Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет66/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   195
kazakhstanII.KAZ

ҚОҚМ 
АШМ су қорлары жөніндегі 
комитеті
Статистика Агенттігі 
Су қорларының Балқаш-Алакөл 
бойынша Департаменті 
ҚОҚАБ-лары 
Облыстық су қоймалары 
бөлімдері
ҚОҚАБ 
2 TP Ауа
2 TP Су 
3 зиянды 
қалдықтар
Кəсіпорындардың өзіндік мониторингі
Бекіту 
Деректерлді ұсыну 
Жалпылама деректерді ұсыну


 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
59 
Орындарды тексеру мерзімі əрқилы. ШжОК-арды тексеру 1-2 күннің ішінде жүргізілсе, ірі 
кəсіпорындарды тексеруге бір айға жуық уақыт жұмсалуы мүмкін. Кейбір кəсіпорындарда 
тексеріс қайталап жүргізілуі ықтимал. Бұл сол орында болған соң қайта тексерудің қажеттілігі 
туындаған жағдайда іске асырылады.
Учаскелерді тексеруге келген инспекторлар экологиялық құжаттардың қаншалықты дұрыс 
жəне сəйкес екеніне көз жеткізіп, қоршаған ортаны қорғау шараларын бағалауы, құрал-
жабдықтың жай-күйі мен қоршаған ортаны ластаған болса, ол үшін төлемдердің қаншалықты 
дұрыс жүргізілгенін анықтауы шарт. Іс жүзінде көптеген инспекторлар тек қажетті 
құжаттаманы шолып өтумен жəне мұржаларға орнатылған аспаптарды тексерумен ғана 
шектеледі. Өндіріс процестері мен экологиялық көрсеткіштерді бағалау мүмкіндіктері кейбір 
факторлардың əсеріне: өндіріс процестерін жетік білмеу, істегі тəжірибенің жетіспеуі
мониторинг жүргізетін құрал-жабдықтың саны жағынан шектелуі болуы салдарынан өте 
төмен. Орынға əрбір сапардан соң инспекторлар өздері байқаған ереже бұзушылықты
орындалмай қалған заңдық талаптар, сəйкессіздіктердің себептері мен олқылықтарды қалай 
түзету жөнінде жасалған ескертулерді тіркеп, жазып алып жүрулері шарт.
Шағымдар мен сұрау салулар
 
Экологиялық инспекторлар экологиялық сəйкессіздіктер туралы жұртшылықтың арыз-
шағымдары мен басқа органдардың (мəселен Парламент немесе БП) сұрау салуларына назар 
аударулары керек. Мұндай шағымдар турасында нақтылы санақ мəліметі жоқ, дегенмен ЭБК 
пікірінше, учаскелерді тексерудің 30 пайызына жуығы (бұл да облысына байланысты) осындай 
шағымдар мен сұрау салулар нəтижесінде жүргізілетін болып шықты.
Міндетті экологиялық аудиттер
 
2005 жылы заңнамалық база өзгерді. Бұл экологиялық міндетті аудитті енгізу үшін қажет 
болды. Заң бойынша экологиялық аудит белгілі бір жағдайларда, мəселен компания қайта 
құрылған немесе банкротқа ұшыраған жағдайларда керек. Дегенмен осы əдістің іс жүзінде 
қолданылып жатқанына күмəн бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет