Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері



бет1/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)


  1. Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері.

АСЕПТИКА – (А- ЖОҚ,SEPTICUS- ІРІП-ШІРУ) – БҰЛ ЖАРАҒА, НАУҚАСТЫҢ АҒЗАСЫНА ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТҮСУІН АЛДЫН АЛУҒА, ҰЙЫМДАСҚАН ШАРАЛАР ЖОЛЫМЕН, БЕЛСЕНДІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ, СОНЫМЕН ҚАТАР, ТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАР МЕН ФИЗИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН БАРЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ҮШІН МИКРОБСЫЗ, СТЕРИЛЬДІ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУҒА БАҒТТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ.
Асептика
• Залалсыздандыру (стерелизация)медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою.
• Зарарсыздандыру (дезинфекция)қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.
2.Асептиканың даму тарихы. Бергман, Шиммельбуша, Пастердін енбектері.
Асепткиа әдістерін дамыту Бергманн мен Шиммельбуштың есімдерімен байланысты. Бергманның медицинаға сіңірген еңбегі біріншіден, соғыс кезінде тізе буындарының жарақттарын емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты. Оперативті емді қабылдамай, ол тізе буындарының зақымдануы кезінде летальды ағымды азайтатын жараны таңу және гипс салу әдісін ұсынды. Өзінің шәкірті Шиммельбушпен бірлесіп 1885 жылы хирургиялық инструменттерді арнайы жасалған бу машинасында өңдеуді ұсына отырып, әлемдің медицинаға асептиканы енгізді.
1890 жылы Берлинде X Халықаралық хирургтар конгрессінде жарақатты емдеудегі асептиканың принциптері қолдау тапты. Бұл конгрессте Э. Бергманн листерлік антисептикасыз асептикалық жағдайда операция жасалынған науқастарды
көрмсетті. Осы жерде асептиканың негізгі пастулаты ресми түрде қабылданды: « Жарамен жанасатын заттардың барлығы залалсыз болуы тиіс!»

3.Хирургиялық инфекцияның негізгі көзі,берілу жолдары
Инфекция көзі деп микроорганизмдердің тіршілік ететін, дамитын, көбейетін жері түсіндіріледі. Науқас (жаралы) организміне қатыстыхирургиялық инфекцияның экзогенді (организмнен тыс) және эндогенді(организмнің ішінде) көздері болуы мүмкін.
Экзогенді инфекцияның негізгі көздері - іріңді-қабыну аурулары бар науқастар, бациллотасымалдаушылар, сирек -- жануарлар. Ірінді-қабыну аурулары бар науқастардан микроорганизмдер іріңмен, шырышпен,қақырықпен және басқа бөліністермен сыртқы ортаға (ауа, қоршаған заттар,медициналық қызметкердің қолдары) түседі. Жұмыс тәртібінің, арнайы заттарды өңдеудің арнайы әдістерінің, аспаптарды, қолды, танғыш заттарды,іс-әрекеттің нақтылы ережелерінің сақталмауында микроорганизмдер жараға түсуі мүмкін және іріңді-қабыну үрдісін шақырады. Микроорганизмдержараға сыртқы ортадан әртүрлі жолдармен түседі: қатынастық – жарамен инфицирленген заттардың, аспаптардын, таңғыш материалдары, операционды төсек-орындардың жанасуында; ауалы - қоршаған ауадан, яғни ондағы микроорганизмдер; имплантациялық - жарада ұзақ уақытка немесе өне бойына осы немесе баска заттарды (тігіс материалын, сүйек бекіткіштерін, және басқа имплантаттарды) қалдырылғанда, инфицирленгендермен операция жасағанда немесе залалсыздандыру ережелерін бұзу салдарынан инфицирлену орын алады.
Жануарлар хирургиялык инфекция көзі ретінде мардымсыз рөл аткарады.Ауру жануарлардың жарасын өңдегенде күйдіргіні (сибирская язва) жұктыруы мүмкін. Жануарлардың нәжістерімен сырткы ортаға сіреспенің, газды гангренаның қоздырғыштары түсуі мүмкін. Қоршаған заттарда, топыракта бұл микроорганизмдер ұзақ уақытқа спора түрінде сақталады. Кездейсоқ жарақаттану кезінде олар жараға топырақпен, киімнің жыртылған жерінен және басқа заттармен енуі және специфтік қабыну шақыруы мүмкін.
Эндогенді инфекция көзі болып есептеледі: организмдегі созылмалы қабыну үрдістері, яғни, операция аймағынан тыс (терінің, тістердің, таңдай бадамшалардың аурулары және т.б.) және осы операция жасалынатын ағзалардың (аппендицит, холецистит, остеомиелит және т.б.), сонымен бірге ауыз куысының, ішектің, тыныс алу, несеп шығару жолдарының микрофлорасы және т.б. Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары - қатынастык, гематогенді, лимфогенді . Жараның қатынастық инфицирленуі операция техникасын бұзған кезде, жараға экссудат, ірін, ішектің ішіндегілер түсуі мүмкін немесе сақтық шаралары сақталмау салдарынан, аспаптардағы, тампондардағы, қолқаптардағы микрофлораның өтуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет