74
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Биоəралуандылық, с.і. орманның биоəралуандылығының күйін мониторингтеу
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы
Комитеті бес жыл сайын
қазақстандық ормандарға жəне олардың əрбір бес жылдағы кешенді бағалануына жыл сайын
инвентаризация жүргізеді. Олардың қорытындысы жарияланбағанымен, сұраныс жасау арқылы
алуға болады.
Аталған Комитет сондай-ақ Президент ісі жөніндегі Басқарманың игілігіндегі «Бурабай»
Ұлттық
табиғи паркінен басқа, барлық күзетілетін ұлттық парктерді басқарады. Күзетілетін
барлық аумақтардың əкімшілігі өздерінің қарамағында орналасқан флора жəне фауна
нысандарының тізімдемесін жасайды. Комитет Ұлттық
Қызыл кітапқа енгізілген, тұяқты
жануарларды тұрақты есепке алудың толықтырылған қорытындысынан
алынған ақпараттың
негізінде Қазақстанның сирек немесе жойылып бара жатқан өсімдік жəне жануарлар түріне
есеп жүргізеді. Бұған қоса, шамамен 1500 аңшыдан құралған
топ аулауға рұқсат берілген
түрлерінің саны туралы мəлімет жинақтайды. Жиналған мəліметтер Білім жəне ғылым
Министрлігінің Зоология
Институтына өткізіледі, мұнда аң аулауға рұқсат беруге негіз
жасалады. Заңнаманың аң аулаудан басқа, шаруашылық мақсатта қолданылатын түрлеріне есеп
жүргізуді
міндеттейтіндігіне қарамастан, Комитет ресурстардың жетіспеушілігінен бұл
міндетті атқара алмай отыр.
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің балық аулау жөніндегі Комитеті балық түрлерін
инвентаризациялайды жəне Қазақстанда қоректенетін балықтардың тізімдемесін жасайды.
Бұған қоса, Комитет сирек кездесетін жəне жойылып бара жатқан балық түрлері мен каспийлік
итбалықтарды жүйелі түрде инвентаризациялап отырады. Соңғы инвентаризация 2006 ж.
жасалынды. Олардың қорытындысы жарияланбағанымен, сұраныс жасау арқылы алуға болады.
Жалпы алғанда, Республикадағы омыртқалы жануарлардың түрлері туралы мəліметтер ғана
шектеулі болып отыр. Қазақстандағы басқа жануарлар топтарының
толық инвентаризациясы
жүргізілген жоқ. Жабайы өсімдік түрлері туралы мəліметтер де шектеулі. Қазақстанның
күзетілетін аумақтардан тыс жатқан жерлеріндегі жабайы флораға жүйелі
инвентаризация
жүргізілген емес. Орманда өсетін өсімдік түрлері туралы мəлімет жақсы қамтылған. Білім жəне
ғылым Министрлігінің Ботаника жəне фитоинтродукция Институты 2001 ж. дəрілік
өсімдіктерге арнайы инвентаризация жасады.
Достарыңызбен бөлісу: