Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет69/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2004
2005
Қозғалған істер
Айыптау үкімдері 
Дерек көзі: Қазақстанның жыл сайынғы статистика басылымы, 2003–2006. 
Жұмыстың нəтижесі көбіне, жүргізілген тексеулер, өндірілген айыппұлдар, немесе жабылып 
қалған өндірістер сияқты шаралармен өлшеніп жатады. Жұмыс сапасы, пайдаланылған қорлар 
немесе қол жеткен нəтиже (ең болмағанда аралық нəтиже) есепке алынып жататыны сирек. 
Жұмыстың көрсеткіштеріне құрылған басқарушылық жұмыс тиімділігі төмен деп 
саналғандарды жазалау үшін пайдаланылады. Бұл ретте тиімділіктің төмен болу себептерін 
жоюға əрекет жасала бермейді. Сонымен қатар ЭБК көрсеткіштерді шолу процесін енгізді 
жəне 2008-ші жылы табиғат қорғау əрекеттерінің нəтижесін дамытуы жəне сəйкестік деңгейін 
көтеруі тиіс жаңа жүйені қабылдауды жоспарлап отыр.


62
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
ҚОҚАБ саясатты іске асыру мен заңдарды орындауда кері байланысты қамтамасыз етіп жатса 
да, оның пайдасы шектеулі. Əр жыл сайын бағыт-бағдар (стратегия) саны мен заң 
шығарушылық белсенділік сияқты артып келеді. стратегия мен заңдар өткен тəжірибеге терең 
шолу жасалмастан қабылданып жатады. Мұның өзі сəтсіздіктердің түп-тамырын түсінуге 
себеп болмайтыны анық. Мұндай қадамдар саясатты қалыптастыру мен реттеуді тек 
«символдық» түрде сақтап қалады.
2.2 Ендірме: Сəйкестілік пен орындалуды бақылау туралы əр айлық есептерде пайдаланылатын 
негізгі көрсеткіштер
• 
Тексерілген кəсіпорныдар саны; 
• 
Сəйкестілік бұзылған оқиғалар саны; 
• 
Жарлық етілген жəне орындалған əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Əкімшілік заң бұзушылықтар саны; 
• 
Жауап ретіндегі əкімшілік шаралар, оның ішінде ауызша жəне жазбаша ескертулер жəне айыппұлдар 
саны; 
• 
Өндірісті тоқтатып қою жөніндегі сотқа түсірілген шағымдар саны; 
• 
Зардап үшін өтемақы төлеуді талап еткен арыздар саны; 
• 
Жобаның қаржыландырылуын тоқтату туралы əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Рұқсат пен лицензияны тоқтатып қою туралы əкімшілік бұйрықтар саны; 
• 
Табиғат қорларын пайдалану туралы келісімдерді бұзу жөнінде құзырлы органдарға жолданған 
талаптар саны; 
• 
Қылмыстық істердің сотта қаралу саны.
Дерек көзі:
 ЭБК, 2007. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет