Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



жүктеу 2.04 Mb.
бет1/11
Дата22.02.2016
өлшемі2.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мазмұны:


ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН- 2050 СТРАТЕГИЯСЫ





1.

Ахан ДҮЙСЕМБАЕВ, экономика ғылымдарының докторы, академик, Еуразия халықаралық экономика академиясының толық мүшесі. Инновация – жаңаша өрлеу кепілі //Егемен Қазақстан.-2013.-2ақпан.-2.6

3

2

Нургали АРШАБЕКОВ, ректор Павлодарского государственного педагогического института, доктор философских наук, Ставка на педагога //Казахстанская правда.-2013.-5 февраля.-С.6

6

3

Мұхитдин ИСАҰЛЫ, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университеті ректорының ғылыми кеңесшісі.Шексіз еркіндік дегеніміз – хаос//Егемен Қазақстан.-2013.-6 ақпан.-4б.

9

4

Ғарифолла ЕСІМ, академик, сенатор.«Ел ерлігі – бірлігі».//Егемен Қазақстан.-2013.-8 ақпан.-2б

12

5

Елге қалтқысыз қызмет бүгіннен басталады//Егемен Қазақстан.-2013.-

8 ақпан.-3б



17

6

Асхат ИМАНҒАЛИЕВ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемле-кеттік университетінің ректоры,педагогика ғылымдарының докторы

Білім – ғылым – өндіріс// Егемен Қазақстан.-2013.-12 ақпан.-2б

18


Қазақстандағы жоғары білім


7

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Универсиада -2017: дайындық қай дәрежеде?//Қазақстан мектебі.-2013.-№1.-6-8б.

21

8

ОРИЕНТИРЫ ДЛЯ ОБРАЗОВАНИЯ. "Новости-Казахстан"//Караван.-2013.-1 февраля.-С.5.

23

9

А.Семченко, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын Республикалық институт директорының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Шетелдік мамандар көбірек тартылмақ// Айқын.-2013.-1 ақпан.-5б.

24

10

Карлыгаш ЖУСУПБЕКОВА, Образование без экспериментов//Страна и Мир.2013.-4 февраля.-С.3

25

11

Буркитбай АЯГАН, директор Института истории государства, член Национального совета РК, доктор ист.наук, профессор, «Болашак» в истории страны//Казахстанская правдв.-2013.-5 февраля .-С.6

27

12

Білімді қоғам құруға INTEL көмектеседі//Класс Тайм.-2013.- 6 ақпан.2б.


29

13

Қанат Қабділмажит,Талап күшеймей, тәртіп орнамайды. Білім бір орында тұрмайды. Сала мамандары мәжілісте айтылған мәселелерге ой қосты//Класс Тайм.-2013.-6 ақпан.-2б.

29

14

Талант БӨЛЕЕВ, Тараз МПИ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Педагогтердің білімі көтерілді //Класс Тайм.-2013.-6 ақпан.-2б.

30

15

Қанат ҚАБДІЛ МӘЖИТ, Бейіндік оқытуға көшеміз//Класс Тайм.-2013.-6 ақпан.- 3б

30

16

Обучение для будущего. Пресс-служба МОН //Класс Тайм.-2013.-6 февраля.-С.2

31

17

ТОЛЬКО ЛУЧШИЕ Соб.инф. //Класс Тайм.-2013.-6 февраля.-С.2

32

18

Высокая оценка Нобелевского лауреата//Класс Тайм.-2013.-6 февраля.-С.4

32

19

Людмила Пискорская,Открытый урок. В Астане прошла коллегия Министерства образо-вания и науки Республики Казахстан. ЛУЧШЕ МЕНЬШЕ, ДА ЛУЧШЕ//Класс Тайм.-2013.-6 февраля.-С.4-5

33


20

Марина ПОПОВА, Читающая ЕВРАЗИЯ//КлассТайм.-2013.-6 февраля.-С.4

34

21

Людмила КОРИНА Знаний много не бывает, //Казахстанская правда.-2013.-6февраля.-С.7

35

22

Нұржан Әлжанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті, Физика -математика ғылымдарының кандидаты, Білім жүйесіндегі төзімділік-келешекке кепіл. //Түркістан.-2013.-7 ақпан.-8б.

37

23

Талапкер таңдауы.«Егемен-ақпарат».//Егемен Қазақстан.-2013.-8ақпан.-3б.

39

24

Владимир ОСИПОВ, Успешен тот, кто действует, Астана //Казах-станская правда.-2013.-7февраля

40

25

Лилия СЫЗДЫКОВА, Сотрудничество для развития //Казахстанская правда.-2013.-9 февраля.-С.3

41

26

Марина ПАРХОМЕНКО Клуб соберет ученых , //Казахстанская правда .-2013.-9 февраля.-С.3

41

27

Максут НАРИКБАЕВ, ректор Казахского гуманитарно-юридического университета, Сергей УДАРЦЕВ, директор НИИ правовой политики и конституционного законодательства,В фарватере мирового прогресса

Казахстанская правда.-2013.-9 февраля.-С.7



42

28

Оқу үдерісінде – жаңа технология. «Егемен-ақпарат». //Егемен Қазақстан.-2013.-9 ақпан .-2б.

48

29

Мұрат ҒЫЛМАНОВ, биология ғылымдарының докторы,профессор. Шет ел мақұлдамаған жобаларға Үкімет шекесінен қарайды...//Дала мен Қала.-2013.-11 ақпан.-11б.

49

30

Жомарт КОШКАРОВ, ректор Жамбылского гуманитарно-технического университета. Оптимизация-осознанный выбор.//Казахстанская правда.-2013.-12 февраля.-С.5

52

31

Бейбіткүл Әбдиғаппар.Жырлауық,жыршылық өнер – бабадан қалған асыл мұра//Ана тілі.-2013.-13 ақпан.-5б.

55

32

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ. Жырлауық өнерге мемлекеттік тұрғыдан қолдау қажет.//Айқын.-2013.-13 ақпан.-5б.

58

33

Нағбду ҚАМАРОВА Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжерениг университетінің проректоры. Жақсылық үшін туған жан.//Егемен Қазақстан.-2013.-13ақпан.-7б.

60

34

Әріптесіміз –Ғылым докторы //дала мен Қала.-2013.-14 ақпан.-5б.

63

35

Айғали Қарабалаев. Агрофорум ауқымды жобаларға жол ашты.//Сыр бойы.-2013.-14 ақпан.-1-2б.

64

Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:

36

Кангнам университетівде Қазақстантану орталығы қызмет жасап жатыр,//Ақмешіт апталығы.-2013.-31 қаңтар.-5б

67

37

Договор о дружбе//Час Пик.-2013.- 1 февраля.-С.5

68

38

ЖАҢАЛЫҚТАР/Ақмешіт апталығы.-2013.-7 ақпан.-5б.

69

39

Г.Жалғасова Жүйелі жоспар мұратқа жеткізеді.//Сыр бойы.-2013.-9 ақпан

69

40

Әділ ТАЛАП Ұстаз есімі ұлықталды//Сыр бойы.-2013.-12 ақпан.-4б.

70

41

Ауыл шаруашылығы алға жетелейді//Сыр бойы.-2013.-9 ақпан.-1б.

71

42

Абдрахмен ЕНСЕГЕН. Как нам медернизировать сельское хозяйство?// Кызылординские вести.-2013.-9 февраля.-С2

72

43

Жанибек ИСАЕВ. Академик Абел Аганбегян: «У области большой потенциал».// Кызылординские вести.-2013.-16 февраля.-С4

73

44

Ботагоз Архабаева Семена-элитные, животные –племенные.// Кызылординские вести.-2013.-16 февраля.-С.4

74











Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде


45

Қ.А.БИСЕНОВ,Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қоғамның дамуының негізі сапалы білім мен кәсіби еңбекте.//«Ақмешіт» хабаршысы.-2012.-№1.-3-7б.

75

46

Күлбарам Сәдуақасқызы, профессор, Әйгерім Раманқұлова, магистрант.//Қазақстан мектебі.-2013.-№1.-38-40б.

78

47

Б.ТҰРБАЕВ, А.ФАЗЫЛОВА. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.//Математика және физика.-2012.-№6.-9б.

80

48

Ботагоз АЖАРБАЕВА Наука достигается смолоду//Кызылординские Вести.-2013.-7 февраля.-С.8

81

49

М.ҚОШМАНОВ, аға оқытушы. Бірлігі бекем елдің іргесі берік. //Халық.-2013.-14 ақпан.-10б.

82

50

Ақерке ШАҒЫРБАЕВА, ІҮ курс студенті. Мүмкіншілігі шектеулі жандар компьютер меңгеруде// Ақмешіт апталығы.-2013.-31 қаңтар.-5б

83


Кәсіптік білім


51

Казыбек Ботаев. Вчера –учащийся, сегодня – студент.

// Кызылординские Вести.-2013.-2 февраля.-С.6

84

52

София РУСТЕМ Я в рабочие пойду, в колледже научат. //Кызылординские Вести.-2013.-16 февраля.-С.6

86

МӘДЕНИЕТ

53

Кітапхана – білім қайнары.//Егемен Қазақстан.-2013.-2ақпан.-2б

88

54

Владимир ВОРОБЬЕВ. В мир искусства – по страницам книг //Кызылординские Вести.-2013.-16 февраля.-С.6

90

55

Ж.ЕРІКҚЫЗЫ. Тәжібаев оқулары //Сырбойы.-2013.-12 ақпан.-4б.

91


ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО- 2017


56

Наталья ЧЕРНЕЙ. Энергия будущего в новых технологиях

//Кызылординские Вести.-2013.-2 февраля.-С.3



92

57

Игорь ТИТЕНОК Мусоротепличностроительный кластер.

//Кызылординские Вести.-2013.-2 февраля.-С.5



93











ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН- 2050 СТРАТЕГИЯСЫ
Ахан ДҮЙСЕМБАЕВ, экономика ғылымдарының докторы, академик, Еуразия халықаралық экономика академиясының толық мүшесі.
Инновация – жаңаша өрлеу кепілі
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жаңаша өсу жолдарының тың белестерге көтерілуінде инновациялық экономиканы нығайтудың жаңа міндеттері, ғылым мен білімнің стратегиялық қадамдары, мемлекет басқарудың эволюциялық жүйелері көзделген. Олар – өңірлерді дамыту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, электронды үкіметті дамыту, заң жүйелерін жаңғырту, адам капиталының сапалы өсуіне қол жеткізу, тағы басқа да серпінді стратегиялық жетістіктер. Осы бағыттардың бәрінің де алға өрлеуде маңызы өте зор. Осы уақыттарда нақты стратегиялық болашақ айқындалып, инновациялық бағдарламалар әзірленді. Экономиканың шикізаттық емес секторларына, осы са­лалардағы инвесторлар мен жаңашылдарға қолдау көрсетілуде. Шағын және орта кәсіпкерлерге, ірі өндірістік кешендердің, инновациялық жобалардың әдістері мен тетіктерінің бүкіл желісі қамтылуда.

Осындай өрлеуді жүзеге асыруда өңір басшыларының алдында бірнеше күрделі де құнды міндеттер, болжамдар мен баламалардың болуы уақыт талабы. Жедел сипатта жүзеге асыратын міндеттерді, жүйелі түрде атқаратын жұмыстарды оңтайландыру, біліктіліктің, білімділіктің, қабілеттіліктің белгісі. Өңірлерді инновациялық ғылыми бағытта мемлекеттік деңгейде зерттеу, жобаларды бизнеспен тығыз байланыстыра отырып орындау, инновациялық жаңа экономиканың дамуы бүгінде өте өткір де өмірлік мәселе. Әрбір өңір қандай өндіріспен нақты айналысуы қажет, олардың қандай өңірлік артықшылықтары бар, инфрақұрылымдары мен еңбек ресурстарының деңгейі – міне, осылар айқындалуы қажет.Елбасының жаңа стратегиялық бағдарламасы еліміз үшін саяси, экономикалық, білім мен ғылым, әлеуметтік тұрғыда бағыт-бағдар беретін үлкен мәні бар тарихи құжат. Елбасын толғандырған өзекті мәселелердің ең бастысы – жаңа ғасырдағы еліміздің инновациялық жаңа экономикаға бет бұруы.

Экономика өз-өзінен дамымайды, оны дамытатын адам капиталының деңгейі, сапасы мен әлеуметтік белсенділігі. Сондықтан адам капиталына мән беру, қолдау бүгінде инновациялық экономикаға талпынған көптеген елдердің өзекті мәселесіне айналуда. Инновация жаңа экономиканы жаңғыртудың, өсудің тың бастамасы. Инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыруда өмірлік, өндірістік салалық идеялардың, ғылым мен білім салаларының рөлі айрықша. Инновациялық жаңа ғылым мен білім экономиканы жаңғыртуға ықпал жасаумен бірге, мамандарға жаңа инновациялық ойлау жүйесін қалыптастыруға да әсерін тигізеді. Қазіргі әлемде ғылымның жетістіктері мен озық технологияларды жаңаша ұйымдастыру мен басқару әдістерін өндіріске батыл енгізу күн тәртібінде бірінші кезекте тұр. Инновациялық даму деген тек қана жаңа технология мен техниканы сырттан сатып алу емес, сол техникамен өндіріс өнімділігін, сапасын көтеретін, алға апаратын, жүйелі басқаратын білікті, білімді мамандарды қажетінше дайындау. Қазіргі кезең білектің емес, білімнің заманы. Жастары білімді елдің жүзі жарық, болашағы жарқын.

3

Елімізде сапалы, білімді мамандардың әлі де аз екенін мойындап, заман сұранысына жауап беретін жаңа буын кадрларын даярлау қажет. Инновациялық жүйені тиімді пайдалануға көптеген жаңа идеялар мен әзірленімдер ұсына алатын білікті мамандар ғана экономиканы алға бастыра алады. Әрине, ең басты мақсат – Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бағыт заманауи ғылыми-техникалық, технологиялық жаңа бастамаларды қажет етеді және оны жүзеге асыру арқылы мемлекеттің инновациялық экономиканы дамытуының жаңа межелері анықталмақ. Қазақстанда ғылыми-техникалық, технологиялық прогрестің стратегиясы мен тактикасын жасау, олардың инновациялық қажеттілігін өзекті сұраныс ретінде қарастыру, барлық ғылыми-техникалық, технологиялық бағыттарды анықтап, бір жүйеге келтіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.



Инновациялық жаңа экономиканың стратегиялық бағыттарының жоғары қарқыны осы үдеріске қатысушыларды мына міндетті шарттармен қамтамассыз еткенде ғана іске аспақ.

Олар: жаңа әлемдік рынокқа сәйкес жүйелі білім, озық технология, өңірлік өндіріс пен қызметке салынған инвестиция нәтижелері, меншік құқығын қорғау заңнамалары, инновациялық жаңа ағымдарды тиімді қолдануда бәсекелестік шеңберін кеңейтудің нақты міндеттері, инновациялық жаңа жүйелер қызметін атқаруда қаржылық, материалдық, табиғи және еңбек ресурстарының ерекшеліктерін, ұтымдылығын және қолдану нәтижелерін қарастыру, т.б. Интеллектология ғылымының тұжырымы бойынша, стратег менеджерлер ғана «ақылды экономиканы» жүзеге асырып, болашақ экономикалық қауіп-қатерлер мен жетістіктерді алдын ала болжай алады. Елбасының 2012 жылғы Жолдауында және ғылыми мақалаларында біліктілікті жоғарылату, интеграцияланған орталықтар ашу, білімнің қажеттілігін арттыру, жастардың бойына патриоттық, адамгершілік, заңға бағынушылық сияқты қасиеттерді дарыту, отандық ғылымдарды жаңғырту, инновациялық әлеуетті өсіру басты міндеттер ретінде аталған. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс, білім беру жүйесін ақпараттандыру жүйелі жүргізілуі қажет», деп атап көрсетілген Жолдауда. Өңірлердің қуаттылығы – Қазақстанның қуаттылығы дегенді Елбасымыз талай рет қайталап айтты. Өңірлерді дамыту, бұл бүгінде маңызды бағыт. Әр өңірдің табиғи өзіндік ерекшеліктерін, экономикалық мүмкіндіктерін, тауарға деген ішкі және сыртқы сұраныстарды ескере отырып жүргізілуі тиіс бұл орайдағы барлық жұмыстар. Қазақстан әлемдегі елдер арасында бәсекеге төтеп беретін, инновациялық экономикасы тұрақты дамыған, білікті, білімді мамандары бар, мемлекетті жаңаша басқаруда ерекше ойшыл басшылары бар ел болуы тиіс. Бұл – Елбасы алға қойған мақсат. Ұлы Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деген екен. Білім беру жүйесі патриотизм, адамгершілік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі тиіс. Жас мамандарымыздың бойына адами құндылықтарды сіңіре білсек, ұстаздық еңбегіміздің ақталғаны деп білемін. Біз енді үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет, ұлттың жаңғыруы экономиканы жаңғыртудан әлдеқайда қиын. Қуатты мемлекетті қалыптастырып тәуелсіз еліміздің келешегі үшін ерінбей еңбек етудің үлгісін танытатын кез келді, еңбекке қабілетті жандар масылдық пиғылдан арылып, өзін өзі қамтамасыз

4

етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, мемлекетіміздің өрге басуына тиісті үлестерін қосуы керек. 2012 жыл Қазақстан елі үшін әлемде ерекше табысты, қуанышты жыл болды. Бұл жылда еліміз жаһандық тағы бір күрделі жарыста оза шауып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын жеңіп алды, 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы белгіленді. Әрине, ұзақ мерзімді стратегияны болжау, әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайларын сараптау, жаңа экономиканың қандай сипатта басқарылуы, қандай өнім шығару, халықтың әлеуметтік өрлеу жағдайы, жаңа инновацияның жаңа экономикаға тиетін әсері, ғылым-білім жүйелерінің, шетел тәжірибелерінің тек тиімді бағыттарын ғана пайдалану, міне, осының барлығын сараптай келіп, мүмкіндігімізді, келешек жолымызды, алатын белестеріміздің қандай болу қажеттілігін ой елегінен өткізгеннен кейін ғана анықталатыны, өте күрделі процесс екені белгілі. Елбасы өз сөзінде экономикалық прагматизм туралы өте жиі айтып жүр. Соңғы Жолдауында Қазақстанды корпорацияны басқарғандай басқару керек деп атап көрсетті. Бұл жерде прагматизм мемлекетті үнемді экономикалық басқару дегенді білдіреді, оның ішінде ең ерекшесі бюджет табысын корпоративтік білгірлікпен жасау және барынша тиімді іске асыру, бюджет қаржысын тиімді, дұрыс пайдалану, бюджеттік жоспарлау мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджетті сапалы орындаудағы әкімшілер жауапкершілігін арттыру, бюджет қаржысын пайдаланудағы жариялылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы нығайту, әр тиынға бақылау болуы керек.



ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада өтуі оңай жолмен келген жоқ. 150-ден астам ірі мемлекеттің ішінен бізге бұйыруы тегін емес. Қазақстан жаңа экономикаға негіз­делген жаңа энергия проблемасын таңдады. Сол арқылы жеңіске жетті. Бұл көрменің инновациялық, экономикалық басқару жүйесінде маңызы өте үлкен. Бұл – Қазақстанға деген дүниежүзі мемлекеттерінің зор сенімі, бұл – Қазақстанның дүнежүзіне танымал болып келе жатқанының белгісі, бұл – әлем елдерінің Қазақстанның мүмкіндігін бағалағаны. ЭКСПО-2017 көрмесінің мақсаты 150-ден астам елдегі бүгінгі ең үздік техника мен инновациялық технологияларды көрсету. Бұл үлкен жаңалық, бұл біздің өзімізді де алға басуға ынталандырады. Біз де, бастамашы ретінде, өз жетістіктерімізді көрсете аламыз, олар: күн модульдері, жел электр стансалары құрылысы, тау өзендерінің қуатын пайдалану, жер асты энергиясын пайдалану, т.б.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аса маңызды құжат. Мұндай стратегия халықты болашаққа сеніммен қарауға жетелейді, тәртіпке, ұқыптылыққа, талпынысқа талаптандырады.

Қазақстанның жаңа стратегиялық бағытының бүгінде әлем саясаткерлері тарапынан толық қолдау табуының өзі оның өміршеңдігін көрсетеді.
//Егемен Қазақстан.-2013.-2 ақпан.-2.6

5

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет