Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/10
Дата11.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#128213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


5 семестр


Пәннің аталуы

М4б. Қазақ (орыс) тілі 2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қысқартылған атауы

ІҚМТЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақ , ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жапбарова Г, Сариева Т.

Доцент/оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде, орыс тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық сабақтар– 15, ОБСӨЖ – 15, СӨЖ – 15

Еңбек сыйымдылығы

Всего – 45 часов

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 несие

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі



Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.

Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.

Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту.



Мазмұны


Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.

Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.

Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.

Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар.

Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады.

Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы).

Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.

Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді.



Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу. Ресми іс қағаздары мәтіннің коммуникативтік прагматикалық функциясы. Ресми іс қағаздарындағы жазу мәдениеті мен этикет формулалар. Іс қағаздарын жазудың жалпы тәртібі, іс қағаздарының үлгілері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру.



5, 6 семестр


Пәннің аталуы

Бұрғылау жабдықтарын және мұнайгаз құрылыстарын монтаждау және пайдалану

Қысқартылған атауы

БЖМҚМП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

5, 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жантасов М.К.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер. Таңдау бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, лабораториялық –15,ОСӨЖ–60,СӨЖ–60.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Машина бөлшектері», «Материалтану», «Машина жасау технологиясы» және т.б.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Ғылым және техниканың жаңа жетістіктері негізінде мұнай және газ өндірісіндегі жабдықтарды монтаждау және пайдалану саласында жұмыс істеу үшін, көмірсутекті шикізатты өндіру үшін қиындалған және металлосыйымдылықты бұрғы кәсіптік жабдықты орнату және монтаждау сұрақтарын білу үшін, жабдықтардың техникалық пайдалану талаптарын білу үшін, бұрғы қондырғыларын жабдықтарын монтаждау талаптарын, сонымен қатар бұрғылау жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қоршаған ортаны білу үшін бакалаврды дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Пәннің тақырыбы, оның мәні, мазмұны және басқа шектес пәндермен байланысы, ҚР кен орындары туралы жалпы мәлімет және пайдалы қазбаларды өндірудің техникасы мен технологиясына әсер етуі. Тәл жүйесінің механизмі. Кронблоктарың, тәл блоктарын, ілмектерін, ілмекблоктарын және роторларын атқаратын қызметі мен конструктивтік ерекшелері. Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары. Бұрғы сораптардың, бұрғы шығырлардың, превенторлардың, қарсы шығарып тастау жабдықтардың атқаратын қызметі мен конструктивтік ерекшелері.Бұрғы мұнаралары. Бұрғы мұнараларын атқаратын қызметі мен пайдалану параметрлері. Бұрғы мұнаралардың түрлері. Мұнараға түсетін салмағын анықтау.Бұрғы қондырғылары. Бұрғы қондырғыларын топтастыру. Дизель жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Электр жетектеушімен бұрғы қондырғылары. Конструкция мен негізгі элементтері. Тақырып: Ірге тасты тұрғызу. Грунт және оның негізгі қасиеттері. Ірге тастын (фундамент) атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар. Ірге тастын конструкцияға әсер ететін факторлар. Ірге тастын қойылатын тереңдігі.Бұрғы қондырғысындағы ірге тастарды жобалау. Ірге тастарды құрудың алдындағы әзірлеу жұмыстары. Бұрғыдағы қабылдау көпірдің бағыттауды тағайындау. Алаңдағы ірге тасты белгілеу және бөлу. Жердегі жұмыстарды өндіру.Монтаждық жұмыстар. Вертикаль мен горизонталь ережесін тексеру. Үсті жазықты бақылау. Білік пен тесіктің соосностерді бақылау. Тезектеуішті центрлеу.Бұрғы қондырғыларын жабдықтарын монтаждау. Бұрғы қондырғыларын жабдықтарын монтаждау және демонтаждау тізбегі. Бұрғы шығырды монтаждау. Бұрғы шығырдың тезектеуіші және оны монтаждау.Бұрғы құбыр өткізгіш пен сораптарды монтаждау. Бұрғы сораптар және оның тезектеуішті монтаждау. Сораптағы айдайтын құбыр өткізгішті монтаждау. Компенсатордың құрылысы және монтаждау. Қорғауыш клапаның құрылысы және монтаждау.Қабылдау мен қосымша ыдыстарды монтаждау. Сіңіру құбыр өткізгішті монтаждау. Айнамалы жұйелері және оларды монтаждау. Құбыр өткізгіш айнамалы жүйе мен ыдыстарды пайдалану.Бұрғы ертіндісін әзірлеу механизмі және оларды монтаждау. Бұрғы ертіндісін тазалау механизмі және оларды монтаждау. Бұрғы ертіндісін әзірлеу үшін жабдықтарды пайдалану. Желдеткішті және жалпы қолдану сораптарды монтаждау. Сораптардың түрлері мен олардың конструктивтік құрылысы. Сораптарды монтаждау. Жалпы мәліметтер. Ортадан тепкіш пен поршнелі сораптар және оларды пайдалану.Ауалы компрессорларды монтаждау. Ортадан тепкіш пен өсті желдеткіштерді және компрессорды монтаждау. Желдеткіштерді және сораптардың агрегаттарын пайдалану.Бұрғы мұнараны жинау. Мұнаралық түрлі мұнараны жинау тәсілдері. Ілгіш оқпен мұнараны жинау. Адымдағыш оқпен мұнараны жинау.

Лабораториялық сабақтар: Монтаждық жасақтар мен аспаптардың негізгі түрлерімен танысу. Монтаждық жабдықтардың негізгі түрлерімен танысу. Ортадан тепкіш сораптың жетектеушіні ортаға келтіру. Айналма бөлшектерді статикалық тепе-тендікке келтіру. Тік бағаналы тізбектерді топсаны айналдыра отырып «құламалы шевр» тәсілімен монтаждау. Тік бағаналы тізбектерді топсаны айналдыра отырып «ығыстыру» тәсілімен монтаждау. Пайдалану құжаттары

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Алынған білім жүйе негізінде инженерлік ойды туғызу, сонын негізінде өзіңнің ерекшілігін ескере отырып: салмақты, габариттерді және құрылымын, мұнайгаз жабдықтарын монтаждауды ұйымдастыру.


5 семестр


Пәннің аталуы

Жыныс бұзушы аспап

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Лекции, практические, СРСП, СРС

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Бондаренко В.П.

Доцент / оқытушы:

к. т.н., доцент

Жұмыс тілі

Русский

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базовая дисциплина, компонент по выбору

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Лекции–30, практические–15, СРСП–45, СРС–45.


Еңбек сыйымдылығы

Всего – 135 часов

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Шарошкалы қашауларды таңдау және білімді таңдау дағдалырын игеру

Мазмұны

Дәрістер: Ұңғыманы құру туралы жалпы мәліметтер. Тау жыныстарының механикалық қасиетері. Тау жынысын бұзушы аспаптардың жікелуі. Шарошкалы қашаулар. Қалақты қашаулар. Фрезерлвы қашаулар. ИСМ қашаулары. Алмазды қашаулар. Қашаулы бұрғылау басы. Қалақы және фрезерлі қаттыбалқитын бұрғылау басы. Алмазды бұрғылау басыжәне ИСМ бұрғылау басы. Керналу аспабы. Кеңейткіштер. Калибраторлар – центраторлар. Қолдану аймағы мен перспективті дамуы. Таңдаудың негізгі тағайындалу құрылғысы.

Практикалық сабақтар: Шарошкалы қашаулар кинематикасы мен динамикасы. Нақты бұрғылау жағдайындағы шарошкалы қашауларды таңдау.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Істей алуы қажет:

- қашауды аңдай алу

- қашаудың динамикалық және кинематикалығы бойынша есептер жүргізе алуы


5,6 семестр

5семестр

Пәннің аталуы

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар

Қысқартылған атауы

МГСТТ (ТТНГО рус)

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5, 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Сарсенбаев Хамит Акжигитович

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–45, практикалық–30, ОСӨЖ–75, СӨЖ–75.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 225 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

5

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты «Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар» кәсіптік пәндер қатарына жатады. Ол ұңғымаларды бұрғылау, мұнай және газ кенорындарын әзірлеу мен пайдалану бойынша бакалаврды қалыптастыруға ықпал етеді.

Студентгердің ұңғымаларды салу, мұнай мен газды өндіру технологиясының негіздерін зерделеу болып табылады.




Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Мұнай-газ операциялары туралы жалпы мәлімет. Ұңғымаларды бұрғылаудың даму тарихы. Ұңғымалардың жіктемесі. Мұнай және газ кенорындарының қимасын құрайтын таужыныстар. Таужыныстардың механикалық қасиеттері. Мұнай мен газға терең бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары, олардың негізгі сипаттамалары мен жіктемесі.Айналмалы бұрғылау мен түсіріп-көтеру операцияларына арналган кұрал-жабдықтар. Бұрғылау қондырғысы циркуяциялық кешенінің құрал-жабдық. Шығарып тастауды болдырмайтын кұрал-жабдық. Мұнай мен газдың теңіз кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері. Инженерлік-геологиялық ізденістер. Жасанды аралдар. Қалқыма бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау кемелері. Теңіз тұрақты платформалары. Бұрғылау ерітінділерінің функциясы. Бұрғылау ерітінділеріне қойылатын талаптар. Бұрғылау ерітінділерін тандау принциптері. Бұрғылау ерітінділерінің типтері мен рецептурасы. Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітінділері. Газдар және газды-сұйықтық агенттер. Бұрғылау ерітіндісін газ бен шламнан тазарту. Тампондау материалдары. Тампондау ерітінділері мен тасының қасиеттері. Ұңғымаларды шаю функциясы мен режимдері. Ұңгымаларды шаю режиміне қойылатын талаптар. Ұңғымаларды шаю режимдсрін есептеу. Бұрғылау ерітінділерін даярлау жүйесі. Бұрғылау ерітіндісіндегі қатты фазаның мөлшері мен құрамын реттеу. Ұңғымаларды шаю процесін бақылау және басқару құралдары. Бұргылау режимі, оның параметрлері мен қашаулар жұмысының корсеткіштері туралы ұғым. Бұрғылау режимі пара метрлерінің жаңа қашау үңгуінің механикалық жылдамдығына тигізетін әсері. Шаю ерітіндісінің өнім беруші қабатқа ықпалы. Өнімді қабаттарды бастапқы аршу тәсілдері. Перспективалы горизонттарды сынамалау технологиясы. Ұңғымадағы шегендеуші бағанның жұмыс жағдайы. Шегендеуші бағандарды есептеу принциптері. Шегендеуші бағандарды ұңғымаға түсіру технологиясы. Ұңғыманы игеруге даярлау. Өнімді қабатты теспелей қайтара аршу. Теспелеу түрлері және олардың тиімділігі. Қабаттан ағыс туғызу тәсілдері, ұңғыманы игеру. Ұңғыманы игеру кезінде қабатқа ынталандырушы ықпалдың принциптері.. Күрделенулердің жіктемесі. Шаятын сұйық пен тампондау ерітіндісінің жұтылуы. Апаттың түрлері, себептері және оларды болдырмау шаралары. Қармағыш аспаптар және олармен жұмыс жасау. Апат кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Бұрғылау процесін компьютерлік техника мен серіктік байланысты қолдана отырып, ақпараттық қамтамасыздау. Бұрғылау режимі параметрлерін бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура. Ұңғы параметрлерін бақылаудың телеметрикалық жүйелері. Таужыныстардың физикалық және жылулық қасиеттері. Табиғи газ бен мұнайдың құрамы және физикалық қасиеттері. Көмірсутектік жүйелердің фазалық күйі. Қабаттық су және оның физикалық қасиеттері. «Мұнай - газ - су - таужыныс» жүйесінің молекулалық-беттік қасиеттері. Мұнайды қабаттан су мен газ арқылы ығыстырудың физикалық негіздері. Таужыныс-жинауыштар, олардың сүзілу қасиетгері. Жинауыштардың мұнай-, газ-, суқанықтылығы. Қабаттық мүнай мен газдар. Газ-конденсатгар мен газ-гидраттар. Қабатгарға жасанды ықпалдың мақсаттары. Мұнай ондіруді қарқындату мақсатында қабатқа эсер ету эдістері. Ұңғымалардың ұңғы аймағына әсер ету тәсілдерінің жіктемесі. Қабатты қышқылмен өңдеу, гидравликалық ыдырату, қабатқа жылумен және аралас әсер ету кезіндегі технологиялық процестердің физикалық негіздері және оларды есептеу принциптері. Кенорындарды әзірлеу стадиялары. Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері.

Практикалық сабақтар: Ұнғыма профилінің қисайтып бағыттау есебі. Қашау жұмысының көрсеткіштерін таужыныстардың беріктігіне байланысты анықтау. Бұрғылау ерітіндісінің берілген көлемін дайындау үшін материалдарға қажеттілікті есептеу. Бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесі элементтерін зерделеу. Бұрғылау режимінің параметрлерін есептеу. ¥ңғымалар конструкциясын таңдау. Теңіз ұңғымалары ернеуінің құрал-жабдықтары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологияларына қатысты мәселелерді қоя білу; Мұнай-газ саласындағы техника мен технологияларына қатысты модельдерді тұрғыза білу.


6 семестр

Пәннің аталуы

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар

Қысқартылған атауы

МГСТТ (ТТНГО рус )

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Сарсенбаев Хамит Акжигитович

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты «Мұнай-газ саласындағы техника мен технологиялар» кәсіптік пәндер қатарына жатады. Ол ұңғымаларды бұрғылау, мұнай және газ кенорындарын әзірлеу мен пайдалану бойынша бакалаврды қалыптастыруға ықпал етеді.

Студентгердің ұңғымаларды салу, мұнай мен газды өндіру технологиясының негіздерін зерделеу болып табылады.




Мазмұны

Дәрістер: Пайдаланудың бұрқақтық тәсілі. Бұрқақтату жағдайлары және оны ұзартудың мүмкін әдістері. Газлифттік пайдалану. Терең сораптық пайдалану. Батырылатын электрлік сыртқа тепкіш сорап қондырғылары және олардың жіктемесі. Бұрқақтық арматура. Бұрқақтық арматураның кептеме құрылғылары. Бұрқақтық ұңғымалардың манифольды. Ұңғымаларды газлифттік пайдалануға арналған құрал- жабдыктардың құрамы. Штангасыз сораптар және оларды қолдану алқабы. Білдектер-тербелмелер. Мұнайды жинау мен даярлау жүйелерінің қызметі және олардың элементтері Ұңғыма өнімдерін есепке алу. Кеніштік құбырлар. Мұнайды ажырату. Кенорнында мұнайды даярлау. Мұнай қоймалары. Табиғи газдың негізгі параметрлері. Газ ұңғымалары. Ұңгымаларды зерттеу және оларды пайдаланудың технология-лық режимін негіздеу. Газ және газ-конденсат кенорындарын жобалау және әзірленуін талдау. Кеніште газды жинау және даярлау. Газды тұтынудың маусымдық және тәуліктік әркелкілігі. Газды жер астында сақтаудың мақсаттары мен артықшылықтары. Газды іріктеудің және қоймаға айдаудың технологиялық сұлбасы. Газды сарқылған немесе жартылай сарқылған газ және газ-конденсат кенорындарында сақтау. Газды жер астындағы сулы құрылымдарда сақтау.

Практикалық сабақтар: Өзгермелі термодинамикалық жағдайдағы мұнай мен газдың физикалық қасиеттерін есептеу. Өндіруші ұңғымадағы сораптық-компрессорлық құбырлар бағанындағы қысымның таралуын есептеу. Ұңғыманың ұңғы аймағына әсері. Ұңғымаларды газлифтік пайдалану. Ұңғымаларды терең сораптық пайдалану. Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу техникасы мен технологиясы. ¥ңғымаларды ағымдық және жер астында жөндеу аспабы. Газ және газ-коңденсат ұңғымаларының дебитін (шығымын) анықтау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мұнай-газ саласындағы техника мен технологияларына қатысты мәселелерді қоя білу; Мұнай-газ саласындағы техника мен технологияларына қатысты модельдерді тұрғыза білу.


5 семестр


Пәннің аталуы

Мұнайкәсіптік жабдықтар

Қысқартылған атауы

МКЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Садырбаева А.С.

Доцент / оқытушы:

Т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Профильді пән, таңдау бойынша компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Физика», «Химия», «Математика», «Мұнайгаз ісінің негіздері» пәндері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мұнай және газды өндіру, дайындауға арналған машиналар мен жабдықтардың тағайындалуымен, пайдалану шарты, негізгі талаптар, жұмыс істеу принципі және құрылғысы, теория негіздері, есептеу, конструкциялау және пайдаланумен байланысты сұрақтарды талдау

Нәтижесінде мұнай және газ кенорындарын пайдалану шарты бойынша жадықтарды таңдай алу қабілеттілігіне, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиеттерді қолдану дағдысына ие болу, машиналар мен жабдықтардың техникалық спаттамаларын анықтау және олардың технико-экономикалық тиімділігін бағалау.



Мазмұны

Дәрістер: мұнай және газды өндіру жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері. Ұңғымадан мұнай және газды өндіруге арналған негізгі жабдықтарды, машиналар мен құралдарды топтастыру. Ашық фонтанданудың алдын алуға арналған ұңғыма жабдықтары. Сораптық-компрессорлық құбырлар (СКҚ). Түрлері мен конструкциялары. СКҚ есептеу. Ұңғымадағы тығыздағыштар (пакерлер). Жұмыс істеу принципі мен құрылғылары. Якорьлардың тағайындалуы, жұмыс істеу принциптері мен құрылғылары. Ұңғыманы фонтандық тәсілмен пайдалану жабдықтары. Фонтандық арматура. Құбыр басы және фонтандық шырша, тағайындалуы, жұмыс шарты, талаптар, топтастыру, принципиалды схемасы, конструкциясы. Ұңғыманы газлифтті тәсілмен пайдалануға арналған жабдық. Ұңғыманы штангасыз сораптармен пайдалану жабдықтары. Гидропоршеньді сорап қондырғысы (ГПСҚ). Электрлі ортадан тепкіш сорап қондырғысы (ЭОТСҚ). Ұңғыманы штангалы сораптармен (ШҰС) пайдалану жабдықтары. ШҰС қондырғсының негізгі бөліктері. Штангалы ұңғыма сораптары. Сораптық штанглар. ШҰС гидромеханикасы. Тербелмелі-станоктардың конструкциялары (ТС). ТС кинематикасы. еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Ұңғыманы жөндеуде көтеріп-түсіру операцияларын механикаландыру. Қабат қысымын ұстау,а арналған жабдықтар. Шаю-жаншу агрегатары. Қабат коллекторына әсер етуге арналған жабдықтар. Жинау және тасымалдау жүйесі. Мұнайды тасымалдауға дайындауға арналған жабдықтар. Мұнай эмульсиялары және олардың қасиеттері. Деэмульгаторлар.

Практикалық сабақтар: ұңғыманың оқпан бөлігінің және тізбек басының конструкциясын таңдау. Шегендеу тізбектерін есептеу. Сораптық-компрессорлық құбырларды есептеу. ЭОТСҚ жабдықтарын есептеу және таңдау. Тербелмелі станокты теңгеру есебі және ШҰС қондырғысын гидрожетегімен есептеу. Сораптық штангаларды ілу нүктесіндегі жүктемелерді анықтау. Ағымдағы және күрделі жөндеу агрегаттары элементтеріне әсер ететін жүктемелерді есептеу. Қабатты гидрожаруға арналған агрегаттарды есептеу және таңдау.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Негізгі мұнайкәсіптік машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды, оларды пайдалану шарттарын, негізгі талаптарды білуі керек.




5,6,7 семестр



Пәннің аталуы

Шет тілі

Қасқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5, 6, 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Насыров Ш.Н., Мерекеева А.Ж.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Оқытушы


Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практ.- 45сағ., ОСӨЖ-45сағ., СӨЖ –45сағ.

Еңбек сыйымдылығы

135 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І, Шетел тілі ІІ

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақ шет тілін тереңдетіп оқитыноқу топтарынақарастырылған, - онда төменде берілген сұрақтар қарастырылады:іскерлік серіктестік жағдаяттарында және әр түрлі аяларда білікті ақпараттық және шығармашылық іс-әркекеттер үшін қажет қарым-қатынас (лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық және әлеуметтік мәдени) компетенциясын дамыту және қалыптастыру, бірлескен ғылыми және өндірістік жұмыстар. Тілдің стилі: түсіну, қолдану аясы, қызметі; тілдің ғылыми стилі, оның ерекшеліктері; тілдің ғылыми стилінің лексикасы. Рецензия және пікір жазу. Конспект,оның түрлері. Іскерлік хат.

Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет