Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет31/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195
kazakhstanII.KAZ

I.2
Табиғи ресурстар 
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарға, пайдалы қазбалар мен минералды ресурстардың 
кендеріне бай ел. Кейбір есептерге сəйкес Қазақстан уран, қорғасын жəне мырыш қорларының 
деңгейі бойынша əлемдегі екінші ел, марганец қорларының деңгейі бойынша əлемдегі үшінші 
ел жəне мыс қорларының көлемдері бойынша əлемдегі бесінші ел болып саналады. Қазақстан 
сондай-ақ алмас экспорттаушы ел жəне ол көмір, темір мен алтын өндіретін елдердің 
ондығына кіреді. 
Барланған мұнай қорлары 30-дан 40 миллион баррель шамасында есептеліп, елді мұнай 
қорларының деңгейі бойынша 11-ші орынға шығарады. Кейінгі бірнеше жылдың ішінде мұнай 
өндірудің жылдам қарқынмен өсуі байқалады. Бұл шетелдік инвестицияларды тартумен жəне
өндіріс тиімділігінің артуымен байланысты. 2006 жылы 57 миллион тонна шикі мұнай 
өндірілді. Осы көрсеткіш елді мұнай өндірудің деңгейі бойынша əлемдегі 18-ші орынға 


Кіріспе
11
шығарды. Қазақстан 2015 жылға қарай мұнай өнімдерін 150 миллон тоннаға дейін көбейтуге 
бағытталған орасан зор жоспарлар жасап отыр. 
I.1 Сурет: 2001 жылғы ахуал бойынша жер пайдалану 
Көпжылдық 
шабындықтар 
мен 
жайылымдар
19,3%
Дара дақыл 
егілетін 
жерлер
4,8%
Егістік жерлер
0,05%
Өзге жерлер 
7,9%
Ормандар 
жəне орманды 
алқаптар
68,0%
Дерек көзі : Қазақстанның ақпараттық базасы 
(ұлттық индикаторлар). 
http://www.undp.kz/infobase/tables.html?id=42: 2007 жылы 19-
шы қыркүйекте барды. 
Табиғи газдың барланған қосалқы қорлары 1,500–2,500 миллиард шамасындағы текше метрді 
құрайды да (мтм), елді қосалқы қорлардың деңгейі бойынша 11-ші орынға шығарады. Алайда, 
Қазқастан 2003-ші жылы ғана құрғақ газдың экспортшысына айналды. 2006 жылы Қазақстанда 
28 миллиард текше метр табиғи газ өндірілді. 10 жылдан кейін өндіру көлемдерін жылына 60-
80 мтм-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет