикалық мəлімет базасын кеңейтіп, орталықтандыру 
керек. Ормандарды өрт пен зиянкестерден қорғау шаралары күшейтілуі тиіс. Екпе ағаштар 
орман менджментінің ең басты мақсаты ретінде қарастырылып, соған қаржы бөлінуі керек.
2004-жылы Қазақстан 2004-2006ж.ж. арналған «Қазақстан ормандары» бағдарламасын 
қабылдады. Соның орындалуы орманды қорғау (соның ішінде өрт пен залалкестерден), 
орманды қалпына келтіру, ағаш отырғызу жəне орманның ағаш құрылымын жақсарту сияқты 
іс-əрекеттердің қолға алынуын көздейді. Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 
жылына шамамен 80 миллион АҚШ доллары бөлініп отырған.
10.4 ұсыныс: 
Солтүстік Каспий теңізінің су асты жəне жағалаудағы экожүйелерінің биологиялық əр-
түрлілігіне шұғыл түрде сенімді мониторинг жасала бастауы тиіс. Мониторинг жүйесі 
табиғатты қорғауға қажетті ақпаратты жинай алады. 8.3 ұсыныстарды қараңыз.
 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамындағы балық шаруашылығы комитеті 
Қазақстандағы балық түрлерін зерттеп, балық кадастрын жүргізеді. Бұған қоса, комитет сирек 
кездесетін жəне жойылып бітуге жақын балық түрлері (мысалы бекіре балығы) мен каспий 
итбалықтарын зерттеп отырады. 
10.5 ұсыныс: 


215 
 
Биологиялық əр-түрлілікті консервациялау қажеттілігі туралы жарияланғаннан кейін осы 
мақсатқа жеткілікті қаржы бөлініп, бұл қаржы орындауға жауапты барлық əкімшілік 
деңгейлері арасында тең бөлінуі қажет. Биологиялық əр-түрлілікті консервациялау жөніндегі 
шаралар сияқты іс-əрекет жоспарлары үнемі қайта қаралып, бейімделіп отыруы керек. Бөліп 
көрсетілген шараларды орындаудың мерзімдері жəне қаржы көздері анық берілуі тиіс. 
Шаралардың орындалуын қадағалайтын бақылау механизмін құру қажет.
Қазақстан биологиялық əр-түрлілікті консервациялау жөнінде қол қойған халықаралық 
келісімдер бойынша жауапкершілігіне алған міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында 
белсенді жұмыс істеп келеді. Елге халықаралық техникалық көмек көрсетіліп жатыр. Бұған 
қоса мемлекеттік бюджеттен жоғарыда көрсетілген мақсаттарға тиесілі қаржы бөлініп, оң 
ықпал жасайтын саясат пен жобалар орындалып келеді (4 Тараудың 4.3-бөлімін қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет