Ф – об 001/033 Мазм ұ н ы Кіріспе


Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары



бет2/3
Дата02.07.2016
өлшемі274 Kb.
#172096
түріДиплом
1   2   3

1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары
Синтаксистік категориялардың толық мазмұны ондағы жеке сөздер мен сөйлемдердің аралық байланысын, өзара қарым – қатынасын, құрылымдық жолдары мен бір бүтіннің қарамағына түсудегі құрылыс ерекшелігін жан – жақтың талдағанда ғана ашыла түседі.

Бағыныңқының баядауышы сөйлемдер арасын жалғастырып байланыстырғыш қызметке ие болу үшін белгілі бір формада келесі басқа да көмекші сөздермен бірге қоланылады. Сондықтан де сабақтас сөйлемдігі баяндауыштың толық мазмұнының ашылуы оның осындай құрылымдық жолын аралай талдаумен айқындалады. Ал бұл жай, сайып келгенде, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын зерттеу болып табылады.

Өйткені сабақтас сөйлемнің қан түрінің болмасын құрылуы, белгілі қалыпқа түсуі осы бағыныңқының баяндауышы арқылы жүзеге асады. Мұндай баяндауышты жетекшісі келесі бөлшекпен ұластырушы - түрліше граматикалық амал тәсілдер. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарында, міне, осындай формалық құбылыстар сөз болмақшы.

Кез – келген етістікті сөз бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола бермейді. Мұндай қасиетке сабақтас құрмаласты жасай алатын амалдар мен үйлесе келген баяндауыш қана ие болады. Осыған орай да, ең алдымен, етістіктің қандай формалық түрлері бағыныңқының баяндауышын жасай алатындығы анықталуы қажет. Себебі бұл мәселе күні бүгінге дейін түркологияда әлі толық айқындалмай, әр зерттеушілер оны әр түрлі түсіндіріп келеді. Мұның өзі түркі тілдеріндегі сабақтас сөйлемге жалпылама болса да бір өлшемнің жоқтығын байқатады.

Сабақтас құрмалас, соның ішінде мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалуына байланысты ең алдымен айтарымыз – көпшілік түр кологтар бағыныңқының өсімше , көсемше формалары арқылы да жасалатынын теріске шығармайды. Біздің мұны айтып отырған себебіміз: кейбір ғалымдар (профессор Н.А. Баскаков , М.Ш. Ширалиев т.б.) бұл аталған жолдарда бағыныңқы сөйлемге тән деп қарамайды да, осы ретте тек шартты рай тұрғысынан ғана айтады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің бір – бірімен байланысы басқа да сабақтас құрмаластардың түрлері сияқты бағыныңқының баяндауышы арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар екі жай сөйлемдерді бір бүтіннің қарамағына түсіруде басқа да амалдар, атап айтсақ, шылаулар да өзіндік қызмет атқарады. Сөйлемдер арасын байланыстыратын осындай амал - тәсілдерді бір жерге жинақталғанда , оларды өзара былайша саралауға болады.

1. Баяндауыш формасы арқылы. Мұнда мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер етістіктің есімше , көсемше және шартты рай тұлғалары арқылы жасалады.

Есімше жолының соңғы көсемше, шартты рай тұлғалық етістіктерден өзіндік айырмашылығы бар .

Есімшенің барлық формалары бір дәрежеде бағыныңқы сөйлемді жасалуға қатынаса бермейді. Мұндай функцияға көбінесе есімшенің ған формантты түрі ие болады. Сондықтан да сабақтас сөйлемнің есімше арқылы жасалған жолын айтқанымызда, оның осы ған формантты түрін түсінетін боламыз.

Есімшенің бұл түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай алуан қызмет атқарады. Бірде күрделенген сөйлемнің түрінде анықтауыш мәнінде жұмсалса , енді бірде екі жай сөйлемдерді байланыстырғыш баяндауыш қызметінде келеді. Мұның барлығы ған формантты есімшенің сөйлем ішінде қолданылу ыңғайымен тығыз байланысы.

Өйткені есімшенің бұл түрі сөйлем ішіндегі басқа да сөздермен қарым – қатынасқа түсуде басыңқы қалпын өзгертіп , өзіне қажетті элементтердің қысыла айтылуын талап етіп тұрады. Мұндай көмекшелілер түрінше афинкстер мен шылаулар.

Есімшелердің осылайша қолданылуы сөйлем ішіндегі қызметін айқындауға көп жағдайда қиындық туғызады.

Есімшенің сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауыштық қызметі оның тұлғалық өзгерістерін саралай талдағанда ғана ашылады. Ал тұлғалық өзгерістер деп отырғанымыз есімшені бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштық қызметіне түсіре алатын түрліше амал – тәсілдер. Бұл айтылғаннан есімшенің жеке қалпындағы түрлі уақытта бағыныңқының баяндауышы бола алмайтындығы белгілі болады. Ал мұның өзі ған формасының сабақтас сөйлемде тек көмекшілік қызмет атқарып, негізгі басым салмақты осындай тұлғалы сөзбен тіркесе айтылған басқа амалдардың бойынша екендігін аңғарта түседі.

Олай болса, есімшенің ған формантты түрі бағыныңқының баяндауышы болу үшін аффиксация жолына түсуі қажет. Бұл ретте ған форматты есімше белгілі септік жалғауларында қолданылады.

Кейбір ғалымдар (Н.З. Гаджиева, Ч. Б. Алиев) есімшенің барлық септік жалғаулы түрі де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алады десе, кейбіреулері (Н.А. Баскаков, М.Ш. Ширалиев) тіпті есімшемен келген сөйлемдерді сабақтас құрмалас деп танымайды. Есімшелі сөйлемге байланысты бұлайша әр түрлі көзқарастардың орын алуына , біріншіден, осы конструцияның қайсыбіреулерімен әрдайымда жай сөйлем деп танылуынан болса, екіншіден, оның септік жалғаулы қоланысындағы қызметінің өзара жекелей сараланбауынан болып отыр.

Профессор Н. К. Дмитриев есімшені бағыныңқы сөйлем жасаудың бір жолы деп атай тұрса да, қолданылу аясын жекелей саралап көрсетпеді. Есімше қатынасқан сөйлемдердің өзіндік арнайы бастауышы болса, мұндайлардың барлығын да тең дәрежеде сабақтас құрмалас деп түсіндіреді. 16, 201.

Профессор Н. сауранбаев есімшелі сөйлемдердің арнайы бастауышы болса болады.

Олардың барлық септіктегі түрі де бағыныңқының баяндауышы болады деген пікірінен соңғы зертеулеріне дейін арыла алмады. Автор 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» турсында есімшемен келген сөйлемдерді бұрынғысынша анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар деп атай тұрмаса да, оларды үйірлі мүшелі сабақтас деп қарастырды.

Барыс жалғаулары есімше дейін , шейін септелулік шылауларымен тіркесе айтылса, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болуға мүмкіндік алады. Ал ілік, табыс септік жалғаулы есімшелердің бойында мұндай қасиет болмайды, яғни бұл септіктегі есімшелер көмекші шылау мәнді сөздермен тіркесіп айтыла алмайды. Барыс септікті есімшенің бойындағы осындай қасиет оны атау түріндегі есімшелі сөйлемдермен бірдей тарауға мүмкіндік береді.

Есімшенің атау қалпы да күрделенген сөйлемде қабыспалы аралымды жасауға қатынасса (баласы жақсы оқыған әкесі қуанып жүр), барыс септіктегісі де (Баласы жақсы оқығанға әкесі қуанып жүр) осындай қызметке ие болады.

Тек алғашқысы атрибуттіқ мәнде болса, екіншісі объектілік қалтыныста жұмсалады. Мұндай конструкиялы күрделенген сөйлемдер шылаулардың қатынасымен ғана мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласқа айнала алады. (Баласы жақсы оқынғанға дейін, әкесі әбіржеумен болады.) 17,15.

Демек, барыс септікті есімшенің бағыныңқы сөйлем баяндауышы болудағы сипаты осындай өзін меңгере жұмсалған шылау сөздердің қатынасымен тығыз байланысты келеді.

Мезгіл бағыныңқылардың ішінде ғанда тұлғасы әдебие тілімізде өте аумақты да кең қолданылады.

Бұл аңдылық тіл тілдердің көпшілігіне ортақ болып келеді. Мезгіл бағыныңқылар дың тілімізде көп қолданылуы олардың жасалу жолдарының жан – жақты келетіндігімен айқындалады. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемде бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай тұлғасы , есімше , көсемше және қимыл есім формаларында жұмсалып, өз басыңқылармен тікелей байланысып тұруын бір сөзбен топтастырып, синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем деуге балады. Енде Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» триологиясындағы синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тоқталайық.



1. - ған формантты есімше жатыс септігінде келеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің осы жолмен келген түрлі бағыныңқыларына қарағанда жиі қолданылады дедік.Мұндай жиі қолданыс осы тұлғалы бағыныңқының ең көне түр екендігі байланысты жатады. Бұл жайды ескі көне жазбаларыайқын алады. Орхон Енесей ескерткіштеріне үңіле қарасақ, мезгіл бағыныңқылы көбінесе тек осы жолмен беріліп отырған.

Мұның өзі есімше тұлғалы мезгіл бағыныңқының тіптен көне түр өткендігін айқындай алады.

Ұза көк тәңрі асра зір қылынтукда екін ара кісі оғлы қылынмыс. Мұндай тұлғадағы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер қазірде де тілімізде кеңінен өріс алып отыр. Мысалы:

Қыз енді жылт бұрылып жүгіре жөнелмек болғанда , Еламен оның нәзік білегінен ұстай алды (58 – бет).

Әне бір кезде артынан іздеп бармақ боп әзірленіп отырғанда , жағаға суық хабар тарады. (65 - бет).

Алып денелі бұжыр қара кісі шыққанда, олар жетістігіндегі малды тастай - тастай сала аттарына ұмтылды (74 – бет).

Қонақ жігіт шыққан кезде , сыртта ат оқыранды (13 – бет).

Осы жай қинап жүргенде, бай ауылдың жас мырзасы ат басының тыныштығын бұзып кетті. (15 – бет).

Құла ат асқырынып жолдан шыға жалт бергенде , Федоров ер үстінен ұшып кете жаздады (44 – бет).

Судыр Ахмет шра өте қалғанда, есікке жақын тұрған рай сыртқа ытқып шықты (132 – бет).

Осындай құрылыста келген сөйлемдерді трилогиядан көптеген кездестіруге болады. Олардың бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына назар аударсақ, күрделі түрмен жұмсалатынанда байқаймыз. ол кезде есімшелі баяндауыш көсемше сөзімен тіркесе қолданылады. Мұндай мезгілдік қатынастың болуына белгілі дәрежеде көсемше сөзінің де әсері тиеді десек те болады. Мәселен:

Шеткі бір үйдің жанынан өте бергенде жылаған әйел дауысын есітті (139 – бет).

Қалың қол қаптап шыға келгенде , көше бойындағы қатын балалар у – шу болды (164 – бет).

Есікті ашып қалғанда , ішкі лап берген желмен терезеге кірген қарын «уф – ф!» деп үрген қуықтай тарсиып кетеді (53 – бет).

Трилогиядан бағыныңқының баяндауышы тек күрделі түрде ғана еме, дара түрде келетіндігіне де мысал келтіруге болады. Мысалы:

Рай аттарында, Ақбала да кінәсіз жанша көзін төмен салып, монтиып жүрді (104 – бет).

Төлек сайып тастамақ боп кіжінгенде , анасы тоқтатыпты (214 – бет).

Әзірге Сүйеу қартқа жіберген кісіні көргенде, түсі бұзылып кетті (217 – бет). - ғанда құрылыстындағы сабақтас сөйлем кейде шарттылық мәнде жұмсалады. Мұндайда бағыныңқының баяндауышы көбінесе болымсыз түрде қолданылады. Оны мезгіл бағыныңқылы сабақтаспен шатастыруға болмайды.



2. Есімшенің ар – ер формантты түрі де мезгіл бағыныңқылы сөйлемді жасауға қатынаса алды. Мұндайда осы тұлғаны есімше де жатыс септік формасында келеді. Мезгіл бағыныңқының бұл жасалу жолы «қан мен тер» трилогиясында өте сирек ұшырасады. Бұл жайды осындай сөйлемдердің көбінесе - ғанда құрылысында айтылуымен түсіндіруге болады. Екі түрлі құрылыстағы мезгілді сабақтастың айырмашылығы тек мезгілдік меннің әр сапада айтылуымен ажыратылы. Егер - ғанда тұлғалы бағыныңқыда көбінесе орындалған іс – әрекет баяндалып отырса, - арда түрінде орындалатын, енді орындала берген оқиға хабарланады. Мысалы,

Сері жегіт келерде аяқ – аяғына тимей кеткені қайда? (17 – бет).

Ол ән салаларда, көршілес балықшылар көтеріле сыртқа шықты (77 – бет).

Кейбір түркі тілдерінде осындай жолдың (ар – формантты) есімше Мезгіл бағыныңқыда актив роль атқаратындығы байқалады. Алайда бұл ретті есімшелі баяндауыш жатыс септік тұлғасында жұмсалмай, бастапқы атау қалпын сақтап қалады. Оның өзінде де мұндай құрылыстың қолданылу заңдылығы болады. Мәселен, өзбек тілінде - ар тұлғалы есімше мезгіл бағыныңқының баяндауышы болуда өзі жалғанған сөзімен болымды және болымсыз түрде қабаттаса қолданылады: Коля үйге кирар- кирмас, буылси гапира кетди.

Профессор А.Н. Кононов мезгіл бағыныңқылардың осындай есімшелі сөздердің қосарлануы арқылы келгенін редупликациялық жолымен жасалынған деп қарайды [18,521].

Бағыныңқы сөйлем баяндауышының осындай түрде қолданылуы қарыз тілінде де кездеседі: атасы үйүна жетер – жетпес, үйдон кичине уулы чуркап чықты [19,115].

Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің жасалуында көсемше де елеулі қызмет атқарады, бұл ретте көсемшенің барлық формалары да қатынаса алады.



3) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы - ғанша формасындағы көсемшемен беріледі.

«Ә, Алдекең ауыз ашуға отыр екен», - деп ойлағанша , шұнақ құлақ құж қара төбет аттың мінер жағынан арс етті (24 – бет).

Ол киінем дегенше, жанжалдан қорыққан Жамал сырқы жүгіріп шықты (74 – бет).

Балықшылар ес жиям дегенше , атшабар «әзірлене берңдер»! деп әмір етті (132 – бет).

Кемпір кеткенше, ол үйге кіремеді (143 – бет)

Еламан жеткенше , Маңке де жүгіріп келді (146 – бет)

Бұлар жеткенше , Мөңкенің аласа тар үйіне кісі қара толып кетіпті (29 – бет).

Профессор Т. Санбатталов осындай құрылыста келген сөйлемде мезгілдік дәреженің мөлшерін айқындауда дауыс екпіннің белгілі дәрежеде роль атқаратындығын ескертеді. Автордың айтуынша,егер дауыс екпіні бағыныңқы баяндауышының соңғы буынына түссе , сөйлем бойындағы мезгілдік ұғымның ұзақтығы көрсетіледі де, алғашқы буынына түссе, мезгіл шегі айқындалады.

Ул, мин хат язып бөткөнсе , китап уқып ултырзы [20,25].

4) - а, -е, - (ма) + й тұлғалы көсемше де мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді жасай алады.

Ел жата, Тәңірберген Ақбаланың қойнына келеді екен деп есітті (105 – бет).

Командирлер сыртқа ұмтыла бере , ілгері жақтан бірнеше снаряд жарылды (505 – бет).

Тайқазанның ыстық буы бұқырай бере, жауынгерлер құтылары даңғырлап суға жүгірді (511 – бет).

Лазарет көл жағасындағы селдір ағаштың көлеңкесіне орналасып болмай , жауынгерлер суға шомылып алды (511 – бет).

Осындай құрылыста келген мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлмнің бағыныңқы компоненті басыңқыда орындалған оқиға , әрекеттің жаңада болғанын көрсетіп тұрады.



Мезгіл сабақтастың бағыныңқы баяндауышы болымсыз

- ма ( й ) түрлерімен келгенде, ол көбінесе өзінен бұрын жұмсалатын - п формантты көсемшемен тіркесе қолданылады. Мысалы:

Сүйеу қарттың аулына барып келмей , қаңқу сөз құлағын сарсылтып болды (526 – бет).



- ма ( й ) тұлғалы мезгіл бағыныңқымен сабақтас құрмалас өзге де түркі тілдерінде кездеседі:

Пулемет жим булмай , жангчилар қишлоқнинг нариги бурчига қарай югуршиди (Айбек).



Осы жолмен келген бағыныңқының баяндауышы кейде - ақ

демеуліктерімен де айтылады. Мысалы:

Дьяков оған назар аудармай - ақ, окоп бойынан ыңырсыған дауыстарды ести бастады (561 – бет).

5) – п форманты көсемше арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы мен басыңқы компанентеріндегі оқиғалар бір мезгілде қатарласа орындалғаны көрінеді. Мысалы: Осының ертеңінде ауа райы өзгеше бұзылып , қыс ызғары біліміне бастады (319 – бет).

- п форманты көсемшелі сөйлмнің мезгіл бағыныңқы болуында оның құрамында қолданылатын мезгіл мәндес сөздер де елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Қызба жігіттер көтеріліп , енді бәрі еліріп бара жатыр еді (133 – бет).

Көсемшелі мезгіл бағыныңқының осы жасалу жолы басқа да түркологиялық еңбектерде баяндалады.

Қырғыз тілінде: Кеден дос ыйлап, көзүнөн аккан жас сакалыны жууп кетти.

Өзбек тілінде: Лекция тугаб, правдение биносининг коридори адамлар билан тулди.

Азербайжан тілінде : Ат олуб, итләрин байрамыдыр.

Түркімен тілінде: Хованың кузүне булут гелип, ягыш ягмага баишлады.



6) - ғалы тұлғалы көсімше де мезгіл бағыныңқы сөйлемді жасауға қатынасады.

Мысалы:


Сүйеу қарттың келетін хабарын есіткелі, ерлі – зайыпты екеуінің арасы жақындай түсті (9 – бет).

Рай мен Кәлен кезектесіп ән айтқалы, Ақбала өзгеріп кетті (78 – бет).

Еламан ұсталып кеткелі , әкесі жалғыз қалған қызына жиі қатынап жүр (92 – бет).

Болыс ағасы өлгелі, бұрынғы мінезінің бәрі қалды (217 – бет).

Көсемше тұлғалы мезгіл бағыныңқылардың тілімізде қолданылу аясы бірдей емес. Жұмсалу сферасы жағынан

- ғанша тұлғалы түрі көсемшенің өзге жасалу жолдарынан жиі қолданылады. Ал, трилогияда - п, - а, - е, - ма (й) тұлғалы көсемше мезгіл бағыныңқылар оған қарағанда сирек кездеседі.

7) Синтетикалық мезгіл бағыныңқылы сөйлем қимыл есімдері арқылы да жасалады. Бұл ретте бағыныңқының баяндауышы - ісімен, - ысымен тұлғалы етістіктерімен беріледі:

Жұмыс аяқталысымен , жөнін айтпастан Мюлгаузен зым- зия жоқ болып кетеді (284 – бет).

Кәлен көрінбей кетісімен , Ақбаланың көңілін үрей қайта биледі (90 – бет).

Бір қырдың астына түсісімен , даланы басына көтере зарлаған дауыс естілді (210 – бет).

Осынау бір аласапыран аяқталысымен , жас мырзаға ояздан келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды (183 – бет).

Мезгіл бағыныңқының бұл жасалу жолын өзбек тіліне арналған әдебиеттерден де кездестіреміз:

Біз поезддан тушшимиз билан, Кодиров кутиб олишди.

8) Шартты рай тұлғалы етістік бағыныңқының осы түрін жасауда да актив роль атқарады:

Ақбала қайтып келсе, үйдің іші көк ала түтін екен (39 – бет).

Көзіне сары інген түссе , жүзі жылып қоя беретін (40 – бет)

Бір кезде көзін ашса, екі баласы қасынан кетпей дірдектеп жылап жүр (75 – бет).

Жаны қинала бастаса, Қарақатын үй ішінен жанжал іздейтін (86 – бет).

Қонақ келсе, үй іші көңілденіп қаңғыр – күңгірге толып қалады (94 – бет).

Әне бір қырқаға шауып шықса, оның арғы жағында бай ауылдың қыстауы тиіп тұр екен (244 – бет).

Енді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқаша жасалу жолдарын аналитико - синтетикалық мезгіл бағыныңқылар деп атап, солардың жасалу жолдарына тоқталайық.

Аналитикалық тәсілдің бір түрі - жалғаулық шылаулар. Алайда қазақ тілінде жалаң жалғаулықтар арқылы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер жасалмайды. Жалғаулықтар тек қана есімше сөзімен (- ған формантты түрімен) тіркескенде ғана мезгіл бағыныңқының баяндауышы бола алады. Бұл жайдың өзі қазақ тілі бағыныңқыларының дені баяндауыш формасының ыңғайында келетінін тағы да айқындай түседі. Осыған орай мезгіл бағыныңқылардың енді бірқатары есімше мен жалғаулықтардың қатынасысуы арқылы жасалатындықтан, бұл жолды аналитико - синтетикалық тәсілдің аясында қарайтын боламыз.

Өйткені мұнда әрі баяндауыш формасы (синетикалық тәсіл), әрі жалғаулық (аналитикалық тәсіл) қабаттаса қолданылады. Тек екеуінің үйлесе жұмсалуы , шылау сөздердің есімшені меңгере байланысуы бағыныңқы компоненттің өз басыңқысымен мезгілдік қарым – қатынасқа түсуіне мүмкіндік жасайды. Мезгіл бағыныңқылы сөйлемді осындай байланыс тәсіліне түсіретін де түрліше жалғаулықтар.

Ал жалғаулықтардың мұндай қызметке түсуі үшін оларға меңгеріле жұмсалатын есімшелердің болуы шарт. Сондықтан мезгіл бағыныңқының осы жолының баяндауыш жасауда екеуі де бір - бірінсіз қолданылмайды. Осындай фунциядағы шылау сөздердің өзінен бұрынғы есімшелерді меңгеру икемділігін саралай талдасақ, «Қан мен тер» трилогиясынан баяндауыштардың мынадай құрылысын байқаймыз:

1) Кезде, шақта, сайын сөздері атау формасындағы есімшелерді меңгере жұмсалып, мезгіл бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауға қатынасады:

Сұр балықтың исі шыққан кезде , ол шыдамынан айырылды (209 - бет).

Өзі жаңа – жаңа шаршысына келе бастаған кезде , патша тақтан құлады (273 – бет).

Күні толған сайын, аяғы ауырлай береді ғой (16 – бет).

Темірке жалынған сайын, онау шалқайып, жиған - терген ақшасына сатып алды (88 – бет).

Еламан жайын ойлаған сайын, қабағы түйіліп тұнжырай түседі (167 – бет).

Кенжекей Ақбаламен сырласқан сайын, көңіл шері тарқап бара жатты (215 – бет).

2) Соң, кейін, бұрын, бері, былай жалғаулықтары өздерінен бұрынғы есімшенің шығыс септік жалғауында тұруын талап етіп, мезгіл бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы бола алады. Мысалы:

Мөңке кеткен соң , үй ішін тағы үнсіздік басты (13 – бет).

Теңізге шыққан соң , жұқа мұз быт – шыт болды. (45 – бет).

Мына келген қонақтар Құдаймен де болыстың інісі болған соң, қақаған суықта қондырмай, қуып жіберудің ыңғайсыз екенін біледі(51 – бет).

Ертең сен кеткенен кейін , сорлы бала тағы да жүдеп қалатын болды (73 – бет).

Сен ынжық болғаннан бері , бізді ит те, құс та басынады (223 бет).

Иә, иә, секпіл солдат сабағынан кейін, Рай кәдімгідей әлсіреді (280 – бет).

- ған соң түріндегі мезгіл бағыныңқының баяндауышы кейде шектік мәніндегі - ғана демеушілігімен тіркесе қолданылады:

Келіншектер қазанға ас салған соң ғана, бұл көңілдене бастады (53 – бет).

Үй ішіне жарық түскен соң ғана , Ақбала түрегелді (301 – бет).

3) Дейін, шейін септеулік шылаулары барыс септікті есімшені меңгере жұмсалады. Мысалы:

Тәңірберегн келіп кеткенге дейін , бұған ешкім ас берген жоқ (250 – бет).

Кейбір түркі тілдерінде шығыс септік формасындағы есімшелер жалғаулықтарға меңгерлімей - ақ, жалаң түрінде бағыныңқының баяндауышы бола алады. Мысалы қарақалпақ тілінен:

Бұлар теңгиликти алғаннан, аналар шықты қамаудан (21,119).

Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқы сөйлемнің жасалу жолдары осы жоғарыда көрсетілген үлгілер бойынша кезедседі.

Қолданылу аясы жағынан синтетикалық та, аналитико – синтетикалық та мезгіл бағыныңқылар жиі ұшырасады. Бұл бағыныңқы баяндаушының етістіктің грамматикалық формалары мен түрлі шылау сөздердің қатынасуы арқылы жасалуымен тығыз астарласып жатады.



ІІ тарау.

Трилогиядығы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы және басыңқы компонеттерінің мезгілідік жағынан өзара қарым – қатынастары

2.1. Трилогиядығы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар

Сабақтас сөйлем компонентеріндегі синтаксистік қатынастардың айқындалған түрі жалпылама түрі, оның белгілі қалыптағы жолдарынан айтқан байқалады. Біздің белгілі қалыптағы деп отырғанымыз – бағыныңқысы бұрын, басыңқысы кейін жұмсалатын әдеттегі сабақтас сөйлемдер және мұндайларда олардың баяндауыш сөздері арнайы айтылатын болады.

Сөйлемдердің өзара синтаксистік қатынасқа түсуі ондағы компоненттердің белгілі құрылыста болуымен тығыз байланысты келеді. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы , басңықы сөйлемдердің мағыналық, тұлғалық жатқарынан үйлесе айтылуы да жүйеленген синтаксистік байланыстың заңдылығынан шығып жатады.

Көптеген түркі тілдерінде, сонмен қатар қазақ тілінде басыңқыдан бағыныңқы компонненттің бұрын орналасуы сабақтас сөйлемдер үшін төл заңдылық. Осыған байланысты бағыныңқылы сөйлемдердің түрі ажыратылады, олардың басыңқы компонентпен байланысудағы аралық дәнекер жолдары да айқындалады. Мұндай дәнекер жолдар бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш формалары арқылы жүзеге асады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік қатынас тек бағыныңқының баяндауышына ғана негізделіп қоймай, компоненттердің аралық байланысына , ондағы басқа да сөздердің байланыстырғыш қызметіне де сүйеніп отырады. Осы себептен де мезгіл бағыныңқылы сабақтас компоненттері арасында синтаксистік қатынастар алуан түрлі болып келеді. Солардың ең басты түрі – бір жақты қатынас.

Бір жақты қатынас – сабақтас құрмалас сөйлемдегі ең көп қолданылатын кең тараған қатынас. Өйткені сабақтас сөйлем компоненттерінің өзаралық байланысы, негізінен алғанда, бағыныңқының баяндауыш сөздері арқылы болса, бір жақты қатынаста осындай жолға негізделеді. Осыдан келіп бір жақты қатынастың мынадай анықтамасы туындайды:

Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттеріндегі бір жақты қатынас деп – бағыныңқылардың баяндауыш формалары арқылы өз басыңқыларымен байланысып, оларды түрлі жақтан айқындайтын жолын айамыз. Сонда синтаксистік қатынастың беталысы тұлғалық , мағыналық жақтарынан бағыныңқыдан басыңқыға болады да, қайта керісінше қайтарылмайды. Мысалы,

Үкімнің жүріп тұрғанда , халық ішінде бұғалығыңнан шығып жүрген ана Кәлен , Еламан, Сүйеу шалдарды шеңгелеңде сығып ұста (50 – бет).

Қыз енді жалт бұрылып жүгіре жөнелмек болғанда, Еламан оның нәзік білегінен ұстай алды (58 – бет ).

Мезгіл бағыныңқы сабақтастағы бір жақты қатынас негізінен алғанда , адвербиалды мәндегі бағыныңқыны сөйлемдерден орын алады. Өйткені мұндай сөйлемдерде синтаксистік қатынастың бір жақтылығына сай басыңқы компонент бағыныңқымен әр түрлі мағыналық жақтан айқындалып отырады.

Синтаксистік қатынастың бір жақтылығына орай сабақтас сөйлемдрдің байланысу амалы синтетикалық және аналитико – синтетикалық жолдармен беріледі. Мұның өзі осындай қатынастағы сөйлемдердің сабақтас құрмаласта елеулі орын алатындығын тағы да бір айқындай түседі. Осыған байланысты бір жақты қатынастағы сабақтас сөйлемдер шартты рай, есімше және көсемше тұлғалары , есімшелердің көмекші сөздермен тіркесе қоланулары арқылы жасалады. Бұл аталған грамматикалық тұлғалар бағыныңқының баяндауышын басыңқы сөйлеммен жалғастырады, басқаша айтқанда, синтаксистік байланыстың түрі бағыныңқыдан басыңқы жаққа қарай болады.

Сонымен бір жақты қатынасты детерминациялық байланыс деп атауға болады. Мұның мәнісі тұрақты және тұрақсыз элементтердің өзіндік қызметін қамтиды. Осы ілімді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге сәйкестендіре айтсақ, басыңқы компонент әрдайым тұрақтылық қалпын сақтайды да, бағыныңқы компонент бұлай болмай, тұрақсыздық сипатта болып отырады. Тұрақсыздық сипат деп отырғанымыз – бағыныңқы баяндауышының алуан түрлі грамматикалық формалары. Міне бұдан бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен бір ғана тұрақты амал арқылы байланыспай , әр түрлі формалар арқылы құрамаласатынын аңғарамыз. Оны жоғарыда айтылған синтетикалық және аналитико - синтетикалық тәсілдер арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылы сабақтастың трилогиядағы жасалу жолдарынан көруге болады.

Демек, бір жақтылық қатынасты тұрақсыздан тұрақтыға бой ұру деп те түсіндіруге болады. Мұның өзі бағыныңқы және басыңқы сөйлемдердің мағыналық ерекшеліктерін де көрсете алады. Әдетте бағыныңқы сөйлемдерді аяқталмаған тиянақсыз компонент, басыңқыларды тиянақты компонент деп қарайтын болсақ , мұндай түсініктің түп тамыры да осы тұрақсыз және тұрақты деген ілімге келіп саяды. Әрине, бұл жерде тұрақсыз және тұрақты деген ұғымдарды өзара тығыз байланыста қарауымыз керек. Өйткені тұрақсыздық ұғым тұрақтымен салыстырғанда ғана тұрақсыздана түседі де, тұрақтылық тұрақсызбен салыстарғанда ашыла түседі. Әйтпесе бағыныңқы мен басыңқы компоненттер де тек мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың емес, бүкіл сабақтас құрмалас сөйлемнің тең бөлшегі болып есептеледі.

Бір жақты қатынасты айқындауда, негізінен, тұлғалық көрсеткіштің сипатынан шығатын боламыз. Ал мағыналық қатынасқа келетін болсақ, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компонентері өзара бір – бірімен тығыз байланысып жатады. Басыңқы компоненттің тұлғалық жағынан тиянақтылығына қарап, оны мағыналық жақтан да тиянақты деп түсіну бір жақты ұғым болады. Сабақтас сөйлемнің табиғатына үңіле қарасақ , ондағы бағыныңқы компонент тұлғалық жағынан басыңқыға тәуелді болса, мағыналық жағынан басыңқы бағыныңқы компонентке тәуелді болып отырады. Өйткені басыңқы компоненттің мән – мағынасы, мазмұны желісі бағыныңқы бөлшек арқылы ашылады, сол арқылы ғана айқындалып толықтырылады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттері арасындағы синтаксистік қатынастың екінші бір түрі – екі жақты қатынас мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге тән емес. Синтаксистік қатынастың бұл түрі қатынастық бағыныңқы сөйлемдерден ( құрамында сілтеу, сұрау есімдіктері қатынасқан шартты рай тұлғалы сабақтас сөйлемдер) орын алады, жасалу жолына қарай аналитико – синтетикалық тәсілдермен беріліп отырады. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі синтаксистік қатынастың үшінші бір түрі кері қатынас, теңдестік қатынас түрлері мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрамастың бойынан табылмайды.

Бағыныңқы баяндауышының әр түрлі формалық құбылыста келіп отыруы жалпы сөйем мазмұнына, ондағы мезгіл дәрежесінің шегіне әсер етпей қоймайды. Осыған орай бағыныңқы , басыңқы компонентердегі оқиға , әрекеттердің орындалу мерзімі бір уақыттың шеңберінде не болмаса әр кезеңде болып отырады.

Сабақтас сөйлемдерде болатын мезгілдік ұғым ондағы бағыныңқы , басыңқы компоненттердің қарым – қатынасынан шығып жатады. Бағыныңқы компонент өз баяндауышының берілу ыңғайына қарай басыңқыдағы қимыл – әрекеттің мезгіл мөлшерін білдіре жұмсалады. Сабақтастың бұл түріндегі синтаксистік компанентердің мезгілідік қатынасын саралай талдасақ, мына бір жайды байқаймыз.

Бір сөйлемдердің бағыныңқы , басыңқы құрамдарында баяндалған оқиға барысы бір мезгілде орындалып жатса, енді біреулерінде олар бір кезеңде болмай , әр уақытта жүзеге асырылып жатады.

Атап айтсақ, бағыныңқыда хабарланған оқиғадан басыңқыдағы ойдың немесе керісінше басыңқыдағы ойдан бағыныңқыдағы хабардың бұрын орындалған сөйлем желісінен айқын байқалып тұрады. Енді бірде сөйлемнің екі жақ компонентінде де қимылдың орындалып жатқандығы баяндалады, алайда соның өзінде де біреуінде сол қимыл бұрын не соң орындалатын болады. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемдегі осындай заңдылықты дұрыс саралай білсек, ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық қарым – қатынасын да дұрыс түсінген боламыз. Мұндай қарым - қатынас бағыныңқы, басыңқы компонент баяндауыштарының берілу жолдарына негізделеді. Олай болса, сөйлемдер арасындағы мезгілдік қатынасты айқындау барысы тек қана бағыныңқы компанент , оның баяндауышымен шектелмей басыңқының компанент, оның баяндауышымен шектелмей басыңқының да синтакситік құрылысымен ескерілуі қажет. Бұл ретте әсіресе басыңқы баяндауышының берілу жолдары сөйлемннің мезгілдік ұғымын саралауға қатынасып отырады. Сабақтас сөйлемдегі мезгілдік қатынастың көріну жолдарын осы негізде сараласақ, мезгіл бағыныңқылары жалпы екі үлкен топқа жіктеуге болады:


  1. Бір мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлемдер.

  2. Әр мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Бір мезгілдес сабақтас сөйлемнің ситнаксистік компоненттерінде баяндалған қимыл - әрекет бір мезгілде , бірінен соң бірі іле орындалып жататын болады. Осыған орай олардың баяндауыш формалары да өзара үйлесіп түрленіп отырады. Бұл мәндегі сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышы көбінесе - ған формантты есімшенің жатыс септігінде, атау түрімен мезгіл мәнді сөздердің тіркесе айтылуы, шартты райдың - са жұрнағы арқылы келеді. Бағыныңқыдағы орындалып жатқан не орындалған оқиға барысына сәйкес басыңқы баяндауышы да соған сай мезгілдестік тұлғалармен жұмсалады. Осыдан келіп өзара желілестік, баяндалған оқиғалар орындалуының бір мезгілдес кезеңі айқындалынады. Бұл жай әсіресе - ған формантты мезгіл бағыныңқыдан өз көрінісін тауып тұрады. Мысалы:

Әкесінен қалған мұраның сиқын көргенде жас Федоровтың өңі суып сала берді (72 – бет).

Судыр Ахмет шар ете қалғанда , есікке жақын тұрған Рай сыртқа ытқып шықты (132 – бет).

Куриос Иван қатынды шашынан алып сүйрей жөнелмек болғанда, бір топ кісі есік алдына кеп қалды (137 – бет).

Сабақтас сөйлемнің бір мезгілдестік мәнге құрылуында етістіктің шартты рай тұлғасыда үлкен рөл атқарады. Мұндайда да басыңқы компонеттің баяндауышы тұлғалық өзгерістерге түсіп отырады. Ондай формалық құбылыстар әсіресе етістіктің нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ, өткен шақ түрлерінің бірінде қолданылады. Басыңқы баяндауышының бұлайша құбылуы синтаксистік компоненттердегі хабарланған оқиғалардың бір мезгіл мөлшерінде орындалып жатқанын не орындалғанын көрсетеді. Мысалы:

Еламан тура алдына қараса, бағана көз ұшында көрінген қобдидай ақ үйі бар разъезге келіпті (258 – бет).

Бір кезде көзін ашса, екі баласы қасынан кетпей дірдектеп жылап жүр (75 – бет).

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бойындағы бір мезгілдестік ұғым - п формантты көсемшелі сөйлемнен де орын алып тұрады.

Мысалы: Және тыныш жүрегі лүпілдеп қатты – қатты соғып кеткеніне қарап, ол мынау үйді, мұнда тұратын кісілерді де біле қойды (785 – бет).

Сонымен бір мезгілдес сабақтас сөйлемдер бағыныңқы компонент баяндауышының көбінесе есімше шартты рай тұлғалары арқылы жасалады. Бұл ретте мезгіл бағыныңқының бір мезгіліестік мәні ондағы басыңқы баяндауышының өзара үйлесе қолданылуымен бекітіліп отырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет