Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


  Ақпаратты басқару жəне есептілік



Pdf көрінісі
бет78/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   195
kazakhstanII.KAZ

3.3 
Ақпаратты басқару жəне есептілік 
Ақпараттар жүйесі 
2005 ж. бастап ҚОҚМ ақпараттық-талдамалық орталығы табиғи ресурстардың тізімдемесі 
бойынша берілген мəліметтерді қамтитын электронды база құру үстінде жұмыс жасауда. Бұл 
жұмыс Үкіметтің 2000 ж. 25 қыркүйектегі № 1449 «Сандық геоақпараттық жүйелердің 
негізінде Қазақстан Республикасының табиғи нысандары кадастрының Бірегей жүйесін жасау 
туралы» Қаулысын орындау мақсатында атқарылып отыр. 2007 жылғы Экологиялық кодексте 
осындай кадастрлар мен мəліметтер базасын жасау қажеттілігі туралы мəселе бекітілген.
Қазіргі уақытта мұндай мəліметтердің орталықтандырылған базасында күзетілетін 
аумақтардағы орман шаруашылығы, сонымен бірге жергілікті, облыстық жəне мемлекеттік 
масштабтағы жабайы жануарлар мен балық түрлері туралы мəліметтер қамтылған. Бұл 
мəліметтерге көрнекілік ретінде карталар қосымша берілген. Бастапқы мəліметтер, негізінен 
алғанда, сəйкес статистикалық формалардан алынады да, базаға қолмен енгізіледі. Осы жайт 
жұмыс барысын баяулатып, оны көп еңбекті қажет ететін деңгейге жеткізеді.
Қазіргі уақытта мəліметтер қорында, ең бастысы, күзетілетін аумақтар мен аң аулауға рұқсат 
етілген жерлердегі орман, балық шаруашылығының тұрмыстық жəне əкімшілік мəселелері 
толық қамтылған. Дегенмен экологиялық саясатты өңдеу үшін бұл мəліметтер қорын 
пайдалану аса тиімді бола қоймас. Егер бұл мəліметтер қорына қолжетімді, кедергісі жоқ 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
75 
жағдай жасалынса, оның табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға жауапты жергілікті билік 
органдары үшін белгілі бір құндылыққа айналары сөзсіз. Бүгінгі таңда мүлдем бұлай емес. Тек 
келешекте ғана мəліметтер қоры пароль қолданушы, тіркелген тұтынушыларға (тек 
мемлекеттік билік органдарына) толығымен қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Бұған 
қарамастан, таяу арада қорға суды қолдану жəне қалдықтар туралы мəліметтер қосып 
толықтыру жұмысын жүргізу де жоспарға қойылған. 
Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігінің геология жəне минералды ресурстар 
Комитеті жерасты суларын пайдалы қазба кадастрының бір бөлшегі ретіндегі мəліметтер 
қорын жасады. Аталған қорда жерасты суларының қоры мен қолданылуы, бұрғылардың 
орналасқан жері мен жерасты сулары сынамаларының талдау қорытындылары туралы 
мəліметтер жиынтығы берілген. Комитет мұны жарияламайды жəне ҚОҚМ мемлекеттік есепте 
қоршаған орта туралы жариялау үшін мəлімет бермейді.
2009 ж. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы Комитеті 
Қазақстанның фаунасының жай-күйі жөніндегі электронды мəліметтер қорын (кадастрын) 
жасауды жоспарлап отыр. 
Экологиялық статистика
2006 ж. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі тұрмыстық қалдықтар туралы мəліметтер жинау 
үшін статистикалық форманың екі жаңа түрін жасап шығарды. 2004 ж. бастап экологиялық 
статистиканың мəліметтерін жыл сайын жариялаудың орнына, аталған агенттік «Қоршаған 
ортаны қорғау жəне Қазақстанның тұрақты дамуы» атты статистикалық жинақ шығарып 
келеді, мұнда алпыс көрсеткіш бойынша мəліметтер беріліп отырады. Жинаққа маңызды 
экологиялық мəселелермен қатар көлік қалдығы, көшетханалық газдардан бөлінетін қалдықтар, 
озонды бұзатын заттарды қолдану жəне өнеркəсіптік өндірісінің улы емес шығыстарды қайта 
өндіруі туралы мəліметтер тысқары қалған. Жинақта оқырманға түсінікті болуын 
жеңілдететіндей, мəліметтер берудің жаңа формалары қолданылмаған (кесте, диаграмма жəне 
т.б.). 2006 ж. Агенттік Қазақстанның өнеркəсіптік өндірісінің су сіңірімділігін бағалау 
қорытындылары туралы арнайы бюллетень жариялады. Агенттік билік органдарына «2007-
2024 жж. тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасын» (ТДАТ) орындалу барысын бақылауға 
көмек беру үшін тұрақты дамудың бірқатар ұлттық индикаторларын анықтаумен айналысады.
Қалдықтардың кадастры жəне кəсіпорындардың есеп беруі
2002 ж. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі Заңында жаңа талап енгізілді, бұл талапқа 
сəйкес барлық кəсіпорындар мен ұйымдар статистика органдарына берілетін қалдықтар туралы 
мəліметтерге қосымша ретінде, ластаушы заттардың қалдықтарына инвентаризация 
жүргізулері қажет. Инвентаризацияның мəліметтерін кəсіпорындардың өздері бекітуі тиіс
содан соң ҚОҚМ аумақтық органдарымен, яғни қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық 
аумақтық басқару орындарымен келісілуі керек. Инвентаризациялау процедурасы 2000 ж. 21 
желтоқсанда бекіткен атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтарының тасталуына 
инвентаризация жүргізу жөніндегі Нұсқау (№ 516-б Бұйрық) арқылы жүзеге асырылады.
Қалдықтарды инвентаризациялау барысында кəсіпорын барлық ластаушы стационарлық 
көздерден атмосфераға тасталатын жəне автокөлік кəсіпорындарында бар, қолданылатын 
технологиялық үрдістердің материалдық баланста көрсетілген барлық зиянды əрі қауіпті 
заттарды ескерулері тиіс. Инвентаризация мəліметтері ҚОҚМ қоршаған ортаны қорғау 
жөніндегі аумақтық орталықтарымен (ҚОҚАО) келісілгені дұрыс. Инвентаризациялық 
материалдардың талдауы аяқталған соң ҚОҚАО кəсіпорынға келесі құжаттарды береді:
• 
Мемлекеттік тіркеуді талап ететін қауіпті заттардың тізімі;
• 
Кəсіпорынның статистика органдарына жыл сайын статистикалық есеп беруі тиіс 
зиянды заттарының тізімі.


 
76 

Бөл
ім

Саяса
т
 жаса
у, 
жосп
арлау
 жəн
е жү
зег
е а
сыр
у 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет