4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
91
Осы аталған саяси құжатта халықаралық ынтымақтастықтың жекелеген салаларының тізімі
берілген. Дегенмен осындай құжаттарды талдау арқылы төменде келтірілген салаларға ерекше
назар аудару туралы қорытынды шығаруға негіз бар:
Ауа райының өзгеруін жұмсарту
Озон қабаты мен ауа сапасын қорғау
Биоəралуандылықты сақтау
Жердің шөлге айналуымен жəне тозуымен күрес жүргізу
Трансшекаралық сулармен қатар, су ресурстарын қорғау жəне басқару
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық араласуымен қатар, қалдықтарды басқару
Аталған салалардың бірқатары бойынша бірнеше
саяси құжаттар жасалынды, мысалы,
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі айрықша күзетілетін табиғи аймақтарын
дамыту жəне жайғастыру тұжырымдамасы (2000 ж.) жəне
2005–2015 жылдарда шөлге
айналу үрдісімен күресу бағдарламасы (2005 ж.).
Iле-Алатау ұлттық паркi
Институционалдық жəне құқықтық ая
Жуырда қабылданған
Экологиялық кодекс ұлттық табиғатты қорғау туралы заңнаманы жəне
оның халықаралық нормалар мен стандарттарға, ішінара, ЕО заңнамасымен үйлестігін
үндестіруге жасалынған ұмтылысты білдіреді (1 тарауды қараңыз).
Халықаралық
ынтымақтастық жəне қоршаған ортаны қорғау мəселелерін қамтитын басқа да заңдар қатарына
Орман кодексі (2003 ж.),
Жер кодексі (2003 ж.) жəне
Су кодексі (2003 ж.) кіреді.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің (ҚОҚМ)
13
негізгі міндеттерінің қатарына мыналар
жатады: (a) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыру жəне жүзеге асыру; (b) қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму жəне
олардың іске асырылуы салаларындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдерді сақтау
саясатын жасау. ҚОҚМ құрылымында осы міндеттерді орындауға жəне осы салалардағы
ҚОҚМ қызметкерлер құрамының жұмысын үйлестіруге
жауапты құқықтық қолдау мен
халықаралық ынтымақтастық Басқармасы бар (1 тараудағы 1.1 ендірмесін қар.). 2006 жылы
ҚОҚМ мамандары КТҚК жəне екіжақты ынтымақтастықты орындаумен қатар, қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласы бойынша Қазақстанда
13
ҚР 28 қазан 2004 жылғы № 1113 Шешімі
92
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
жүргізіліп отырған іс-шараларға ішкі талдау жүргізді. Аталған талдаудың нəтижесіне сүйенсек,
осындай ынтымақтастықтың ел үшін пайдалы екендігін атап көрсетеді жəне алайда, оның
жетістіктері қолда бар ақтаңдақтар мен оларды жою туралы ықтимал əрекеттерге сыни баға
бермейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласы үшін
басқа
мемлекеттік органдар да жауапты. Атап айтсақ, Ауылшаруашылық Министрлігі
трансшекаралық су қоймалары мен халықаралық көлдерді қорғау жəне қолдану Конвенциясын
жəне жабайы флора мен фаунаның жойылып бара жатқан түрлерінің халықаралық саудасы
туралы Конвенциясын (CITES), ал Төтенше жағдайлар Министрлігі өндірістік апаттардың
трансшекаралық ықпалы туралы Конвенцияны орындауға жауапты болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: