3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім
77
Осыдан соң кəсіпорын стационарлық ластау көздерінің тіркеліміне ластаушы көздерді жəне
олардың сипаттамаларын тіркейді. Тіркелімге келесі мəліметтер енгізіледі: (а)
ластаушы
көздердің саны; (б) əрбір ластау көзі бойынша қалдық нормалары; (в) оның жұмыс уақыты; (г)
сүзілген заттардың мөлшері мен үлесі; (д) атмосфераға тасталынған зиянды заттар көлемін
анықтау əдісі.
Қазақстандағы ластаушы зат қалдықтарының мемлекеттік тіркеу жұмысы осы қалдықтарды
түрлі көздерден біріктіру жолымен жүзеге асыру арқылы жүргізіледі. Қалдықтардың бастапқы
тіркелімі кəсіпорындардың ластағыш зат қалдықтарына жүргізген инвентаризациялық
мəліметтерінен құралады. Инвентаризация мəліметтері облыс, өнеркəсіп саласы жəне жалпы
мемлекеттік масштабта біріктіріледі. Мұндай жүйе барысында статистика жөніндегі Агенттікке
қалдықтардың барлық көздердің тіркелімімен берілген қалдықтар туралы мəліметтерді
байланыстыру мүмкін емес.
Есеп айырысудың сенімді əдістерінің болмау салдарынан Қазақстанда ауыр металдар мен БОЛ
қалдықтарының тасталуы туралы есеп мүлдем берілмеген.
Сондай-ақ мемлекеттік
стаистикалық есептің тек стационарлық дереккөздердің қалдықтары туралы мəліметтерді ғана
сипаттайтындығын да айта кеткен жөн. Автожол көліктері мен басқа да көлік дереккөздерінің
(темір жол, əуе, өзен жəне теңіз көліктері) қалдықтары талапқа сəйкес тіркелінбейді.
Қазақстанда қолданылып жүрген есеп айырысу əдістері тек елеулі ғана белгісіздік үлесімен
қалдықтарды бағалауды дайындауға мүмкіндік береді.
Осының нəтижесінде Қазақстанда өндірілетін қалдықтар туралы қолда бар мəліметтер
тұтынушылардың талабына сəйкес жауап бере алмайды жəне олардың мемлекеттік саясатты
жүзеге асыруға жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі көпжақты келісімде анықталғандай,
халықаралық қауымдастық алдында есеп беру міндетін жүзеге асыруда тəжірибелік маңызы
жоқ.
Жуық араға дейін Қазақстанның кəсіпорындары өэдерінің экологиялық ақпараттарын ҚОҚАО
өткізетін, осы тұстан бұл ақпараттар ҚОҚМ реттеудің рұқсат етуші жəне ынталандырушы
механизмдері жөніндегі Департаментіне жөнелтіліп отырды. Бұл мəліметтерге
бағалау
жұмысы жүргізілмеді.
Экологиялық кодекс талаптарын орындау үшін 2008 ж. Қазақстанда 2001 жылдан бастап
қызмет көрсетіп келе жатқан, қолданыстағы экологиялық өндірістік бақылау жүйесіне
өзгерістер енгізілмек. Осы мақсатқа орай 2007 ж. ҚОҚМ кəсіпорындарды өзінің өндірістік
үрдісінің экологиялық мониторингінің (бақылауының) қорытындылары туралы ҚОҚМ
аумақтық органдарына есеп беруге міндеттейтін жаңа ереже шығарды.
Бұл есепте
атмосфералық ауа мен канализацияға тасталатын ластағыш заттардың сапасы туралы
тоқсандық мониторинг мəліметтері берілуі қажет. Кəсіпорындар жылына екі рет су (егер
жүргізілген болса) мен топырақ күйін мониторингтеу мəліметтерін қамтуы тиіс. Ережеде
есепте сипатталуы тиіс параметрлерге қатысты нақты талаптар туралы айтылмаған. Бұл
бақылау органдарының өкілдеріне кəсіпорындардың өз қарауы бойынша есеп беру мазмұнын
талқылауға мүмкіндік береді, осы жайттың парақорлық пен зиянкестікке жол ашатындығы
белгілі.
Экологиялық есеп беру жағдайы
Жуырда ғана орнын экологиялық кодекс алмастырған «Қоршаған ортаны қорғау туралы»
Заңнамаға сəйкес, Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы (ҚОЖ) мемлекеттік
баяндамалар жыл сайын жарияланып отырады. Мұндай баяндамалар Министрлердің «Еуропаға
арналған қоршаған орта» Бесінші Конференциясында мақұлданған, қоршаған орта жағдайы
жəне оны қорғау туралы мемлекеттік баяндамалар дайындау жөніндегі Нұсқауға (Киев, 2003
ж.) сəйкес құрастырылады. Мұнда көбінесе Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия
елдерімен (ШЕКОА) ЕЭК БҰҰ шеңберінде келісілген экологиялық
көрсеткіштер басым
78
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
қолданылады. Графикалық нысандар, кесте, карта жəне басқа да көрнекі формалар əлі де
жеткіліксіз деңгейде қолданылып жүр. Баяндамалар елеулі деңгейде əлі күнге дейін
сипаттаушы мəнге ғана ие болып отыр. 2006 ж. дейін олар тек компакт дискілермен ғана
берілді. Осыдан кейін баяндамалар шектеулі тиражбен басылып шығарылып (150 д. 2007ж.),
түрлі деңгейдегі билік органдарының арасына ғана таратыла бастады. Олардың шектеулі
тиражбен шығарылуына жəне министрлік вэбсайтына
орналастырылмауына байланысты,
жұртшылықтың баяндамаларға қатысты қолжетімділігі де шектеулі болды. Баяндамалар
министрлік
алқасының
талқылауына
ұсынылады.
Дегенмен
оның
құрамындағы
қорытындылардың экологиялық саясатты өңдеу барысында қолданылатындылығы жөнінде
ешқандай дерек жоқ.
«Казгидромет» сатылымға түсетін жəне кең оқырмандар аудиториясына ұсынылатын ай
сайынғы журналын шығарады («Гидрометеорология жəне экология»). Кəсіпорын сонымен
қатар ҚР қоршаған ортаның ластануы туралы мерзімді (айына,
тоқсан сайын, жарты жылда
жəне жылына) бюллетендер; жерүсті суларының күйі туралы жылдық есеп; Мемлекеттік су
кадастры; негізгі су ағыстарының ауыр металдармен ластануы жəне Балқаш, Каспий теңізі мен
басқа да өзен бассейндерінің
экологиялық жағдайы туралы, сондай-ақ Алматыдағы ауаның
ластануы туралы күнделікті бюллетень жариялап отырады. Жыл сайын ҚОҚМ бекітілетін
жөнелтілімдер тізіміне сəйкес, мемлекеттік органдарға тек Республикадағы қоршаған ортаның
ластануы жөніндегі ай сайынғы жəне тоқсан сайынғы бюллетеньдер ғана беріледі. Басқа
мекемелер немесе жеке тұлғаларға келетін болсақ, «Қазгидромет» оларға өздерінің ақпараттық
өнімін ақылы негізде беріп отырады. Азаматтардың ақпарат алу сұраныстарына қатысты
құқықтық нормаларға сəйкес, «Қазгидромет» жазбаша
сұраныстарға орай жұртшылық
өкілдеріне соған сəйкес мəліметтер мен ақпараттарды тегін таратады.
Жалпы, қоршаған орта мониторингінің нəтижелері мен жинақталып отырған мəліметтер
мемлекеттік жəне облыстық деңгейдегі кешенді экологиялық баға дайындау үшін жеткіліксіз
қолданылады. Сондай-ақ олар шешім қабылдау, саясат жасау мен Қазақстандағы
жұртшылықтың ақпараттылығын арттыруда əлі тиімді қолданыс тапқан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: