Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет71/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2.1Ұсыныс : 
Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі заңдылықтың сақталуын қаматамсыз ету үшін 
институционалды мүмкіндіктерді күшейтуді жалғастыруы керек. Атап айтқанда ;
• 
Бюджеттік жоспарлауды жұмысты жоспарлаумен байланыстырып реттеу жəне 
тексеру ауқымына сəйкес бюджеттік қаржы бөлу;
• 
Қызметкерлерді жұмыста ұстау мен жоғарғы еңбек тиімділігіне қолдау көрсететін 
жағдайлар жасау.
 
Стратегия мен құралдарды реформалау
Реттеу мен сəйкестілікті қамтамасыз ету-түпкі мақсат емес. Сайып келгенде, бұл қоршаған 
ортаны қорғау саласында сəйкестікке қол жеткізу жəне нəтижелерді арттыруға бағытталған 
құрал ғана. Мұндай жүйеде құзырлы органдар реттеуші талаптарды орнатып, өзінің 
стратегияларын, заңды орындау ерікті болатын жəне заң бұзушылыққа жол берілмейтін ретте 
қалыптастыруы керек. Жекелеген амалдарды немесе олардың үйлесімін қолдану, реттелетін 
əрбір қауымдастықтың өзіндік ерекшелігіне, атап айтқанда, сəйкестілікке келгенде олардың 
тарихы қандай болғанымен байланысты. Реттелетін қауым тарапындағы тексеру қадамдары 
əділ, дəйекті, сондай-ақ ашық жəне қалыпқа сай болуы керек. Құзырлы билік орындары 
табиғат қорғау заңдарын сақтауды тиімді жəне əділ түрде қамтамасыз ету үшін, бейресми, 
əкімшілік, азаматтық жəне тіпті қылмыстық саладағы заңдық құралдарға толықтай қол жеткізуі 
керек. Заңдық қорғаныстың қолда бар амалдарының қайсыбірін қолдану қажеттігіне таңдау 
жасау, əр жағдайға сəйкес ережелермен белгіленуі тиіс.
Қазақстанның құқықтық жүйесіне жақында енгізілген өзгерістер реттеуші қадамдардың 
реформасына серпін берді. Маңыздысы сол, реттелетін қауымдастыққа əртүрлі қадам жасау 
мүмкін болды. Реформалар қарқыны мен олардың нəтижелері əлі де дамуды қажет ететін 
өзгерістерді тізгіндеуге тəуелді болмақ. Мəселен, кешенді шешімдерді тікелей іс жүзіне асыру 


64
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
өндіріс процестерін жəне жобалардың экономикалық бағасын жете біле бермеушіліктен 
туындайды. Бұдан өзге, кешенді рұқсаттардың процедуралық қырлары мен мазмұндары əлі 
нақтылауды қажет етеді. Осымен бір мезгілде ШжОК-ды реттеу ісін оңайлату, əрқайсысы жеке 
сектор үшін қабылдануы тиіс, бірақ міндетті түрде орындалуы қажетті заңдық ережелердің 
жоқтығынан кейінге қалдырылып келеді. халықтың реттеуші талаптарды қабылдауға үлес 
қосуына да көңіл бөлінбей келеді, ашық түрдегі тыңдаулар экологиялық жəне қаржылық 
тəуекелдерді басқарудың бір тетігі емес, процедуралық артық жүк сияқты қабылдануда.
Инспекциялау іс-тəжірибесін жетілдіруге арналған күш салуға жəне тəуекелге негізделген 
амалдарды басшылыққа алуға қарамастан, негізгі талаптарға сəйкессіздікті анықтап алу 
ықтималдығы, мəселен, ЛЖШ сияқты, төмен болып қалуда. Бұл біршама дəрежеде 
процедуралық кемшіліктерден келіп шығады(мəселен, инспекциялардың жиілігіне шектеу қою 
немесе жұмыс учаскесін тексеретіні турасында 2 апта бұрын хабарлау), сондай-ақ ол ұжымның 
дайындығы жеткіліксіз болуымен жəне процедураларды орындаудың дəстүрлі жолын 
бұлжытпай ұстануға (мəселен, рұқсаттың күшінде болуы, есеп беруді өз уақытында тапсыру 
жəне қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді дер кезінде төлеп тұру) байланысты. 
Бірқатар секторларда экологиялық өлшем-критерийлерінің болмауы-процедураларды сақтауға 
шектен тыс көңіл бөлінуінің тағы бір айғағы. Сондай-ақ, реттелетін қоғамдастық ұсынатын 
есептердің жақсартылған талдауы арқылы сəйкестікті айқындау мүмкіндіктерінің лайықты 
түрде қаралатыны екіталай.
Сəйкессіздікке қарсы жауап ретіндегі шаралардың арасында айыппұлдар басым тұр. Əкімшілік 
Кодексте бекітілген жалпы ұстанымдарды сақтауға қарамастан, айыппұлдардың неге сүйеніп 
есептелетіні анықталмай отыр. жауапкершіліктен босатудың ұзақ мерзімінен кейін ірі 
көлемдегі айыппұлдарды күрт қолдану экологиялық заңдылықтың сақталуына бақылаушы 
мекемелер тарапынан сенімсіздік тудырады. Жалпы алғанда, сəйкессіздіктерге қолданылатын 
шаралардың стратегиясы негізінен қаржылай мақсаттарды көздегендіктен іске қосыладыц.
2.2 Ұсыныс:
Реттелетін қауымдастықта экологиялық қарекет тиімділігін арттыру жəне заңдылықты 
сақтауға ықпал ету үшін Қоршаған Ортаны қорғау Министрлігі, шектелген мүмкіндіктерді 
есепке ала отырып, ҚОƏБ пен мемлекеттік экологиялық сараптаманың процедураларын жəне 
заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету құралдарын реформалауы тиіс. Бұл ретте ҚОҚМ 
үшін мыналар қажет:
• 
Орта жəне шағын ауқымдағы белгілі бір жобалар үшін ҚОƏБ пен мемлекеттік 
экологиялық сараптама процедураларын оңайлату жəне қысқарту; 
• 
Ең үздік халықаралық тəжірибеге толық сəйкестікті сақтай отырып, ірі 
кəсіпорындарға берілетін кешенді рұқсаттар процедурасына көшу мен жақында 
ойластырылған ережелерді ендіру жəне ірі компаниялар үшін экологиялық рұқсаттарды 
қалыптастыруды жалғастыр; 
• 
Пайдаланудан шығару шарттарын экологиялық рұқсат беру аясына көшіру; 
• 
Заңдылықтың сақталмауын анықтау ықтималдығын арттыру үшін тексерулердің 
жиілігіне қойылған шектеуді алып тастау(бұл транспаренттілікті күшейте түсумен бірге 
қолға алынуы керек) жəне басты назар заңдылықты оқтын-оқтын бұзатын ірі ластаушылар 
мен компанияларға аударылатын, тəуекелге негізделген тексеру əдісіне қарай қадамдарды 
жалғастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда ескертілмеген тексеру жүргізу;
• 
Тексерулер жүргізу əдістерін жетілдіре түсу жəне қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы қарекет нəтижелеріне, оның ішінде, құрал-жабдықың техникалық жай-күйіне 
көңіл бөлу; 
• 
Əкімшілік есеп беру ауыртпалығын азайту жəне шешім қабылдау үшін 
кəсіпорындардың есептеріндегі мағұлматтарды пайдалануда ҚОҚМ əлеуетін нығайта түсу; 
• 
Ақшалай айыппұлдарды тоқтаусыз сала берудің орнына экологиялық жауапкершілік 
режимінің құрамдас бөлігі ретінде экожүйелерді қалпына келтіру талаптарын енгізу;
• 
Айыппұлдардың көлемін бағалап отыру үшін ашықтықты қамтамасыз ететін 
компютерлік құралдаорды жасап шығару жəне пайдалану. əкімшілік заң бұзушылақтарға 


 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
65 
жауап ретінде, орнындауды бақылау сатысында үкіметке сенімді арттыра түсетіндей етіп, 
санкциялардың жеңілінен ауырына көшу.
 
 
 
Қайтадан бағалау жəне түзету əрекеттері 
Құзырлы орындарда, реттеушілік сəйкестікке қол жеткізу жолындағы табыстар туралы 
хабарлау, басқару жəне бағалап отыру үшін жекелеген көрсеткіштері болуы керек. Жұмыс 
нəтижелерін басқарып отыру жүйесі тек, əдеттегідей мониторинг үшін ғана емес, сондай-ақ 
барынша қолайлы амалдар мен стратегияны ойлап табу, үшін сондай-ақ жауапкершілік 
деңгейін көтеру үшін қажет.
 
Қазақстанның табиғат қорғау ұйымдары жұмыс нəтижелерін басқару жүйесін жетілдіруге күш 
салды. Дегенмен жақсару тек ішінара ғана көрініп, көп жағдайда ретту циклының жұмыс 
істеуін қамтамасыз етуші бірқатар ұйымдардан түгел емес, бірер ұйымдардан ғана байқалды. 
Басты проблемалардың бірі-жұмыс нəтижесі туралы мағлұматтардың тек сипаттама түрде ғана 
болуы, ал бұдан кейін оның шешім қабылдауға əлсіз бейімделгенінде жатыр. қалың 
жұртшылықтың қолы жыл сайын жаряиланып отыратын статистикалық мəліметтерге ғана 
жетеді. Ал онда сəйкестік жəне заң қолдану туралы ақпарат нəтижелерді елеп-екшеуге онша 
сəйкес келмейтін, қортынды көрсеткіштермен ғана шектеледі. Құзырлы орындардың жұмыс 
барысы туралы есептер жариялауға жатпайды.
 
2.3 Ұсыныс: 
Экологиялық реттеудің барлық циклында қамтылған мекемелер қызметінің тиімділігін 
артыруға ықпал ету үшін Қоршаған Ортаны Қорғау Минситрлігі, Қазақстан 
Республикасының Сатистика жөніндегі агенттігімен, Бас Прокуратурамен жəне басқа да 
əріптестерімен бірлесе отырып, қарекет нəтижелерін басқару жүйесін жақсартуы тиіс. Бұл 
үшін ҚОҚМ мыналарды қолға алуы керек:
• 
Заңдылықты сақтау жəне сəйкестіктің көрсеткіштерін реттеуші циклды уақытында 
қайта қарап, тек ең оңтайлы көрскеткіштерді ғана сақтап қалу.
• 
Заңдылықты сақтау жəне сəйкестік жөніндегі деректерді бір ізге салып, бір қалыпқа 
түсіру;
• 
Шешім қабылдау процесін көрсету үшін заңдылықты сақтау жəне сəйкестік 
жөніндегі деректерге сəйкес нысанда талдау жасау; 
• 
Деректерді басқару жүйесін пайдаланушылар үшін оның барынша толыққанды, дəлме-
дəл жəне ыңғайлы жүйесін қалыптастыру жəне рұқсаттар мен инспекциялар туралы 
хабарланып тұратын, жалпы жұртшылық қол жеткізе алатындай жүйеде деректер базасын 
қалыптастыру.
• 
Экологиялық реттеу мен заңдылықты орындауды қамтамасыз етуге қатысы бар 
барлық ұйымдар тапсыратын, атқарылған жұмыс туралы есептерді жариялап отыру.
 



 67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет