Курстың пререквизиті: «Экономика және өндірісті ұйымдастыру»,Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы»
Білім беру мақсаты /біліктілік
Мұнай – газ ісі саласындағы экономикалық білімді теориялық және тәжірибе жағынан меңгеріп, есептеу техникасы шаруашылықтарындағы және өндірістік кәсіпорындардағы техника-экономикалық сұрақтардың шешу жолдарын табу.
Біліктілік: логикалық, аналиталық және концептуалдық ойлау дағдылардын игеру.
Мазмұны
Дәрістің мазмұны: Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде. Кәсіпорын құрылымы. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Мұнай – газ саласындағы өндірістің экономикалық тиімділігінің мазмұны, критерийі және көрсеткіштері. Өндірістің әлеуметтік тиімділігі. Шығындардың жалпы және салыстырмалы экономикалық тиімділігі. Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі. Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мазмұны және оның құрылымы. Мұнай – газ саласы кәсіпорынның негізгі қорларының ерекшеліктері. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы. Қазақстан. Кәсіпорынның айналым қорлары, оның құрамы мен құрылымы. Айналым капиталы: құрамы мен құрылымы. Айналым қаржыларының айналымдылығы. Еңбек ресурстары. Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістері. Еңбекақы жүйесі мен нысандары. Басқарушылар, мамандар мен қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.Инновациялар, оның табиғатының циклдылығы мен таралуы. Өндірістік қуат және өндірістік бағдарлама. Шығарылатын өнімнің техникалық бақылауын ұйымдастыру.Өндіріс шығындары.
Өнімді өндіру мен сату шығындары.Кәсіпорындағы баға айналымы.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Пайда және өндіріс рентабельділігі.Қаржы ресурстары. Қ.Р-да мұнай – газ саласының кәсіпорындары қызметін құқықтық реттеу.Қ.Р.-ғы ішкі су қойнауларында және теңіздерінде мұнай операцияларын жүргізуді құқықтық реттеу. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру негіздері. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарының негіздері. Кәсіпорынның маркетингтік қызметі. Кәсіпорынның бизнес – жоспары.
Оқу қызметінің нәтижесі / қорытынды бақылау түрі
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру барысында студент- өндіріс және өндірістік жүйлер жайлы жан-жақты түсінік беру; материалды, қаржы және еңбек ресурстарының аз шығынымен жоғары нәтижеге ие болудың жолдарын үйрету; есептеу техникасы мекемелерінде экономикалық талдау жасауды толығымен меңгеру; өндіріс типтерінің ұйымдастыру құрылымына әсерін бағалау; өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру, жоспарлау және басқарудың негіздерін үйретуге мүмкіндік береді; есептеу техникасы кәсіпорынның қызметтері үшін тариф есептеуінің әдістемесін үйрету; есептеу техникасы бойынша нәтижелі жобаның бизнес-жоспарды дайындауды білу керек.
/ үлгерімнің ағымдағы бақылауы , қорытынды бақылау (емтихан).
Оқытудың теникалық және электрондық құралдары
Көрнекі құралдар – 7 дәрістер, слайдтар – 3 дана
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауы
«Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы» Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года
Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» Заңы. Егемен Қазақстан, 9 шілде 2002.
Қазақстан Республикасының "Инвестициялық қызмет туралы" Заңы. 7 қаңтар 2003.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2003.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы Алматы, ЛЕМ 2004.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі). ЛЕМ 2005
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі). ЛЕМ 2005
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы 2004.
Пәнді оқытудың мақсаты: Бұрғылау шаю сұйықтықтар жүйесінің өндіріс аймағындағы жаңашыл жетістіктерді оқу, оның қасиеттерін реттеу, дайындау және тазалау. Дисперсті жүйенің физико химиялық негіздерін игеру, сазды минералдардың қасиеттерін бұрғылау шаю сұйықтықтарды дайындау үшін негізгі материал ретінде қолдану. Тампонажды ерітінділердің қасиеттерін игеру және олардың қолданылу аймағы.
Мазмұны
Дәрістер: Бұрғылау шаю сұйықтықтары жайлы жалпы түсінік және олардың функцияларымен, оларға қойылатын талаптар. Бұрғылау шаю сұйықтықтары полидисперсті жүйе ретінде. Шаю ерітінділерінің физико-химиялық негізі. Бұрғылау ерітінділерінің функционалды қасиеттері және оларды анықтау тәсілі. Бұрғылау жуу сұйықтықтарының жіктелуі және олардың қасиеттерін реттейтін реагенттер. Бұрғылау ерітінділерінің типі және оларды қолдану жағдайы. Шаю сұйықтықтарын тазалау және дайындау. Тампонажды және цементті ерітінділер. Тампонажды ерітінділер мен тастың физико-механикалық қасиеттері. Тампонажды ерітінділер үшін материалдар мен химиялық реагентер.
Лабораториялық сабақтар: АБР-1 ерітінді тығыздығын анықтау.Рычагты тараз ВРП-1 ерітінді тығыздығын анықтау. Пикнометрмен ерітінді тығыздығын анықтау. СНС–2 аспабындағы статикалық кернеудің жылжуын анықтау. Ротационды вискозиметр ВСН-3 СНС анықтау. Шаю сұйықтығының реологичиялық қасиеттері. Иілгіш және тиімді тұтқырлықтың жылжуының динамикалық кернеуін анықтау. Фильтрдің сыртқы қабатының өткізгіштігі мен қалыңдығын анықтау. «Бароид» фирмасының аспабындағы БПЖ майлау қасиеттерін анықтау. Жигача-Ярова аспабында сазды ұнтақтың және саздың ісіну коэффициентін анықтау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің оқу нәтижесі: Бұрғылау және тампонажды ерітіндінің физико химиялық қасиетттерін анықтау бойынша білімді алу оларды қолдану аймағы, сонымен бұрғылау және тампонажды ерітінділерін тазалау және дайындау тәсілі бойынша меңгеру.
6 семестр
Пәннің аталуы
Бұрғылаудағы гидроаэромеханика
Қысқартылған аталуы
БГАЭМ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: информатика; математика; физика; химия; инженерлік графика; жылутехникасы; жалпы гидравлика; бұрғылау шаю және тампонаждық ерітінділер, қабат бұзушы құрал
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Ақпаратты іздеу және сараптау дағдыларын дамыту және бекіту, тәжірибелерді жоспарлау және өткізу, нәтижелерді өңдеу және талдау.
Мазмұны
Лекции: Шаю гидродинамикасының бұрғылау жұмысарының сапасы мен тиімділігіне ықпалы. Бұрғылаудың гидргазомеханикасында шешілетін негізгі мәселелер. Сұйықтар мен газдардың физикалық қасиеттері. Сұйықтар мен газдардың сығылуы мен жылулық кеңеюі. Аққыш орталардың тығыздығы мен тұтқырлығы. Гидростатика, гидростатикалық қысым. Сұйық динамикасының элементтері. Сұйықтың ағу режимдері. Навье-Стокс, Рейнольдс теңдеулері. Ағу режимінің шаю процесінің тиімділігіне ықпалы. Сұйықтың каналда ағуының әртүрлі жағдайларына үйкеліс коэффициенттерін есептеу әдістері. Бұрғылау ерітінділерінің негізгі реологиялық сипаттамаларын анықтау әдістері. Көтеріп-түсіру операцияларындағы гидродинамика. Осы операцияларды өткізудегі гидравликалық шығындарды анықтау. Жергілікті гидравликалық кедергілер. Газсұйық жүйесінің гидромеханикасы элементтері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Курсты бітірген соң студенттер бұрғылаудың гидроаэромеханикасы бойынша білімдер алып шығады.
6 семестр
Пәннің аталуы
Мұнайгаз қондырғыларын коррозиядан қорғау
Қысқартылған атауы
МГҚКҚ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: химия. электрохимияның теориялық негіздері, физикалық химия, экология
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Коррозиядан қорғау әдістері мен қондырғылардың коррозясының теориялық негздерімен танысу; мұнайгаз қондырғыларын коррозиядан қорғау процесстері бойынша дағдыларын қалыптасттыру; құбырлардағы коррозииялық бұзылуларды бақылау және бағалау, талдау әдістерін меңгеру.
Нәтижелері: - Коррозиядан қорғау әдістерін таңдауда және коррозиялық бұзылуларды бағалауды толық меңгеру
Мазмұны
Дәрістер: Коррозияның себептері. Коррозиялық бұзылудың түрлері. Коррозиялық процестердің классификациясы. Коррозиядан металды конструкцияарды қорғау әдістері Коррозия жылдамдықтары және коррозияның басқа көрсеткіштері. Коррозиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы. Электрохимиялық және химиялық коррозияның механизмі. Электродтық процестердің поляризациясы. Гальваникалық элементтер және гальваникалық жұптар. Металдардың атмосфералық коррозиясы. Теңіз суының коррозиясы. Жер асты коррозиясы. Биокоррозия. Адасқан ток коррозиясы. Ішкі және жер асты коррозиясы Күкіртсутекті коррозия. Мұнай газ қондырғыларының коррозиялық жағдайын анықтау әдіст Гальваникалық қаптамалардың көмегімен металл конструкцияларын коррозиядан қорғау ері
Металды коррозияға тұрақты материалдар. Металл емес конструкционды материалдар. Коррозия ингибиторлары. Оқшаулағыш қаптамалар және оларға қойылатын талаптар. Катодты қорғау және оның мәні. Анодты жерлендіру. Анодты жерлендіру жұмысына әсер ететін факторлар. Протекторлар, протекторлы қорғауды бақылау.
Зертханалық жұмыстар: Сутекті деполяризациясымен металдардың коррозиясына қоспалар мен құрылымдық біртексіздіктердің әсері. Металдардың газдық коррозия жылдамдығына температураның әсері. Қаптама көмегімен металдарды коррозиядан қорғау. Фосфаттау .Коррозия ингибиторлары. Жер асты коррозиясы. Химиялық никельдеу
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Коррозиялық бұзылу мәселелерін анықтай білу қажет; мұнай газ қондырғыларын коррозиядан қорғау әдістерін таңдай білу қажет.