56
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
əдіснаманың сыңаржақтылығы бұл схемадан инсекторлар ғана емес, кəсіпорындардың да сырт
айналуына алып келді. Қазіргі уақытта бұл əдіснама қайта қаралуда. Жалпы алғанда
лауазымды орындар «реттелетін қауымдастықтар арасындағы
экологиялық жауапкершілікті
сезіне жұмыс істеу» сияқты мақсатқа жету үшін қолға алған тетіктер əзірге өте шектелген
күйінде жəне дамытуды қажет етеді.
Екібастұз ГРЭС-2
Осы уақытта МЕҰ, кəсіпорындардағы оқытып-үйретуге жəне мейілінше
таза өндіріске қарай
бет алу үрдісіне тартылуда. Мəселен, Алматыда тұрақты өндіріс жəне тұтыну Орталығы
жұмыс істейді. Европалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы шеңберінде анағұрлым таза
өндірісті тұрмысқа ендіру үшін потенциалды дамыту ісінде техникалық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ таза өндірісті қалай басқару керектігі нұқсаулығы құрастырылған.
Алматы мақта-
мата комбинатында, Тентек электр станциясында жəне «Жігер» сүт зауытында 3 аудит
жүргізілді.
Экологияға негізделген басқару жүйесін қабылдауға келгенде кəсіпорындар қызығушылығы
артып отыр. 2007-ші жылы қыркүйектегі
жағдай бойынша, Қазақстанның 241 кəсіпорны
ISO 14 000 сертификатына ие. Ондайлардың көбі Алматыда(175 кəсіпорын сертификатталған).
Бұл назар аударатындай көрсеткіш, өйткені ISO 14 000 тек 2005-ші жылы ғана енгізілген.
Соған қарамастан, елдің барлық 2 мың кəсіпорнын қамтып, осы тізімді жалғастыра түсу үшін
əлі қыруар іс тындыруға тура келеді. ISO стандарттарына көшуді ынталандыруға жағдай
туғызу
мақсатында, мемлекет сертификат алған кəсіпорындар үшін қоршаған ортаны
ластағанына қарай алынатын төлемдерді жеңілдетті. (5-ші тарауды қараңыз)
Орнықты даму жөніндегі Қазақстандық бизнес-кеңес (ОДҚБК) 2003-ші жылы құрылды. Ол
басқалармен қатар, өндірісті «жасылдандыру» процесінде маңызды қозғаушы күштердің бірі
саналады. Корпоративті жауапкершілікті дамытуды белсенді түрде алға тартып келе жатқандар
арасында Қазақстан-Канада бизнес қауымдастығы, Қазақстандағы
Европалық бизнес
қауымдастығы жəне Қазақстандағы Америка сауда палатасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: