118
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
Тарифтер (1 текше метрге қатысты есебі) тұтынушылардың негізгі топтарына байланысты
(коммуналдық
шаруашылық,
ауыл
шаруашылығы
жəне
өнеркəсіп)
жасалады.
Гидроэлектростанциялардың суды қолдануға қатысты төлейтін
төлемі олар өндіретін
электроэнергияның (Кв/ч) теңбе-тең белгіленеді. Квотадан асатын фактілік су қақпағы үш
тариф бойынша төленеді. Су қақпағын рұқсатсыз қолдану үшін негізгі тарифтен бес есе асатын
төлем алынады.
2007 ж. су қақпағының тарифтері өте төмен болды (5.6 кес.қар.). Олар 2002 орнатылды жəне
содан бері əлі ауыстырылған жоқ. Соған сəйкес, суды қолданудан түсетін төлемдер елеусіз
болып отыр, жəне олардың шынайы бағасы да соңғы жылдары жоғары инфляция салдарынан
төмендеп кетті. Суды қолданудың түсімдерін жергілікті салық органдары жинайды, олар
жиналған құралдарды сəйкес су бассейнінің жергілікті бюджетіне аударады. Дегенмен олар су
ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінбейді.
Судың мəлімделген мөлшері су бассейндерін басқару жөніндегі сəйкес
ұйымдардың бекітуі
қажет (9 тар.қар.). Суды қолдануға қатысты түсімдердің төменгі тарифі оларды жинауға
қатысты əкімшілік шығындарды жабуға да жеткіліксіз. Бұл 2005 жылы Алматы қаласының
қалалық билік орындарының ауыл шаруашылығына арналған нөлдік тариф бекітуіне ықпал
етті.
Су қақпағына байланысты төлемнен
басқа негізінен, балық аулау жəне су көлігін қолданумен
байланысты жерүсті дереккөздерін пайдаланудың да белгіленген төлемдері бар. Су қақпағына
бекітілген төлем сияқты жерүсті дереккөздерінің төлемі де сегіз су бассейнінің əрқайсысы
бойынша жергілікті билік органдарымен белгіленеді (5.6 кес.қар.).
Табиғи ресурстарды қолданудың басқа да төлемдері
Су ресурстарына қатысты төлемдерден басқа да табиғи қорды қолдануға төлем алынады.
Мұндай төлемдер қатарына жер салығы, орман ресурстарын қолдануға қатысты төлемдер
(ішінара, ағаш), аң аулау
мен балық аулау жинақтары, сондай-ақ күзетілетін табиғи парктерді
қолдануға қатысты жинақ төлемдері жатады. Əйткенмен мұның бəрі тек пайда түсіру үшін
жасалған фискальды құралдар болып табылады.
Белгіленген жинақ төлемдер ресурстардың шынайы бағасын көрсетпейді, осыған байланысты
олар осы ресурстарды тұрақты қолданудың жəне қорғаудың əрекеттік ынталандыруын
қалыптастырмайды.
Мысал ретінде 2002 жылдан бастап өзгермеген орманды (ағаш даярлау)
қолдануға қатысты
тарифтерді алуымызға болады. 2006 ж. олар 2002 жылмен салыстырғанда (яғни инфляцияны
есепке алғанда) шамамен 25% төмендеді. Орманды пайдаланудан түсетін түсімдер орманның
пайдаланылатын жерлерін қорғау жөніндегі жалпы қажеттіліктердің тек 10% ғана өтейді. 2008
жылдың басында ҚР Үкіметінің мақұлдауын алғаннан кейін орманды қолдануға қатысты
төлемдерді 20% арттыру жоспарланып отыр.
Пайдалы қазбалар (минералды ресурстар)
Пайдалы
қазбаларға, əсіресе мұнай мен газ алу процедуралары 1996 жылы қабылданған
«Кен
орындары жəне қазба байлықтарын қолдану туралы» Заңында белгіленген. Кен орындары мен
ондағы пайдалы қазба ресурстары мемлекеттің меншігі болып есептеледі. Егер келісімшартта
қазбаны пайдалануға қатысты басқа құқық белгіленген болса,
кен орындарынан алынған
ресурстар қазбаны қолданушының меншігіне айналады. Энергетика жəне минералды ресурстар
Министрлігі қазбаны пайдаланушыға өкілетті орган болып саналады. Өнімді бөлу туралы
келісімді қосқанда (ӨБК), барлау мен қазба орнын табуға қатысты келісімшарт тараптар
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар
119
арасында келісіледі. Егер барлау құқығын иеленуші «өнеркəсіптік қор» ашса, оның
келісімшартта пайданы талқылауға тікелей құқығы болады.
Достарыңызбен бөлісу: