Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Реттелетін қауымдастықтың сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет60/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2.2 
Реттелетін қауымдастықтың сипаттамасы
Соңғы 20 жылда Қазақстанда реттелуге жататын қауымдар құрамына аз ғана мемлекеттік 
кəсіпорындар кірген біркелкі қауымнан ШжОК сипатындағы кəсіпорындар үлесі басым 
əркелкі құрамға дейін өзгеріп, ілгеріледі. Осы екі арада кəсіпорындар саны 2000 шамасына 
дейін жетіп тұрақталды.
Реттелетін қауымдастықтар Денсаулық сақтау министрлігі жасайтын бағалау схемасына қарай, 
кластерлерге бөлінеді. ҚОҚМ деректеріне сəйкес, қоршаған ортаға əсері жағынан ауыр 
өнеркəсіп бəрінен ерекше көзге түсіп тұрады. Бұл сала ауаны ластауға ең көп үлес қосады 
(мəселен ЛРТЫБ есептері бойынша ауаны ластаудың 72 пайызы 17 кəсіпорынның үлесіне 
тиеді екен. Ал ШжОК-дың экологиялық салмағы дəлме-дəл саралауға келіңкіремейді. Соған 
қарамастан сан жағынан басым ШжОК-дың жартысынан астамы қоршаған орта үшін 
мейілінше қауіпті салаларда жұмыс істейді. Реттелуге жататын қауымдастықтың əрқилы 
бөліктеріндегі сəйкестік моделдері мен осы сəйкестікке əсер етуші факторлар əлі күнге толық 
зерттелмеген. (2.3 кесте)
2.2 Кесте: Тіркелген кəсіпорындардың саны
(2003–2006 жж., сəйкес жылдың 1 қаңтарына қарай ахуал бойынша) 
 
2003
2004
2005
2006
Ірі 
2 014
2 011
2 026
2 049
орта 
10 674
10 700
10 676
11 512
кіші
170 108
177 334
195 707
213 347
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы 
статистика басылымы, 2003–2006. 
2.3 Кесте: Секторлар бойынша тіркелген кəсіпорындардың саны
(2006 жылдың 1 қаңтарына қарай ахуал бойынша.) 
Сала
Кіші
Орта
Ірі
Барлығы
Ауылдық, аңшылық,орман шаруашылықтары
11 173
833
267
12 273
Балық шаруашылығы, балық өсіру
364
15
4
383
Тау-кен өндірісі
1 271
112
76
1 459
Өнеркəсіп
16 563
842
315
17 720
Электр қуатын өндіру жəне тарату, газ жəне сумен қамту
1 324
203
117
1 644
Құрылыс 
23 089
593
163
23 845
Сауда, жөндеу, жеке жəне тұрмыстық заттар
76 074
585
71
76 730
Қонақүйлер мен мейрамханалар
2 624
83
17
2 724
Басқа да салалар
80 865
8 246
1 019
90 130
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы статистика басылымы, 2006.
Осы екі арада табиғат қорғау орындары реттелетін қауымдастықтар жөнінде толыққанды 
мағлұматтарға қанықпыз деп санайды жəне жаңадан құрылған кəсіпорындар жөнінде уақытлы 
мəліметтер алып тұру үшін мемлекеттік ұйымдардағы əріптестермен арадағы өзара 
ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанушылық танытып отыр. Əдеттегідей, ҚОҚАБ əрбір 
кəсіпорын турасында дерек жинайды. Онда соңғы 5 жыл ішіндегі қажетті материалдар
санкциялар туралы ақпарат жəне ресми іс-қатынас қағазадары (хат-хабар) сақталады. Жалпы 
алғанда 60 мыңнан астам нысан экологиялық əрекеті жағынан реттеп отыруға жатады. Қоқыс 
төгу(рұқсат етілген жəне заңсыз), пестицидтер сақталатын қоймалар мен уытты жоюшы 
құрылғылар турасында жеткілікті ақпарат жоқ. Ал түгендеу жүйесі енді ғана дамып келеді. 
Мəліметтерді жинаудың, сақтаудың, саралаудың жəне реттелетін қауымдастық туралы ақпарат 
бөлісудің электрондық құралдары қолданылмай келеді.


 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет