205
бюджеттен бөлінген қаржының есебінен 2009-жылға дейін 29 автоматтандырылған
мониторинг станциясын құрып, 9 жылжымалы лабораторияны құрастыруға болады.
Мониторинг жүргізу стратегиясы əлі қалыптастырылмаған.
4.3 ұсыныс:
Ауаның ластануын қысқартуға бөлінетін қаржы ең алдымен табиғатқа көп залал келтіретін
энергетика саласына берілуі қажет. Мұнда таза технологиялар жəне/немесе таза отынды
енгізу арқылы эмиссиялар көлемін көп шығынсыз-ақ қысқартуға болар еді. 13.2ұсынысты
қараңыз.
Ауаның ластануын қысқартуға қаржы бөлінетін кезде энергетика саласына қатысты қандай да
бір мəселелер есепке алынбайды. Алайда таза отын жəне таза технологияларды енгізу мəселесі
үкімет бағдарламаларының кейбірінде атап өтіледі. Мысалы, 2007-2024ж.ж.
арналған
Қазақстан Ресубликасының тұрақты дамуға өту стратегиясы мен оның орындалуына қатысты
жоспарларда нақты іс-шаралар қарастырылған. Ауаның ластануына шек қою жəне бақылауды
күшейту бойынша инвестициялардың басым бөлігін жеке кəсіпорындар көтереді. Мемлекет
бюджетінен болса осы мақсатта бөлінетін қаржы көлемі өте шектеулі. Бұл əсіресе энергетика
секторында анық байқалады.
4.4 ұсыныс:
Заң шығару шаралары мен экономикалық ынталандыру шаралары этилді бензинді
айналымнан шығаруға, заңсыз этилдендіру əрекеттерін тоқтатуға бағытталуы керек. 14.5
ұсынысты қараңыз.
Этилді бензин 2003-жылы ресми түрде айналымнан шығарылған болатын.
Алайда этилді
бензин шетелден заңсыз əкелініп, этилді емес бензинді этилдендіру əрекеттері тыйылмай
келеді.
4.5 ұсыныс:
Ауа атмосферасын қорғау мақсатында автокөліктердің техникалық параметрлері туралы
арнайы нұсқау шығару керек. Ауа эмиссияларын қысқартатын автокөліктер үшін кеден
төлемі жəне салықтың деңгейі айтарлықтай төмен болуы тиіс. Техникалық параметрлерді
тексеретін автокөлік инспекциялары күшейтілуі қажет.
Техникалық бақылау жүргізу жəне реттеу тұжырымдамасы 2003-жылы заң жүзінде бекітілді.
Бұл заң барлық салаларды бірдей қамтиды. Оған сəйкес реттеу саясатының жекелеген тұстары
жəне шаралары əрі қарай жетілдірілуі тиіс. Осыған орай Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
автокөліктерден ауаға бөлінетін эмиссияларға қатысты үкімет
жарлығының жобасын
даярлады. Бұл құжатта автокөліктен шығатын улы газдардың максималды мөлшері, шу
деңгейі жəне отын сапасының критерийлері берілген. Осы талаптар Евро 2/II стандартына сай
келеді. 2008-жылдан бастап, үкімет жаңа автокөліктерге қатысты Евро 2 стандартын қолдана
бастайды. Алайда қолданыста жүрген көліктерді бұл ереже қамтымайтын болады. Аз күкіртті
бензин қолдануға үгітте умақсатында бензиннің түріне қарап салық салу саясаты жуық арада
енгізілмейтінге ұқсайды. Жолаушыларға арналған автокөліктер үшін
жыл сайын төленетін
көлік салығының деңгейі мотордың көлеміне байланысты. Тəуелсіз мемлекеттер достастығы
аумағында өндіріліп, 6 жылдан астам уақыт бойы қолданыста жүрген
көліктерге салық
жеңілдіктері беріледі. Солай бола тұра, осындай машиналар өзге аймақтардан елге əкелінетін
көліктерге қарағанда ауаны анағұрлым көп ластайды.
Достарыңызбен бөлісу: